Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»



бет10/13
Дата17.04.2023
өлшемі318,37 Kb.
#174679
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
адамгершилик
КеңесбаевТБН, дана мерей, Мінездеме1
"Мақал-мәтел" әдістемесі
(психол.ғ.к. С.М.Петрованың құрастыруы бойынша)
Жеке тұлғаның өсуі мен тәрбиенің соңғы мақсатын бағалау үшін бұл әдістеменің маңызы зор. Себебі ,бұл оқушылардың адамгершілігінің даму деңгейі мен құндылық бағдарын көрсетеді.
Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің деңгейін анықтап, оқушыны өзіне, өзге адамдарға және өмірге қарым-қатынастарының ерекшеліктерін анықтау.
Жүргізу барысы: Оқушыларға 60 мақал-мәтел жазылған үлестірме қағаздар таратылып беріледі. Ол 2 нұсқада болуы мүмкін. Бірінші жағдайда әр мақал-мәтелді ашып қойып, оқып шығып, оның мазмұнымен келісу дәрежесіне сәйкес, төмендегі ұпай бойынша бағалау керек:
1 ұпай – елеусіз түрде келісемін;
2 ұпай – жартылай келісемін;
3 ұпай – жалпы алғанда келісемін;
4 ұпай – түгелдей дерлік келісемін;
5 ұпай – сөзсіз келісемін;
Екінші жағдайда әр оқушы берілген мақалдарды түгел оқып, мазмұнымен келісетін мақалды таңдай білу керек.
1. а) Кімнің ары таза болса, сол бақытты.
б) Ұят – көз ашытатын түтін емес.
в) Күнәмен байығанша, кедей болып өмір сүрген артық.
г) Ешнәрсе жемесең де, арың үшін күрес.
2. а) Адам нанмен ғана өмір сүрмейді.
б) Ақшасы көптің тұрмысы көл-көсір.
в) Бақыт – ақшада емес.
г) Ақшаны көргенде, жүрек тыңдамайды.
3. а) Кімге бақыт қызмет етсе, сол ешнәрседен торықпайды.
б) Бақыт туған жерде, қызғаныш қатар туады.
в) Кім жақсы өмір сүрсе, сол ұзақ жасайды.
г) Өмір сүру – өзеннен өту емес.
4. а)Бақытсыздықтан қорқып, бақтан айырылма.
б) Адамдар бақыты шыңыраудағы су тәрізді.
в) Ақша – тірліктің жемісі.
г) Жалаңаш туған – жалаңаш өледі.
5. а) Кім ешнәрсе істемесе, сол қателеспейді.
б) Сақтансаң – құдай сақтар.
в) Құдайға сенім керек.
г) Жағасын көрмей – суға түспе.
6. а) Әркім өз бақытына – ұста.
б) Балықтай мұзға ұрынған.
в) Жартысын істеуге ғана құлқым бар.
г) Қамалды баспен бұзбассың.
7. а) Жақсы атақ байлықтан күшті.
б) Құлағың маңдайыңнан биік өспес.
в) Қалай өмір сүресің, солай қаласың.
г) Басыңнан биікке секіре алмайсың.
8. а) Өмір қайырымды адамдарсыз емес.
б) Адам – байлық, ақша – ұрыс.
в) Біздің ғасырымызда адамдар жеткілікті.
г) Ақшадан араздық туады.
9. а) Елде бар нәрсе бізді де қамтиды.
б) Адам тілеумен өмір сүреді.
в) Халықтан бөліну – жеке өлу.
г) Адамға – адам өктемдік етпеуі тиіс.
10. а) Әркім өзі үшін жауап береді.
б) Менің үйім – шетінде, мен ешнәрсе білмеймін.
в) Өз көйлегің деңене жақын.
г) Біздің жұмыс шет қалу.
11. а) Өзің құрысаң да, досыңды құтқар.
б) Адамдарға жақсылық істесең, өкініште қалмассың.
в) Өмір жақсылық үшін берілген.
г) Өзіне жақсылық ойласаң онда ешкімше жамандық жасама.
12. а) 100 сомың болғанша, 100 досың болсын.
б) Дастархан барысында бәрі таныс, қиын сәтте бәрі қалыс.
в) Жақсы ағайын – байлықтан да артық.
г) Қара күн туса, достың жаманы қашар.
13. а) Оқығанның күні жарық, оқымағанның күні ғаріп.
б) Көп білсең, тез қартаясың.
в) Бар – байлық әлемде.
г) Ғасыр бойы үйренсең де, тентектігіңмен өлерсің.
14. а) Еңбексіз-зейнет жоқ.
б) Атқарылып болған жұмыстан тас қамал салынбас.
в) Аз ұйықтап, көп еңбек еткен бай болар.
г) Жұмыстан бай болмайсың, тезірек қарт боласың.
15. а) Заңы орындалмаса, жазғаннан пайда не.
б) Заң – өрмекшінің өрмегі тәрізді.
в) Заң бар жерде дәлелденеді.
г) Заң - таза ауа, қалай бұрыласың, солай дем алар.
Алынған мәліметтерді сұрыптау. Әдістеменің мәтінінің мазмұнында өмір, адам жайлы мағынасы бір-біріне қарсы 30 жұп мақал-мәтел берілген. Тұлғаның өмірге, адамдарға және өз-өзіне деген қарым-қатынасы мақалдар мен мәтін мазмұнында былай орналасқан:
1) а, в - өмірге деген рухани қатынасы;
б, г - өмірге деген рухани қатынасының болмауы;
2) а, в - материалдық жағдайдың дұрыстығы;
б, г - материалдық жағдайдың төмендігі.
3) а, в - бақытты жақсы өмір;
б, г - өмірдің қиындығы мен күрделігі.
4) а, в - өмірге сенімді көзқарас;
б, г - сенімсіз көзқарас;
5) а, в - шешімді көзқарас;
б, г - өмірге абайлап қарау;
6) а, в - өмірлік бағытының айқындылығы;
б, г - өмірлік бағытының айқындалмауы;
7) а, в - өмірде жетістікте жетуге тырысу;
б, г - өмірде жетістікке жетуге тырыспау
8) а, в - адамдармен жақсы қарым-қатынас жасау;
б, г - адамдармен нашар қарым-қатынас жасау;
9) а, в - адамдармен жеке қарым-қатынаста болуы;
б, г - адамдармен ұжымдық қарым-қатынаста болуы;
10) а, в - адамдармен назарының ортасында болуды ұнатуы;
б, г - менмендік қатынаста болу;
11) а, в - өзгелердің игілігіне қызмет ету;
б, г - өз басын ғана ойлау;
12) а, в - достықтың маңызы;
б, г - достықтың маңызы жоқ;
13) а, в - білімнің маңызы;
б, г - білімнің маңызы жоқ;
14) а, в - еңбектің маңызы;
б, г - еңбектің маңызы жоқ;
15) а, в - заңдарды сақтаудың маңызы;
б, г - заңдарды сақтаудың маңызы жоқ;
"а" және "в" бойынша бөлек "б", "г" бойынша бөлек ұпай саны (1 нұсқа бойынша) немесе таңдағандары (2 нұсқа бойынша) саналады.
Алынған нәтижені негізгі ұстанымы ұпай саны мен таңдағандарын салыстыру арқылы жүзеге асырылады. "а" және "в" бойынша ұпай таңдауларының саны жоғары болса, онда өмірге, адамдарға, өзіне деген құндылық қарым-қатынасты қалайтындығын білдірсе, "б" және "г" жауаптарының жоғарлығы өмірге, адамдарға, өзіне деген құнды қарым-қатынасты қалмайтындығын білдіреді.
Адамгершілік тәрбиесі төмендегі жағдаймен анықталады: "а" және "в" мәтелдерінің мазмұнымен келіспеушілік жоғары және "б", "г" мәтелдерімен келісушілік төмен болса, адамгершілік қасиеттерінің төмендігін көрсетеді, ал керісінше "а" және "в" мәтелдерімен келісушілік төмен, "б" және "г" келісушілік жоғары болса, адамгершілік қасиеттерінің төмендігін көрсетеді.
Жүргізілген жұмыстар жүйесі жоғары класс оқушыларының өзіндік өмірлік бағыттарын айқындауда әр жақты әлеуметтік топтардың ата-аналар, мұғалімдер, достары, туыстарымен қарым-қатынасының ықпалы маңызды орын алатыны белгілі болды.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысында қазіргі кезеңде жоғары класс оқушыларының басым көпішілігінде жеке тұлғалық өзгерістер болғандығы байқалды. Эксперимент барысында мынадай құндылықтар айқындалды: әлеуметтік-мәдени құндылықтармен қарым-қатынас - 15%, отбасын құндылық деп тану - 20%, адамгершілік құндылық - 20%, ұлттық құндылық - 20%, ал оқушылардың 25%-ы адамның өмірін құндылық деп таныды.
Жоғарыда айқындалған құндылықтар жоғары класс оқушыларының белсенді адамгершіліктік іс-әрекетінің қажеттілігі болып саналатындығына көз жеткізді. Адамгершілік қажеттілік әрбір индивидтің ішкі мүмкіндігін және сыртқы ортамен қарым-қатынаста болудағы қасиет-сапаларды қамтитындығы белгілі болды. Адамгершілік қасиет-сапаларды әрбір оқушының қажетсінуі өзін қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынаста дамып жетілетіндігі дәлелденді.
Бұл жұмыстармен қатар эксперимент барысында жоғары класс оқушыларының ата-аналарымен өз балаларын рухани-адамгершілік құндылықтарға бағыттауға, тәрбиелеуге байланысты әңгіме, лекция, пікір алысу, сауалнамалар алу, психологиялық-педагогикалық консилиумдар және ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып оларды тәрбиелік кеңістікте субьект ретінде қарастырып, педагогикалық ыңтымақтастықта жұмыс жүргізілді. Осы ретте олардың балаларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты пікірлеріне назар аударсақ: ата-аналардың 35%-ы балалардың қайырымды, адал, әділ болып өсуін армандайды, ал 30%-ы іскер жақсы маман, кәсіпкер болуын қалайды, 20%-ы баласының өзіне сенімі бар, дербестікпен өмір сүруін қалайды, ал ата-аналардың 5%-ы бала тәрбиесіне көңіл аудармай, басты міндетіміз – тамақтандыру, киіндіру, аш-жалаңаш болмаса болды деп, тәрбиелеу, оқыту мектеп тәрбиесі деп есептейді, ал 10%-ы жауап беруден бас тартты.
Дегенмен, ата-аналар мектеп мұғалімдеріне рухани-адамгершілік тұрғыдан үмітпен қарап, жоғары талаптар қойып, мұғалім өзі адамгершілік тұрғыдан жоғары деңгейде болуын 20%-ы қалайды, 47%-ы мұғалім өз ісінің нағыз шебері болуымен қатар, рухани-адамгершілік қасиет-сапалармен қарым-қатынас жасауын қажет деп есептемейді, қалған пайызы мұғалімнің тәжірибелі болуымен қатар, қазіргі заманға сәйкес болуын қалайды.



Сурет 6 – Жоғары класс оқушыларының өзіндік өмірлік бағыттарын айқындауға ықпал жасайтын факторлар

Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың барлығы да қазіргі туындаған қатегездік, зорлық-зомбылық, зұлымдық жағдайлар кезінде мектеп ізгіліктің, қайырымдылықтың, адамға деген мейірімділіктің ордасы болу керек деген пікірлерін білдірді.


Қалыптастыру эксперименті барысында сонымен бірге, ранжирлеу әдісі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін, жалпы қоғамға өзі өмір сүрген ортасына, мектебіне, дос-құрбыларына деген көзқарасын, қарым-қатынасын, олардың көңіл-күй сезімін және т.б. тұлғалық ерекшеліктері айқындалды. Мәселен жоғары класс оқушысының адамгершілік қарым-қатынас ерекшелік жүйесін қамтитын 26 түрлі сұрақ алдын-ала өздерінің құндылық мәніне қарай бес топқа бөлініп: интеллектуалдық тартымдылығы, әлеуметтік мәртебесі, тұлғалық сүйкімділігі, сырт мүсінінің тартымдылығы, материалдық жағдайы іріктелінді.
Бұл әдіс жоғары класс оқушыларының күнделікті өмір тәжірибесінде әр алуан қарым-қатынаста қандай рухани-адамгершілік құндылықтарға сүйенетіндігін және ол қарым-қатынастың адамгершілік тұрғыдан жүзеге аспай қалатын жағдайларын, сонымен қатар, 9-кластан 11-класқа өткен тұлғалық құрылымындағы өзгерістерді білуге көмектесті. Зерттеу жұмысы барысында оқушыларға тапсырма беріліп, қағазға 7 ең негізгі рухани-адамгершілік құндылықтарды өздерінің бағалануы бойынша құндылық мәніне орай реттеп орналастыру тапсырылды. Тапсырма нәтижесі 1-кестеде көрініс тапқан.

3-кесте. Жоғары класс оқушыларының адамгершілік құндылықтары иерархиясы







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет