Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»



бет11/13
Дата17.04.2023
өлшемі318,37 Kb.
#174679
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
адамгершилик
КеңесбаевТБН, дана мерей, Мінездеме1
Реттік саны

Х класс

ХІ класс

1.
2.


3.
4.
5.
6.
7.

Қайырымдылық


Достық
Ұқыптылық
Адалдық
Таным
Батылдық
Байлық

Таным
Достық


Қайырымдылық
Батылдық
Байлық
Адалдық
Іскер адам



Кестедегі көрініс 11 класс оқушыларының бірнші орынға рухани-адамгершілік құныдылығының бір көрінісі ретінде танымға аса мән бергендігін байқатады. Ал бұл болса, өркениетті демократиялық қоғамның дамуы Қазақстан Республикасының дүниежүзілік қоғамдастықтан беделді орын ала бастауы білімнің жоғары деңгейде болуына байланысты екендігін түсінгендігін білдіреді. Ал 9-класс оқушылары болса, қайырымдылықты бірінші орынға, материалдық жағынан қамтамасыз болуды жетінші орынға орналастырған. Қалыптастыру эксперимент барысында кездескен оқулықтар әр түрлі тәрбиелік шаралар арқылы жойып отырды.
Мәселен қалыптастыру эксперименті барысында "Адамгершілік – ардың ісі",- деген тақырып аясында семинарлық түрде сабақ өткізіп, онда жоғары класс оқушыларының мінез туралы білімдерін тереңдете түсуді, оларға ұлы ойшылдардың үлгілерін меңгерте отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды және тренинг элементтері арқылы өзара сыйластық достық пен бірліктің жағдайын жасай білуге тәрбиелеуді көздедік.
Ұлағатты сөздер мен бейнесөзді әңгімелер жинақтары мен ән әуенін карточкаларды көрнекілік ретінде пайдаланып, сабақ барысын былайша жүйеледік: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытынды, үйге тапсырма беру және бағалау.
Сабақ барысында бейнесөз арқылы "мінез" тақырыбын ашып көрсету арқылы үй тапсырмасын, яғни өткен сабақты сұраймын. "Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады",- деп Абай атамыз тегін айтпаған. Өйткені, адам бойындағы жақсы адамгершілік қасиеттердің болуы, өнер-білімді игеруі алған тәрбиеге өскен ортаға үлгі өнеге берер ұстазға байланысты.
Ұлы ойшылдар өздерінің нақыл сөздері арқылы мінездің ұнамды-ұнамсыз қасиеттеріне өте көптеген сипаттамалар берген. Мәселен, Әл-Фараби "Мінез құлықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде шыңдау арқылы іске асыруға болатынын" айтса, У.Гәзлит "Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы",- дейді. Ал Б.Момышұлы бұл жайында былайша ой түйген: "Сенімді ақыл мен ерікке бағындыру керек. Табандылық, өр рух пен қайыспайтын қайсарлық – еріктің кепілі".
Сабақты түсіндіру кезінде студенттерді төрт топқа бөліп, мына төмендегі тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізіміз:
1. Мінез туралы сұрақтар қойылып, жауап алынады.
2. Ұжымдық жұмыс (карточка, сызба жұмыстары, тақтамен жұмыс) жүргізіледі.
3. "Ертегі – имандылық әліппесі". Тренинг элементтерін пайдалана отырып, іс жүзіндегі әрекеттер орындалады.
Алғашқы тапсырма бойынша әр топ сұрақтарға жауап береді.
1. Мінездің жан дүниемізден алатын орны қандай? Мінездің сапаларын атаңдар.
2. Типтік мінездер дегенімізді қалай түсінесіңдер?
3. Типтік мінез бітістері. Ол адамның қандай ерекшеліктерінен байқалып отырады?
4. Мінезді тәрбиелеудің жолдарын айтындар.
Мінез адамның адамгершілік қасиеттерін сипаттайтын іс-әрекеттер жиынтығы. Ол адамның барлық қызметі мен қылықтарына із қалдырады.
Екінші тапсырма бойынша карточка арқылы сұрақ беріліп, оны әр топ сызба жұмыстары арқылы қорғайды. Сұрақтар мына төмендегідей:
1. Жеке тұлға дегеніміз не? Жеке тұлғаның факторларына талдау жасаңдар.
2. Рух дегенімізді қалай түсінеміз? Екі қуатты атап сипаттама беріндер?
3. Адамгершілік қасиеттердің жағымды-жағымсыз түрлерін атаңдар және талдау жасаңдар.
4. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін қалыптастыру жолдарын көрсетіңдер және оған қалай тәрбиелеуге болады?
"Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді",- депті Шәкәрім. Шынында да, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталатыны хақ .Ендеше адами асыл қсаиеттерді қастерлеп оған бала кезден бастап баулыған абзал. Ондай құндылықтар әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық және т.б. қалыптасқан халқымыздың асыл қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір ұстаз халық педагогикасын сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адами құндылықтарды терең сіңірген рухани жаны таза адам болуы шарт. Сонда ғана бүгінгі шәкірт ертеңгі азаматтар өзінің мінез-құлқы жетілген саналы адам болып қалыптасады.
"Ертегі – имандылықтың әліппесі" деп аталған үшінші тапсырма бойынша тренинг элементтерінің әр топқа тиісті міндеттер жүктелді. Олар: бірінші топқа табандылық (ертегі бойынша), екінші топқа әділеттілік (ертегі бойынша), үшінші топқа "Құмырсқаның қанағаты" (әңгіме бойынша), төртінші топқа "Таза бұлақ" (әңгіме бойынша).
Төрт топ мүшелері де күй әуенімен табандылық, әділеттілік, қанағат, адал, таза болу қасиеттері жайында ертегі және әңгіме тыңдайды. Соңынан осы қсаиеттер туралы сұхбат жүргізіліп, талдау сұрақтары құрастырылады және тыңдалған әңгіме ертегілерді рөлге бөліп сахналап көрсетеді. Сондай-ақ, онда келтірілген дәйексөзді жаттап, әнге салып айтып береді.
Қоғамдағы жетістіктердің негізгі күш – Адам және оның білімі, тәжірибесі, еңбектегі табандылығы, ойлауы мен адамгершілік қасиеттері. Сол себепті де белгілі педагог К.Ушинскийдің: "Адамды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту үшін оны жан-жақты біліп алу керек" деген қағидасы осы семинарлық тақырыбымызға лайықтап айтылғандай көрінеді. Өйткені, адам баласы қашан да өзінің адамгершілік қасиеттерімен ғана ардақталатыны аян.
Сонымен, бұл семинар сабақ арқылы жоғары класс оқушыларының бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында жоғары класс оқушылары өте жоғары ынтамен қатысты.
2.3. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері және оларды талдау

Бақылау нәтижелерінде жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптастыру бағытында жүргізілген іс-шаралар нәтижелерінің деңгейлерін анықтау мақсатында өтікізілген сауалнамалар, тестілер көрсеткіштерінен көруге болады.


Эксперимент пен бақылау топтары құрамына жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары алынды. Эксперимент тобына Ақтөбе қаласында орналасқан №33 қазақ орта мектебінің барлығы – 56 оқушы қатысты.
Бақылау нәтижелерінде жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылық негізінде жүргізілген сауалнама, тестілер, ранжирлеу әдісі, семинар сабағы – барлығы да тәжірибелі-эксперимент жұмысының тиімділігін көрсетеді. Зерттеудің соңғы кезеңінде алынған нәтижелерді анықтау эксперименті барысындағы және бақылау тобындағы көрсіткіштерімен салыстыру тәжірибелі-эксперимент жұмысы оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға тиімді ықпал етті деп түйіндеуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет