ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары



бет18/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

Орындалуда

Ағымдағы жылы өткен жылдағыдай әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық субъектілерінің заңдық сауатын арттыру мақсатында жаңа Еңбек Кодексі бойынша белсенді түрде түсінік жұмыстары жүргізілуде.

Министрлікпен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясымен біріге отырып еңбек заңнамасының ережелеріне сарапшылық түсіндірулердің Кешенді жоспары (Бұдан әрі – Кешенді жоспар) жүргізілуде. Аталған жоспардың аясында а.ж. 11 айында 2 800-ден аса семинарлар өткізілді:

-ҚР Кәсіподақтар федерациясымен және оған мүшелік ететін ұйымдармен 1 299 семинарлар мен дөңгелек үстелдер мен қызметтік кездесулер өткізіліп, 60 мыңнан аса адамдар оқытылды;

- ҚРКФ Оқыту, зерттеу және жанжалдарды шешу орталығымен 50 семинар өткізіліп, 1 146 адам оқытылды.

- ҚР Кәсіпкерлер одағы палатасы 4 мың жұмысберушілердің қатысуымен 23 семинар мен дөңгелек үстел өткізді.

Өз алдымен Министрлікпен жаңа Еңбек кодексінің талаптарын ескере отырып, «Келіссөздер жүргізе білу мен еңбек дауларында консенсуска жету дағдыларын дамыту», «Еңбек заңнамасының негіздері» тақырыптарына оқу материалдар мен аймақтардағы кәсіпорындардың қызметкерлері мен басшыларына тарату үшін 8 арнайы тақырыптар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде буклеттер әзірленді.

Кәсіпорын қызметкерлерін еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту бойынша тәртімтеме жоспарының аясында 2017 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция комитетінің аумақтық департаменттері тартылған ұйымдардың қызметкерлерін оқыту жүргізілді. 2017 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша 1737 ұйымның 43 мыңнан аса қызметкерлері оқытылды.





Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысын өткізу

желтоқсан,

2017-2018 жылдар



ДСӘДМ

Орындалуда

2017 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бірінші Орынбасарының төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Республикалық үшжақты комиссиясының отырысы өткізілді.





Салалық және өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестердің қатысуымен жаңа заңнама мәселесі бойынша республикалық үшжақты комиссия отырысын, дағдарысқа қарсы штабтар, дөңгелек үстелдер өткізу

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ДСӘДМ, ОМО, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, республикалық, салалық, өңірлік жұмыскерлер мен жұмыс берушілер бірлестігі

(келісім бойынша)



Орындалуда

Үстіміздегі жылы аймақтардағы әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты комиссиялар (1.12.2017ж. – 110 отырыс) мен дағдарысқа қарсы штабтар (65 отырыс) белсенді жұмыс атқаруда. Аталған отырыстарға 926 кәсіпорынның басшылары шақырылып, еңбек дауларын, еңбекақы бойынша қарыздар мен өндіріс жарақаттарын алдын алу сұрақтары қаралды.

Сондай-ақ, әлеуметтік серіктестік бойынша үшжақты комиссияның салалық деңгейде 19 отырысы өткізілді.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2017 жылғы 21 желтоқсандағы жағдайы бойынша 17 кәсіпорынның 1 717 қызметкерлердің алдындағы еңбекақы бойынша мерзімі өткен берешегі (үш айдан асқан) 242 млн. теңгені құраған.

Еңбек инспекторлары тексерулері кезінде 2017 жылғы 21 желтоқсан жағдайы бойынша 1492 кәсіпорынның 24 538 қызметкерлердің алдындағы еңбекақы бойынша 3,32 млрд. теңге соманы құрайтын ағымдағы қарыздар анықталған. Қабылданған ден қою шараларының нәтижесінде 3 млрд. теңгеден астам қаражат қайтарылып, 21 мыңнан аса қызметкерлердің құқығын қорғалды.

Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда.





Республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарын ұжымдық шарттар бойынша шаралар қабылдау және әлеуметтік әріптестікті күшейту мәселесі бойынша Халықаралық сарапшылармен кездесу өткізу

шілде, желтоқсан

2016-2019 жылдар



ДСӘДМ, ҚР КФ

(келісім бойынша)




Орындалуда

2017 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша ұжымдық шарттар жүйесімен 77,7 мың кәсіпорындар немесе қызмет ететін кәсіпорындар санының 34,3 % қамтылған. Ал орта және ірі кәсіпорындар ішінде бұл көрсеткіш 90,6%-ға жетті.

Ағымдағы жылдың 7-ші және 10-шы маусымы аралығында Халықаралық еңбек конференциясының 106-шы сессиясына қатысуға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Нұрымбетовтың басшылығымен қазақстандық делегациясы сапармен барды. Сессияда республикадағы еңбек қатынастарындағы өзгерістер мен кәсіби одақтар қызметі бойынша ұлттық заңнамасын жетілдіру бойынша атқарылып жатырған шаралар жөнінде айтылды.




Көрсеткіштерді жақсарту мәселесі бойынша Халықаралық еңбек ұйымымен консультациялар өткізу

2017 жылғы ақпан

ДСӘДМ

Орындалуда



Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің негізгі ережелерін құқықтық қолдану практикасы бойынша талдау жүргізу

2017 жылғы қаңтар

ДСӘДМ, ҰКП (келісім бойынша)

Орындалуда

Министрлікпен «Еңбек заңнамасының құқық қолдану практикасын талдау бойынша сарапшы топ» құрылды. (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 сәуіріндегі №102 бұйрығы). Оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестер кірді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша салыстырмалы кесте қалыптастырылды (70-позиция). Аталған кесте сарапшы топтың отырыстарында апта сайын қарастырылады.

2017 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша сарапшы топтың 12 отырысы өтті.



7.02. «Шығындарды белгілеу кезіндегі икемділік» индикаторы (ДСӘДМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 105 орын

7.06. «Жалақы және өнімділік» индикаторы (ДСӘДМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 50 орын



«Шығындарды белгілеу кезіндегі икемділік» және «Жалақы және өнімділік» индикаторларын ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын:

  • Министр блогына, Министрліктің веб-сайтына жеке және заңды тұрғалардан жұмыскерлерге жалақы және еңбекақы төлеу мен өнімділік мәселелер бойынша келіп түсетін өтініштерге, жауап беру арқылы ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын жүргізу

  • Жеке меншік нысанындағы ұйымдардың жұмыскерлеріне жалақы белгулеу бойынша жұмыс берушілердің мен жұмыскерлер өкілдерін тарту бөлігінде түсіндірме жұмыстарына жақсарту бойынша жүргізу

желтоқсан,

2016-2018 жылдар

шілде, желтоқсан,

2016-2018 жылдар


ДСӘДМ


Жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері (келісім бойынша)

Орындалуда

Министрлік кәсіподақ ұйымдарымен (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, тау-кен-металлургия саласындағы), жұмыс берушілермен аймақтардағы жеке меншік ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы белгілеуді түсіндіру бойынша (вахталық әдіс жұмысы, кезекпен істелетін жұмыс, уақыт бойынша жұмыс кезіндегі ақы төлеу және т.б.) тұрақты түрде хат алмасады, сондай-ақ еңбекақы төлеу әдіснамасы бойынша, еңбекақыны белгілеу тәртібі, сонымен қатар, жалақы және өнімділік мәселелері бойынша Министрліктің ресми сайтына, Министрдің блогына түсетін сұрақтарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мысалы, 2017 жылдың 8 желтоқсаннан бастап жоғарыда аталған мәселелер бойынша заңды тұлғалардың 167 өтініші, жеке тұлғалардың 114 өтініші, Министр блогынан 187 мәселе, Министрліктің веб-сайтынан 354 мәселе қарастырылды.

Аталған шараны іске асыруға қатысты ҚР Кәсіподақтар Федерациясы (бұдан әрі - ҚРКФ) аталған индикаторларды жақсарту бойынша олар мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлайды.

Осылайша, ҚРКФ мүшелік ұйымдары арасында еңбек заңнамасын түсіндіру жұмыстары шегінде басты тірек еңбекақы сұрақтарына жасалады. ҚРКФ және оның мүшелік ұйымдарымен 2016-01.12.2017 ж. - 1359 семинар өткізілген және 61000 астам адам Еңбек заңнамасының нормалары бойынша оқытылды.

ҚРКФ зерттеу және жанжалды шешу, оқыту орталығымен 60 семинар өткізілді және 1484 адам оқытылды, оның ішінде 30 көшпелі семинарлар және 1027 адам еңбек заңнамасының негіздеріне байланысты оқытылды.

Бұдан басқа, кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінде қоғамдық қабылдаулар жұмыс жасауда, олар тұрақты негізінде әртүрлі деңгейдегі кәсіподақ ұймдарында әдіснамалық және практикалық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізеді және заңдық кеңес беру көмегін көрсетеді. Осылайша, қоғамдық қабылдауларға 1317 –тан астам азаматтардың өтініштері келді.

Әлеуметтік әріптестік шегінде салалық кәсіподақтар шегінде 17 салалық келісімшарттар жасалды, мүшелік ұйымдармен 18 мың. астам ұжымдық шарт жасалынды, ол 98%-ды құрады. Салалық келісімшарттар және ұжымдық шарттар арқылы еңбекақы төлеу сұрақтары, оның ішінде еңбекақыны индекстеу реттеледі.



7.05. «Жұмысты ынталандыруға салық салу әсері» индикаторы (ҰЭМ, Қаржымині)

Ағымдағы көрсеткіш - 62 орын



Позицияны сақтап қалу үшін 2017 жылдан бастап салық жүйесін түбегейлі реформалау жүргізілсін, оның ішінде:

- ҚҚС орнына сатудан алынатын салығын енгізу мәселесін қарастыра отырып, ҚҚС алу тетігін жетілдіру

- арнайы салық режимдерiн Үш деңгейде оңтайландыру

- тиімсіз салық жеңілдіктерін жою

- салық саласының ашықтығын арттыру


2017 жылғы желтоқсан


ҰЭМ, ҚМ, ҰКП (келісім бойынша)

Орындалуда.

Орындау мақсатында, ҚҚС төлеу механизмін жетілдіру бөлігінде жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының қызметі шегінде уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін пайдалану жолымен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесін жетілдіру ұсынылады.

Сондай-ақ, барлық салық төлеушілер үшін міндетті электрондық шот-фактуралар кезең-кезеңмен енгізіледі.

Патент тәртібінде СНР реформалау бөлігінде мөлшерлеменің 2%-дан 1%-ға төмендету ұсынылады.

СНР бойынша жеңілдетілген декларация негізінде ЗТ және ЖК үшін бірыңғай табыс көлемін орнату ұсынылады. Сондай-ақ, салықтық база кірістер және шығыстар арасындағы айырмашылық ретінде анықталатын альтернативтік тәртіп ұсынылады.

Бірыңғай жер салығы (БЖС) бойынша тәртібінде КФХ үшін ҚҚС бойынша шектеулер жойылады, басшы, КФХ мүшелері мен қызметкерлері үшін әлеуметтік салықты жою ұсынылады. СНР-да ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілері үшін үлестес тұлғалармен СНР қолдану бойынша шектеулер жойылады.

Ойын автоматтар қызметтері, лотерея билеттерін, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін сату, пошта маркасын импорттау бойынша айналымдарды босату бөлігінде ҚҚС бойынша жеңілдіктерді жою ұсынылады. Сондай-ақ, ДСҰ талаптарына қарама қайшы келетін жеңілдіктер жойылады.

Салықтық жүйесінің ашықтығын жоғарлату үшін салықтық әкімшілендіру бойынша амалдар жетілдіріледі.

7.07. «Менеджерлердің кәсібилігі» индикаторы (ҰКП (келісім бойынша))

Ағымдағы көрсеткіш - 105 орын



«Менеджерлердің кәсібилігі» индикаторын жақсарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізу:

  • кәсіпорындарды басқарудың ең үздік практикаларын, кәсіпорындарда, ұлттық компанияларда, МО және облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінде корпоративтік этиканы күшейту бойынша мақалалар мен сұхбаттарды жариялау және жалпы корпоративтік мәдениетті дамыту;

  • кәсіпкерлермен лауазымды тұлғалармен, саясаткерлермен және басқа кәсіпорындардың, компаниялардың өкілдерімен өзара әрекет етуде этикалық мінез-құлықты дамыту бойынша дөңгелек үстелдер өткізу бөлігінде

тоқсан сайын.

2016-2018 жылдар



ҰКП (келісімі бойынша), ДСӘДМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Осы индикаторлар бойынша Қазақстанның позицияларын жақсарту мақсатында ҰКП Корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі ұлттық кеңесті құру, сондай-ақ корпоративтік басқару стандарттарын әзірлеу туралы мәселелерді көтерді.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары А.Ұ. Мамин бұл бастамаларды қолдады (2017 жылдың 4 мамырында өткен жиналыстың № 20-3/05-1686 хаттамасы).

Аталған бастамаларды іске асыру үшін ҰКП Ұлттық кеңес туралы ережені және оның құрамын көздейтін өкім жобасын әзірледі. Ү.ж. 21 маусымында өкім жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен кейіннен келісу және Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізу үшін ҰЭМ-ға жіберілді.

Осы күнге дейін өкім жобасы меморгандармен келісілмеген.


7.08. «Елдің дарындарды ұстап қалу әлеуеті» индикаторы (ДСӘДМ, БҒМ)

Ағымдағы көрсеткіш - 80 орын

7.09. «Елдің дарындарды тарту әлеуеті» индикаторы (ДСӘДМ, БҒМ)

Ағымдағы көрсеткіш - 57 орын



Мұғалімдерді «ОПҚ «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту

4 тоқсан,

2016-2018 жылдар




Халықаралық бағдарламалар орталығы(келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ЖОО (келісім бойынша)

Орындалуда

«Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде педагог кадрларын дайындау «магистратураға ғылыми-педагог қызметкер» (2008 жылы енгізілді), «тағылымдамаға ғылыми, педагог қызметкерлер» (2012 жылы енгізілген) арнайы санаттар бойынша қамтамасыз етіледі, сондай-ақ ПОҚ 2012 жылы енгізіліп, 2015 жылы алынып тасталған «жоғары оқу орнының түлегі» санаты бойынша оқуын жалғастырады.

ПОҚ-ты дайындау үшін 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 2 383 стипендия тағайындалған, олардың ішінде 952-сі – магистратура бағдарламасы бойынша оқу үшін, 1 431 – тағылымдамадан өту үшін.

240 адам оқуда, олардың ішінде «жоғары оқу орнының түлегі» санаты бойынша – 103, «магистратураға ғылыми-педагог қызметкерлер» санаты бойынша – 125, «тағылымдамаға ғылыми, педагог қызметкерлер» санаты бойынша – 12.

2017 жылғы конкурстық іріктеудің 3 кезеңінің қорытындысы бойынша 58 стипендия тағайындалған, олардың ішінде «магистратураға ғылыми-педагог қызметкерлер» санаты бойынша – 38, «тағылымдамаға ғылыми қызметкерлер» санаты бойынша – 20.




ЖОО-лардың топ-менеджментіне шетелдік мамандар тарту

4 тоқсан,

2016-2018 жылдар



БҒМ, ЖОО-лар (келісім бойынша)

Орындалуда

ЖОО білім беру жүйесіне шетел ғалымдары мен топ менеджерлер шақыртылады.

ҚР БжҒМ 2017 жылдың 17 ақпанындағы № 69 бұйрығына сәйкес 8 ЖОО арасында (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазҰАУ, Х.Досмухамедов атындағы АМУ, Өтемісов атындағы БҚМУ, Шәкәрім атындағы СМУ, Қозыбаев атындағы СҚМУ, ҚарМТУ, ҚарММУ, Қорқыт Ата атындағы КМУ, Жубанов атындағы АӨМУ, ҚР Президенті жанындағы МУ, ТарМПИ, Дулати атындағы ТарМУ, АркМПИ, МОК, Қаржы академиясы және т.б.) бюджеттік қаражат ЖОО басқару бойынша стратегиялық құжаттарды дайындау барысында кеңес алу мақсатымен 26 шетел мамандары тартылды.

Қазіргі таңда ЖОО стратегиялық құжаттарды дайындау кезеңде кеңес беру үшін 33 топ-менеджерлер тартылды.





Қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуын қамтамасыз ету

4 тоқсан,

2016-2018 жылдар




БҒМ, ХҒТО (келісім бойынша),

ҒЗИ


(келісім бойынша), ЖОО (келісім бойынша)

Орындалуда

2017 жылы ҰТХО-ға 13 қазақстандық ғалымдардың өтініштері жіберілді, оның ішінде мынадай қызметкерлердің жобалары жіберілді:

Әл-Фараби атындағы ҚаҰУ Биология жіне биотехнология проблемалары ҒЗИ қызметкері Л.Г. Гумарованың «Биоиндикация гелио- и геомагнитных возмущений и прогноз риска развития сердечно-сосудистых патологий» жобасы, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің қызметкері Н.С. Саликовтың «Изучение закономерностей формирования радиационной нагрузки на население, оценка угроз и смягчение рисков радиационного воздействия на их здоровье» жобасы, М. Айкимбаев атындағы Қазақ карантин және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының қызметкері П.Н. Дерябиннің «Оценка роли Т-регуляторных лимфоцитов в иммунопатогенезе бруцеллёза и перспектив иммуномодуляции» жобасы, З.А. Сағиевтың «Микробиологическое и генетическое исследование вспышки Кокозекской чумы» жобасы бар.




Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдердің негізінде шет мемлекеттермен халықаралық ғылыми-техникалық әріптестік байланыстарды дамытуды қамтамасыз етілсін

желтоқсан,

2016-2019 жылдар




БҒМ, ҒЗИ

(келісім бойынша), ЖОО (келісім бойынша)



Орындалуда

Қазіргі таңда ғылым мен техника саласындағы серіктестік Ресей, Беларусь, Франция, АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, Қытай және басқа елдермен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде дамып келеді. Шет елдер мен Халықаралық ұйымдар және т.б. қол қойылған халықаралық келісімдер мен келісімдердің саны. - 42.

Бұдан басқа, 10-11 қыркүйекте Астана қаласында алғаш рет ғылым және технологиялар бойынша ИЫҰ саммиті өтті. 10-11 сентября 2017 года в г. Астана состоялся Первый Саммит Организации исламского сотрудничества по науке и технологиям, оның ішінде 8 қыркүйекте Жоғары лауазымды тұлғалар отырысы өтті. Жоғары лауазымды тұлғалар отырысында қатысушылар «2026-шы жылға дейінгі ғылым, технология және ииновациялар бойынша ИЫҰ бағдарламасы» Қорытынды құжатын талқылап, құптады, 9 қыркүйекте Министрлерінің Кездесуі өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Румынияның Ғылым және инновация министрлігі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім ішкі келісім бойынша жүзеге асырылуда.




Республикалық «Үздік педагог» конкурсы өткізу

3 тоқсан,

2016-2019 жылдар




БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері,

Орындалуда

2017 жылы 3707 мұғалім «Үздік мұғалім» республикалық байқауының аудандық және қалалық кезеңдеріне қатысты, олардың 608-і облыстық кезеңде, 56-сы ұлттық кезеңде.

Байқаудың республикалық кезеңіне мектепке дейінгі және орта білім жүйесінің 112 оқытушысы, сондай-ақ 44- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері қатысты.

2017 жылдың 5 қазанында «Қазмедиаорталық» ғимаратында «Үздік оқытушы» республикалық байқауының жеңімпаздарының жыл сайынғы салтанатты рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімде 64 жүлдегер «Жылдың үздік оқытушысы 2017» төсбелгілерін, сертификаттарын және 1000 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйлықты алды.




«Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы 2016» грантын марапаттау өткізу

2017 жылғы 1 тоқсан

БҒМ

Орындалды

2017 жылғы 17 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында 2016 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді.

еліміздің 58 жоғары оқу орнынан «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының 200 иегеріне салтанатты түрде куәліктер мен төс белгілер табысталды.




Ғылым саласындағы жыл сайынғы атаулы сыйлықтар мен ғылыми шәкіртақылар беру рәсімін өькізу

желтоқсан,

2016-2017 жылдар



БҒМ

Орындалуда

Жыл сайынғы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау шеңберінде 53 өтінім келіп түсті (жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық үшін – 11, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық үшін – 20, педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшін Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық үшін – 11, Түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлық үшін – 2, жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д. Конаев атындағы сыйлық үшін – 6, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы сыйлық үшін – 3). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қатысуымен 2017 жылғы 15 желтоқсанда жыл сайынғы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды тағайындау рәсімі өтті және қорытындыланды.



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет