ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары



бет20/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Орындалуда

2017 жылдың 4-ші тоқсанында Бағдарлама аясында «7 канал» телеарнасының эфирінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Tengemania Next» білім беру бағдарламасының 10 шығарылымы және «Астана» телеарнасының эфирінде «Школа финансов» балалар білім беру бағдарламасының 10 шығарылымы жарық көрді.

Мектеп жасындағы балаларға арналған қосымшалар баспасөз басылымдарында шыға бастады. Оқу орындарында қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндірме дәрістер жүргізіледі.

Халыққа қаржылық білім беруге арналған fingramota.kz бірыңғай интернет-портал жұмыс істейді. Реттеушінің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықтың ҚР ҰБ-пен жедел өзара әрекет етуі үшін жасалған «ҚҰБ Online» ұялы қосымшасы белсенді жұмыс істейді. «ҚҰБ Online» пайдаланушылар KASE сауда-саттық қорытындысы, валюталар бағамы, қаржы нарығындағы деректер туралы ең соңғы ақпаратты және ҚР ҰБ басқа да жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып алады;

Ақпарат тұрақты түрде ҚР ҰБ ресми ресурсында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде орналастырылып отырады.

Халықты қаржылық ұйымдар ұсынған қаржылық қызметтер жөнінде ақпараттандыру мақсатында ҚРҰБ, ҚР ХҚКО қоғамдық қабылдау бөлмелерінде, ЕДБ филиалдарында ақпараттық буклеттер таратылады.

ҚР ҰБ қаржылық сауаттылықты арттыру саласындағы атқарған жұмыстары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланады.




Халықтың және бизнес сектордың «шамадан тыс кредиттелуі» аясында кредиторлардың назарын қарыз алушылардың бизнес-жоспарларының сапасы мен тиімділігіне аудару бойынша шаралар қабылдау

жарты жылда 1 рет,

2017-2018 жылдар



ҰБ (келісім бойынша)

Орындалуда

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 29 қаулысымен бекітілген, Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру қағидаларына сәйкес, банк кредиттік қызметті кредиттік шешімдерді қабылдау стандарттары мен рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырады, оның ішінде, атап айтқанда, қарыз алушылардың бизнес-жоспарларының сапасы мен тиімділігін басқару рәсімдері бар.

Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ҚҚҚ негізінде жұмыс тобы құрылды, оның жұмыс шеңберінде қарыз алушылардың бизнес-жоспарларының сапасы мен тиімділігіне банктердің назар аударуы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындалатын болады.




Кредиторлардың назарын мәселелерін қарыз алушылардың құқықтарын зиян келтірмей кепілдің нарықтағы өтімділігінің төмендеу шешуге аудару бойынша шаралар қабылдансын

жарты жылда 1 рет,

2017-2018 жылдар



ҰБ (келісім бойынша)

Орындалуда

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында жарияланған тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру арттыру бағдарламасы қабылданды. Жалпы, банктердің қаржылық тұрақтылығын 5 жыл ішінде жақсарту жөніндегі шаралар банктердің теңгерімін нашар қарыздардан тазартуға, банк секторының жиынтық меншікті капиталының ұлғаюына алып келеді, бұл, тиісінше, банктердің экономиканың нақты секторын кредиттеуіне мүмкіндік береді. Меншікті капиталдың өсуі және жұмыс істемейтін кредиттердің азаюы банктердің қолданыстағы стратегияларды және бизнес үлгілерді қайта қарауына және оңтайландыруына алып келеді, соның нәтижесінде банктердің кредиттеу, банк қызметтерінің жаңа тиімді түрлерін кеңейту және дамыту бойынша белсенділігін арттыру күтіледі.



8.05. «Венчурлық капиталдың қолжетімділігі» индикаторы (ИДМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 102 орын



Венчурлық статистиканы (жабық пайлық инвестицилық қорлар, қауіпті инвестициялау қорлары) қалыптастыру бойынша жұмысты аяқтау

2017 жылғы

желтоқсан



ИДМ, «Байтерек» ҰБХ АҚ (келісім бойынша)

Орындалуда

Венчурлік статистикалық есеп бойынша жұмыс құрылған және 29.09.2016 жылғы ҚР ИДМ №04-2-16/7522 хатымен ҚР ҰБ заңды тұлғалардың жабық пайлық инвестициялық қордың саны тәуекел инвестициялау инвестициялар және акционерлік инвестициялық қорлардың капиталға салынған тәуекелдерді инвестициялар туралы ақпаратты ұсынуға форма жіберілді






Венчурлық қаржыландыру нарығын дамытудың мемлекеттік шараларын пысықтау

2017 жылғы

желтоқсан



ИДМ, ҰЭМ, «ИТП» АКҚ, ҰКП (келісім бойынша), «Байтерек» ҰБХ АҚ (келісім бойынша)

Орындалуда

«Индустриялық-инновациялық саясаттың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 63-ші қадамдарды іске асыру мақсатында 2015 жылғы 17 қарашада келесі заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілді: ҚР Бюджеттік кодексі, ҚР Салық кодексі, «Инновациялық технологиялар паркі» Инновациялық кластері туралы» ҚР Заңына.

«ИТП» АКҚ инновациялық кластері шетелдік инвестициялық қорларды «ИТП» қатысушылар тізіміне кіргізуге құқылы.

ИТП» АКҚ функциясы кеңейтілген, соның ішінде «ИТП» АКҚ шетелдік инвестициялық қорларда қатыса алады.

Сонымен қатар, «ИТП» АКҚ қандай анықталған мақсаттарға мақсаттық аудару алады, атап айтқанда шетелдік инвестициялық қорлардың үлестік қатысуы үшін.




«Стартап Қазақстан» - отандық және шетелдік стартаптарды тарту бағдарламасы шеңберінде шетелдік венчурлық қорларды тарту

2017 жылғы

желтоқсан



ИДМ,

«ИТП» АКҚ

(келісім бойынша)


Орындалуда

«ИТП» ААҚ «GVA Capital Management» американдық компаниясымен «GVA AlatauFund» венчурлық қорын құрды. 2016 жылдан бастап «Стартап Қазақстан» бағдарламасы аясында 40 стартап жобасы алдын-ала іріктелді. 2018 жылдың қаңтарында GVA өкілдері Халықаралық аккредитация бағдарламасында мақұлданған жобалар үшін кіріспе сессиялар түрінде алдын-ала сертификаттау жүргізу үшін «ИТП» АКҚ келеді. Жобаларды қаржыландыру «GVA Alatau Fund» венчурлық қорының негізіндегі Инвестициялық комитеттің қорытындысы бойынша басталады.



8.06. «Банктердің сенімділігі» индикаторы (ҰБ (келісім бойынша))

Ағымдағы көрсеткіш – 114 орын



ЕДБ несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесін 15% аспайтын деңгейде қамтамасыз етілсін

желтоқсан,

2016-2018 жж.



ҰБ (келісім бойынша)

Орындалуда

Екінші деңгейдегі банктер ұсынған есептілігіне сәйкес, 2017 жылдың 1 желтоқсаннан жағдай істемейтін несиелер көлемі 1 360,3 млрд. теңгені құрады. немесе банк жүйесінің несие портфелінің 9,96%.





«Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ жарғылық капиталын 10% ұлғайту

желтоқсан,

2016-2018 жж.



ҰБ (келісім бойынша)

Орындалуда

2014-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Стратегиялық жоспарына сәйкес жарғылық капиталды ұлғайту жыл сайынғы негізде жүзеге асырылады. ҚДКҚ жарғылық капиталының ұлғайту Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту туралы» 2017 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына сәйкес жүзеге асыру сатысында тұр.





Банктердің несие портфеліндегі проблемалық қарыздардың үлесін азайту мәселесі бойынша халықтың хабардарлығын арттыру

тоқсан сайын,

2016 жыл


ҰБ (келісім бойынша)

Орындалуда

2017 жылдың қазан-желтоқсан айларында жұмыс істемейтін несиелердің үлесін төмендету мәселесі бойынша әр түрлі БАҚ-тарда 18 ақпараттық мақалалар жарияланды.





Екінші деңгейдегі банк секторы қызметін сапасы жағынан жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау

жарты жылда 1 рет,

2016-2018 жж.



ҰБ (келісім бойынша)

Орындалуда

Ұлттық Банк ҚР Президентінің Жолдауын (15 ақпан 2017 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) жүзеге асыру үшін Ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес банк секторын сауықтыру бағдарламасын (2017 жылдың маусым айында Ұлттық Банк Басқармасының отырысында бекітілген) жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, Бағдарлама Ұлттық Банктің ресурстарынан жарғылық капиталының 45 млрд. теңгеден астамын банктерге арналған.

Қазіргі уақытта «Банк секторын сауықтыру» бағдарламасы 5 банктерді қамтиды. Банктерге капиталдандыруға қажетті қаражат жіберілді.


8.07. «Бағалы қағаздар айналымын реттеу» индикаторы (ҰБ (келісім бойынша))

Ағымдағы көрсеткіш – 117 орын



«Бағалы қағаздар айналымын реттеу» индикаторын жақсарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:

  • Қор нарығының мүмкіндіктері мен реттеуші өзгерістер туралы бизнес-қоғамдастық пен халықтың хабардарлығын арттыру;

  • қабылданған шаралар туралы түсіндіру жұмысын жүргізу үшін мақсатты аудитория анықтау;



  • бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша брошюралар дайындап, қор биржасына шығу, БАҚ-та бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша мақалалар, репортаждар шығару бөлігінде жақсарту

тоқсан сайын,

2016-2018 жж.
тоқсан сайын,

2016-2018 жж.

тоқсан сайын,

2016-2018 жж.



ҰБ (келісім бойынша)

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша)


Орындалуда

KASE мәліметтері бойынша 2017 жылдың 4-ші тоқсанында мынадай жұмыстар атқарылды:

− күн сайын ДС –БС дейін (жұмыс күндері) – "В курсе" бағдарламасы (KASE нарығындағы сауда-саттық күні қорытындысы);

− апта сайын ЖМ – "KASE апталығы" (KASE нарығындағы сауда-саттықтың апталық қорытындысы);

− 02.10.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "KASE жеке инвесторларының байқауы " атты тақырыпта байқау;

− 05.10.2017 – KASE "Корпоративтік басқару негіздері" атты семинар өткізді;

− 06.10.2017 – KASE "Taldykorgan Invest - 2017" халықаралық форумында сөз сөйледі;

− 09.10.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Қазақстан қор биржасында стартаптар қалай қаржыландырылады?" атты тақырыптағы шығарылым;

− 12.10.2017 – KASE "Aktobe Invest-2017"V Халықаралық инвестициялық форумында сөз сөйледі;

− 13.10.2017 – KASE мен ДАМУ Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды;

− 16.10.2017 –"Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "KASE Индексінің акциялары өсе ме?" атты тақырыптағы шығарылым;

− 19.10.2017 – KASE 2017 жылдың 9 айына және 3 тоқсанына негізгі жұмыс қорытындысы сондай-ақ Биржаның даму стратегиясының орындалуы туралы баспасөз хабарламасын өткізді;

− 20.10.2017 – KASE орыс тілді БАҚ үшін биржалық ақпарат бойынша семинар өткізді;

− 23.10.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Коммерциялық облигациялар несімен жақсы?" атты тақырыптағы шығарылым;

− 30.10.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "ЗИҚ инвесторға қалай көмектесе алады?" атты тақырыпта шығарылым;

− 06.11.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Компаниялар инвесторлардың бейілділігіне қалай қол жткізе алады?" атты тақырыпта шығарылым;

− 08.11.2017 – KASE "Қор нарығының негіздері" атты оқыту бағдарламасын өткізді;

− 08.11.2017 – KASE 2017 жылдың қазан айында биржалық нарықтың қорытындысы бойынша баспасөз брифингін өткізді;

− 13.11.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Үздік жылдық есепті қалай жазу керек?" атты тақырыпта шығарылым;

− 15.11.2017 – KASE Қазақстан қаржыгерлерінің VII Конгрессіндегі "Қор нарығы – қаржыландыру көзі ретінде" атты сессияға қатысты;

− 16.11.2017 – KASE "БАҚ құнын қалай арттыру керек және қалай инвесторлар тарту керек. Негізгі құралдар мен жаңа мүмкіндіктерді іздестіру" тақырыбы бойынша X Медиа Құылтайға қатысты;

− 20.11.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "ICO – сәндік тренд пе әлде нақты құрал ма?" атты тақырыпта шығарылым;

− 24.11.2017 – KASE Ақмола облысының ұлттық компания өкілдерімен жіне бизнес қауымдастығымен "KASE Day in Astana" бизнес-таңғы ас өткізді;

− 27.11.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "ICO дәстүрлі компанияларға пайдалы бола ма?" атты тақырыптағы шығарылым;

− 04.12.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Жаңа жылдың алдында Қазақстан қор биржасынан не сатып алуға болады" атты шығарылым;

− 07.12.2017 – Басқарма Төрағасының орынбасары Н.Ю. Хорошевскаяның kursiv.kz үшін сұхбаты;

− 11.12.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Бағалы қағаздар нарығына ұлттық рейтингілік агенттіктер қажет па? атты тақырыптағы шығарылым;

− 13.12.2017 – KASE 2017 жылдың қараша айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-брифинг өткізді;

− 13.12.2017 – KASE "Тенгри Финанс" АҚ арналған "Эмитент күнін" өткізді;

− 13.12.2017 – KASE "Қор нарығының негіздері" атты оқыту бағдарламасын өткізді;



  • − 18.12.2017 – "Қор нарығы. PRO мәртебесі" хабарламасы, "Жеке инвестициялау тәжірибесі" атты жұмысшы атаумен шығарылым.



«Астана» халықаралық қаржы орталығын іске қосу

2018 жылғы қаңтар

АХҚО (келісім бойынша)

Орындалуда

Қазақстан Республикасы Президентінің АХҚО-ны құру жөніндегі бастамасы экономиканы әртараптандыру, тұрақты өсу және елдің толыққанды қаржы жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

АХҚО-ның басты мақсаты – әлемнің үздік практикасына сәйкес жұмыс істейтін жаһандық инвесторлар мен қатысушыларды тарту арқылы Қазақстанда қаржылық қызметтер көрсететін жетекші халықаралық орталық құру.

Осы міндетті орындау мақсатында АХҚО әкімшілігі қазіргі сәтте АХҚО-ны толыққанды іске қосу және тұтастай алғанда елдің қор нарығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша кешенді жұмыстар атқарды.

Мәселен, 2017 жылы АХҚО-ның тәуелсіз қаржы реттеушісі – Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – АФСА) құрылды. АФСА-ның Директорлар кеңесінің құрамына АҚШ, Ұлыбритания және Австралиядан қаржылық реттеу және қаржы нарықтары саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары кірді. 2018 жылдың басынан АХҚО-ның қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі бастапқы дәрежедегі актілері қолданысқа енеді.

Әлемдік қауымдастық тарапынан АХҚО-ға деген сенімді қамтамасыз ету үшін, инвесторлар мен қаржы қызметін тұтынатын клиенттердің мүддесін қорғау үшін жалпы құқық қағидаттарына негізделген құқықтық режімді енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, қаржылық қызметтер, ағылшын құқығы, төрелік пен медиация саласындағы беделді халықаралық сарапшылардан тұратын Құқықтық консультациялық кеңес құрылды. 2018 жылдың басынан АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы өз жұмыстарын бастайтын болады.

АХҚО-ның биржалық инфрақұрылымын құру жұмысының аясында 2017 жылдың қараша айында «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы» заңды тұлға құрылды, оны АФСА алғашқы қатысушы ретінде тіркеді. АХҚО биржасының стратегиялық серіктестері мен акционерлері Nasdaq, Inc. американдық биржа тобы (әлемдегі капитализациясы бойынша 2-ші орында) және Шанхай қор биржасы (әлемдегі капитализациясы бойынша 4-ші орында) атанды. Биржаның IT-инфрақұрылымын жасау процесінің аясында АХҚО әкімшілігі Nasdaq сауда жүйесінің сәтті функционалдық тестілеуді өткізді. АХҚО биржасының әлемнің көшбасшы биржаларымен стратегиялық серіктестігі осы ауқымды өңірлердің инвестициялық өтімділігіне жол ашады, бұл ретте әлемдік капитал нарығындағы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыратын болады. АХҚО-ның биржасы 2018 жылдың қаңтарынан бастап өз қызметіне кірісуге дайын.

2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарының аясында АХҚО әкімшілігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арасында ҰӘҚ-ның ірі компанияларын АХҚО-ның алаңында жария түрде орналастыру бойынша бірлескен жұмысты атқарылуда.

Дамыған активтерді басқарудың нарығы кез келген табысты қаржы орталығының ажырамас құраушысы болып табылады. Бұл нарықты дамыту АХҚО алаңында инвесторлардың зор сеніміне ие жетекші басқарушы компаниялардың болуымен байланысты. Осы мақсатта АХҚО аумағында оқшаулануға қызығушылық танытқан BlackRock, Amundi, Goldman Sachs Asset Management, Franklin Templeton және т.б. сияқты әлемнің ең ірі басқарушы компанияларымен келіссөздер жүргізіліп және жүйелі түрде ақпарат алмасу жолға қойылды.

Әлемнің үздік сарапшыларын тарту АХҚО-ны жеке тұлғалардың дәулетін басқару (Private Banking) саласындағы сараптаманың жергілікті орталығы ретінде дамытуға ықпал етеді. Осы бағыттарда UBS, Credit Suisse, Julius Bar, Deutsche Bank және т.б. активтерді басқарудың жаһандық нарығының ірі ойыншыларының өкілдерімен кездесулер және келіссөздер жүргізілді. Олардың барлығы осы бастаманың дер кезінде көтерілгендігін және АХҚО жобасына қатысуға қағидатты қызығушылық танытты.

АХҚО-ның инвесторлары мен қатысушылары үшін қолайлы жағдайларды жасау үшін Дубай халықаралық қаржы орталығының «Мемлекеттік қызметтер кеңсесінің» үлгісімен «AIFC Expat Centre» құрылды. Бұл орталық өзінің Тұжырымдамасына сәйкес органдардың өзара іс-қимыл жасауы туралы бірлескен бұйрықтарының негізінде ІІМ көші-қон органдарының, Қаржымині мемлекеттік кірістер органдарының, АКМ халыққа қызмет көрсету орталығының, мамандандырылған ХҚКО мен ІІМ әкімшілік полициясының көрсететін қызметтеріне орталықтандырылған қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл ретте, АЭО қызметтері ҚР-да тұратын барлық шетелдік азаматтар үшін де ағылшын тілінде қолжетімді болады.

АХҚО әкімшілігі мен Henley & Partners халықаралық консалтингтік компаниясы расында жасалған шарттың шеңберінде инвестициялық резиденттік бағдарламасы әзірленді. Тұтастай алғанда, инвестициялық резиденттік бағдарламасы үш сатылы кезеңнен тұрады: (1) бағдарламаны құрылымдау, (2) заңнамалық талдау және бағдарламаны енгізу, (3) маркетинг және бағдарламаны ілгерілету.

Исламдық қаржыландыруды дамыту аясында исламдық қаржы институттарына арналған қолайлы құқықтық және реттегіштік ортаны жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2016 жылдың басынан қазіргі күнге дейін халықаралық исламдық қаржы және білім беру институттарымен, сондай-ақ Малайзия, Индонезия, Катар, Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн сияқты елдердің орталық банктері мен реттеуші органдарымен бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Сонымен бірге Өңірлік техникалық көмек аясында Азия Даму Банкінің «Жан-жақты өсуге арналған исламдық қаржыландыру» грантын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. АДБ басшылығы 2017 жылғы қыркүйекте гранттың жобасын мақұлдады және жобаны іске асыру 2018 жылы басталады деп күтілуде. Ислам Даму Банкімен (бұдан әрі – ИДБ) Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында АХҚО Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытудың мастер-жоспарын әзірлеу бойынша ИДБ грантын (техникалық көмек) алуға жұмыс атқаруда. Бұл техникалық көмек аясында халықаралық заң фирмаларын, реттеуші және салалық сарапшыларды, танымал шариғат кеңесшілерін тарту, сондай-ақ исламдық қаржы саласындағы ИДБ-ның бірегей тәжірибесін пайдалану арқылы Қазақстанда исламдық қаржыландыру индустриясын дамытудың Мастер-жоспарын дайындау жоспарланып отыр. Сондай-ақ АХҚО әкімшілігі 2018 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды (сукук) шығару бойынша жұмысқа белсенді түрде қатысуда.

Қаржылық технологияларды дамыту бойынша жұмыстың аясында «реттеушілік құм алаңы» деп аталатын жеңілдетілген реттеушілік режимде жаңа финтех өнімдерді сынақтан өткізу бойынша компанияларға арналған басшылық әзірледі. Инновациялық қаржы технологиялары саласын дамыту мақсатында АХҚО әкімшілігі блокчейн-технологияларды дамыту, блокчейн платформаларын пайдалану және криптовалюталарды жасау бойынша Microsoft пен Tai Cloud Corp (Қытай) компанияларымен келісімдерге қол қойды. АХҚО 60-тан астам әлемдегі ірі қаржы институттарынан (JP Morgan, Bank of America Merill Lynch, Goldman Sacks) құрылған R3 консорциумының, сондай-ақ қаржы секторындағы инновацияларды ынталандыруға арналған бүкіл әлемдегі финтех хабтардың тәуелсіз жаһандық желісі болып табылатын Жаһандық финтех хабтар федерациясының қатысушысы атанды.

АХҚО әлемдік экономиканың таза технологиялар бағытына бетбұрысы мен назар аударуы процесін ескере отырып жасыл қаржы хабы атану мақсатын көздеп отыр. АХҚО әкімшілігі Басқармасының 2017 жылғы 3 қазандағы шешімімен Еуропа Қайта құру және Даму банкімен және жасыл қаржы саласындағы халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленген «Жасыл» қаржыландырудың құралдары мен қағидаттарын енгізу әрі дамыту тұжырымдамасы қабылданды. 2017 жылғы 20 қарашада қабылданған Тұжырымдаманы іске асыру үшін АХҚО әкімшілігі Басқармасы АХҚО-ның жасыл қаржы саласындағы өңірлік көшбасшылығы стратегиясын бекітті.

АХҚО үздік әлемдік сарапшыларды тарту үшін қолайлы орта жасай отырып, жергілікті сараптаманың орталығына айналуы және елдің адами капиталын ұлғайтуға ықпал етуі тиіс. АХҚО базасында біліктілікті арттыру, сертификаттау бағдарламаларын, сондай-ақ Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, тиісті салалардағы зерттеу бағдарламаларын қолдау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің әлемдік стандарттарға сай келетін және дербес құқықтық юрисдикциясы болатын Астана қаласында халықаралық қаржы орталығын құру туралы идеясы өңірлік, сонымен қатар халықаралық инвесторларды оларға түсінікті шарттармен алаңға тарта алатын еліміздің қор нарығы үшін жаңа заманауи инфрақұрылымды құру мақсатын көздегендігін атап өту қажет. Осыған байланысты, АХҚО әкімшілігі қазіргі сәтте АХҚО-ның 2018 жылдың қаңтарынан бастап өз қызметін бастауы және тұтастай алғанда Қазақстанды жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне шығара алатын заманауи өтімді қор нарығын дамытуға арналған барлық қолайлы инфрақұрылымды жасады.




Мынадай:


  • акциялар шығару рәсімдерін оңайлату;



  • акциялардың листингі үшін либералдық жағдайлар жасау;



  • институционалдық инвесторлардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту;




  • БҚН-да кәсіби қатысушыларды реттеуді ырықтандыру

2017 жылғы

желтоқсан
2017 жылғы

желтоқсан


2017 жылғы

желтоқсан


2017 жылғы

желтоқсан



ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, KASE (келісім бойынша), Қаржымині, бағалы қағаздар нарығы, орталық депозитарий, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет