ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары



бет4/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Орындалды

Бүгінгі күні аудио-бейне тіркеу (АБТ) жүйесімен барлық 1 396 сот отырыс залдары қамтылған, республика бойынша залдардың жаңа АБТ жүйесімен қамтылуы 100% құрайды. Сонымен, республиканың барлық сот отырысы залдарын қазіргі заманғы АБТ жүйесімен қамтамасыз ету жұмысы аяқталды. Орындалды. Бақылаудан алу үшін.





Жаңа Судьялар әдебі кодексін әзірлеп қабылдау

2016 жылғы 4 тоқсан


ЖС, Судьялар одағы

Орындалды

2016 жылғы 21 қарашада республика судьяларының VII съезінде жаңа Судьялық әдеп кодексі қабылданды. Орындалды. Бақылаудан алу үшін.





100 нақты қадамды іске асыруды (II бағыты бойынша «Заң үстемдігін қамтамасыз ету») және сот өндірісін дамытуды жария ету бөлігінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ЖС, АКМ

Орындалуда

1 қаңтар мен 25 желтоқсан аралығы мерзімінде республикалық және аймақтық БАҚ-қа 853 материал жарияланды. Соның ішінде республикалық телеарналарда 46 сюжет, республикалық газеттерде 133 мақала, интернет-қорларда-121 жарияланым. Аймақтық БАҚ-та 674 материал (телеарналар 248, газеттер 426).

Республикалфық телеарналар эфирінде «заң басшылығын қамтамасыз ету» және судоөндірістің дамуы «Сұхбат», «В деталях», «Приоритет», «Бес реформа белестері» («Хабар 24») және «Арнайы репортаж» («Асыларна») аналитикалық бағдарламалар шеңберінде жария етілді.

Осылайша материалдар Жоғары Сот жанындағы Халықаралық кеңес ІV отырысына арналған отырыс шеңберінде қатысушылар қазақстандық тергеу сот өкілеттілігін беру мәселелерін талқылады, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот жанындағы әділеттілік Академиясының ректоры Т. Каудырованың сот жүйесінің жаңғыруы туралы сұхбаты, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік Төрағасының орынбасары А. Шпекбаевтың Қазақстанда жемқорлықтың деңгейін бағалауды жүзеге асыратын, халықаралық рейтінгілік агенттіктермен қарым-қатынас жасау шеңберінде АҚШ-қа іссапары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы бірінші кеңес кеңейтілген отырысы « Заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету» талқылау және т.б.

Республикалық газеттерде маитериалдар «Закон и порядок», «Правопорядок» (газета «Казахстанская правда»), «Құқық» (газета «ЕгеменҚазақстан»). «Уголовный процесс», «Медиация в действии» (газета «Юридическая газета»), «Жоғарғы Сот», «Құқық» (газета «Заңгазеті») «Суд да дело» (газета «Время»), «Человек и закон» (газета «Человек и закон») және т.б айдарларда жарияланды.




Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру аясында Республикадағы сот құрылысы мен сотта iс жүргiзуді түбегейлі жақсарту жөніндегі заңнамалық новеллаларды БАҚ-та жариялауды қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2017 жыл



ЖС

Орындалды

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот судьялары мен аппарат басшылығының бірқатар материалдары жарыққа шықты. Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулиннің «В условиях нового времени» («Казахстанская правда», 23 қараша), Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қыдырбаеваның «Медиация хороша тем, что на первом плане стоят интересы обеих спорящих сторон» («Zakon.kz», 14 желтоқсан), Жоғарғы Сот судьялары Р.Жакудинаның «Обеспечить законность и обоснованность приговора» («Юридическая газета», 17 қазан), Ш.Иманиязованың «Иски об установлении сервитута являются одним из сугубо земельных споров» («Закон.кз», 30 қараша), И.Калашникованың «Неправомерное использование объектов интелектуальной собственности (товарных знаков) при параллельном импорте» («Заңгер» журналы, қараша), Ж.Қашқынбаеваның «Нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан, их роль в эффективности отправления правосудия» («Человек и закон», 8 желтоқсан), М.Боровиктің «Судья: Наследство – это получение не только имущества, но и определенных обязанностей» («Zakon.kz», 15 желтоқсан). Т.Молдахметованың «Трудовой договор, может быть, расторгнут только при совокупности условий, определенных законом» («Zakon.kz», 20 желтоқсан).

Бұған қоса, Жоғарғы Сот судьялары Е.Максюта мен Е.Рахымбеков «Хабар24» телеарнасындағы «Приоритет» бағдарламасына қатысып, заң үстемдігі шеңберіндегі Ұлт Жоспарын іске асыру қорытындысы туралы айтты. Бағдарлама а.ж. 18 желтоқсанда көрсетілді.

Қылмыстық процесті жаңғырту туралы арнайы инфографикалық материалдар әзірленді. Аталған материалдар «Қазақпарат», «Bnews.kz» секілді жетекші ақпараттық агенттіктер беттері мен жоғары сот органының сайтында орналастырылды. Сонымен қатар, судьяларды іріктеуге қатысты кадрлық саясат реформасы мен «электронды сот төрелігінің» артықшылықтарын түсіндіретін екі инфографикалық ролик әзірленді. Аталған роликтерді «Фейсбук» әлеуметтік желісі мен ютубте орналастырылды. Орташа есеппен әр роликтің көрсетілімі 350 мыңға жуықтайды.

Жоғарғы Сот судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен 20 ақпараттық-талдамалық бейнеролик түсірді. Олардың ішінде судьяларды даярлау жөніндегі Сот төрелігі академиясының жұмысы, медиацияны дамыту, некені бұзғаннан кейін ата-ана мен балалардың кіммен тұру мәселесін реттеу туралы және т.б. Бейнероликтер ютубта, «Facebook» және «Vkontakte», соның ішінде «Адвокаты Казахстана», «Союз адвокатов Казахстан», «Юристы и адвокаты Казахстана» әлеуметтік желілерінде және т.б. орналастырылды. Орташа есеппен әрбір роликтің көрсетілімі 40 мыңды құрайды.

Есепті кезеңде келесі іс-шаралар ақпарттық сүйемелденуі ұйымдастырылды:

- жоғарғы сот органының кезекті жалпы отырысы;

- «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кездесу;

- Сот органдары ахуалдық орталығының жұмысымен таныстыру мақсатында Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесу;

- «Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасының шеңберінде «Корпоративтік дауларды шешудегі сот практикасы» тақырыбында семинар;

- Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің төртінші отырысы;

- «Қылмыстық-процестік заңнаманы жаңғырту аясындағы қылмыстық процестің даму болашағы» тақырыбында «дөңгелек үстел»;

- «Сот билігінің тәуелсіздігі және Қазақстан Республикасындағы сот әкімшілігі мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция;

- «Бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру» тақырыбында форум өтті.

2017 жылғы IV тоқсанда атқарылған жұмыстың нәтижесінде БАҚ-та 500-ге жуық материал жарыққа шықты.

Аталған бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады.



    1. Шенеуніктердің шешімдеріндегі фаворитизм» индикаторы (ОМО)

Ағымдағы көрсеткіш - 70 орын



Лауазымды тұлғалардың өздерімен аффилирленген компанияларды мүдделік қолдауларын болдырмау

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



МҚІСҚА, ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысумен (Қылмыстық кодекстің 364-бабы) байланысты

19 қылмыс (2016 жылы – 4 қылмыс, 2017 жылдың 11 айында – 15 қылмыс) тіркелді.

Мысалы, Атырау облысында Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы Марданов «Аршат» ЖК-ін өзінің сенімді адамы арқылы құрып және басқару жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысып, ол одан әрі мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпаз болуына басымдықтар беру фактісімен сотталды.





Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мемлекеттік органдардың қабылдауын қамтамасыз ету

2016 жылғы желтоқсан


ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалды

Министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар 2016 жылғы 29қыркүйектегі №181-НҚ Ұлттық экономика бұйрығымен бекітілді.

Ұлттық Банктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 28 шілдедегі №107 қаулысымен бекітілді.

Министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар 2016 жылғы 28 желтоқсандағы №884 Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілді.

Министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар 2016 жылғы 5мамырдағы №166Ақпарат және коммуникацияларминистрінің бұйрығымен бекітілді.

Министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар 2016 жылғы 15маусымдағы №204Энергетикаминистрінің бұйрығымен бекітілді.







Жекелеген компанияларды мүдделік қолдауды болдырмау мақсатында білікті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыру

2017 жылғы желтоқсан


Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Орындалуда

«Мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесін бекіту және «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргузідің қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі -Бұйрық) ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 91 бұйрығының 34 тармағына сәйкес Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, өзге де коммерциялық емес ұйымдардың және тиісті қызмет саласындағы уәкілетті (салалық) орган өкілдерінің қатысуымен қалыптастырылады.

ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 276 «Мемлекеттік сатып алу комитетітуралы ережені бекіту туралы» бұйрығына сай Комитет мемлекеттік сатып алу саласында Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізілімін қалыптастыруға және жүргізуге уәкілетті.

2017 жылы бірінші деңгейдегі құрылыс саласындабілікті әлеуетті өнім берушілерді айқындау және тізілімді қалыптастыру жүргізілгенжұмыстары келесі жағдайды көрсетті.

Ағымдағы жылда білікті әлеуетті өнім берушілердің 3 процедурасы (35) қатысушы) өткізілді. Білікті әлеуетті өнім берушілерді айқындау жүйесінде бірде-бір әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу заңңамалырының біліктілік талаптарына сәйкес келмеді. Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізіліміне қатысушы ретінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебі, орташа саладағы салық жүктемесінің жеткіліксіздігі. Біліктілік тізіліміне қатысушылардың ішіндегі 35 әлеуетті өнім берушілердің 3-де ғана орташа саладағы салық жүктемесі анықталды.

Сонымен қатар, Бұйрықтың 36 тармағына сәйкес, біліктілік сұрыпталуына қатысушы әлеуетті өнім берушілерге ҚР «Мемлекеттік сатып алу заңының» 9 бабына сәйкес басқа да біліктілік талаптары қойылады.

Біліктілік сұрыпталуына қатысушы әлеуетті өнім берушілерге еңбек ресурстары (инженерлік-техникалық куәлігі бар болатын), жеткілікті салық жүктемесі, сот шешімдерінің болмауы және соңғы 5 жылда мемлекеттік сатып алуға жозықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы,оң шешімді 5 жыл тәжірибесі болуы, активте міндеттемелерді алғаннан кейін қалатын өз капиталы болуы қажет.

2017 жылы жауапкершілігібірінші (жоғарғы) деңгейдегі ғимараттар мен құрылыстарды салу саласындағы Тізілімді анықтау және қалыптастыру мақсатында, алдын-ала квалификациялық іріктеу (бұдан әрі – АКІ) бойынша Комитетпен 35 әлеуетті өнім берушілер қатысқан 3 конкурс (№ 41, 42 және 43) ұйымдастырылып өткізілді.

Квалификациялық комиссияның шешіміне және квалификациялық іріктеу хаттамаларына сәйкес жоғарыда көрсетілген конкурстарға қатысқан әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері жіберілмей, тізілімге қосу үшін сәйкес емес болып танылған.




Бұзушылықтарды анықтау бөлігінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын мониторингілеуді қамтамасыз ету (тапсырыс берушілер бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арқылы сатып алу рәсімдерін бастамашылық жасамағанда)


2017 жылғы желтоқсан


Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Орындалды

Комитетпен жүйелі түрде тауар, жұмыс, қызмет көрсету сатып алудыңмониторингі өткізіледі, соныңнәтижесінде сатып алу рәсімі тапсырыс берушімен бырыңғай ұйымдастырушы ретінде Комитет арқылы бастамашылық етілмеген жағдайлар анықталды, Қазақстан республикасының Қаржы министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 130 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) жүргізілуі Комитетке жүктелген.

Сөйтіп, Бұйрықты бұзып, 2017 жылғы 14 желтоқсан жағдайы бойынша 372 тапсырыс берушілермен тауар, жұмыс, қызмет көрсету мемелкеттік сатып алу 27 974,3 млн. теңге сомасына есе өткзілді.

Бұл бағытта үнемі тиісті жұмыс өткізіледі, және заңнамамен бекітілген тәртәппен бақылау жүзеге асыру үшін,сатып алу туралы заңын сақтау Бюджеттік кодексіне сәйкес Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ақпарат жіберіледі.







Бірыңғай ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды бәсекелес негізде арқылы өткізуі

2017 жылғы желтоқсан


Қаржымині, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Орындалды

2017 жылғы 14 желтоқсан жағдайы бойынша Комитетпен 2001 мемелекеттік сатып алу өткізілді жалпы сомасы 129 476,0 млн. теңгеге. Шартпен үнемдеу 7 387,6 млн. теңге немесе жалпы сомасынан 5,7 %.

2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 792 сатып алу сомасы 78 013,0 млн. тенгеге артты. Шартты үнемдеу сомасы 5 448,3 млн. тенгеге немесе 1,9 % ұлғайды.

Ағымдағы жылы, Комитетпен өткізілген,конкурста қатысқан, әлеуетті жеткізушілердің саны үлкейгенін белгіленген. Бірыңғай ұйымдастырушыда бір конкурста (аукционда) қатысқан жеткізушілер саны орта есеппен алынғанда 6, осылайша мемлекеттік сатып алуды бәсекелі тәсілмен өткізуді нәтижесін жетті.

Сөйтіп, біз әлеуетті жеткізушілердін арасында кеңейтілген адал бәсекелестікті байқаймыз.

2017 жылдан бастап ЕЭО мемлекет-қатысушалырдын жеткізушілері, сонын ішінде Ресейден қатысады.



    1. «Мемлекеттік шығыстардағы ысырапшылдық» индикаторы (Қаржымині)

Ағымдағы көрсеткіш - 65 орын



Мемлекеттік органдармен ашық бюджеттерді жариялауды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және есептерді қоғамдық талқылау және «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



Қаржымині, ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Қаржы министрлігінің сайтында бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде шоғырландырылған, мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептер, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық ақпарат, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдардың игеруі туралы есеп, ҚР Ұлттық қорына түсетін түсімдер мен оларды пайдалану туралы ақпарат, мемлекеттік қаржы статистикасы орналастырылады.

Бюджет ақпаратының жария қолжетімділігін бағалау бюджеттік процеске қоғамды тарту дәрежесін көрсету және оның әлеуметтік бейімділігі Бюджеттің ашықтық индексімен (бұдан әрі - БАИ) өлшенеді.

Бюджет процесінің ашықтығын және айқындылығын арттыру және БАИ жоғары деңгейіне қолжеткізу мақсатында 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 261 бұйрықпен Министрліктің ресми интернет-ресурсына орналастырылатын бюджет ашықтығының индексі бойынша ақпарат тізбесі бекітілді. Осы бұйрық бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелер бюджетті қалыптастыру, бекіту, атқару және аудит сатыларында бюджет туралы ақпаратты Министрліктің сайтында орналастыруға міндетті.

Бұдан басқа, ай сайын шоғырландырылған, мемлекеттік, республикалық және жергілікті (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлінісіндегі жиынтық) бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді (агрегирленген нысанда), сондай-ақ «Ашық үкімет» модулінің «Ашық бюджеттер» порталында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ҚБШ түсімдері мен пайдалануы туралы есептерді орналастыру жүзеге асырылады.

Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібінің 7 тармағына сәйкес, Порталға қол жеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері, бюджеттік бағдарламалар жобалары өткен қаржы жылы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер орналастырылған.

Сондай-ақ, 2017 жылғы 16 маусымдағы № 24-02/15919 Министрліктің хатымен ҚР Қаржы министрлігіне көрсетілген орналастыру көздері, тапсыру мерзімдері және орналастыру күні, ашық бюджеттер туралы сұрақтар бойынша тиісті ақпарат жолданған.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 2 қарашадағы № 385-V ҚРЗ «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2016 жылғы Министрліктің стратегиялық жоспары мен бюджеттік бағдарламаларын орындау және 2017-2021 жылдарға арналған Министрліктің стратегиялық жоспарын түзету мен 2018-2020 жылдарға арналған Министрліктің бюджеттік бағдарламалары бойынша қоғамдық тыңдау шеңберінде талқыланған Отын-энергетикалық кешені және экология мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің Бюджет, стратегиялық және нормативтік-құқықтық бағыты бойынша комиссияның 2017 жылғы 12 мамырдағы № 24-03/6-2 нәтижелері бойынша хаттама қабылданды.






Азаматтық бюджеттің ақпараттық құрамдас бөлігін арттыруды қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



Қаржымині, АКМ

Орындалуда

Осы бағытты іске асыруда республикалық бюджет бойынша басымды бюджеттік бағдарламалар бойынша нәтижелерге қаражат жоспарланып бағытталған негізгі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу туралы ақпаратты қамтитын жылдық шолуды, оның атқарылуы, елдің макроэкономикалық параметрлерімен өзара байланысты бюджеттің атқарылуы туралы ақпаратты қамту бөлігінде қалыптастырады және Министрлік веб-сайтына орналастырады.

Сондай-ақ Министрліктің инфографикалық веб-сайты форматында РБ атқарылуы туралы азаматтық бюджет мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылады. Сонымен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Елбасының Жолдауында Қазақстан халқына айтылған басымды бағыттарын іске асырылу үстінде.




БАҚ-та кеңінен жариялау, кешенді және жүйелі жұмыс атқару арқылы оң қоғамдық пікір қалыптастыру

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



Қаржымині, АКМ, ОМО

Орындалуда.

24.08.2017 ж. №30-31 (577-578) ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті директоры Ә. Қ. Байгенжинаның «Чем прозрачнее, тем эффективнее» атты мақаласы «Деловой Казахстан» газетінде жарық көрді;

22.09.2017 ж. ҚР ҚМ ММЖК Төрағаның міндетін атқарушы Ғ.У. Ыбраимовтың «24.Хабар» телеарнасында «Портфель инвестора» бағдарламасында «Жекешелендіруді іске асыру барысы туралы» тақырыбында сұхбаты болып өтті.

1 қазан мен 25 желтоқсан аралығы мерзімінде республикалық және аймақтықт БАҚ-қа 38 материал жарияланды. Соның ішінде телеарналарда - 7 сюжет, баспасөз басылымдарда - 18 мақала, интернет-қорларда-96 жарияланым, аймақтық БАҚ-қа - 13 материал (телеарналарда - 1 сюжет, газеттерде - 12 мақала) жарияланды.

Республикалық телеарналар эфирінде сюжеттер «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған.

Сонымен қатар, сюжеттер әкімдіктердің мемлекетті қаражат есебінен қымбат автокөліктерді сатып алуына, депутаттардың, әскери қызметкерлердің және полицейлердің және т.б жалақыларын көтеруге арналған болатын.

Республикалық баспасөз басылымдар парақшаларында материалдар «Экономика» (газета «Ahiska»), «Бюджет» (газета «Курсивъ»), «Главная тема» (газета «Время), «Политика» және «Парламентская неделя» (газета «Казахстанская правда»), «Саясат» («Егемен Қазақтан» және «Айқын» газеттерінде), «Финансы» («Капитал» газеті) және т.б. айдарларында орналастырылған болатын.

Осылайша, 2017-2019 жылдарына бюджетті белгілеу жобасын Мәжіліс депутаттарының мақұлдауына қатысты, мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің қаржылық бұзушылықтарына, жекешелендірудің екінші толқыны қорытындылары бойынша және т.б материалдар жарияланды.

Интернет-қорларда материалдардың көбі жемқорлыққа қарсы жөніндегі ұлттық бюро қызметкерлерімен әртүрлі дәрежедегі мемлекеттік қызметкерлердің ұсталғандары туралы жария етілді.




Есеп комитетінің республикалық бюджет жобасын шығыстардың негізгі бағыттары бойынша бағалау тетігін енгізуі


3-4 тоқсан,

2016-2018 жылдар



Қаржымині, Есеп комитеті

Орындалуда

Республикалық бюджет жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы

9 желтоқсандағы № 388 Жарлығы қабылданды.




Бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 1-2% деңгейінде ұстап тұруды қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ҰЭМ, Қаржымині, ОМО, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет