ДҮниежүзілік экономикалық форумның жаһандық БӘсекеге қабілеттілік индексінің индикаторын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған шаралар жоспары



бет9/25
Дата20.06.2018
өлшемі0,52 Mb.
#43464
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

Орындалуда

Бұл шараны іске асыру үшін ақша-кредит саясаты құралдарын жетілдіруге бағытталған инфляциялық таргеттеу режиміндегі АКС жүзеге асырылды: пайыздық арна рөлін күшейту, пайыздық мөлшерлемелердің мерзімдік құрылымын қалыптастыру (кірістілік қисығы), экономиканың долларлану деңгейін төмендету (114 тармақты қараңыз).





Банктердің депозиттік базасын ұлғайту үшін жағдай жасау

желтоқсан,

2017-2018 жылдар



ҰБ (келісім бойынша)

Орындалуда.

Ұлттық Банк банктердің депозиттік базасын нығайту мәселесін, оның ішінде ұзақ мерзімді жинақылықты ынталандыруға бағытталған банктік практикаға салымның жаңа түрін енгізумен айналысады. Осы өнімді іске асыру үшін келісілген шешім әзірлеу үшін банк қауымдастығымен кеңесу барысында тұжырымдама және тиісті түзетулер әзірленген.




3.03. «Орташа жылдық инфляция» индикаторы (ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, ИДМ, ЭМ, АШМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 130 орын



Инфляциялық таргеттеу режимінде ақша-кредит саястын жүргізуді қамтамасыз ету:

- болжамдау жүйесін жетілдіру

- АКС құралдарын жетілдіру

- пайыздық арна рөлін күшейту

- пайыздық мөлшерлемелердің мерзімдік құрылымын қалыптастыру (кірістілік қисығы)

- экономиканың долларлану деңгейін төмендету



желтоқсан,

2017-2018 жылдар



ҰБ (келісім бойынша)

Орындалуда.

Жылдық инфляцияның 7,3% болғанын және 6-

8% нысаналы дәліздің ішінде қалғанын атап өтті. Ұлттық Банкінің бағалауынша, инфляция ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 6-8% нысаналы дәліздің ішінде қалады.

2018 жылғы қарашада Ұлттық Банк Ақша-кредит саясатының 2018 жылға арналған негізгі бағыттарын қабылдады, онда Ұлттық Банктің мақсаттары көрсетіліп басты бағдарлары анықталған. Ұлттық Бакнтің инфляция бойынша мақсатты дәлізі ретінде 2018 жылдың соңына 5-7% арасы болып табылады. .Инфляцияны төмендету Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесін және тиісінше, елдегі теңгедегі ресурстардың құнын одан әрі төмендету үшін негізгі талап болып табылады.

Базалық мөлшерлеменің жыл басынан бері үш рет төмендеді. Бүгінде ол 10,25%-ды құрайды.

Тұтастай алғанда, Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу принциптерін іске асыруды жалғастырады.





Тауарлық интервенциялар жүргізу бойынша өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысын жандандыруды қамтамасыз ету

желтоқсан,

2017-2017 жылдар



АШМ, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

Осы уақытта Министрлік келесі шаралар қолдайды:

- ауыл шаруашылық, ұлттық экономика министрлігілің және облыстын, Астана, Ақмола қалалар әкімшілігімен арасындағы ӘМАТ-ға бағаларды жоғарту бермеу туралы меморандумлар жасалған;

- ӘМАТ-ға бағаларды негізсіз жоғарту бермеу, өткізілген жұмысты қарау бойынша Үкіметімен ай сайында ВКБ режимде әкімнің орынбасарылар қатысуымен отырстыр өткізіледі;

- ай сайында тұрақтандыру қорларының ұйымдастыру арқылы мониторинг өткізіледі




ӘМАТТ бағаларын алыпсатарлық өсу тұрғысынан мониторингілеуді және қажет болған жағдайда монополияға қарсы заңнама шеңберінде оларды ұстап тұру бойынша шаралар қабылдау

желтоқсан,

2017-2017 жылдар



ҰЭМ

Орындалуда

Қазақстан Республикасының ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтер бойынша әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің 19 атауларын қамтитын баға индексі, 2017 жылдың басынан 102% болды.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бағасының өсуі нан бидай ұны 1 сортты 18,3%-ға, бидай ұны 1 сортты 6,2%-ға, дәнді астық 14%-ға, тауықтар 15,1%-ға, тауықтар сан еті 9,9%-ға, тауық жұмыртқасы 15,6-ға, қант - 17,8%-ға, күнбағыс майы 12,5%-ға, қара шай түйіршіктелген - 36%-ға болды.

Жалпы алғанда, бағаның өзгеруін әсер ететін ішкі факторлар маусымдық (көкөніс, жұмыртқа, сүт өнімдері), табиғи монополияларды тарифтерінің өсуі (ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айлары, жылыту 8,4%, газбен жабдықтау 10,5%, электр энергетика 6,1%), отын бағасының өсуі (ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айлары АИ-92 -5.1%, ДО-39%).

Сыртқы факторлар шикізатқа әлемдік қор бағасының өсуі (2016 жылдың қарашадан – 2017 жылдың қарашаға. қант 27%), сондай-ақ шикізаттық емес (шай) қолданылады.

Қазақстан Республикасының ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет), тауар нарықтарындағы бағаның және жеткізу шектеулерді алыпсатарлық өсуін болдырмау мақсатында тұрақты негізде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының нарығында ағымдағы бағасы жағдайды талданады.

Азық-түлік өнімдері бағасының өсуі (алыпсатарлық) негізсіз барлық белгіленген фактілер бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті монополияға қарсы ден қою шараларын жүзеге асырылады.


3.04. «Мемлекеттік борыш, ЖІӨ-ге қатысты %-бен» индикаторы (ҰЭМ, Қаржымині)

Ағымдағы көрсеткіш – 11 орын



Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп борыш жағдайына мониторинг және талдау жүргізу:

- үкіметтік қарыздың және мемлекет кепілдік берген қарыздың портфеліне тексеру жүргізу;

- басымдығы жоқ және қайтарымсыз жобаларға сыртқы қарыздарды тартуадан бас тарту;

- талдау негізінде қарыздардың бір бөлігін тартуды 2020-2022жж. кезеңіне ауыстыра отырып оларды тартудан бас тарту



2016-2018 жылдары

жарты жылда 1 рет




ҰЭМ, Қаржымині

Орындалуда

Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті 2016-2018 жылға арналған Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік Жаһандық индексі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралар Жоспарының 117 тармағын орындау үшін келесіні хабарлайды.

2017 жылдың 1 шілдедегі жағдай боцйынша мемлекеттік қарыз 11 839,2 млрд теңгені (36,8 млрд АҚШ долл.) немесе ЖІӨ-ге 23,8 %-ды құрады, оның ішінде Үкімет қарызы – 8 848,4 млрд теңге (27,5 млрд. АҚШ долл.) немесе ЖІӨ-ге 17,8%.

2017 жылдың басымен салыстырғанда мемлекеттік қарыздың өсуі 11 436,6 млрд. теңгеден 11 839,2 млрд. теңгеге дейін 3,5%-ға, негізінен ҚР ҰБ ноталарын шығару жолымен ақша-несие саясатын іске асырумен байланысты, номиналды түрде 395,6 млрд. теңгеге ҰБішкі қарызының өсу есебінен, сонымен қатар республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ХҚҰ-нан Үкімет қарызын тарту және ХҚҰ-нан тартылған қолданыстағы несиелер желілері бойынша Үкімет қарыздарын игеруден болды.

Есепті кезеңде автожол саласындағы өзге де басым жобаларға үнемдеуді айқындау және қайта бөлу жолымен Дүниежүзілік Банкпен және Азия Даму Банкімен қаржыландырылатын жобалар бойынша несиелік желілерді қайта құрылымдау жүргізілді.

Анықтама үшін:

ДБ:


  1. «Оңтүстік-Батыс» автожолын дамыту жобасы: «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» (Алматы-Хоргос учаскесі). 490,0 млн АҚШ долл. мөлшерінде үнемдеуді «Балқаш-Бұрылбайтал» учаскесін қаржыландыруға жіберу ұсынылады.

  2. «Оңтүстік-Батыс» автожолын дамыту жобасы: «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» (Ақтобе обл.-Қызылорда-Шымкент учаскесі).
    101,7 млн АҚШ долл. немесе 169,6 млн АҚШ долл. мөлшерінде үнемдеуді «Құрты-Бұрылбайтал» және «Ұзынағаш-Отар» учаскелерін қаржыландыруға жіберу ұсынылады.


АДБ:

1) ОААЭС 2 (Маңғыстау обл. учаскелері) жобасы – 2 жобасы.75,0 млн АҚШ долл. мөлшерінде үнемдеуді «Жетібай-Жаңаөзен» учаскесін қаржыландыруға жіберу ұсынылады.

Аталған шаралар үкіметтік борыштың номиналдық көлемінің өсуінсіз ауқымды инвестициялық базаны қамтуға және автожол жобаларын қаржыландырудан болатын мультипликативті әсерді арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Үкіметпен, тұрақты негізде мемлекеттік борышты мониторингтеу, бағалау және болжамдау бойынша, оның ішінде мемлекеттік борышты ұлғайту тәуекелдерін айқындау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Алынған деректер нәтижесінде, борыш құрылымдары және оның қызмет көрсетуін оңтайландыру бойынша, оның ішінде борышты мерзімәнен бұрын өтеу, қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру бойынша, сонымен қатар қарыз алу тәуекелдерін басқару бойынша ұсыныстар әзірленеді.

2017-2018 жж. ДЭФ ЖБҚИ есебіне сәйкес Қазақстан «Мемлекеттік борыш» индикаторы бойынша рейтингте, 2016-2017 жж. салыстырғанда көрсеткішін 6 тармаққа жақсарта отырып, 11 орынды алды.






ҚР Ұлттық қоры қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, оның ішінде мемлекеттік борыш шегін 30%-дан артық емес көздеу

2016 жылғы желтоқсан


ҰЭМ

Орындалуда

ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылдың тамыз айында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Үкіметтік кредиттер мен мемлекеттік кепілдіктер арқылы қаржыландыру болжанудағы жобаларға аудит жүргізді .

Нәтижесінде, 2017 жылға әлеуетті жобалардың портфелі 8 978 млн АҚШ долл. (3 232,2 млрд. теңге) құрады, оның 1 787 млн. АҚШ доллары мемлекеттік қарыз есебінен, оның ішінде, мемлекеттік кепілдіктер бойынша қарыздар портфелі 7 191 млн АҚШ долл көлемнде болжануда. ҚР Президентінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі №:3706 бұйрығына сәйкес жобалардың жүзеге асырылған аудит нәтижелері портфельдерге сәйкес оңтайландырылды:

1) сыртқы мемлекеттік қарыздар - 314 млн АҚШ доллары сомасына жобалар тізімінен алып тастау және 2020-2022 жылға 976,9 млн АҚШ долл сомасында1 жол жобасын жылжыту арқылы;

2) мемлекет кепілдік берген қарыздардың - жол 1,9 млрд АҚШ долларын құрайтын жобалар, сондай-ақ, 452 млрд теңгені құрайтын 10 жол жобалардың республикалық бюджет қайта құру қаржыландыруға аударма іске асыру 2020-2022 жылдар аудару арқылы


3.05. «Кредиттік рейтингі» индикаторы (Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша))

Ағымдағы көрсеткіш – 62 орын



Бюджетке борыш жүктемесінің лимитін сақтау (15%), яғни үкіметтік борышты өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстар қатынасы, сондай-ақ республикалық бюджет кірістеріне мемлекеттік кепілдігі бойынша міндеттемелерді орындау

желтоқсан,

2016-2018 жылдар



Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ

(келісім бойынша)



Орындалуда

Бағалау деректері бойынша, 2017 жыл бойынша үкіметтік борышты өтеу және қызмет көрсету және мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерін орындау шығындары шамамен 854 млрд. теңгені немесе кіріске 8,9% құрайды.

Осылайша, бюджетке борыштық жүктеме лимиті тек қана сақталып қана коймай, кірістің көбеюі және үкіметтік борышты өтеу және қызмет көрсету бойынша бюджет шығындарының төмендеуі нәтижесінде алдағы жылмен салыстырғанда 3 проценттік пунктке жақсарылады.

Шаралар жоспарының 120 тармағын орындау мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы №10 бұйрығымен рейтингтік агенттіктермен жұмысты үйлестіру бойынша жұмыс тобы құрылды.

Бұдан басқа, 2017 жылғы 14 желтоқсанда борыштық индикаторларды жақсарту бойынша сұрақтарды талқылау үшін ҚМ (МҚД, БКД), ҰЭМ және ҚРҰБ өкілдерінің Rothschild компаниясының аналитиктерімен жұмыс кездесуі өткізілді.




Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің (немесе ҚР Премьер-Министрінің орынбасары) басшылығымен рейтингтік агенттіктермен жұмысты үйлестіру жөніндегі жұмыс тобын құру:

- рейтингтік агенттіктер үшін ақпаратты дайындау кезінде деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету;

- рейтингтік агенттіктер сарапшыларының сапарлары кезінде мемлекеттік органдарды үйлестіру;

- жыл бойы рейтингтік агенттіктермен уақтылы байланыс және сапалы өзара іс-қимыл



желтоқсан,

2016-2018 жылдар



ҰЭМ, ҰБ

(келісім бойынша), мемлекеттік органдар



Орындалуда

Министрлік ҚР ҰЭМ Статистика комитетімен бірлесіп ДЭФ ЖБИ көрсеткіштерін есептеу әдістемесін халықаралық ұсынымдарғы, соның ішінде Халықаралық электр байланысы одағының әдістемесіне сәйкестендіру бойынша жұмыстар тұрақты түрде іске асырылады.



4. «Денсаулық сақтау және бастауыш білім беру» факторы

4.03. «Туберкулезбен сырқаттанушылық» индикаторы (ДСӘДМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 91 орын

4.04. «Бизнеске туберкулездің орта мерзімді әсері» индикаторы (ДСӘДМ)

Ағымдағы көрсеткіш – 107 орын



АА ауыратын науқастарға ауруларын амбулаториялық емделудегі әлеуметтік қолдау көрсетуге кететін шығындарды ДДСҰ (0,1%) ұсынымы бойынша туберкулезді қаржыландырудың жалпы бюджетінен 4% -ға жеткізуді қамтамасыз ету

желтоқсан

2018 жылғы



облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

2017 ж. қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша ТБ науқастарға ТҚҰ жалпы қаржыландыру 3,3% немесе 1 009 481,3 мың теңге сомасында әлеуметтік қолдау көмегі көрсетілді. ДДҰ ұсынылатын стандарт Атырау (10,3%), Ақмола (4,1%), Қызылорда (6,6%) және Астана қ. (5,0%) қол жеткізілді.





1000 тексерілгенге 3-тен кем емес (бүгінгі күні 1000 тексерілгенге 1,3) АА анықтаумен қатар тәуекел тобын флюрографиялық тексерумен толық қамтуды (халық санынан 50 %-нан кем емес) қамтамасыз ету

тоқсан сайын,

2016-2018 жылдар



ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалуда

2017 жылғы 11 айда 7953,9 мың адам немесе халықтың 45,1%-ы флюорографиялық әдіспен зерттеліп қаралды. ТБ 7426 жағдайы айқындалды, айқындылық 1000 зерттеліп-қаралғанға шаққанда 0,9-ды құрады.





Мультирезистентті туберкулез түрімен ауыратын екінші деңгейдегі сотталғандарды кемінде 85 % препараттармен қамтамасыз ету


2016 жылғы 4 тоқсан


ДСӘДМ, ІІМ

Орындалды

2017ж. 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚАЖ мекемелерінде 580 көптеген дәріге төзімді туберкулез науқастары бар, оның ішінде барлық 100% республикалық бюджет қаражатынан туберкулезге қарсы екінші қатардағы препараттармен ем алуда..





Туберкулезді диагностикалаудың жеделдетілген әдістеріне 100 % қолжетімділікті қамтамасыз ету

2016 жылғы 4 тоқсан


облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Орындалды

КДТ ТБ анықтау үшін жұмыс істейтін 22 GeneXpert жабдықтарды бар (ОТҚД азаматтық жүйеде – 21; пенитенциарлық секторда (ТИЗО Қарағанды қ.) – 1), КДТ/ДАТ ТБ анықтау үшін 12 HAIN жабдықтары, (барлық ОТҚД, Қарағанды облыстық ҚАЖК) 24 БАКТЕК жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Туберкулез және КДТ/ДАТ ТБ молекулалық-генетикалық және ПТР (Hain-test) зерттеу үшін жеткілікті мөлшерде реагенттер сатып алынады.





Мыналар:

- АМСК кезінде АА күдікті тексерілген аурулардың 5%-нен кем емес АА бактериоскопиялық тәсілмен; (бүгінгі күні 1000 тексерілгенге 4,4)

- 1000 тексерілгенге 3-тен кем емес (бүгінгі күні 1000 қаралғанға 1,0) АА анықтаумен тәуекел тобы адамдардарын АА флюрографиялық тәсілімен қамтуды қамтамасыз ету

2016 жылғы 4 тоқсан


желтоқсан,

2016-2018 жылдар

ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері


Орындалуда

МСАК ұйымдарында 2017 жылғы 11 айда микроскопиялық әдіспен туберкулезге күдігі бар 76600 адам қарап-тексерілді, 4262 бактерия бөлетін адам айқындалды, бактериоскопиялық әдіспен айқындау тиімділігі 5,6%-ды құрады.





ҚАЖ туберкулезге қарсы ауруханалардың желдету жүйесімен қамтамасыз етілуін арттыру

2016 жылғы 4 тоқсан


ІІМ

Орындалды

Қазіргі уақытта республикадағы ҚАЖ 1190 стационарлық төсектік санымен 4 туберкулезге қарсы мекемелері жұмыс жасайды (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды обл.).

Туберкулез науқастарының санын азайту үрдістерін ескере отырып, ҚАЖ-нің туберкулезге қарсы аурухананы оңтайландыру жүргізілуде.

Осылайша, ҚАЖ-де соңғы жылдары 35,3% стационарлық төсек қысқартылды.

«Денсаулық сақтау нысандарының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарының санитарлық ережесін бекіту туралы» 24.02.2015 жылғы №127 ҚР ҰЭМ бұйрығымен бекітілген санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес, туберкулезге қарсы аурухананың ғимараты жасанды іске қосылатын сорып-шығаратын желдету жүйесімен жабдықталды.

Қазіргі уақытта Қарағанды (фтизиохирургия бөлімшесі, рентген бөлмесі,) Шығыс Қазақстан облыстары бойынша (барлық бөлімшелерінде) ҚАЖ департаментінің жеке мекемелерінде сору-сыртқа тарату желдеткіші бар.

31 мамыр 2014 жылғы № 597 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2014-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресу жөніндегі Кешенді Жоспардың 39-тармағын іске асыру шеңберінде туберкулезге қарсы мекемелерде инфекциялық бақылау жүйесін жақсарту мақсатында, 2016 жылға ҚАЖ (Ақмола, Қарағанды обл. бойынша ҚАЖ Департаменттері) туберкулезге қарсы мекемелерінің жоғары қауіп-қатер ғимаратындағы сорып-шығаратын желдету жүйелеріне күрделі жөндеу өткізу үшін мемлекеттік сараптама өткізе отырып, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жалпы сомасы 39 118 мың теңге қаражат көзделген. Осыған байланысты, туберкулезге қарсы мекемелерде барлық қажетті өлшеулер жүргізілді, бас жобалаушының технологиялық, электрлік және коммуникациялық бөлімінің толық есеп айырысуы жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта ҚАЖ департаменттері Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша сорып-шығаратын желдету жүйелеріне күрделі жөндеу өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама алынған.

Бұл ретте, туберкулезге қарсы ауруханаларда қажетті инфекциялық бақылау яғни әкімшілік, жеке және қоршаған ортаны бақылау шаралары құрылды және сақталуда. Науқастар бактериологиялық мәртебесіне және кең дәрілік сезімталдығына сәйкес орналастырылды.




Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:
- ақпараттық-білім беру материалдарын шығару, БАҚ-та аудио-бейнероликтерді прокаттау
- туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша бизнес-құрылымдардың ақпараттандырылуын арттыру, ҮЕҰ-мен туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша бизнес-құрылымдардың хабардарлығын арттыру мақсатында жұмыс істеу бөлігінде жүргізу

2016 жылғы желтоқсан

2016 жылғы 4 тоқсан


ДСӘДМ, МӨЗ (келісім бойынша)


ДСӘДМ, МӨЗ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша)

Орындалды

Халықтың туберкулез бойынша профилактикалық іс-шаралар, аурудың алғашқы белгілері, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру мақсатында әртүрлі нысаналы топтарда: 150 баспасөз-конференциясы, 672 дөңгелек үстел, 361 ауқымды акциялар мен флеш-мобтар, 38 126 адамды қамти отырып 515 «Ашық есік күндері», 42366 маман оқытылған МСАК медицина қызметкерлері үшін 1244 семинар-тренингтер өткізілді, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде туберкулез бойынша 476 баспасөз-релизі мен жарияланымдар орналастырылды, баспа басылымдарында 358 материал жарияланды, 33141 рет (LED – мониторларда, МСАК ұйымдарында, қоғамдық көліктерде, метрода, халықтың көп шоғырланатын жерлерінде, әуежайларда, авто/теміржол вокзалдарында, кинотеатрларда, ірі сауда орталықтарында) аудио-бейне роликтер трансляцияланды, 1545 сыртқы жарнама орналастырылды (баннерлер, жүгіртпе жолдар, плакаттар), 115201 ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар, листовкалар, буклеттер) таратылды, телеарналарда 143 және радиода 338 сөз сөйлеулер болды. Мектеп оқушыларын, студеттері, пациенттерді қоса алғанда 2 192 214 адам лекциялармен және әңгімелесулермен қамтылды.

Бизнес-құрылымдардың туберкулез профилактикасы, диагностикасы және емдеу мәселелеріндегі хабардарлығын арттыру мақсатында санитариялық-ағартушылық жұмыс күшейтілді.

Кәсіпкерлердің өңірлік палаталарымен бірге жұмыстар жүргізілді, оның нәтижесінде 8 өңірде облыстық туберкулезге қарсы диспансерлері мен Кәсіпкерлердің өңірлік палаталарының арасында туберкулез профилактикасы бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспары бекітілді, 30 ақпараттық хат жіберілді. Кәсіпкерлердің өңірлік палаталарының сайттары мен стендтерінде ТБ бойынша 8 ақпараттық материал орналастырылды.

Ірі бизнестің басшыларына 28 ақпараттық хат жіберілді, қағаз нұсқада 450 және электрондық нұсқада 70 жадынама таратылды. Ақпараттық жұмыстың соңында ірі бизнестің 21 басшысы ТБ-ның бизнеске әсерін 6 және оданда жоғары (100%) балға бағалай отырып, ТБ бөлімі бойынша СЭҚ ЖБИ тестілеуінен өтті.

Орта бизнес басшыларына 58 ақпараттық хат, 480 қағаз нұсқадағы және 289 электрондық нұсқадағы парақтар жіберілді. Орта бизнестің 38 басшысына жүргізілген тестілеудің нәтижесінде 27-сі ТБ-ның бизнеске әсерін 6 және одан да жоғары балға (71%) бағалады.



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет