«Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»



бет24/26
Дата12.03.2018
өлшемі4,55 Mb.
#38728
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Ұсынылатын әдебиеттер:

[1]/[1,3,4,11,12]


Бақылау сұрақтары

  1. РМ-де объектіні қою үшін қандай команда орындаймыз?

  2. Қандай объектілер қою мүмкіндігі бар?

  3. Мәтін үстіне объектіні орналасатырудың неше тәсілі бар?


Зертханалық жұмыс № 12
Тақырыбы: Adobe PageMaker-де кескіндермен жұмыс істеу

Мақсаты: Adobe PageMaker-де кескіндермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру. Кескіндерді орнына қоюды үйрену

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

ДК, Adobe PageMaker



Қысқаша теориялық нұсқау:

Кескін графикалық редакторда жасалынған (салынған) немесе сканерлеу жолымен алынған болуы мүмкін. Кейін ол графикалық пішімдердің – tif, gif, jpg, bmp, wmf, eps, emf — бірінде сақталады.

Кескінді жарияланымда орналастыру үшін, Файл => Орналастыру (Поместить) командасын орындалады.



Тапсырма:

Қосымша №15 тапсырмасын орындаңыз.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Жаңа басылым құрыңыздар:

    • Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

    • Бет түрі (Ориентация) – альбом түрі;

    • Нұсқалар (Варианттар) – бірбетті (одностороняя) ;

    • Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое) - 20, жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

  1. Файл – Орналастыру командасын немесе Ctrl+D пернелерін басыңыз. Келесі Орналастыру сұхбат терезесі ашылады (Сурет 35):



Сурет 35. Орналастыру терезесі

  1. Собачка.jpg файлын Менің құжаттарым бумасынан таңдаңыз. Ашу батырмасын басыңыз. басылымын ашыңыздар. Кескінді қою белгісі пайда болады. Тышқанның сол жақ батырмасымен басылымға шертіңіз.

  2. Кескіннің өлшемі үлкен болып орналасады. Кескінді белгілеп, пайда болған бұрыштарындағы қара маркерлер көмегімен көлемін қосымшадағыдай етіп азайтамыз (Қосымша №15). Екінші тәсілі Басқару тақтасында кескіннің ені мен биіктігін беретін өрістерге 50 мәндерін енгізіп Enter пернесін басамыз. Кескін көлемі азайды.

  3. Егер кескін анық болмай бұлыңғыр немесе сұр төртбұрыш түрінде шықса, онда Файл – Реттеу (Настройки) – Негізгілер (Основные) командасын орындаймыз. Келесі Реттеу (Настройки) сұхбат терезесі ашылады (Сурет 36). Осы терезед Экрандағы кескін (Изображение на экране) тізімін қараңыздар.



Сурет 36. Реттеу терезесі

  • Плашек түрдегі кескін шапшаң жұмыс жасау үшін сұр төртбұрыш тәріздес болады:

  • Стандарт түрдегі кескіндердің барлық нүктелері анық емес және түсі бұлыңғыр болып келеді;

  • Үлкен мүмкіндікпен (С высоким разрешением) кескіннің дәл анық және берілген түспен көрсетілуін қадағалайды.

  1. Басылым тақырыбын ЖАНУАРЛАР деп енгізіңіз. Тақыры параметрлері:

  • Қаріп аты (Шрифт) - Courier New;

    • Өлшемі – 36;

    • Түрі –жартылай қарайтылған;

    • Түсі – BLАСК, өңділігі – 100%.

  1. Кескіннің маңайына мәтін орналастыру үшін объектілермен жұмыс жасағандағы секілді, жанама мәзірден Мәтін қою (Наложить текст) командасын орындап, қажет параметрлерін орнатамыз. Енді осы тәсілмен кескіннің бетіне ИТ сөзін Қосымша №15 етіп орналастырыңыздар.

  2. Қалған екі кескінді жоғарыда орындаған ретпен орналастырыңыздар. Кескіндерді алу үшін Зайка.jpg және Кошки.jpg файлдарын Менің құжаттарым бумасынан таңдаңыздар.

  3. Соңғы кескінді және ҚОЯН сөзін объектіні бұру құралы арқылы бұрып, қосымшадағыдай түрге келтіріңіз.

  4. Басылымды ЖАНУАРЛАР атымен сақтаңыздар.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет