Әдептілікке тәрбиелеу (оқу-әдістемелік құрал) Дайындаған: Қапарова Ж. У



бет14/89
Дата05.02.2022
өлшемі5,38 Mb.
#15828
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89

Әдептілік әлемі


Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,


Жалама аяқ-табақты.

Пышақты ұста оң қолмен,


Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе, қадірле,


Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,


Салдыр-салақ болмағын.

Салма аузыңа инені,


Үзбе жұлқып түймені.
Ашуланбай, долданып,
Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қылтима,


Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме,


Бақталастық білдірме.

Мақсат қоймай алдыңа,


Қыдырып көп қаңғырма!

Сыйлап үлкен кісіні,


Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,


Бағдаршамның ал «тілін».

Әдет қыл бұл ісіңді,


Тазалап жүр тісіңді.
Е. Өтетілеуұлы


Атамның өсиеті

Әдеп сақтап әманда, Ынтымаққа қосыл да,


Әрбір адал адамға Ықылас қой досыңа.
Жасасаң бір жақсылық, Ар-мақсатың нық болсын,
Қайтарады саған да. Ақылыңнан тосылма.

Кішілерді аяла, Ақылы бар баласың,


Кісілерден аянба. Айтқан тілді аласың.
Адамдығың көрінсін, Намысты боп өссең сен,
Анадай жансаяңда. Нағыз адам боласың!
Сәлем берем үлкенге

Көшелерден біз өткен,


Ата көрсем жақын кеп,
Сәлем берем ізетпен:
«Ассалаумағалейкум!» – деп.

Алдан әже жолықса,


Бөгелем де әдейілеп,
Сәлемдесем сол тұста:
«Есенсіз бе,әжей?» – деп.

Кім кезіксе көшеде,


Таныс емес демеймін.
«Аға, тәте, көкеге
Сәлеметсіз бе?» деймін.

Ө. Ақыпбеков




Ізгі сөздер

Бақшамызға барғанда,


Жолыққан бір жандарға,
Ертемен,ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» – деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!» тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» деп кіремін.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
– Сәлеметсіз бе, ағай! – деп,
– Сәлеметсіз бе, апай! – деп.
– Есенсіз бе, әжей! – деп,
– Амансыз ба, атай! – деп,
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Отырса егер қарсы алда
Жасы келген қарт адам:
– Ассалаумағалейкум! –
Деп,ұсынып қос қолын,
Ұлдар жасар өз жолын.
Е. Өтетілеуов


Алтын ақыл

Үйде, мектепте, көшеде: «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!»,


«Қайырлы күн!»деген сияқты ізгі сөздерді ұмытпа.
Жасы кішілер үлкендерге сәлем береді,ал ұл балалар қыздарға амандасады.
Кітапханада,емхана немесе көшеде әлдекімнен жөн сұрасаң немесе өтініш жасасаң,ептеп басыңды иіп сөйлес – бұл сәлемдесу белгісі.
Осы кезде «өтінемін» деген жылы сөзді есіңе ал.
Сауалыңа жауап немесе сыйға ұсынылған затты алып тұрып, «рақмет» деген тағы бір ізгі сөзді айтуды ұмытпа.
Егер сен байқамай біреуді қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң, сол жерде кешірім сұра.
Шын көңілден айтылған ізгі сөздерді жарамсақтық жалған сөздерден айыра біл.
Е. Өтетілеуұлы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет