Әдістемелік тақырып



бет11/12
Дата06.02.2022
өлшемі5,07 Mb.
#65605
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Мақсаты:
Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне адал болуға тәрбиелеу.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылатын газеттер, буклеттер.









...Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңызы болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсысымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуіне болашақ келер ұрпақтың үлесін атап өтпеске болмас. Сол орайда 7-қыркүйек күні 3- сыныпта «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатына бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылар қатысты.
Ең алдымен 3-сынып жетекшісі Тлеулесова А.К қазіргі қоғамдағы тілдің болашағы жөнінде өз баяндамасын оқыды. Кейін 3- сынып оқушылары тіл туралы білетін мақал-мәтелдерін, өлеңдерін жатқа айтты. «Тіл-тұғырым» атты бейнебаян көрсетілді. Сынып оқушылары өздері дайындаған көріністерін көрсетті.

Орыс тілі мен орыс әдебиеті мұғалімі А.Аренова 6 сынып оқушыларымен «Общие сведения о языке» тақырыбында ашық өткізді.








Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек деген мақсатпен мектебіміздің кітапханашысы К.Өмірбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым, тілім ғұмырым» атты танымдық сағаты өтті.





Тәуелсіздіктің басты тірегі — мемлекеттік тіл. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бұл даму стратегиясында да мемлекеттік тілге жеткілікті орын берілген. Әсіресе, Елбасының 2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді деп қадап айтуы көпшілікке ой туғызып отыр. Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығын тағы да атап айтты. 2017 жылдың аяғына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылданады.


Латын әліпбиіне көшу — өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселесі. Егер латын әрпіне көшіп кетсек, осы уақытқа дейін жазылған бүкіл әдеби, ғылыми мұраларымыз қолданыстан қалып қояды деген пікірлерді алға тартып, қауіптенудің қажеті жоқ деп ойлаймын. «Көз — қорқақ, қол — батыр» дейді халқымыз. Ойымыз бен ісіміз бір жерден шығып, дұрыс бағытта жұмыла қимылдасақ, алынбайтын қамал жоқ дегедей. Бүгін мектебімізде К.Ермуканова мен Н.Касенованың ұйымдастыруымен сабақтан тыс «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Латын әліпбиіне көшудің маңызы» атты іс-шара өткізілді. Оқушыларға латын тілінің пайдасы мен қолданысы туралы баяндамалар оқылып, ортаға салынды.



Сонымен қатар, мектебімізде Тулендинова Н.С, Досумова М.Т, Аренова А.К ұйымдастыруымен өзге тілде «Ән халықтың ажары» атты караоке жарысы өткізілді.


Қазіргі уақытта көп тіл білу - өмір талабы. Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды. Жер шарында полиглоттар өте көп. Мысалы атақты ойшыл, ғұлама Әл - Фараби жетпіс тіл білген. Қазақтың ұлы ғалымы, зерттеуші, географ Ш. Уәлиханов араб, парсы, шағатай, орыс тілдерін білген.


Ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай тілдері - Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми жұмыс тілдері.Сондықтан әр жасөспірім бір шет тілін меңгеруі міндет.
Мектебіміздің кітапханашысы К. Өмірбаева : Оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ооқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету, сөздік қорып байытып, қызығушылық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу дағдыларын дамыту. Оқушыларды мемлекеттік тілді құрметт еуге, туған жерін, Отанын сүюге, Қазақстанның азаматы екендігін мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында 8-сынып оқушылары арасында «Рух негізі –туған тіл» атты полиглоттар марафонын өткізді.




Сонымен қатар, ағылшын тілі мұғалімдері Куатова Г.Т және Тулендинова У.Б ұйымдастыруымен а ғылшын тілін білмейтін мұғалімдермен «Funny English» тілашар сабағын өткізді. Сабақ өте қызықты өтті. Мұғалімдер өздерінің сабақтан алған әсерлерін ортаға салды.











«Адамға екі нәрсе тірек тегі,


Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. Тілге деген құрметпен мектебімізде оқушылар мен ұздар арасынан «Ұлттық тіл –мәдениеттің негізі және іргетасы», «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» тақырыптарының аясында бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланды.
2-сынып жетекшісі Калиева А.У ұйымдастыруымен «Ақыл көркі –тіл, Тіл көркі -сөз» атты викториналық сабақ өткізілсе,






Даулаева Г.О мен Дюсенова Б.Е ұйымдастыруымен бүлдіршіндер арасында «Баланың балғын тілі » атты мәнерлеп оқу байқауы өз дәрежесінде өтті.





Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Базарбаев Ж.Т және Әбу Д.М «Ұлт рухының алтын қазынасы-тіл» атты ұлттық ойын түрлері және «Әлем ұлттарының ойындары» атты спорттық жарысын ұйымдастырды.








Тарих пәні мғалімі Досумова М.Т 7-9-сынып оқушылары арасында «Тіл-ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел өткізілді.



Қазақ тілі мен әдебиетімұғалімі 8-11 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі» атты шығармалар сайысы өткізсе, Тулендинова Н.С «Ұлттарды біріктірген ұлы ел» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды.





Қазқ тілі мен әдебиеті мұғалімі Касенова Н.Б «Тіл –халық жаны» атты зияткерлік сайыс ұйымдастырып өткізді.





Дүние жүзінде 7 мыңдай тіл бар. Жер шарында көптеген мемлекет бар. Әрбір мемлекет ішінде неше түрлі халық бар. Әр халықтың өз тілі болады. Олар өз ана тілінде де, сол мемлекет ішінде көп тараған тілде сөйлесуі де мүмкін. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олар өз тілдерінде сөйлеп, өз мәдениеттері мен салт – дәстүрлерін сақтай білген. Тілдер күні мерекесіне орай Қазақ тілі мғалімі К.Ермуканова 8- сынып оқушыларымен «Сөздің көркі-мақал» атты мақал-мәтелдер сайысын өткізді.



Мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімдері Туленинова У.Б және Куатова Г.Т ұйымдастыруымен аралығында 5-11 сынып аралығында сыныптан тыс «Let's speak English» іс-шара және үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын -2017» олимпиадасын өткізілді.



Сонымен қатар, мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Аренова А.К 8-сынып оқушыларымен «Сөйлейміз, оқимыз әр тілде» атты тақырыптық сағат өткізді.

Тілдер күні мерекесінің соңғы «Бірлік пен ынтымақтың кілті болған қызық тіл» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Концерттік бағарламаны тіл мұғалімдері және А.Аренова, Н.Тулендинова, М.Досумова ұйымдастырды. Мерекеде оқушыларымыз дайындаған тіл туралы өлең жырлары оқылып, би биленіп, ән шырқалды.
Сонымен қатар, мектебімізде 22 қыркүйек Тілдер мерекесі күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылуда.
Тіл – халықтың жаны да, сәні де. Тілінің топырағында көктеп, ауасымен тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес. Халық өзінің ғасырлар бойында жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа ана тілі арқылы табыс етеді.
Қастерлейік қазақтың ана тілін,
Қайнаған қаныменен баба тілін.
Бірлікке, татулыққа ұран болған,
Бұрынғы тектілердің дана тілін!
Тәуелсіз ел тірегі – тіл. Тіліміздің тірегі – халық. Халқымыз аман болсын!
ІІ тоқсанда мектепішлік, аудандық пән олимпиадалары өкізілді. 8-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік пән олимпиадалары әр пән бойынша өткізіліп, ең жоғары ұпай жинаған оқушылар аудандық олимпиадаға қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Кенжетай Г. – жетекшісі К.Ермуканова. Тарих пәні бойынша 10-сынып оқушысы Блялов Т.-жетекшісі М.Досумова.
Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай әр сыныпта көптеген тәрбие сағаттары , интернет жарыстар өткізілді. 8-11 сынып оқушылары арасында шығармалар сайысы өткізілсе, 8-сынып оқушысы Ерназар Аяулым «Тәуелсіздік» тақырыбында өз шығармашылығы бойынша өлең шығарды. Сонымен қатар, бірлестіктен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі К.Ермуканова пән бойынша біліктілік курсын оқып келді.
Тоқсан соңында отырыстардың қорытындысы бойынша есептер берілді. Әр пәндердің үлгерім сапасы қадағаланды. Қорытындылай келгенде, гуманитарлық әдістемелік бірлестігі жоспарланған жұмысты ойдағыдай орындады. Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің жұмысын жақсы деген бағаман бағалауға болады.

Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет