Әдістемесі бөлім тарау


Мемлекттік сортсынау станцияның, мемлекеттік сортсынау



бет2/20
Дата21.04.2017
өлшемі4,15 Mb.
#14465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

10. Мемлекттік сортсынау станцияның, мемлекеттік сортсынау участогінің ауыспалы егісі.
62. Мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктарда ғылыми негізделген ауыспалы егістер өтеді. Мемлекеттік сортсынау участоктарға және мемлекеттік сортсынау станцияларға осы егістерді кіргізуге жергілікті егіншілік жүйелер кеңес береді.

63. Арнайы бағыты бойынша ауыспалы егістерді дала, көкөніс, мал азықтық, мақта-жоңышқа, шабындық-жайылым және т.б. деп бөледі.



Белгілі аймақта ауыспалы егіс схемасымен қарастырылған ауыспалы егістер сынақтарын қамтамасыз етеді.

Егер мемлекеттік сортсынау участоктың ауыспалы егісінде көпжылдық өсімдіктер жоқ болса, онда олар үшін арнайы азықтық ауыспалы егіс қолданады немесе өсімдіктер сынауын жеке танаптарда өткізеді.

64. Аралық дақылдар арқылы (егілетін, шабылған, орылған) жыртылған жердің өнімділігін жақсарту мақсатымен ылғалданған немесе суарылатын жерлерде ауыспалы егісті жүргізеді.

65. Берілген жерде жерге орналастыру жұмыстарын өткізгенде егістің шабылған танаптары тік бұрышты және жер көлемі бірдей болу керек. Ауыспалы егіс танабының әр бұрышына діңгек пен жасырын реперларын қояды. Негізгі топырақ өңдеу жұмысы жердің бауырайында көлденең өткізеді.

Ауыспалы егістің әр танабына жоспарда, дала тарихы кітабында, діңгектерде белгіленген тұрақты нөмір беріледі.

66. Егер танаптар екі яруста орналасса, олардың араларына ені 6-10 м жол салдырады. Егер танаптар бір яруста орналасса, онда жолды танап айналасында салдырады. Дала жолдары тегіс, арамшөптері алынған, таза болу керек. Жолдарға арналған жер көлемін егістік жерге жатқызбайды.

Сынау өткізуге жарамсыз участоктарды тұрақты құнарсыз жерге жатқызады және жоспарда белгілеп, реперлермен қоршап алады.

67. Сыналатын сорттар мен сорттық технологияның элементтерін дұрыс бағалау үшін енгізілген ауыспалы егістерді негіз ретінде пайдаланады. Осы мақсатпен:

әр танап жер бедері жағынан тегіс және топырақ құнарлығы жағынан бірдей болу керек;

қоршалатын егістен кейін 2 жыл өткен соң сынақты өткізу үшін танап көлемі оған ыңғайлы болу керек;

бір танапта бір дақылды немесе өңдеу технологиясы жағынан бірдей дақылдарды егу керек;

әр технологиялық әрекеттер бір күннің ішінде істелінуі керек.



68. Ауыспалы егіс танабының сынаққа арналған жер көлемі '/4 тең болу керек және сынақ айналасындағы қоршалатын егіске арналған жер кәлемі ¾ тең болу керек.

69. Ауыспалы егіске көшу жоспарын инспектура бастығы бекітеді.



70. Егер ауыспалы егістің алмасу схемасымен қарастырылған алғы дақылдардың жерлерінде барлық дақылдар орналасса ауыспалы егіс игерілген болып саналады.

11. Танап қорғайтын ағаш егіндігі
71. Егіншілік жүйеге сәйкес мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктарда танапты қорғайтын ағаш егуін ұйымдастырады.

Мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктардың танап қорғайтын ағаш алқаптары танап қорғайтын ағаш егістердің ажыратпас бөлігі болып саналады.

72. Танап қорғайтын ағаш алқаптарының енін, бұта және ағаштардың құрамын ағаш жақсарту ұйымдардың кеңестеріне сәйкес жасайды.



73. Мемлекеттік сортсынау участоктар ағаш алқаптарын жақсарту мақсатымен күтім, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын өткізеді. Дала тарихы кітабында танап қорғайтын ағаш алқаптарының орналасуын белгілейді және ағаш алқаптардың ені мен тұқымдар туралы мәліметтер береді.

3 тарау
12. Сортсынау бағдарламасын жасау
74. Мемлекеттік сортсынау бағдарламасы ауыл шаруашылық дақылдарының шаруашылыққа пайдалылығы, қысқа мерзімде жоғары өнімді, жақсы сапалы қасиеттері бар, аурулар мен зиянды жәндіктерге төзімді сорттар мен будандарды шығаруға арналған.

Облыстарда кеңінен таралған үлкен шаруашылық-экономикалық мағынасы бар дақылдарының сорттары мен будандарын ауа райы, жер жағдайы әр түрлі аймақтарда сыналынады, ал шектелген жерде пайдаланылатын дақылдардың сорттары мен будандары бір-екі мемлекеттік сортсынау участоктарында зерттейді.

Селекциялық жетістіктерді патент қабілеттілігіне мемлекеттік сынау бағдарламасы жиналған мәліметтер банкін қолдана отырып, көзге түсетін морфологиялық белгілердің болуы, сонымен қатар дән мен масақтың көрсетілген үлгілерін көзбен шолу талдау арқылы анықтайды. Сорттың масағы мен тұқым үлгілері қордағы ақуыз бойынша сорт тазалығы мен түпкілікті (подлинность) зерттеуге электрофорез әдісімен сынға түседі.



75. Шаруашылық мағыналары және биологиялық қасиеттері ұқсас дақылдардың сортсынау жұмысын бір мемлекеттік сортсынау участогында өткізеді.

Сортсынауға тез сатылатын дақылдар сорттарын кіргізу керек.



13. Шаруашылық пайдалылығы конкурстық және өндірістік сынау
76. Конкурсты сынауда сорттарды шаруашылық пайдалылығы жағынан бағалайды.

Өсімдік сорттарын пайдалануға рұқсат ету жайлы өтініштерді қабылдаған соң, селекция жетістігін пайдалануға рұқсат ету үшін өтінішті дайындау және тапсыру жөніндегі Нұсқау талаптарына сәйкес Мемлекеттік комиссияда алдын ала сараптау өткізіледі. Осымен бірге сараптау қортындылары бойынша дұрыс шешім қабылданылған жағдайда Мемлекеттік комиссия 1 жылға арналған конкурсты сынаудың ғылыми-зерттеу бағдарламасын жасайды.

Сынаудың орны мен түрі, бірінші, екінші, үшінші жылдар сынауларының дақылдары мен сорттарының тізімі, өсіру мақсаты (дән, жасыл масса, тұқымдық өнімділігі ж.т.б.), бірдей егілетін дақылдар, отамалы дақылдар үшін талап етілген қалыңдық, ұрықтармен қамтамасыз етуі осы бағдарламаның ішіне кіргізіледі. Лабораториялық зерттеуін өткізу үшін заказ беріледі. Жерді дұрыс пайдалану схемасы, егістік жердің жүйесі, өңделетін дақылдардың өнімділігі, перспективті сорттар тұқымдарының көбею көлемі бекітіледі.

77. Сортсынау бағдарламаның проектісін әр облыстың инспектурасы жасайды және Мемкомиссияға жіберіледі. Мемкомиссияның бөлімдерінде бағдарламаның проектісі сарапталып қажет болған жағдайда оған толтырулар мен өзгерістер кіргізіледі. Бағдарламаның ішіне жаңадан өтініш етілген сорттар кіргізіледі. Содан кейін барлық облыстардың бағдарламаларын Мемкомиссияның төрағасы бекітеді. Сортсынау бағдарламада сынау методикасында қарастырылған жеке дақылдардың сынаулары пісу мерзімі, өсу қуаты, пайдалану жолы және басқа қасиеттері бойынша топтарға бөлінеді.

78. Стандарт ретінде пайдалануға рұқсат етілген ең жақсы сорт алынады. Зонада пайдалануға рұқсат етілген сорттар міндетті түрде сынаққа кіргізіледі. Егер пайдалануға рұқсат етілген сорт болмаса, стандарт ретінде сыналатын сорттар ішінен ең жақсы сорт алынады.



Сортсынау жоспарын зоналдық ерекшеліктерді есепке ала отырып өткізеді. Суарылатын жерге арналған сорттар, осымен бірге пайдалануға рұқсат етілген ең жақсы сорттар және өңделмейтін жерде өнімділік және ауруларға қарсы тұра алатындығы бойынша үздік шыққан перспективті сорттар суарылатын жерде сынауға кіргізіледі.

79. Оригинатормен бірге бір агроклиматтық аймақта орналасқан участокта жеміс, жидек дақылдарының және жүзім сорттарын сынауын өткізу үшін оригинатор дайын егістік материалын береді, ал алыс мемлекеттік сортсынау участоктарында алдын ала өсіру үшін бұтақ саптарын жібереді.



Көпжылдық дақылдар бойынша жоспарға өткен жылдың сынақтарын кіргізеді.

80. Әр сынақ бойынша алынған сынау қортындыларының анализін және барлық сынақтары бойынша алынған орташа көрсеткіштерін облыстың барлық мемлекеттік сортсынау участоктарда, инспектурада және Мемкомиссияда өткізеді.



Бірінші және екінші сынақ қортындысы бойынша жылдың перспективті сорттар бөлініп алынады. Оларды шаруашылық сынау жоспары мен сорттық технология жоспарына кіргізеді. Екі жылдық сынақтың қортындылары бойынша өнімділік және басқа шаруашылық-биологиялық қасиеттері өте жоғары дақылдарының сорттарын пайдалануға ұсынылады. Көптеген облыс немесе аймақ сортсынау участоктары стандарт сорттан артық өнімді сорттарын шаруашылық сынаудан өткізбестен пайдалануға рұқсат алады.

81. Пайдалануға рұқсат етілген селекция жетістіктерінің тізбеге кіргізудің ең негізгі талабы - сорттың өнімділігі мен басқа көрсеткіштері бойынша стандарт сорттан жоғары, күшті болуы.

Осымен бірге өнімділік және басқа маңызды көрсеткіштер бойынша стандарт сорттан жоғары көрсеткіші бар сортты немесе оған тең сортты тізбеге кіргізуге болады.

Өнімділік және басқа көрсеткіштері бойынша стандарт сорттан төмен сортты келесі сынаудан алдырады.

Конкурсты сынаудың сынақтарында бір жылдық дақылдар сорттарын 2 жылдан бастап 5 жылдарға дейін зерттейді.

Көпжылдық өсімдіктерді 2-3 жылда зерттейді.

Тұқымды, сүйекті жеміс жидектердің, цитрус, жаңғақ тұқымдардың, жүзімнің сынақтан өткен жаңа сорттарын шаруашылықта пайдалануға 3-4 рет өнімі жиналғаннан кейін, жидектердің сорттарын 3 реттен кейін рұқсат етіледі.

Тұт ағаш сорттарын жапырақтарының 3 жылдық азықтылығы екі. жылдық өнімділігі бойынша бағалайды.

Сәндік дақылдар туралы қортындыларды екі жылдық гүлденуінен кейін дайындайды.

Тұт көбелектің будандарын 2-3 жылдар ішінде сынайды.



82. Инспектуралар мен мемлекеттік сортсынау участоктарының ұсыныстары бойынша Мемлекеттік комиссияның келісімімен, егер екі жылдың ішінде негізгі белгілері бойынша төмен нәтижелер алынса, ондай сорттар сортсынаудан алынады (төмен өнімділік, өсіп өну кезеңнің керексіз созылуы, қысқа төзе алмайтындығы, солып қалуы, ауруларға қарсы тұра алмайтындығы ж.т.б.).

83. Конкурсты сынауда өнімділік бойынша стандарт сорттан жоғары, ауруларға қарсы тұра алатын сорттар және перспективті сорттар тізіміне кіргізілген сорттар өндірістік сынаудан өтеді. Өндірістік сынауда стандарт сорт ретінде пайдалануға жіберілген сорттар ішінен ең жақсы сорт алынады.



Өндірістік сынау мемлекеттік сортсынау участоктардың және мемлекеттік сортсынау станциялардың ауыспалы егіс далаларында арнайы жасалған өсіп өндіру технология бойынша өткізіледі.

Дәнді, мал азығы, өзін өзі тозаңдандыратын, жыныссыз жолмен көбейетін дақылдардың жаңа сорттарын шаруашылық сынақтан өткізу үшін оригинатордан немесе мемлекеттік сортсынау станцияларда, мемлекеттік сортсынау участоктарда көбейтілген тұқымды пайдалануға болады.

84. Өндірістік сынауға арналған тұқымдар мен жаңа сорттардың көшет материалдарын жіберуін оригинатор тегін жасайды.



Бір сортсынау станцияда немесе бір сортсынау участогінде өндірістік сынау екі үш дақылдармен өтеді, оның біреуі техникалық дақыл болу керек.

Әр сыналатын сорт (будан) және стандарт бірдей жер кеңістігін алады:

1) дәнді және жармалық мәдени дақылдар (күріштен, тетраплоидтық және ірі дәнді диплоидтық карақұмықтың сорттарынан басқалары), мақта, қант қызылшасы, күздік пен жаздық рапс және дәнге арналатын күнбағыс - 2 га;

2) жүгері, пішенге және сүрлемге арналған құмай жүгері, дәнді ірі бұршақ дақылдары, күріш, тетраплоидтық және ірі дәнді диплоидтық қарақұмықтың сорттары, көпжылдық және біржылдық өсімдіктер, бөрібұршақ, үпілмәлік, қытай бұршақ, қыша, майлы зығыр, кендір, кенаф, картоп - 1 га, картоптың азғындау зоналарда - 0,5 га;

3) индустриалды технологияға керек темекі, қара темекі, майлы дақылдар (а және б пп. көрсетілген дақылдардан басқалары), эфир майы алынатын дақылдар (қазтамақтан басқа), бақша дақылдары, қияр, сарымсақ, ақкочанды капуста, азық тамыр-жемісті өсімдіктер, қызанақ- 0,5 га;

4) эфир майы алынатын дақылдар, қазтамақ, капустаның басқа түрлері - 0,25 га;

5) көкөніс дақылдар (в және г пп. көрсетілген дақылдардан басқалары) - 0,1 га;

6) жабық алаңның көкөніс дақылдары- 60 кв. метр, көшетжайларда - Іб кәсегілер;

7) жеміс және жаңғақ-жемісті дақылдары - 1 га, субтропикалық дақылдар және жүзім - 0,5 га; жидек дақылдар - 0,25 га;

Егер сыналатын және стандарт сорттың ұрықтар мөлшері сынау өткізуіне жеткілікті болса, онда сынау үлкен алаңдарда өтеді.

85. Өндірістік сынаудың қортындыларын анкетаға кіргізеді. Сорт бағалауы үшін маңызды сорт ерекшеліктері анкетаға қосымша кіргізіледі.

Перспективті сорттарды шығару әдістерін анықтау үшін сорттық технологияны зерттейді. Сорттық технология түсініктің ішіне егу мерзіміне қарай сорттар реакциялары, себу мөлшері, қоректену көлемі, алғы дақыл және т.б. технология элементтері кіреді.

14. Патент қабілеттілікке сынау
86. Селекциялық жетістіктерді патент қабілеттілігіне анықтауды сынау сорттың жаңалығы, айырмашылығы, біртектілігі және тұрақтылық сәйкестілік белгілерін анықтайды.

87. Сорт сауалнамалыры мен өтініш көшірмелері және алдын ала алынған оңды сараптық нәтижелерінен соң, Мемлекеттік комиссия ауыл шаруашылық өсімдіктерін сортсынау өткізу ережелерінің патент қабілеттілік талаптарына сәйкес ғылыми-зерттеу сынау бағдарламасын қалыптастырады.

88. Сыналатын сорттардың жеке әдістемесі және ондағы бағдарлама Мемкомиссия төрағасымен бекітіледі.

89. Сынау бағдарламасын Мемлекеттік комиссия төрағасы бекітеді.

Егістік сынаулар 2 жыл аралығында бір уақытта 2 орында өткізіледі. Қажет болған жағдайда сынаулар үшінші жылға қалдырылады .

90. Мәдени өсімдіктер мен арам шөбі жоқ құнарлығы бойынша тегістелген учаскіде тәжрибені пар бойынша орналастырады.. Егістік алаңының күтімі адам үшін және морфологиялық белгілердің өзгерісіне, бақылау өткізудің тиімділігіне бөгет болмайтын құралдардың қолданылуын көздейді.

Өсімдіктердің дамуы үшін жауынның тапшылық жағдайында, қажетті су мөлшерінің суарылуы (қолмен) қамтамасыз етілуі тиіс.

91. Патент қабілеттілікке сынауда (айырмашылық, біртектілік, тұрақтылық) бар эталон-сорттары қолданылады. Ауыл шаруашылық өсімдіктердің сорттар - анализаторлардың тізімі Мемлекеттік комиссия төрағасы бекітеді.



4 Тарау
15. Дала сынақ жұмыстарын жүргізудің негізгі мақсаттары
92. Сорттар мен будандардың конкурсты сынақтарынан өткізгенде методиканың барлық ережесін бұлжытпай орындалып өсімдіктердің өсіп өнуі үшін бірдей жағдай жасалуы тиіс, (сынақ участоктарын ауыспалы егіс далаларында дұрыс орналастыру, делянкалардың қолайлы формасы мен көлемін, қайталымын анықтау, сорттар мен будандарды кездейсоқтық принципте орналастыру, егістікті күтіп баптау жұмыстарын сапалы дер кезінде жүргізу, өсімдіктердің өсіп дамуына бақылау жүргізу қажет) тек осы жағдайда дұрыс нәтиже алынады.

Тәжірибеде сорттар, будандар аралығындағы сынақтың дәлдігі 0,95 ықтималдық шамасынан кем болмауы керек. Методиканың барлық ережелерімен дұрыс пайдаланғанда, өсіру жағдайлары бірдей болғанда ғана конкурсты сынаудың дұрыс нәтижелерін аламыз.

Осындай жоғарғы дәлдікті қамтамасыз ету үшін төмендегі шарттардың орындалуы тиіс:

1) тәжірибе участоктарын бірыңғай тегістелген, агрохимиялық зерттеулерге негізделген топырақ құнарлығы біркелкі жерге орналастыру;

2) тәжірибе участогінде топырақтың құнарлығы, жер бетінің тегістігі бірыңғай болмаған жағдайда делянкалар, оның қайталымы түгелдей бірдей көрсеткіші бар жерге орналастырылады;

3) суармалы жерде тәжірибе участоктары тегістелген, суды делянкаларға бір мөлшерде беруді қамтамасыз ететін жерге орналастырады;

4) тәжірибе участогін жөнді тегістелмеген жерге орналастыруға тура келген жағдайда делянкалардың қайталымын көбейтеді;

5) сорттарды, будандарды олардың биіктігіне, пісу мерзімінің ұзақтығына т.б. ерекшеліктеріне сәйкес реттейді, бірдей көрстекіштерін бір жерге орналастырады;

6) тәжірибе жұмысына пайдаланылатын (себуге, отырғызуға) материалдар бір тектес, сапалы болуы;

7) өсіп өндіру жағдайларының барлық сорттар, будандар, тәжрибелер үшін бірдей болуы.

8) әрбір тәжірибені жүргізуді ұйымдастыру шекарасы бір күннен аспауы қажет. Егер берілген шарт орындалмаса, келесі күні толық қайталым жасалынады.

93. Ауыспалы егіс даласында белгілі дақылдарға конкурстық сортсынау жүргізіледі. Барлық сынақтарда, тәжірибе участоктарын ауыспалы егіс даласынан тыс жерге орналастырылса ондай жердің жағдайының әр түрлілігі теңестіріліп біркелкіленгені жөн.



16. Делянкалардың көлемі, формасы, қайталануы
94. Әрбір дақылдың көлемі сортсынау станцияларының, сортсынау участоктарының жер жағдайына, сорттың санына, делянкалардың қайталануына байланысты анықталады.

Конкурсты сортсынақтардың ұсынған өлшемдері осы методиканың 3 қосымшасында келтірілген.

95. Тұқымдық және мал азығы үшін жүргізілетін сынақтардың тұқымдарының себу мөлшері екі есе көбейтіледі. Делянканың формасы мен есептік көлемі өзгеріссіз қалдырылады. Конкурсты сынау делянкаларының көлемі мен пішіні жұмысты механикаландыруға кедергі болмауы керек. Механикалық жабдықтармен қолданудың бір пайдалы жағы сынау өндіріс жағдайларына ұқсас жағдайда өтеді және қолмен істелетін жұмыстар саны қысқартылады.



Делянкадағы егісті күтіп баптау жұмыстарын, өнімді жинайтын техникалардың енімен сәйкес жасайды.

Дәнді дақылдарды 11 дән сепкіштері бар СН-16П сеялкамен еккенде делянка ені 1,65 метр болады, ал 13 дән сепкіштері бар СН-16ПМ сеялкамен еккенде делянка ені 1,95 метр болады.

Делянканың ұзындығы оның жалпы көлеміне, еніне байланысты анықталады. Жалпы көлемін енінің кеңдігіне бөледі. Делянка енінің көлемі сеялкалардың, егістікті күтіп баптау, жинау техникаларының жұмыс органдарының еніне байланысты анықталады.

Тәжірибедегі өсімдіктерді өсіп - өну кезінде кездейсоқ әрекеттерден сақтау үшін делянканың бас аяқ жанында ұзындығы 2 метрдей есептен тыс егістікті себеді. Тәжірибе сынақтарын екі жағына да есептен тыс егіс егіледі. Бұны стандарт ретінде алынған сорттың тұқымымен егеді. Сынақтағы барлық сорттар делянкаларының есепке алынатын көлемі болу керек.



Сынақ сорттарының дәндері бір - бірімен араласып кетпес үшін делянка араларында жол қалдырады.

96. Бірдей егетін дақылдар сынақтарында делянкалар араларындағы жол кішкентай болады және сеялка мен комбайн көмегімен есептеледі. Ең ыңғайлы ені 30 сантиметр төмен болмау керек және ол келесі формула арқылы анықталады:



осында b-делянка аралық жолдың ені, см.;

q- комбайн дестелегіштің алым ені, см.;

rе- сыртқы саңылау, см.;

а- қатар аралықтың ені, см.;

Р- делянканың егістік ені, см.



Көрші делянкалардың шеткі қатарларының ара қашықтығы қатар аралық қашықтық пен делянка аралық қашықтық қосындысына тең болады.

Мысалы: 11 дән сепкіштері бар СН-16 П сеялкамен еккенде, қатар аралықтың ені 15 сантиметр болса және «Сампо 25» комбайнмен жинағанда, комбайн дестелегішінің алым ені 210 см болса делянка аралық жол 30 сантиметр, егіс арасындағы жол - 45 сантиметр болу керек:

97. 222 - 243 сантиметр дейін бөлгіштердің орындары ауысқанда «Сампо 500» комбайн дестелегішінің алым ені өзгереді. Сонымен, 13 дән сепкіштері бар СН-16 ПМ модификациялы сепкішпен еккенде және «Сампо» комбайнмен жинағанда делянка аралық жол 30 сантиметр ұзын болмау керек, ал егіс арасындағы жол 45 сантиметр ұзын болмау керек:





Дәнді ірі бұршақты дақылдардың делянка аралық жолының ені 40 см болу керек.

98. Отамалы дақылдарды делянка аралық жолдарын салдырмай егеді. Осы кезде жақын орналасқан делянкалардың қатар арасындағы жер қатар аралық еніне тең болады. Делянка аралық жолдар есеп кеңістігіне кірмейді.

99. Реттелінбейтін факторлар әсерін тоқтату мақсатымен сортсынаудың барлық дақылдарының сорттары мен делянкаларын рендомизация әдіспен қайталауларда орналастырады. Қайталаулар бір, екі одан да көп ярустарда орналасуы мүмкін. Сынақты екі яруста орналастыруы ыңғайлы болып саналады.

100. Егер суарылмайтын жағдайда сорттар саны 15 болса, ал суарылатын жағдайда 10-нан жоғары болса, онда стандарт сорт сынақта қайталана береді. Стандарт аралығында сыналатын сорттардың саны болуы тиіс.

101. Сорттары топтарға бөлінген сынақтарда сорттар мен сорттар топтарын орналасуын рендомизациямен анықтайды. Егер тиісті дақылдар методикасы бойынша сорттар топтарының арасына қорғайтын делянкаларды орналастыру керек болса оларды рендомизациялау схемасында алдын ала қарастырады. Бір топ сорттарының арасына қорғайтын делянканы қойдыру міндетті емес.

Рендомизацияны жеребе немесе таблица бойынша өткізу керек. Жеребе бойынша рендомизацияны өткізгенде сорттары мен топтарын ұқсас карточкаларға жаздырып, жеребені суырып алады. Карточкалар бірінен соң бірі алынған тәртібіне қарай сорттарды да сол тәртіппен орналастырады. Жеребені әр қайталау үшін бөлек өткізеді. Егер сынақта сорттар топтарға бөлінген болса, онда алдымен топтар орналасу тәртібін анықтайды, ал содан кейін әр топта сорттар мен будандар орналасу кезегін анықтайды.

102. Таблица бойынша өткізген рендомизацияның жеребе бойынша өткізген рендомизациядан көп айырмасы бар. Таблицаның кез келген парағында кез келген пунктті жорамалдап алады. Осы пункттен есепті қалаған жаққа қарай (оң жаққа, сол жаққа, төмен, жоғары, келденең) бастайды. Есепті керек сан алмайынша тоқтатпайды. Қайталанған сандар мен жалпы алынатын санынан жоғары санды есепке алмайды (4 қосымша).



Мысалы, төрт рет қайталымында 7 сорттары бар сынақтың рендомизациялау схемасын салдыру керек. Кез келген сан ретінде жетінші қатардың төртінші бағананың 6 санын алсақ, онда оңға қарай жылжығанда бірінші қайталау үшін сорттардың рендомизациялау орналасуын аламыз: 6, 3, 4, 2, 5, 7, 1. Ал екінші қайталау үшін қаламды жорамалдап жиырмасыншы қатардың сегізінші бағананың 8 санда тоқтатып, төмен қарай жылжытсақ келесі сандарды аламыз: 4, 6, 5, 3, 7, 2, 1. Осы тәртіппен келесі қайталаулардың реңдомизациясын өткізеді. Қайталауларды рим сандармен белгілейді. Сорттарды орналастыру схемасы рендомизациялық қайталау әдісімен 5 қосымшада көрсетілген.

103. Делянкаларды дала этикеткаларда және дала журналдың «Қайталау» графасында араб сандармен белгілейді. Сынақ салдырғанның алдында сорт немесе будан делянкасының нөмірі белгіленген егіс ведомостін жасайды. Осы методиканың 7 қосымшасында көрсетілген.



Егер сынақ егуі бір күн ішінде бітпесе, онда барлық қайталауларда бүкіл топтар егуін екінші күнге жатқызады.

Сорттық технология элементтері бойынша өтетін сынақтарды бөлшектенген делянка әдіспен егеді. Осы әдіспен еккенде сынақтың әр қайталауында үлкен делянкалар толық жиынтығы болу керек (бірінші фактор варианттары), ал әр үлкен делянкада кішкентай делянкалар жиынтығы болу керек (екінші фактор варианттары). Екінші фактормен ең керекті варианттарын егу керек. Екі факторлы сынақтардың рендомизациясын өткізгенде бірінші фактор вариантта-рының әр қайталауда орналасуын және екінші фактор вариаттарының бірінші фактор делянкаларында орналасуын анықтайды. Барлық варианттарды бір күннің ішінде егу керек. Осы методиканың 6 қосымшасы.

104. Сорттарды дұрыс бағалаудың ең маңызды шарты- делянкалар бағытын дұрыс тандауы. Сорттар салыстыруы дұрыс болады, егер делянканы ұзын жағымен сынақтың көп өзгеретін жағына қарай салса. Сондықтан, егер участок немесе бөлек дала төмен жақта орналасса онда делянкаларды осы жерге көлденең етіп салады, ал топырақтың негізгі өндеуін кесе- көлденең түрінде өткізеді.



Қорғайтын орман алқаптары бар далаға сынақты еккенде делянкаларды ұзын жағымен орман алқапқа қарай кесе көлденең жатқызады.

Делянкалардан 15 м шегініп, ал жолдар мен басқа дақыл егісінен 5 м орман алқаптармен бөледі. Егер делянканың ұзын жағын дала жолдарына қарай параллель жағымен жатқызса, ондай сынақты жолдың шаңы түспеу үшін жолға 20 м жетпейтіндей орналастырады.

105. Суарылатын жағдайларда делянкаларды суаруға қарай кесе көлденең етіп жатқызады. Суару бетон лотокта емес, басқа суарылатын канал арқылы өтсе, онда су зиянын келтірмейтіндей жерге каналдарды орнату керек.

106. Ауыспалы егісте сынақты салдырғанда топырақтың өнімділігі түрлі болатындығын есепке алады, өйткені түрлі сорттар топырақты әр түрлі дәрежеде пайдаланады. Сондықтан эксперименттерді бір-біріне қабаттасып салдыруға болмайды. Кейбір кезде бір танапқа бірнеше дақылдарды егеді. Осыған байланысты түрлі өсімдіктердің, бір дақыл сорттарының топыраққа тигізетін әсерін есепке алу керек. Сынақтарды еккеннен кейін шөп өспей қалған жерде топырақтың алағұлалығы болмау үшін есеп делянкаларды екпей аудандастырылған сорттың делянкасын егеді. Осындай макро және микро участоктарды картада және дала тарихы кітабында белгілейді.



107. Топырақтың құнарлығын бірдей қылу үшін интенсивті сортты егіп тастайды. Осыған арнайы 2-3 жыл керек. Органикалық және минералды тыңайтқыштарды тыңайтқыштар жүйесіне сәйкес кіргізеді.

Сонымен, эксперименталды егістерді үштің бір бөлігінде және төрттің бір бөлігінде егеді, ал тегістейтін егістерді қалған жерде егеді. Тегістейтін егіске жаңа сортты шығаратын ауыспалы егістің даласы кіреді. Осы егістерде бірдей агротехниканы қолданады.

Керек болған жағдайда бір танапта бір немесе бірнеше дақылдардың 2-4 түрлі сорттарды егеді және осы участоктардың шекараларын дала тарихы кітабының жоспарында белгілеп, келесі жылдар сынақтарын салғанда есепке алады.



Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет