Әдістемесі бөлім тарау



бет7/20
Дата21.04.2017
өлшемі4,15 Mb.
#14465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

12 тарау
42. Сорттар мен будандарды иммунологиялық бағалау
207. Барлық мемлекеттік сортсынау станцияларында, мемлекеттік сортсынау участоктарында конкурсты және өндірістік сорт сынақтарын жүргізгенде ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының тарауы мен дамуына әдейі бақылаулар өткізеді. Өйткені олар өсімдіктердің өсіп өнуіне кесірін тигізеді. Кейде түгелдей құртыпта жібереді. Әр дақылда зиянды жәндіктер мен ауруларды табуға болады. Оған қоса өсімдіктер көптеген басқа да зиянкестер мен кеміргіштерден зиян шегеді. Олардың қатарына үйірлі, үйірсіз шегірткелер, қатты қанаттылардың личинкалары, проволочниктар мен проволочниктар емес, кеміргіштер, шабындық көбелек, тышқан тәрізді кеміргіштер мен саршұнақтар, жыл торғайлары жатады. Егер олардың саны көп болса, олар өнімді құртып жоқ қылуына дейін барады.

Өсімдіктерді зиянкестерден және аурулардан сақтау үшін химиялық әдістер қолданылады. Егістерді арамшөптерді алдырып таза ұстау керек.

Өсімдіктерді зиянды жәндіктерден және аурулардан химиялық отау жүргізіп қорғайды.

208. Пестицидтар қолданғанда регламентті міндетті түрде сақтау керек. Ол үшін «Ауыл және орман шаруашылығында пайдалануға рұқсат етілген химиялық және биологиялық заттар тізбесі» (Алматы - Астана, 1999) атты тізбеге қосымша нұсқаулар басшылыққа алынады. Аурулар мен зиянды жәндіктердің бақылауларын өткізгенде, карантин объектілер ретінде қаралатын: картоп рагы, бидайдың үнді қара күйесі, жүгердің бактериалдық солып қалуы, Комстоктың сымыры және басқа аурулар мен зиянды жәндіктерге аса көңіл бөлу керек. Карантин объектілері пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің карантин қызметін атқаратын органдарға және өсімдіктерді қорғау мен карантин департаментіне жедел хабарлайды.

209. Зиянды жәндіктер мен аурулар есебін есімдіктердің негізгі өсу және даму фазаларында өткізеді. Егер өсімдіктер бірнеше аурулардан немесе зиянды жәндіктерден бұзылса, онда есепті бөлек әр ауру немесе зиянды жәндік бойынша өткізеді (осы Методиканың 29-қосымшасында).

Органдардың ауруға шалдығу және зиянды жәндіктерден зиян шегу дәрежесін келесі шкала бойынша анықтайды: жоқ (-), әлсіз (5-10 % дейін), орташа (20-40%) және күшті (50 ден астам %).

Аурулар қатты асқынып кетсе және зиянды жәндіктер көп зиян келтірсе онда сыналатын сорттар бойынша олардың есебін жүргізеді. Алғашқы кезде ауруларды ең тез қабылдайтын екі сорттары бойынша ішінара есеп өткізеді. Егер сорттар мен будандардың ауруға шалдығуы, бұзылуы методикада осы дақыл бойынша бекітілген мөлшерінен жоғары болса, онда есепті барлық сорттар бойынша өткізеді.

210. Есеп өткізгенде сорт аурулары мен зиянды жәндіктердің зақымдарына ұшыраған, бұзылмаған сорттар сияқты жақсы өнімділікті беретін ең толерантты (шыдамды) сорттарға үлкен назар аудару керек. Осындай сорттарды анықтау үшін біріншіден аурудың қалай басталғанына назар аудару керек, өйткені сорт басқа сорттармен салыстырғанда, егер кеш зақымға ұшыраса, онда ол аурулар мен зиянды жәндіктерге көп бейімді болмайды.



Көптеген аурулар мен зиянды жәндіктердің таралу дәрежесі өсіп өну кезеңнің ауа райы жағдайына байланысты. Осыған байланысты олардың, бақылауларын 2-3 жылдар бойы өткізу керек.

Аурулардың соңғы есебін көбінесе жинаудың алдында өткізеді. Мысалы, дәнді ірі бұршақты дақылдардың жапырақ бетіне шыққан аурулардың соңғы есебін дәннің балауызданып және сүттеніп піскен уақытында өткізеді. Жемістер мен тамыр жемістер бірнеше ауруларға немесе зиянды жәндіктердің әсеріне үшыраса, онда есепті бөлек әр ауру немесе зиянды жәндік бойынша өткізеді.

211. Негізгі зиянды жәндіктер, аурулар және олардың биологиялық ерекшеліктері туралы толық мәліметтер «Дәнді, техникалы, жеміс-жидек, көкөніс және картоп дақылдарының сорттарын сынау методикаларында» және анықтама әдебиеттерде (қараңдар «Өсімдіктерді қорғау жөніндегі агрономның анықтамасы»- Алма—Ата: Қайнар, 1983; «Дәнді дақылдарды зиянды жәндіктерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау»- Алма-Ата: Қайнар, 1985; өсімдіктерді қорғау қазақ ҒЗИ және басқа ҒЗУ шығарған дакылдарды зиянды жәндіктерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау жөніндегі нұсқаулар мен буклеттер) беріледі. Өсімдіктердің паразиттерге қарсы реакциясын зерттеу және сорттар мен будандардың иммунологиялық қасиеттерін бағалау жұмыстары энтомофитопатологиялық сортсынау участоктарының инфекциялық фондарында арнайы сынақтарында өтеді.



43. Ауруларға шалдығу есебінің әдістері
212. Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларын есепке алғанда әдетте көп жайылғандық (жапырақтар, сабақтар, жеміс, ұрыктар, тамыр жүйесі) және ауруға шалдығу дәрежесін (баллмен) анықтайды. Аурулардың жайылғандығын осы формула бойынша анықтайды:

Р = n х 100 : N,

осында Р - аурудың жайылуы;

n - аурулар әсеріне ұшыраған өсімдіктер немесе органдар;

N - зерттелінген өсімдіктер немесе органдар саны.

Даму пайызын немесе өсімдіктердің ауруға шалдығу дәрежесін келесі формула арқылы анықтайды:

R= ∑ ab x l00:N x K,



осында R - ауруға шалдығу пайызы немесе дәрежесі;

N - есепке алынатын өсімдіктер, жапырақтар, жемістер, түйнектер немесе басқа органдар саны;



К - бағалау үшін алынған шкаланын, ең жоғарғы балы.

Ауруға шалдығу дәрежесін анықтау үшін (жапырақтар, жемістер/тұқымдар, түйнектер) көптеген жағдайда 4 немесе 5 баллдық шкалаларды пайдаланады:

0 - зақымдалмаған;

  1. жапырақтар беттері немесе басқа органдардың беттері 5 % дейін зақымдалынды;

2 - 10 % дейін;

3 - 25 % дейін;

4 - 50 % дейін;

5 - 100 % дейін.

Есептің қортындыларын келесі форма бойынша жаздырады (осы Методиканың 34-қосымшасында)

Дәнді дақылдардың генеративтік органдарына зақым келтіретін ауруларын есепке алғанда, олардың таралуын анықтау жеткілікті болады. өсімдіктер тамыр шірігі, вирусты және басқа аурулардың әсеріне ұшыраса, оларды жоғарыда көрсетілген әдіспен анықтайды.

213. сорттар түрлі таттар, дақтар және басқа аурулар әсеріне ұшырауына баға беру кезінде, ауруға шалдығу дәрежесі мен аурудың таралғандығын арнайы шкалалар бойынша анықтайды (осы Методиканың 30-қосымшасында). Әсіресе облигатты тоғышарлармен зақымданған жағдайда, соңғы көрсеткіш сорттар бойынша ерекшелінеді. Орташа залалдануды анықтау үшін жеке органдар (жапырақтар, сабақтар, жемістер) көрсеткіштерін қосып зерттелінген өсімдіктердің (органдардың) жалпы санына бөледі. Сорттарды иммунологиялық бағалау кезінде залалданудың максималды немесе минималды және максималды индекстерін белгілеу қажет.



44. Зиянды жәндіктерді есепке алу әдістері
214. Өсімдіктерді әлсірететін немесе олардың солып қалуына әкелетін зиянды жәндіктер көп болған жағдайда оларды есепке алады. Өсімдіктерді және олардың органдарын көбінесе көзбен шолу жолымен бағалап, өсімдіктер пробаларын даладан алдырады немесе өсімдіктерді дала жағдайында зерттейды.

Жеке зиянды жәндіктердің келтірген зияны зиянның мөлшері және таралу көлемі бойынша анықталады.



Мысалы, алма жеміс көбелегі және мақта көбелегі бойынша зиян шеккен қаушақтардың жалпы пайызын, онымен бірге құртылған қаушақтардың пайызын анықтайды.

Бүргелерден, сүлікше қоңыздардан, жапырақ жегілерден, көбінесе - кеміріп тастайтын және соратын зиянды жәндіктерден бұзылғанда көзбен шолу бағасын есепті 10 дейін (10, 20, 30 ж.т.б.) жинақтап пайызбен береді және жеке зиянды жәндіктер бойынша есепті баллдармен береді (1, 2, 3 ж.т.б.).

Жеміс, орман және басқа дақылдардың соратын зиянды жәндіктерден және жапырақ жегілерден бұзылуын өсімдіктер мен бөлшектерінің бұзылу дәрежесі бойынша анықтайды.

215. Көзбен шолу бағасын бергенде дала дақылдарының есебін делянкада өткізеді. Зиян шеккен өсімдіктер бір қалыпта таратылса есепті шектес емес қайталауларда өткізеді, бір қалыпта таратылмаса есепті барлық қайталауларда өткізеді. Делянкаларды қарағанда көзбен шолу бағасын беруге бұзылған өсімдіктердің қатты тартылғандықтан қиын болса, онда шектес емес қайталаулардың бес жерінде тұтас егілетін дақылдар үшін 50х50см көлемінде егу алаңдары беріледі, ал кең қатарлы егілетін дақылдар үшін 10 өсімдіктерден тұратын топ беріледі. Одан кейін әр сынаманың жайылғандық пайызын, бұзылу дәрежесін анықтайды немесе екеуін бірге анықтайды және қайталау мен сорт бойынша орташа пайызды шығарады.

216. Техникалық дақылдардың (темекі, мақта, бөлінген алқа және басқалар) кеміріп тастайтын зиянды жәндіктерден бұзылу есебі және көкөніс дақылдардың (томат, капуста) кеміріп тастайтын зиянды жәндіктерден және жапырақ жегірлерден бұзылу есебі келемі мен алу тәртібі тиісті шығуларында көрсетілген сынамалар бойынша өткізіледі.

Егер зиянды жәндіктер (гессен, швед және басқа шыбындары, масақ көбелегі, күнбағыс ұзын мұрт және басқалары) сабақтың ішінде немесе басқа бөлшектерінде қоректенсе немесе қаушактардың, кәрзеңкелердің, масақтың ішінде ұрықтарды бұзса (зығырдағы жоңышқа жаман жапалағы, макта жаман жапалағы, күнбағыс күйесі, бұршақ дәндік (зерновка) және басқалар), онда лабораторияда бұзылған өсімдіктерінің анализі өтеді.

Сорттар төзімділігін иммунологиялық бағалағанда гессен шыбыны мен швед шыбынына, дәнді дақылдарының жеміс нан егеушыбынына, шекілдеуіктер және сүйекті дақылдарының жеміс көбелегіне, жүзім шоғының жапырақ ширатқыш кебелегіне және басқа зиянды жәндіктерге назар аударады.

217. Жеке зиянды жәндіктердің дақылдар бойынша есеп ерекшеліктері методикада және ауыл шаруашылық дақылдарын зиянды жәндіктерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау жөніндегі рекомендацияларда көрсетіледі.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет