Әдістемесі бөлім тарау



бет4/20
Дата21.04.2017
өлшемі4,15 Mb.
#14465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

2 бөлім
8 тарау
30. Сортсынаудағы агротехниканың ерекшеліктері
176. Сорт (будан) технологияның базисі ретінде сапаны, мөлшерді, өнімділіктің қалыптасу кезеңнің ұзақтығын, түрлі технологиялық операцияларды анықтайды. Сорттардың және будандардың мемлекеттік сынауын өткізудің негізгі талабы- сорттар мен будандар араларында бір айырмашылық принципін ұстау. Сорттардың интенсивті, жартылай интенсивті және экстенсивті түрлерін анықтау үшін конкурстық сынауды бір мезгілде, әр түрлі жағдайда: топырақтың құнарлығы берілген тыңайтқыштың түрі, мөлшері, ауыспалы егіс жүйесіндегі егіс танабы т. б. екі-үш жерде өткізіледі. Ол үшін мемлекеттік станцияларда, мемлекеттік сортсынау участоктарда бірнеше ауыспалы егіс жүйесін жасайды. Ондай мүмкіншілік болмаса әр бір ауыспалы егіс танаптарын екіге бөледі. Берілген органикалық, минералдық тыңайтқыштарының мөлшері арқылы әр танаптың, жерінің құнарлығын реттейды. Осы факторларды пайдаланып сорттардың өнімділігін көтеретін интенсивті технология жасайды. Бұл әдіс сорттардың ең жоғары өнім көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.

Мемлекеттік сортсынау станциялардағы, мемлекеттік сортсынау участоктардағы өсімдік өсіру технологиясы сол мекемелер орналасқан жерлер үшін үсынылған ұсыныстарға сәйкес жүргізілуге тиіс.

177. Мемлекеттік сортсынау станциялар және мемлекеттік сортсынау участоктар қызмет етілген жердің шаруашылығы үшін егіншілік және өнімділік жүйесі бойынша үлгі болу керек.

Сортты немесе буданды мемлекетгік сынауға бергенде оригинатор-мекеме өндіру технологиясына өз талаптарын берген болса, онда жаңа сортты, стандартты оригинатор- мекемемен қабылданған технологиялар бойынша сынайды.

Ауыспалы егістің және өсімдік шаруашылықтың өнімдерін шығару технологиясын станцияның директоры, мемлекеттік сортсынау участоктың меңгерушісі құрастырады және мемлекеттік сортсынау станцияның, мемлекеттік сортсынау участоктың агрономдық кеңесінде бекітеді. Одан кейін инспектурада бекітіп, Мемлекеттік комиссияға келісуге жібереді. Ауыспалы егіске кіргізілген өзгерістер туралы хабарлауды Мемлекеттік комиссияға ауыспалы егістің жаңа схемасымен бірге жібереді.



Өндіріс үшін сорттардың сынауын алғы дақылдар бойынша өткізеді. Ауыспалы егістің далаларында күздік, көпжылдық өсімдіктердің және басқа дақылдардың шықпай не қурап кеткен жағдайында рұқсат етілген дақылдармен қайта егеді.

Мемлекеттік сортсынау станциядағы және мемлекеттік сортсынау участоктағы топырақ өңдеу жүйесі, тыңайтқыштар жүйесі егіншілік жүйесіне сәйкес болу керек.

Егіншіліктің топырақ қорғайтын жүйені перспективті түрде қолданатын жерлерде келісіп орналастырылған мемлекеттік сортсынау станциялары мен мемлекеттік сортсынау участоктар сорттардың сынау жұмысын екі фонда өткізеді: жерді аудара және сыдыра жырту әдістері бойынша.

Жер жыртуын өріс бойы делянкаларға арналған жерлерде кесе-көлденең өткізеді. Қыйғаштарда негізгі өндеуді қыйғаштың кесе көлденең түрде өткізеді. Даланы танап бөліктерге бөлуін мемлекеттік сортсынау участок мамандары өткізеді.

31. Тыңайтқыштар жүйесі
178. Ауыспалы егістің тыңайтқыштар жүйесін мемлекеттік сынау станцияның директоры немесе мемлекеттік сортсынау участогының меңгерушісі жасайды. Жерге әр дақыл бойынша дақылдардың биологиялық ерекшеліктері, топырақтың агрохимиялық ерекшеліктері, өсімдіктердің өнімі мен пайдаланылатын қоректік заттардың мөлшеріне байланысты анықталады. Сынақ орындарда әр түрлі жер жағдайында орналасқан ауыспалы егістік болса, жүйе олардың ерекшеліктеріне сәйкес негізделеді.

Негізгі және қосымша өнімде пайдаланылатын керектік заттардың мөлшері, топырақ және қосымша берілетін органикалық, минералдық, тыңайтқыштардың құрамындағы «NPK» пайдалану коэффициенті топырақпен қолдану коэфициенті 15, 16, 17, 18 қосымшаларда келтірілген.

Тыңайтқыштардың қажетті мөлшерін айыру үшін топырақтың белгілі бір тереңдігіндегі қоректік затын м/100 г-ға өлшемін белгілі бір коэффициентке көбейтеді. Мысалы тыңайтқыш топырақтың 22 см. қабатында м/100 г. мөлшерін 30-ға (коэффициентіне) көбейту керек. 25 см. қабат үшін -34; 28 см. қабат үшін - 38 және 30 см. қабат үшін - 41 көбейту керек. Коэффициентті есепке алдыруы жыртылатын қабаттың тереңдігіне және өсімдіктердің тамырлық жүйесіне байланысты.

Мысал: күздік бидайдан әр гектарынан 50 ц. өнім алу жоспарланған. Тыңайтқыш жерді жырту тереңдігіне, 22 см. тереңдікте берілген. Осы тереңдікте топырақгың әр 100 г-да 9,6 мг. оңай гидролизденетін азот (N), 11,3 мг жылжымалы фосфор (Р2 05) және 24,5 мг. алмастырмалы калий (К20) бар (қосымша 7). Бидайдың 1 ц. дәнімен оған тиісті сабанына 3,25 кг N, 1,15 кг Р 2 05 және 2,0 кг. К20 жұмсалады. Барлығы 50 ц. өнім алу үшін 162,5 кг N(50x3,25), 57,5 кг Р205 (50x1,15) және 100 кг К20 (50x2,0). Жердің 22 см. тереңдіктегі қабатында 228 кг/га. N (9,6 мг/100г х 30), 339 кг/га. Р205 (11,3 мг/100 г х 30) және 735 кг/га. К2 О (24,5 мг/100г. х 30). Күздік бидай топырақтағы қоректік заттардың ішінде N 27,0 %, Р205 7 және К20 11% ғана пайдалана алады (қосымша 8). Осыған сәйкес күздік бидай жоғарыда көрсетілген жердегі қоректік заттардың 77,8 кг/га N (288 кг/га. х 0,27), 23,7 кг/га. Р205 (339 кг/га .х 0,07) және 80,8 кг/га. К2 О (735 кг/га. х 0,11).

Бидайдан 50 ц/га. өнім алу үшін қажетті қоректік заттардың мөлшері мен топырақтан алынатын қоректік заттардың мөлшерінің айырмасы төменгідей болады: 84,7 кг/га. N (162,5 кг/га. - 77,8кг/га.), 33,8 кг/га. Р205 (57,5 кг/га. - 23,7 кг/га) және 19,2 кг/га. К20 (100 кг/га - 80,8 кг/га). Керек қоректік затгардың осы айырмасы қосымша берілетін тыңайтқыштар арқылы шешіледі. Орта есеппен бидай өсімдігі азот (N) тыңайтқышының 67%, фосфордың (Р205) 30% калийдың (К20) 75% пайдаланады. Оңай болса жоғарыдағы көрсетілген күздік бидайдың өнім мөлшерде қоректік затпен толық қамтамасыз ету үшін тыңайтқыштың есебінен қосымша 126 кг/га N (84,7 кг/га : 0,67), 113 кг/га Р2 05 (33,8 кг/га : 0,3) және 26 кг/га К20 (19,2 кг/га: 0,75).



Күздік бидайға берілетін тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау есептері осы Методиканың 19 - қосымшасында келтірілген.

Әрбір қоректік элемент бойынша осы есепті келесі формула арқылы да анықтауға болады:

Мә.з = (У х Ш1 ) – (ТхЖТхПК)



МКПК

Жоғарыда берілген мысал бойынша:









Органикалық және минералды тыңайтқыштарды бірге бергенде, органикалық тыңайтқыштармен бірге берілетін қоректік заттардың мөлшерін қосымша есептейді және өсімдіктермен қолданған мөлшерін де есептейді (10 қосымша).

Мысалы: қант қызылшасы егілген жерге көң берген жағдайда, тыңайтқыштан алынатын қоректік заттың мөлшері 40 т/га көң кіргізілсе, онда көңнен шығару мөлшері (ОТМ х К3 М х КПК) азот бойынша 30 кг/га N (40 х 5 х 0,15), 20 кг/га Р2 05 (40 х 2,5 х 0,20) және 144 кг/га К2 О (40 х 6 х 0,60) болады.

Есеп формуласы төмендегідей болады:


Мә.з = (Ө х К3 ) - (ТхЖТхПК) - (ОТМхК3 Мх КПК)

МКПК
Осында М ә.з. - берілетін тыңайтқыштың мөлшері, әсерлі затқа шыққанда, кг/га;

Ө - жоспарланған өнім мөлшері, ц-га;

К3 - негізгі және қосымша өнімнің пайдаланатын қоректік заттар мөлшері, кг;

ТК - топырақтағы қоректік заттың мөлшері, мг/100 г;

ЖТ - тыңайтқыш беретін жердің тереңдігі, см;

ПК - топырақтағы қоректік заттардың пайдалану коэффициенті;

ОТМ - органикалық тыңайтқыштың пайдалану мөлшері, т/га;

К3М - органикалық тыңайтқыштың құрамындағы қоректік заттардың мөлшері, кг/т;

КПК - органикалық тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттардың пайдаланылуы;

МКПК - минералдық тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттардың пайдалану коэффициенті.

Есептерде минералды қоректік элементтердің топырақта қандай мөлшерде болуын келесі әдістер арқылы анықтайды: азотты- Тюриннің және Кононованың әдісі бойынша, фосфорды - Кирсановтың әдісі бойынша және калийді - Маслованың әдісі бойынша. Егер далада фосфор мен калийдың болуын басқа әдістермен анықтаса, онда алдын ала мемлекеттік сортсынау участок топырағының қоректік элементтерін 20,21 қосымшалармен қолданып, жоғарыда көрсетілген әдістерге аударады.

Егер топырақта Мачигиннің әдісі бойынша Р205 4,5 мг/100 г болса, онда Кирсановтың әдісі бойынша 10 мг/100 г болады.

179. Мемлекеттік сортсынау участок топырағының оңай гидролизденген азоттың нәтижелері болмаса, онда есепті фосфор мен калий бойынша өткізеді, ал азоттың мөлшерін азот пен фосфордың ара қатысы арқылы анықтайды.

Мысалы, егер жоғарыда жасалған тыңайтқыштардың мөлшерінде топырақта азот болмаса, онда есеп келесі тәртіппен осы Методиканың 22-қосымшасына сәйкес орындалады.

Бірқатар басқа да дақылдарға тыңайтқыш беру мөлшерлерін есептеу мысалдары осы Методиканың 23-қосымшасында келтірілген.



Жеке далаларда фосфор мен калийдің құрамы бойынша ала-құлалық табылса, онда топырақта фосфор мен калийдің мөлшерін олардың ең аз көлемі бойынша есептейді. Фосфор мен калийдің негізгі бөлігін негізгі өңдеуден өткізеді, ал дымқыл аудандардың жеңіл топырақтарында алдыңғы егістен өткізеді. Егіс үстінде фосфордың азғантай көлемін жеке қатарларына сеялкалармен кіргізуге болады. Азотты егіс алдында кіргізеді және күздік өсімдіктер мен көпжылдық өнім тұқымдас өсімдіктерді қоректендіру үшін кіргізеді.

Әр жыл сайын мемлекеттік сортсынау станциясы мен мемлекеттік сортсынау участогі тыңайтқыштар жүйесінің негізінде, Мемлекеттік комиссияның инспектура бастығымен бекітілген тыңайтқыштармен қолдану жоспарын жасайды.

Тыңайтқыштарды көң шашқыш және тыңайтқыш сеялкалармен енгізеді.

Келесі шабылған шөптерге азот пен калийды енгізу: бірінші шабылған шөпке - 40% немесе N66 К45, екінші шабылған шөпке - 35% немесе N53 К39 және үшінші шабылған шөпке - 25% немесе N 41 К28. Фосфорды өсіп өну кезеңге дейін күзде немесе көктемде енгізу керек.

Мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекетгік сортсынау участоктардың далаларына РУМ типті агригаттар көмегімен, самолетnан және машиналардан тыңайтқыштарды шашуға болмайды.

Тыңайтқыштарды болашақ делянкаларға кесе көлденең түрде дала аралық жолдарда бұрылып енгізеді. Техниканы алдын ала дайындайды. Органикалық тыңайтқыштарды қолмен шашады, даланы бірдей клеткаларға бөліп, олардың ішіне бір мөлшердегі тыңайтқыштарын енгізеді. Мемлекеттік сортсынау участоктардың далаларына тыңайтқыштарды т-гуіне, көңнің немесе қорданың штабельдерін егуіне тыйым салынды.

32. Себу мөлшері
180. Өсімдіктер қалыңдап өскенде сорттардың салыстыруын мемлекеттік сынауда өткізеді. Себу мөлшері топ ішіндегі барлық сорттар үшін бірдей болу керек және агроережеге және өсіру технологиясына сәйкес болу керек. 1 га себілетін шығымды тұқымдар мөлшері сорттардың түрлі топтарына (бидайдың қатты және жұмсақ сорттары, дәнді ірі бұршақ және бақша дақылдарының ірі тұқымды және ұсақ тұқымды сорттары, кендірдің оңтүстік және орташа ресейлік формалары, қышаның ақ және көкшіл сұр түрлері, түрлі отамалы дақылдары) және өсіру технологиясына байланысты анықталады (суарылмағанда, суарылғанда түрлі алғы дақылдар бойынша егістік және т.б.).

181. Әр сорттың 1 га себу мөлшерін шығымды тұкымдардың млн. данасын сорттың граммен берілген 1000 ұрықтар массасына көбейтіп шығарады. Одан кейін сорт тұқымдарының егіс жарамдылығына түзетулер кіргізеді. Пайыз мөлшеріндегі тұқымдардың егіс жарамдылығын негізгі дакылдың ұрықтарын өнгіштікке көбейтіп, І00 бөліп шығарады. Түзетуді келесі формула бойынша жасайды:

Х = 100хМ



ж

Осында X- егіс жарамдылығының түзетулермен берілген себу мөлшері, кг/га;

М - түзетусіз себу мөлшер, кг/га;

Ж - тұқымдардың егіс жарамдылығы, %.

Мысалы:1 гектардың себу мөлшерін анықтау үшін шығымды тұқымдардың 5 млн. егістік саны, 1000 тұқымның 32,8 г массасы, негізгі дақылдың тұқымдар саны 99,2% және тұқымның 98,6% өнгіштігі алынады: түзетусіз таразылы себудің мөлшері 164кг/га (5 х 32,8), ұрықтардың егістік жарамдылығы 97,8% (99,2 х 98,6): 100 және түзетулер кіргізген таразылы егістік мөлшері 167,7 кг (100 х 164): 97,8.

Отамалы дақылдарды (қант қызылшасы, жүгері, күнбағыс, мақта ж.т.б.) өсіру технологиясында өсімдіктерді қажетті қалыңдықпен нүктелеп себуі әдісі пайдаланылады.

182. Отамалы дақылдар өсімдіктерінің жиілігі стандартқа алынған сорттардың бекітілген қалындығына сәйкес анықталады. Түрлі қалындықта өңделетін сорттар бойынша қоректену мөлшері, қатар аралықтардың ені және қатардағы өсімдіктер аралығы анықталады.

Бір сызықты себуде бір өсімдіктің қоректену алаңы өсімдіктерінің қатар аралығын қатар аралықтардың еніне көбейтудің нәтижесіне тең болады. Таспалап сепкенде (екі сызықты, үш сызықты ж.т.б.) қоректендіру орташа мөлшері келесі формула арқылы анықталады:


осында К - қоректену алаңы, кв. см.;

а - таспа аралығы, см.;



в - таспадағы қатар аралығы, см.;

с - қатардағы өсімдік аралығы, см.;

п - таспадағы қатарлар саны.



Мысалы: Сарымсақты үш сызықты таспалап еккенде таспалар аралығы 60 сантиметр болса, таспадағы қатар аралығы 40 сантиметр және қатардағы өсімдіктер аралығы 10 сантиметр болса, ал егістің схемасы (60 + 4 0 + 40) х 10 болса, онда 1 өсімдіктің қоректену алаңы ((60 + 2 х 40): 3)) х 10=467 кв. см. тең болады. Осы мөлшер 1 гектардағы 214,1 мың өсімдіктерге тең екендігін білдіреді.


1 гектардағы 214,1 мың өсімдіктерге тең екендігін білдіреді.

33. Егісті күтіп-баптау
183. Сынау және өндірісегістікте күтіп-баптау операциялары мерзімінде және жоғары сапамен өткізіледі. Күтім жұмыстарын міндетті түрде бір күннің ішінде, бір сынауда бірдей өткізу керек.

Арамшөпті алдыру операцияларында гербицидтер қолданады. Осындай жұмыстарды өткізгенде арамшөппен күресу үшін химиялық, биологиялық тәсілдерді, ферромондарды және ауыл шаруашылық өсімдіктер мен екпе ағаштардың өсу реттеуішті сынау және тіркеу жөніндегі Мемлекеттік комиссия бекіткен химиялық заттарды қолдану керек.

Патент қабілеттілікке сорт сынау егістіктеріндегі арам шөптің жойылуын қолмен жүргізеді, өсімдіктің бүлінуіне алып келмейтін жағдайда химиялық қорғаныс құралдарын қолдану рұқсат етіледі. Өсу дәуірі кезінде адам үшін зиянсыз болатын аурулар мен зиянкестерге қарсы қысқа мерзімді құралдарды қолдану, бақылау тиімділігін жүргізуде бөгет болмайтын және морфологиялық белгілердің өзгерісіне алып келмейтін құралдарды қолдануға болады.



Арамшөпті жаңадан шыққан кезінде жою керек. Егістің отауын және қатар аралықтардың қопсытуын өткізгенде өсімдіктерге зиян келтірмеу керек және көпжылдық өсімдіктердің қабат астындағы егістерін сақтау керек. Жолдар жақтарын, делянка аралықтарын арамшөптерден тазалап тұру керек.

Зиянды жәндіктерден, аурулардан және арамшөптерден сақтану жүйесін мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участоктың мамандары директордың немесе меңгерушісінің басшылығымен дайындайды.

Мемлекеттік сортсынау учаскесінде егінді қорғау жүзеге асырылады.



Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет