Әдістемесі бөлім тарау


тарау 45. Мемлекеттік сортсынаудағы метеорологиялық бақылаулар



бет8/20
Дата21.04.2017
өлшемі4,15 Mb.
#14465
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

13 тарау
45. Мемлекеттік сортсынаудағы метеорологиялық бақылаулар
218. Генотип пен ортаның өзара әрекеттестігі арқылы фенотип пайда болады. Осы фенотипті сортсынақшы зерттейды. Мемлекеттік сортсынауда метеорологиялық жағдайларды міндетті түрде есепке алу керек. Мемлекеттік сортсынау стапнцияларда және мемлекеттік сортсынау участоктарда бақылау өтетін метеорологиялық алаңдарды жабдықтайды. Ондағы есепке алынатын метеорологиялық көрсеткіштер:

1) жауын-шашындар;

2) көктем және күз үсіктер кезіндегі минималды температура және қар түсуіне байланысты болған қатты аяздар;

3) топырақ ылғалдылығы.



Осымен бірге күздік дәнді, субтропикалық, жеміс және жидек дақылдарының, көпжылдық өсімдіктер, жүзім, тұт ағаш және басқа көпжылдық дақылдарының сорттарын сынағанда қар қабатының қалыңдығын және ылғалдың артықтығының өсімдіктерге тигізген әсерін бақылайды.

Температура және ауа ылғалдылығы туралы мәліметтерді сортсы-нақшылар жақын орналасқан метеорологиялық станциядан немесе пункттен алады.

219. Жауын-шашындарды бақылау. Түскен жауын шашынның . мөлшері және олардың түрлері (жаңбыр, қар, қиыршық, бұршақ, шық) Нифер қорғанысы қойылған немесе Третьяков өлшеткіштерімен өлшенеді. Нифер қорғанысы қойылған жаңбыр өлшеткіш шелегінің үсті 500 шаршы метр болса, онда диаметрі 252,3 мм. болады. Третьяков жауын шашын өлшеткішінің беті 200 шаршы метрге тең. Жазғы күндері су ағылатын тесікті воронка-қақпағымен жабады. Осы воронка-қақпағының тесігі су ағуына ыңғайлы болу керек. Жаңбыр өлшеткішті (жауын-шашын өлшеткішті) мемлекеттік сортсынау участокқа жақын қойдырады. Қыста жаңбыр өлшеткішті мемлекеттік сортсынау станцияның немесе мемлекеттік сортсынау участоктың лабораториясына қойдырады.



Жаңбыр өлшеткіштерді ғимараттардан немесе ағаштардан белгілі бір қашықтықта орналастырылады. Олардың ара қашықтықтағы ғимаратттармен ағаштардың бес биіктік өлшемінен жақын болмау керек. Жаңбыр өлшеткішті қойдыратын бағана 1 метр жер тереңдікке қақтырып қояды. Ал жер үстіндегі жартысын және басқышты ашық майлы бояулармен бояп қояды. Жаңбыр өлшейтін шелекті қойдырғанда оның үстінгі шеттері мен қорғаныстарын бір көлденең жазықтықта орналастырады. Көлденең етіп қойдыруды өлшегіш бойынша тексереді.

Жауын- шашындарды күнде жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат сегіздерде өлшейді. Өлшем көрсеткішін мемлекеттік сортсынау участоктың метеорологиялық жылдық есебіне жаздырады. Жауын-шашындарын өткен күнге жатқызады. Қатты нөсерден, қар, бұршақ жауғаннан немесе жаңбырдан кейін ыстық ауа райы болса, онда жауын-шашындарды қайтадан өлшейді.

Таң ертең 8 сағатта толып кеткен жаңбыр өлшеткіш шелегінің орнына бос шелекті қойдырады. Жабық белменің ішінде шелектен суды өлшейтін стақан ішіне құяды.

Бөліктерді санағанда су беті мен адамның көздері бірдей деңгейде болуы керек. Есеп ойыс монисканың төменгі шеті арқылы жүргізіледі. Өлшейтін ыдыс бөліктерін миллилитрге ауыстырып, осы үшін бөліктер санын 10 ретке дейін кішірейтеді (өлшейтын ыдыстың әр бөлігі 0,1 мм. тең). Егер өлшеген жауын-шашын саны 0,1 мм. тең немесе одан да жоғары болса, онда сұйық және аралас жауын-шашындарда +0,2 мм. түзету жасайды, ал каттыларда +0,1 мм. Егер жаңбыр өлшеткіште су жартысынан төмен болса, бірақ сонда да со-судтан бір тамшы сыртына тамып кетсе, онда жауын-шашындар таблицасына сұйық және аралас жауын-шашындарға 0,1 мм. жаздырады, ал қаттыларға - 0,0 мм. Егер жауын-шашындар болмаса, графаға сызық белгіні қояды. Қатты жауын - шашындарды өлшегенде (қар, бұршақ) шелекті уақытша жылы бөлме ішіне кіргізіп қояды. Қатты жауын-шашындар еріп біткеннен кейін, олардың санын жоғарыда айтылып кеткен әдіспен өлшейды. Қатты жауын-шашындар еріген кезде шелекті және оның шүмегін қақпақтарменен жабады.

Егер өлшейтін стақан болмаса, онда жауын-шашындар санын мензуркамен өлшейді. Бес рет кішірейткен судың мөлшері (г, см3) жаңбыр өлшеткіш стақанында өлшенген жауын-шашындар санына тең болады, ал екі рет кішірейткен судың мөлшері - жауын-шашындар өлшегіш стақанның бөліктеріне тең болады.

Екі ай өткеннен кейін жаңбыр өлшейтін шелектердің бүтіндігін тексереді және ыстық сумен шаяды. Мырыштан жасалмаған шелектерді ашық майлы бояумен бояп қояды.

220. Қарды өлшеу жұмыстары. Қар қабаттың бақылауына келесі жұмыстар кіреді: қар қалыңдығын өлшеу, қар бетінің жағдайын анықтау және қар қабаты еріген күнін белгілеу. Осы бақылаудың негізгі мақсаты- сыналатын көпжылдық өсімдіктердің, көпжылдық екпе ағаштардың, күздік дақылдар сорттарының қыстауы қар қабатының қандай параметрлерде өтетіндігін анықтау.

Қар даланың жартысын немесе одан да көп жерін алған кезде оны ауыспалы рейкамен бүкіл участок бойынша өлшейді (айдың 10, 20 күндері және соңғы күні, ал көктемде қар ере бастағанда және еріп жатқан кезде айдың 5, 10, 15, 20, 25 күндері мен соңғы күні). Егер осы күндері қарлы боран немесе қатты қар жауса, онда қар өлшейтін жұмыстарды келесі күні өткізеді. Қар қабатының қалындығын әр танапта өлшейді. Қар тереңдігін әр 10 метрден кейін өлшейді (10-20 қадам). Осы үшін рейканы үшкір жағымен қар ішіне жер бетіне жеткенге дейін кіргізеді. Егер рейка мұзға тірелсе, онда қарды тазалағаннан кейін мұзды жарып, оның қалындығын өлшеу керек. Осы мөлшерді метеорологиялық есеп беруіне кіргізеді. Қар өлшеу жұмыстарын күннің бірінші жартысында өткізу ыңғайлы болады.

Қар қабаттың қалыңдығын өлшегенімен бірге мұз қабатының (егер ол болса) қалыңдығын өлшеп, қар жағдайын анықтайды:

1) жұмсақ ұлпа қар болса рейка қардың ішіне еркін кіреді;

2) егер қар қалың болса, онда рейка үшкір жағымен 10 сантиметрге дейін кіреді, рейкамен қазғанда қар кесектерге бөлінеді;

3) ұлпа қарды бетіндегі мұздағымен бірге рейкамен жарғанда қабыршақ мұз кесектерге бөлінеді, ал оның астындағы ұлпа қар ішіне рейка еркін кіреді;

4) қар беті жұмсақ, бос, жаңадан түскен, ал асты қалың. Ауыспалы рейка ұзындығы 180 сантиметр , ені 4 сантиметр, қалыңдығы 2 сантиметр және темір ұшының ұзындығы 5 сантиметр болу керек. Үш жағының соңы рейканың нөл бөлігімен бірдей болу керек. Бөліктерді рейкаға 1 сантиметрден кейін салады.

Танапта қар қабаттары сирек болса, онда бар жерінде өлшейтін жұмыстарын өткізіп, қай делянкалар қармен жабылған, толық жабылмаған немесе қары жоқ делянкаларды сызықпен белгілеп қояды.

221. Жер (қар) бетіндегі минималды температураны бақылау. Осы бақылауды мемлекеттік сортсынау станцияда немесе мемлекеттік сортсынау участокта көктем және күз үсіктерде және қатты аяздарда өткізеді. Түрлі жер бедерде бақылауды барлық жерінде арнайы түрде өткізеді. Күз және көктем үсіктерді және қатты аяздарды анықтау үшін минималды термометрмен пайдаланады.

Алдымен термометрді резервуар жағымен жоғары қарай қояды (сонда штифтик спирт діңгегіне дейін түседі), ал осыдан кейін жер немесе қар бетіне көлденең етіп жатқызады. Термометр қойылған топырақ бетін қайтадан қазып, отауын жүйелі түрде жүргізеді. Қыста термометр қойылған жерді ағашпен белгілеп қояды. Резервуар жағымен термометрды жартылай топырақ немесе қар ішіне кіргізеді. Сонда резервуарды оңтүстік жаққа қарай қаратып орнатады.

Минималды температураның есебін күнде бір рет ертеңгі сағат сегізде өткізеді (жауын-шашындардың есебіне дейін). Осы есептің қортындыларын есеп өткен күнге жатқызады. Есеп өткізгенде көздер штифтиктың соңымен бірдей деңгейде болу керек, градустың оныншы доляларын шамалап өлшейді. Минималды термометрде тиісті түзетулерін жасайды.

Егер бақылау үстінде спирт діңгегі бірнеше бөліктерге бөлінсе, онда термометрді жоғары жақтан алып қатты сілкіп жібереді, сонда спирт бір қатарға жатады. Сонда штифтик төменгі жақта тоқталып жылжымай қалса, термометрді резервуар жағымен жоғары қарай бұрап, басқа жағын алақанмен абайлап соғу керек. Штифтикті жылжыту мақсатыменен термометрді алақанда жылытуға болмайды. Ашық күндері минималды термометрді бақылаудан кейін көлеңке жерге қояды. Кешкісін термометрді қайтадан орнатады.

222. Топырақ ылгалдылығын зерттеу. Суарылмайтын танаптарда топырақ ылғалдылығын бақылауы сыналатын дақылдардың негізгі даму фазаларында

және жауын-шашын көпке дейін болмайтын кезде, осы себептен өсімдіктер қатты азап шеккенде өткізеді.

Eгіс басталмай тұрып, маңызды фенофазалар кезеңдерде және әр суарудың алдында суарылатын жерде, күріш танаптардан басқаларында топырақ ылғалдылығын анықтайды.

Топырақ ылғалдылығын айыру үшін топырақты стандарт сорттардың делянкаларының аяқ жағындағы есепке кірмейтін егістік жерден алады. Топырақ әр жерде орналасқан екі делянкалар алынады. Топырақ 0-20, 20-40 және 40-60 см жер тереңдігінен алады, ал суарылатын мемлекеттік сортсынау участоктарда сынама үлгілерді 0-10, 10-20, 20-40 және 40-60 см тереңдігінен алады.

Жеміс дақылдарының топырақ ылғалдылығын екінші қайталаудың ортасында анықтайды.



Топырақты кептіргіш шкафта кептіріп немесе арнайы жабдықтарды пайдаланып (топырақ бур, шыныдан немесе металлдан жасалған стақандар қақпактарымен, стақандарды тасуына арналған жәшік, техникалық таразылар, кептіргіш шкаф.) топырақ ылғалдылықты анықтайды.

Топырақты алмай тұрып нөмірленген және қыздырылған стақандарды таразыға салып 0,1. г дейін тартады. Қақпақтарды да нөмірлендіреді (стақандар мен қақпақтар бірдей нөмірлермен белгіленеді).

Топырақты алғанда бұрғыны топырақ ішіне кіргізеді.



30-50 г топырақты стақан ішінен пышақпен алдыртып басқа стақан ішіне қояды. Осы стақанның нөмірін жаздырады. Осымен бірге топырақ алынған тереңдікті де белгілейды. Стақанды қақпақпен жауып, жәшік ішіне қояды, жәшікті жұмыс кезінде көлеңкеге қойып қаптарды тігетін матамен жабады.

Топырақты алғанда бурдың сыртын және ішін тазалайды. Жұмыстан кейін скважиналарды алынған топырақпен көміп тастайды, ал бурды тазалап құрғақ жерде сақгайды. Борпылдақ топырақта патрубокпен пайдаланады. Оны скважинаға 10-15 см. тереңдікке кіргізеді.



Топырағы бар стақандарды лабораторияда техникалық таразыға салып өлшейды. Өлшемес бұрын стақандардың сырты мен ішін таза құрғақ шүберекпен сүртеді. Топырақты кептіргіш шкафтарда 100-105 градус температурада кептіреді, өйткені төмен температурада бүкіл ылғал алынбайды, ал одан жоғары температурада қарашіріктің кейбір қоспалары күйіп жоқ боп кетеді. Бұл жағдайда қорытынды дұрыс алынбайды. Құмдау топырақта топырақты 6 сағат кептіреді, сазды топырақта- 7-8 сағат, сазбалшықты- 8-10, шым тезек топырақта топырақты 10-12 сағат кептіреді. Топырақты бірінші рет кептіргеннен кейін стақандарды қақпақтармен жауып, эксикатор ішінде салқындатады, одан кейін таразыға тартып өлшейді. Бақылау кептіруден кейің де осылай жұмыс істейді. Бақылау кептіруі 1-2 сағат ішінде өтеді. Соңғы кептіру мен келесі кептірудің айырмасы 0,2 г болмайынша бақылау кептірулерді қайталап өткізе береді. Лаборато-риялық жұмыстар біткеннен кейін стақандардың ішінен топырақты алып, сүртіп жәшіктің ішіне салады.

Топырақ ылғалдылығын 0,1 % дәлдігіне дейін келесі формула бойынша шығарады:

осында р- топырақ ылғалдылығы, % ;



б - буланып кеткен ылғалдың массасы, г;

а - құрғақ топырақтың массасы, г.

Топырақ ылғалдылығын әр тереңдік үшін барлық өлшемнің орташа пайызы арқылы анықтайды.

Барлық ылғалмен өсімдіктер қоректенбейді. Сондықтан астықты қоректендіретін өнімді ылғал қорларын шығару керек. Өнімді ылғал санын миллиметрмен береді. 1 га жер кеңістікте судың әр миллиметрі судың 10м3 немесе судың 10 т тең болады. Өнімді ылғал қорларын келесі формула арқылы есептейды:

W=0,l x d x h (P-P3)


Осында W - өнімді ылғал қоры, мм;

0,1 - су қабатын мм аудару коэффициенті;

D - топырақтың көлемдік массасы, г/ см3;

һ - өнімді ылғалға арналған топырақ қабатының қалындығы,см.;

Р - топырақ ылғалдылығы, % ;

Р3 - солу ылғалдылығы, %.

Топырақтың көлемдік массасын және солу ылғалдылығын мемлекеттік сортсынау участоктың очеркінен алады.

1 - мысал. 0-20 см. (һ) = 20 см. топырақ қабатында топырақ ылғалдылығы (Р)= 19,2 % тең, топырақтың көлемдік массасы - (d) = 1,12 г / см3, солу ылғалдылығы (Р3) = 11,1 % мелшерінде болады.



0-40 см топырақ қабатында өнімді ылғал қоры келесі мелшерде болады:

0,1 х 1,12 х 20 (19,2 - 11,1) = 18,2 мм.

2-мысал. 20-40 см (һ) = 20 см. топырақ қабатында топырақ ылғалдылығы (Р)= 21,3 % тең, топырақгың көлемдік массасы - (d) = 1,22 г/ см3, солу ылғалдылығы (Р3) = 11,5 % мөлшерінде болады.

20-40 см. топырақ қабатында өнімнің ылғал қоры келесі мөлшерде болады:
0,1 х 1,22 х 20 (21,3 - 11,5) = 23, 8 мм.
0-40 см. қабатында өнімнің қоры қосындысы (18,2 + 23,8) 42,0 мм. немесе 420 м3/га. тең болады.

Солу ылғалдылығынан төмен немесе оған тең топырақ ылғалдылықта өнімді ылғал болмайды (Р ≤ Р3).



223. Метеорологиялық есептеу. Мемлекетгік сортсынау станциялардың және мемлекеттік сортсынау участоктардың бақылау материалдары бойынша және жақын орналасқан метеорологиялық станциялардан алынған мәліметтер негізінде метеорологиялық есеп құрастырылады.

Тәуліктік температура мен ауа ылғалдылығы бойынша орташа декадалық және айлық есептерді шығарады, ал максималды температура бойынша жоғары және төмен температураларын шығарады. Қар қабатының қалыңдығы жайлы мәліметтерін декадалық бақылау бойынша жаздырады.

Ауаның орташа температурасын осылай анықтайды: бір кезеңнің барлық күндердің орташа тәуліктік температуралардың қосындысын (төмен температураны алдырады) кезеңнің күндер санына бөледі. Метеорологиялық белгілерді есептегенде вегетация тоқталған күндерін есептен алдырмайды.

1961 жыддан бастап ауаның орташа көпжылдық температураны және жауын-шашындар қосындысын есептеп шығарады (осы кезең ішінде стандарт сорт өзгеруі мүмкін).

Мысалы, көктем вегетациядан бастап күздік бидайдың стандарт сортының толық масақтануына дейін 22 жыл ішінде жауын-шашындар қосындысы келесі мөлшерде болады: 72,9; 63,8; 42,6; 73,7; 52,5; 62,2: 69,4; 71,7; 72,0; 47,8; 57,6; 37,8; 63,0; 78,3; 32,4; 80,1; 41,8; 63,2; 52,5; 88,6; 31,8; 56,2 мм.; қортывдысы - 1311,9 мм. Жауын - шашындардың орташа көпжылдық саны 1311,9 : 22 = 59,6 мм. тең болады.

Фенологиялық фазалар белгіленбеген жылдарды есепке алмайды.



Сорттар мен будандарға тигізген метеорологиялық жағдайлардың әсерін есепке алады. Осы есепте сорттар мен будандардың қысқа, суыққа, ыстыққа, ауа және топырақ құрғақшылыққа деген төзімділігі көрсетіледі. Ғылыми есептерде сорттар мен будандардың сипаттарын стандарт сорттың (буданның) өсіп жетілуіне байланысты береді.

Дәнді себу алдындағы жағдайларын және жинау жағдайларын сипаттайды, маңызды кезеңдер ауа райына баға қояды және өнімді температураның, жауын-шашындардың ауытқып кетуін белгілейды. Сорттар мен будандардың метеорологиялық жағдайларына берген реакциялардың ерекшеліктерін белгілейды.

Есепке күздің үсіктерінен кейін жиналған дақыл немесе жеке сорт бойынша үсіктер мерзімі мен күші кіреді. Керек жағдайда өсімдіктерге тигізген әсерін қысқаша кезеңдер бойынша бағалайды (қатты аяздар қарсыз болса, аңызақ кезіндегі ауа ылғалдылығы мен температура, өсімдіктер қатты өскенде ылғал жетіспеген жағдайда ж.т.б.).

14 тарау
46. Тәжірибе участоктарының жарамсыз жерлерін есептеп шығару
224. Тәжірибе есебіне кірмейтін жер - есептен шығарылған егістік даланың немесе делянканың белгілі бір бөлігі. Ондай жердің тұрақты немесе уақытша түрлері болады.

Тәжірибеге жарамсыз жерлер оның микрорельефіне, топырақ қабатының құрамына байланысты болады. Ондай, жерлерге шұңқырлар, үстірт жерлер, тұзды, үлкен тасты, құрылыстан босаған, жол салынған жерлер ж.т.б. жатады. Ол жерлерді мемлекеттік сортсынау участоктың картасында және дала тарихы кітабында белгілейді. Егер ондай жерлерге амалсыздан делянка орналастырған жағдайда олардың орнына есепке алынбайтын нөлдік делянкалар қойылады.

Егер топырақ бетінің әр түрлілігі бір жерде бірдей болып келсе ондай жерді жарамсыздыққа жатқызбауына да болады. Кішкентай тұзды дақтарында орналасқан егістерді есептен алдырмайды.

225. Кездейсоқ табиғат апаттарға (су тасқыны, бұршақ ұру) ұшыраған зақымдарға немесе басқа себептерге тап болған (мал егінді таптағанда, зиянды жәндіктерден, кеміргіштерден, проволочниктен, күздік көбелегінен ж.т.б.) және тәжірибе участок дұрыс салмағанын жағдайларда тәжірибе жұмыстары уақытша есепте жарамсыз деп саналады. Кейбір кезде көпжылдық дақылдар егістерінде осындай жағдайларға байланысты уақытша жарамсыз деп табылады.

Жаппай «егілетін дақылдарының кей жерлерінде өсімдіктің сирек болуы отамалы дақылдардың кейбір өсімдіктері шықпай қалуы осындай жерлерді есептен шығармайды. Егер егістер құрғақшылықтан, үсіктерден, мұздан немесе басқа метеорологиялық құбылыстардан, зиянды жәндіктерден немесе аурулардан сиреп кетсе оларды да жарамсыз деп санайды.

Өспей қалған өсімдіктердің орнына егілген көшет сынау егісіне кіреді және осы алаңдарды егістен алдырмайды.

Есепке алынбайтын жерді дұрыс анықтау керек, өйткені делянканың жерлері есептен дұрыс алынбаса тәжірибе қортындылары да дұрыс шықпайды. Тәжірибе үшін жауап беретін мемлекеттік сортсынау участоктың агрономы мен мемлекеттік сортсынау станцияның меңгерушісі есепке алынбайтын жерді анықтайды. Инспектураның мамандары есепке алынбайтын жердің дұрыс қойылуын тексереді.

Сорт қосындыларына байланысты есепке алынбайтын жерде жұмыс істегенде «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау методикасының» тиісті бөлімдерін нұсқау етіп қолданады.

10 шаршы метрден жоғары делянкаларға есепке алынбайтын жерлер шығарылмайды. Делянкаларға есепке жарамсыз жерінің көлемі 30% жоғары болса, ондай делянкалар есептен түгел шығарылады.

Егер тәжірибе делянканың жартысынан да көбі есепке жарамсыз болса онда оны алдыртып, алдыртқандардың ішіне кіргізеді. Есептен шығарылған делянкаларда өнімділікті статистикалық әдіспен есептейді. Егер есептен 50% жоғары сорт делянкалары алынса, онда оны есептен мүлде алдыртады. Егер есептен 50% жоғары қайталау делянкалары алынса, онда оны есептен мүлде алдыртады. Егер тәжірибе участокта есептен 50% жоғары қайталаулар алынса, бүкіл тәжірибе участокты алдыртқандар ішіне жатқызады.

Кең қатарлап және жаппай егілетін егістерде есепке алынбайтын жердің шекараларына қазықшаларды қақтырады, ұзындығын, ені мен көлемін өлшейды. Есепке алынбайтын жердің ұзындығы қатардағы өсімдіктер ара қашықтықтарына еселі болады, ал ені қатар аралықтар еніне еселі болады.

Барлық есепке алынбайтын жерлерді дала журналының жүйелі жоспарына кіргізу керек. Осымен бірге қағылған қазықшалар жоғалған кезде есепке алынбайтын жерді табу үшін олардың жер көлемін осы жоспарда белгілейды.

Осындай жерді есепке кіргізбей қойдыру себептері де беріледі.

Есепке алынған жерден өнімді жинау алдында есепке алынбайтын жерден өнімді жинайды, осыдан кейін оны дұрыстап өлшейді.

226. Егер тәжірибе участок сынаудан толығымен немесе жартысы сынаудан шығарылса, онда оның мөлшері мен себептері белгіленіп арнайы акт жасалынады. Актке мемлекеттік сортсынау участоктың (мемлекеттік сортсынау станцияның) меңгерушісі (директоры), мемлекеттік сортсынау участоктың (мемлекеттік сортсынау станцияның) агрономы және облыс инспектурасының бастығы немесе агрономы қолдарын қояды. Зиянды жәндіктерден тәжрибе участок қатты бұзылса, өсімдіктерді қорғау қызметінің мамандарын акт жасауға шақырады. Барлық акттар Мемкомиссияда бекітіледі, содан кейін оларды мемлекеттік сортсынау участоктың (мемлекеттік сортсынау станцияның) есебіне қосады.

Жылдық есеп беруде алдырған мәліметтер бойынша сызық қойылады және орташа көрсеткіштерді есептегенде есепке алмайды.

Егер мемлекеттік срртсынау станциялар немесе мемлекеттік сортсынау участоктар мамандарының қателіктерінен кейбір делянкалар, сорттар немесе сынақ тәжірибе есептен алынса, онда оларды жарамсыздыққа жатқызады. Егер сорттарды қолайсыз жағдайда сынаса, сонда ғана міндетті түрде брактау өтеді.

227. Көбінесе жарамсыздық темендегі себептерге байланысты болады:

1) тұкымды себу мөлшері бұзылғаннан өсімдіктер жиілігі қатты қалың немесе өте сирек болса, себудің дефектерінен, сапалары төмен ұрықтарын сепкеннен, механикалық зақым келтіргеннен ж.т.б. себептерден, өсімдіктердің жиілігінде айырым келесі мөлшерде болса:

- бірдей немесе кең қатарлап себілетін дақылдарының толық өскіндерінде 15 % жоғары болса;

- отамалы дақылдар бойынша қатар аралықты соңғы өңдеуден кейін 20% жоғары болса;

2) делянкаларды дұрыс жерге орнатпаса - ескі жолда, межада, биіктікте, жауын-шашындар жауғанда су ағатын шұңқырларда, бұрын кагатгар мен баулар орналасқан жерде;

3) дақылды күтіп баптау технологиясын бүзғанда - топырақты дұрыс дайындамағанда, егісті уақытында өткізбесе, арамшөп қатты басып кетсе, тыңайтқыштарды дұрыс бермесе, делянкаларды дұрыс суармаса, қолмен жинаса немесе өз уақытында жинамаса;

4) тәжірибе участогын тұқымдармен еккенде, пробаларды алғанда, есептер. мен бақылауларды өткізгенде методиканың талаптарын бұзса.

Өнімді аз алған тәжірибе участокқа ерекше көңіл бөледі. Агротехника бұзылғаннан, егіс уақытында алынбағаннан осындай тәжрибе участоктарда төмен өнім алынады;

Осында жарамсыздықтың барлық түрлері берілмейді. Жарамсыздық туралы мәселе сынауды өткізу жағдайларына сәйкес шешіледі. Егер мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участокта бір белгі бойынша есеп пен бақылаудың қортындалары бір бірінен айырылып тұрса, онда сынау өткізу жағдайларын және өнім есептеу қортындыларын дұрыстап зерттеу керек. Бірақ осыларды жарамсыздыққа әкелген себептерге жатқызбайды. Сынау қортындыларын зерттегенде тәжрибе участокты егу немесе есеппен бақылау жұмыстары дұрыс жасалынбаса брактау жүргізіледі.

Қайталаулар айырмашылықтың немесе қайталау бойынша өнімнің әр түрлілігінің нақты себептері табылмаса онда бүкіл делянкаларды бракқа шығаруға болмайды.

Тәжірибе участокпен, сортпен немесе бөлек делянкамен, есеп пен бақылаудың көрсеткіштерімен пайдалану және оларды брактау жайлы ұсыныстарды мемлекеттік сортсынау станцияның директоры, мемлекеттік сортсынау участоктың меңгерушісі береді және облыс инспектурасының бастығы шешіп Мемлекеттік комиссияның Тәрағасы бекітеді.

Есеп жылы бракқа шығарылған барлық өнім және басқа қортындыларын жылдық есепке кіргізбейді, ал тиісті графаларға «жарамсыз» дегенді жазып жарамсыздық пайда болған себептерін жазады.

Қортындыларды инспектурада брактағанда тиісті цифрларды қызыл сиямен (оқығанда көрінетіндей етіп) сызып тастайды және «жарамсыз» дегенді жазады.

228. Қолайсыз жағдайлардан (жаман қыстаудан, құрғақшылықтан, топырақтың артық ылғалды болуынан, аурулардан және зиянды жәндіктерден) төмен өнімділік алынса немесе тәжірибе участоктың жеке және бүкіл сорттар солып қалса, осы себептен оларды сынаудан алдыртуға болмайды. Егер сорттар солып кетсе олардың өнімділігі нөлге тең болады, осы мөлшерге көпжылдық орташа өнімділікті шығарғанда назар аударады.

Күздік дақылдар бойынша тәжірибе участок пен жеке сорттар солып кеткен болып саналады, егер қыстаудан кейін 30% өсімдіктер сақталса оларды қайтадан отырғызады.

Тегістейтін егістер қатты зақымға ұшырап кетсе немесе солып кетсе оларды мемлекеттік сортсынау участокта стихиялы құбылыстардан сақтау үшін актпен дайындайды. Акт бойынша алдырылған, бірақ қайта егілмеген алаңдарды есепке нөлдік өнімді етіп кіргізеді.

Сынау және тегістейтін егістер солып қалуы жайлы барлық фактілерді Мемлекеттік комиссияға жедел түрде хабарлайды.

15 тарау
47. Мемлекеттік сортсынаудың құжаттары
229. Мемлекеттік сортсынау методикасында көрсетілген бақылаулар мен қортындылар Мемлекеттік комиссия бекіткен құжаттарына кіргізеді. Бақылау және есеп календарьларын мемлекеттік сортсынау станцияда және мемлекеттік сортсынау участокта құжаттарды толтыру үшін хронологиялық тәртібімен жасайды. Есеп және бақылау қорытындыларын қаламсаппен немесе қарындашпен көрінетіндей етіп жазу керек. Цифрларды немесе атауларды түзетуге болмайды. Түзеткен жағдайда сызып тастаған цифрлар жақсы көрінуі керек, олардың жоғарғы жағына жаңа цифрларды жазады. Ғылыми қүжаттарға түзетулерді кіргізгенде олардың себептерін анықтап, түзеткен адамның (мамандығы жазылып) қолы қойылады.

Сыналатын немесе пайдалануға рұқсат етілген сорттар аттары Мемлекеттік сорт кітабында немесе Мемлекеттік тізбеде белгіленген аттарымен сәйкес болады және ғылыми құжаттарда беріледі. Дала журналының, жылдық есебінің және басқа құжаттардың барлық бөлімдері мен таблицаларын міндетті түрде толтыру керек. Егер есептер мен бақылауларын кейбір себептерден жүргізбесе, онда оның се-бебін ашады.

Егер кейбір сорттар бойынша бақылау өтсе, ал басқа сорттар бойынша өтпесе, онда бақылауы өтпеген сорттар графаларына нөл белгісін қойдырады, егер бақылау мүлде өтпесе сызық қойылады.

Ғылыми құжаттар дайындаған, бекіткен адамдардың қолдарымен күәландырылады. Егер дала журналында, жылдық есепте немесе басқа құжаттарда қате табылса онда мемлекеттік сортсынау станцияның меңгерушісі немесе мемлекеттік сортсынау участоктың мамандары осы үшін жауап береді.

230. Дала журналы - ең негізгі құжат болып саналады. Оның ішіне ауыл шаруашылық жұмыстары, есептер мен бақылаулары жайлы барлық мәліметтер кіреді. Дала журналының таблицаларына copттар мен будандарды егу тәртібіне сәйкес кіргізеді.

Жылдық есепті алғаннан кейін және есептер мен бақылаулар толық біткеніне дейін дала журналын толтырады. Көпжылдық дақылдар бойынша дала журналын әр жыл сайын толтырады. Барлық бақылаулар мен есептер қортындыларын өз уақытында дала журналына кіргізеді. Зиянды жәндіктерден зиян шеккендігінің есебін, өнім есебін және дегустациялық бағаларын арнайы формаларға жатқызады.

Есептер мен бақылауларды шимай дәптерге (блокноттарға, дәптерге және тағы басқа) жазуға болмайды. Есептер мен бақылауларды тек дала журналына кіргізеді.

231. Мемлекеттік сортсынау станциялар мен мемлекеттік сортсынау участоктарда танап, көкөніс және азықтық дақылдар бойынша дала тарихы кітабын жүргізеді. Осы кітап ең негізгі құжат ретінде саналады, оның ішінде тәжірибе участоктардың және тегістейтін егістердің орналасуы, технологиялық операциялар, тыңайтқыштар беру мерзімі, өнімділік дәрежесі беріледі. Дала тарихы кітабын дұрыс және өз уақытында толтыру үшін мемлекеттік сортсынау участоктың меңгерушісі жауап береді. Көпжылдық дақылдарын зерттейтін мемлекеттік сортсынау участоктарда және мемлекеттік сортсынау станцияларда сорттар егу кітабын толтырады.

232. 15 күн ішінде конкурсты сынаудың өнімі жиналғаннан кейін мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участоктың меңгерушісі облыс бойынша инспектураға және Мемкомиссияға «Сыналатын сорттардың негізгі көрсеткіштері» форма бойынша сынау қортындыларын жіберуі тиіс. «Негізгі көрсеткіштері» атты формада әр сортқа жалпы баға қойылады:

5 балл - өте жақсы сорт, сыналатын сорттар ішінде шаруашылық белгілері бойынша жоғары, перспективты немесе пайдалануға рұқсат, етілген сорттар қатарына жатқызуға болатын сорт;



4 балл - жақсы сорт, шаруашылық белгілері бойынша көптеген сорттардан кем емес, сынауын жалғастыру керек;

3 балл - жақсы да жаман қасиеттері табылмаған сорт, сынаудан өткізу керек;

2 балл - жай сорт, шаруашылық қасиеттері бойынша кемшіліктері табылған, сынаудан алдыртуға болады;

1 балл - жаман сорт, шаруашылық белгілері бойынша көптеген кемшіліктері табылған, сынаудан алдыру керек.

233. Әр дақыл бойынша мемлекеттік сортсынаудан алынған жылдық қортындыларын, жылдық есебінде жинайды. Бақылау соңына жеткеніне, жетпегеніне қарамастан әр сынаудың қортындыларын осы жылдық есебіне кіргізеді. Егер тәжірибе участок сынаудан алынған болса, онда жылдық есебіне сынаудан алынған себептерін жаздыру керек.

Аудандық мемлекеттік тұқымдық инспекцияның және мемлекеттік сортсынау участоктың сараптамалары бойынша есепте көшет материалдың сапасы көрсетіледі. Ұрықтардың сорт қасиеттерін жолдама құжаттары, апробация қортындылары және бау үлгілері бойынша анықтайды. Жинау басталғанынан бастап сынау біткеніне дейін техника мен жабдықтар маркаларын, тыңайтқыштар түрлері мен дозаларын, өсімдіктерді қорғау құралдарменен пестицидтарын белгілеп, шығару технологияның элементтерін атап шығады.

Есепте тәжірибе участогын дұрыс салдырғаны жайлы мәліметтер беріледі. Керек жағдайда станция директоры, мемлекетгік сортсынау участоктың меңгерушісі жеке варианттарын немесе тәжрибе участогін брактау жайлы ұсыныстарын жарамсыздықты тудырған себептерімен бірге береді. Есепке алынбайтын жерді де сипаттайды.

234. Метеорологиялык жағдайларын анықтау үшін мемлекеттік сортсынау станцияның, мемлекеттік сортсынау участоктың метеорологиялық есебінің, қортындыларымен және дала журналының қортындыларымен пайдаланады. Жауын- шашындарды анықтау үшін мемлекеттік сортсынау участоктан алынған қортындыларымен пайдаланады.

Жылдық есепке және «Негізгі көрсеткіштер» формаларға біріншіден стандарт сортты жаздырады. Стандарт сорттың бірнеше делянкалары болса біріншіден оның орташа мағынасын жаздырады, ал оның астына стандарт сорт бойынша оның әр мағынасын жаздырады. Стандарт сорттың орташа мағынасы бойынша және әр мағынасы бойынша оң жақты цифрдың орнына нөлді қояды. Көпжылдық нәтижелер таблицаларына стандарт сорттың орташа мағынасын жаздырады. Топтарға бөлінген тәжірибе участогында біріншіден стандарт сорттарды жаздырады.



Сортсынауды өткізетін мамандардың бақылағыштық қасиеті ең маңызды фактор ретінде табылады. Сорттың жақсы және жаман реакцияларын (өсімдіктер жиілігінің ярустығы, масақтану бір мезгілде болмауы, жапырылу ерекшелігі, өнім шығыны және тағы басқа) әсіресе экстремалды жағдайларда (суықта, үсіктерде, құрғақшылықта, қатты ылғалдылықта және тағы басқа) анықтау керек.

Сортсынау қортындылары, сапалы көрсеткіштері және өндірістік сынаудың анализі бойынша мемлекеттік сортсынау станция директоры, мемлекеттік сортсынау участок меңгерушісі мамандарымен бірге әр сыналатын сорт бойынша ұсыныстарды қарайды:

өнімділік көрсеткіштері, өнім сапасы, иммунитет және шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша жақсы ңәтижелер алынса, стандарт сорттан да жоғары нәтижелер алынса, оны перспективті немесе пайдалануға рұқсат етілген сорттар қатарына жатқызуға болады;

дұрыстап зерттелінбеген сорттар бойынша сынау өткізу керек;

бірінші және екінші сынау жылдары өнімділік бойынша жақсы нәтижелер алынса оларды өндірістік сынауға жіберу керек;

зерттелінген, бірақ пайдалануға рұқсат етілген сорттарға қарағанда төмен нәтижелер берген сорттар сынаудан алынады.

Өндірістік сынаудың нәтижелерін № 41 форма бойынша анкетаға жазады.

Дақыл бойынша бүкіл тәжірибе участок немесе оның жартысы солып кетсе оның себептерімен бірге мемлекеттік сортсынау станцияның немесе мемлекеттік сортсынау участоктың және облыс инспектураның мамандарымен жасалған акт есебінің ішіне кіреді. Ауруларға шалдыққаннан, зиянды жәндіктерден зиян шеккеннен тәжірибе участогі солып кетсе өсімдіктерді қорғау қызметінің мамандары акт жасауына қатысады. Тәжірибе участоктың солуына байланысты акттарды Мемкомиссия Төрағасы бекітеді.

Қортындыларды дала журналынан жылдық есепке кіргізгенде жазулардың дұрыстығын тексереді.

Жылдық есебінің таблицаларына оларды жасаған маманның және тексерген маманның қолдары қойылады. Олар мәліметтер және басқа материалдар дәлдігі үшін жауап береді.

Сортсынау қорытындылары жайлы жылдық есепті мемлекеттік сортсынау участок және мемлекеттік сортсынау станция үш дана етіп шығарады. Одан кейін инспектураға тексеру және бекіту үшін жібереді.

235. Мемлекеттік комиссияның мамандары және бастықтары сынау сапасының бақылауын жүргізеді және мемлекетгік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участок есебінің дұрыстығын тексереді. Жылдық есеп облыс инспектураларымен тексерілгеннен кейін, барлық есептерді жинап, мөрмен бекітіп Мемкомиссияда және инспектурада мемлекеттік сынаудың негізгі құжаты ретінде сақтайды.

Егер есепке кейбір өзгерістер енгізілсе онда инспектураның бастығы жазбаша түрде мемлекеттік сортсынау станция мен мемлекеттік сортсынау участокты алдын ала осы өзгерістер жайлы ескертеді. Жылдық есепті тапсыру мерзімін инспектураның бастығы бұйрықпен бекітіп қойдырады.

Перспективті сорттар қатарына кіретін, пайдалануға рұқсат етілетін немесе пайдалануға болмайтын, сынаудан алынатын, өндірістік сынауға арналатын сорттар бойынша есептерде толық анықтама беріледі. Өткен жылдың.басқа да сорттар (1-2 жыл сыналатын жаңа сорттар) қасиеттерін белгілейді.



236. Сорттар сипаттамасында перспективті және пайдалануға рұқсат етілген сорттардың алғы дақылға берген реакциялары, себу мерзімі мен мөлшері беріледі.

Мемлекеттік сортсынау участоктардың есептері мен материалдарында міндетті түрде инспектураның шешімі болу керек және инспектураның агрономы мен бастығының қолдары тұру керек. Ең соңында сынауға және есепке баға қойылып қателер мен кемшіліктер көрсетіледі.

Мемлекеттік сортсынау участоктар мен мемлекеттік сортсынау станциялардың, есептерін орналасу тәртібіне қарай реттейді. Жылдық есептерді тапсыру мерзімдерін Мемлекеттік комиссия бұйрығымен бекітеді.

Мемлекеттік сортсынау участоктарда ұсынған сорттар өндеуін «Сорттармен пайдалануға рұқсат ету жөніндегі ұсыныстар» түрде өткізеді, сынаудан алдыртуын «Сынаудан алдыртуын түсіндіру таблицасы» ретінде береді.

Мемлекеттік сортсынау участоктар мен инспектуралар бір жылға арналған ғылыми және өндіріс жұмыстың жоспарын жасайды. Әр жыл сайын мемлекеттік сортсынау участоктар инспектураларға, ал инспектуралар Мемкомиссияға ғылыми-өндіріс жұмысы жайлы есеп жібереді.

Мемлекеттік сортсынау участоктарда осымен бірге келесі жұмыстар өтеді:



1) тәжірибе участоктарды есепке алу кітабы жүргізіледі. Осы кітап ішінде мемлекеттік сортсынау участокта сыналған сортгар, жеке сорттарды өсіріп өндіру технологиясының варианттары, методикалық және басқа сынаулар, оларды зерттеу мерзімі тіркеленеді;

2) метеорологиялық есеп мемлекеттік сортсынау участокта және мемлекеттік сортсынау станцияда метеорологиялық бақылаулар бойынша толтырылады;

3) жеміс-жидек, субтропикалық, жүзім және орман мемлекеттік сортсынау участоктарда қалемшелер мен көшет материалын алу және жіберу жайлы кітаптар жүргізеді.

Мемлекеттік сортсынау участок, инспектура және лаборатория ғылыми құжаттарын номенклатурада және инвентарлық тізімдерінде сақтайды.

Ғылыми құжаттарды екі түрге бөледі: тұрақты сақтау мерзіміне (жылдық ғылыми есептер және тағы басқа) және 1-. 3-, 5 және 10-жылдық сақтау мерзіміне (тұқымдарға арналған нарядтар мен разнарядкалар, хат алысу).

237. Жұмыстарды дүрыс өткізу үшін мемлекеттік сортсынау участоктар және мемлекеттік сортсынау станциялар қаңтар айының 1 жұлдызына дейін номенклатураларды толтырады. Номенклатураны жергілікті мемлекеттік архив бекітеді. Мемлекетік сортсынау участоктың номенклатурасын облыс инспектураның бастығы бекітеді.

Тұрақты сақтау мерзімінің жұмыстарына арнап мемлекеттік сортсынау участоктарда және инспектураларда инвентарлық тізімін жасайды. Осы тізімдерін жүйелі түрде өткен жылдың материалдарымен толтырады.

Барлық құжаттарды түптейді (дала журналдарын, ғылыми есептерін, кеңестің, комиссияның мәжіліс хаттары және тағы басқа) және тұрақты сақтайды. Әр істің сыртқы мұқабасына немесе титулды қағазына жазады:

1) мекеме аталымы, мысалы: ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссия, Ақтөбе облыс инспектура, Алғын мемлекеттік сортсынау участок;



2) жұмыстың аты, мысалы: 2001 ж. жүгері сорттарын сынау қорытындылары туралы есеп;

3) парақгар саны;

4) тізім бойынша істің рет нөмірі.



Істің, ғылыми есебінің барлық парақтарын қарындашпен нөмірлендіреді. Ең соңғы таза парағына парақтар санын және мерзімін қойдырады.

Барлық материалдар мен есептердің мазмұнын ғылыми есептерде және кеңестің мәжіліс хаттарында (кеңестің мәжіліс хатгарына мерзімін, орны мен рет нөмірін міндетті түрде қойдырады) титулды парақтан кейін жасайды.

238. Сақтау мерзімі 1-, 3-, 5- және 10- жылға дейінгі жұмыстарды сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін қайтадан қарастырады (пайда болған құндылықты қүжаттарды алдырту үшін). Материалдар тізімдерін мемлекеттік сортсынау участоктарда инспектура бастығы бекітеді, ал инспектурада жергілікті мемлекекттік архив бекітеді. Жұмыстарды жабу үшін арнайы акт жасайды.

Мемлекеттік сортсынау станциялардың директорлар және мемлекеттік сортсынау участоктардың меңгерушілері ауысқанда құжаттарды инвентарлық тізімдермен бірге акт бойынша жібереді. Бір данасын инспектураға жібереді. Құжаттарды және актты толтырғанына инспектура бастығы қойдырған өкілі немесе бастықтың өзі қатысады.

Мемлекеттік сортсынау станциялар және мемлекеттік сортсынау участоктар материалдарын (аудандық мемлекеттік архивтарға) мемлекеттік сақтауына бермейді. Инспектура тұрақты сақталатын материалдарын, ғылыми есептерін мемлекеттік архивке жібереді, ал соңғы 10 жылдың құжаттарын пайдалануға қалдырады. Акттар мен инвентарлық және тапсыру тізімдерін тұрақты сақтайды.

Құжаттардың сақтау, дұрыс толтыру, тіркеу, архивті-техникалық жөндеуі және пайдалануы үшін мемлекеттік сортсынау станциялардың директорлары, мемлекеттік сортсынау участоктардың меңгерушілері, инспектуралардың бастықтары жауап береді.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет