Эфир майлы дақылдарға жалпы сипаттама


Егістікті күтіп-баптау шаралары



бет14/15
Дата03.09.2023
өлшемі252,55 Kb.
#180094
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дәріс 10

Егістікті күтіп-баптау шаралары.Танапты тырмалаудан (егін көгі шыққанға дейін және шыққаннан соң) және қатараралықты (2-3 рет) өңдеуден тұрады. Кең қатармен себілген мақсары егісі КРН 4,2 немесе КРН 5,6 культиваторларымен қатараралықтары өңделеді. Бірінші рет культивациялау 6-8 см тереңдікте, екіншісі 8-10 см, ал үшіншісі 6-8 см-ге жүргізіледі. Бірінші культивациямен бірге өсімдік минералды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріледі.
Суармалы егіншілікте мақсарыны 2-3 рет суару ұсынылады. Әрбір суару мөлшері 600-800 м3/га.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік шығысында мақсары егісі 30 аса зиянкестермен зақымдалады. Олардың ішіндегі кең тараған түрлері: кіші және үлкен мақсары бізтұмсықтары, мақсары шыбыны, жидек кенесі және т.б. Күресу шаралары: егер бізтұмсықтар саны 1 шаршы метрде 2-3 данадан асса, онда 5 % каратэ немесе кинмикс 2,5% препараттарының бірімен 0,15-0,20 л/га мөлшерінде (жұмысшы ерітінді – 200-250 л/га) егістік бүркіледі.
Мақсары ауруларына қарсы (тат жапырақтың қоңыр дағы т.б.) алдын алу шарасы ретінде тұқым дәріленеді (жоғарыда жазылған).
Мақсарыны жинау.Мақсары тұқымын толық піскенде астық комбайндарымен тікелей орып бастырады. Мақсары тұқымдары біркелкі піседі және шашылмайды, сондықтан оны кешірек те жинауға болады.
АРЫШ
Арыш тұқымында 40-60 % дейін кебетін май бар, ол негізінен техникалық мақсатқа – лак пен сыр, сабын қайнату т.б. өнеркәсіп салаларында – пайдаланылады. Тағамдық сапасы күнбағыс, зығыр майларынан анағұрлым төмен, сондықтан аз қолданылады. Арыш күнжарасы – құнарландырылған мал азығы, оның 100 кг қоректілігі жағынан 115 азықтық өлшемге тең, алайда малға көп беруге болмайды, өйткені оның құрамында улы зат – гликозид – болады. Сонымен қатар арыштың басқа майлы дақылдарға қарағанда айтарлықтай артықшылықтары да бар: ерте және біркелкі піседі. Сақтандыру және шабылмалы дақылдар ретінде пайдалануға да болады. Бұл сапасы арышты вегетация кезеңі қысқа Солтүстік Қазақстан жағдайында өсіруге мүмкіндік береді. Ол Шығыс Қазақстан облысында кеңірек тараған, орташа тұқым өнімі 10-12 ц/га дейін жетеді.
Арыш өсірілетін аймақтардың шаруашылықтарында арыштың екі түрі өсіріледі – күздік және жаздық формалары. Егістікте жаздық арыш кеңірек тараған.
Жаздық немесе егістік арыш (Camelina sativa) қырыққабат тұқымдасына жатады. Бұл кіндік тамыр жүйесі бар бір жылдық шөптесін өсімдік, жіңішке бұтақты, биіктігі 50-60 см. Жапырақтары – қарапайым, сағақты, қатты және қысқа түктермен қапталған. Гүл шоғыры – шоқгүл. Гүлдері ұсақ, өңсіз – сары түсті. Жемісі – алмұрт пішінді бұршаққын, піскенде жарылып кетеді. Тұқымдары ұсақ (1,5-2,0 мм), ұзынша-сопақ, қызыл-күрең түсті, ылғалданғанда жылпылдағыш болып келеді. 1000 тұқымның массасы – 1,0-1,5 г (Сурет 37).

Сурет 37. Арыш


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет