Эфир майлы дақылдарға жалпы сипаттама


Өсіру технологиясындағы ерекшеліктер



бет7/15
Дата03.09.2023
өлшемі252,55 Kb.
#180094
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Дәріс 10

Өсіру технологиясындағы ерекшеліктер.Ауыспалы егістегі орны. Қышаға сүрі танабында өсірілген дәнді дақылдар, дәнді бұршақ дақылдары, отамалы дақылдар және сүрі жерлердің барлық түрлері жақсы алғы дақыл болып табылады. Қышаны күнбағыстан, тары мен қырыққабат тұқымдастары дақылдарынан кейін (рапс,қышабас, қыша ж.б.) орналастырмаған дұрыс. Қыша – масақты дәнді дақылдар үшін бағалы алғы дақыл: танапты ерте босатады, тамыр жүйесі 1,5 м дейін топырақ қабатына бойлай отырып оны жақсы борпастандырады, органикалық заттармен байытады; тамыр және аңыз қалдықтары топырақта сақталған аурулар және зиянкестерге езгілей әсер етеді.
Топырақ төңдеу жүйесі алғы дақылға байланысты өзгереді, алайда барлық жағдайларда ол ылғал жинақтауға, арамшөптерді құртуға, егін көгінің жаппай көктеуіне топырақтың тегіс және ылғалды бетін жасауға бағытталуы тиіс топырақты негізгі өңдеу оңтайлы мерзімде 22-25 см-ге терең жүргізіледі. Көктемде физикалық пісуінен бастап себу алдындағы топырақ өңдеу жұмыстары қарастырылады: 3-4 см тереңдікте тырмалау, 5-6 см себу алдындағы культивация және ұсақ кесекті топырақ құрылымын қамтамасыз ететін тығыздау.
Тыңайтқыш жүйесі.Қыша топырақтағы қоректік заттарға талапты тдақыл. Ол 1 ц тұқымы мен соған сәйкес жер үсті массасын қалыптастыру үшін топырақтан 5,5-6,0 кг азот, 2,0-3,0 кг фосфор және 2,5-3,5 кг калий шығындайды. Фосфорлы-калийлі тыңайтқыштарды топырақтың астына негізгі өңдегенде енгізеді. Дақыл органикалық тыңайтқыштарды да қажетсінеді, алайда оларды алғы дақылға енгізген жөн, өйткені тікелей енгізгенде танаптың арамшөптермен ластануын күшейтеді әрі қышаның пісуін ұзартып жібереді.
Себу жұмыстары.Қыша ерте себуді қажетсінетін дақыл. Оның жаппай көктеуіне топырақтың тұқым сіңірілген тереңдігінде температура 8-10°C оңтайлы деп есептеледі. Мұндай кезең әдетте масақты және дәнді бұршақ дақылдарының себу мерзіміне сәйкес келеді. Сонымен бірге ерте себудің артықшылықтары да бар:
-жоғары оң температура және топырақтың ылғалды беткі қабаты қуатты тамыр жүйесі мен жапырақ дегелегін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, ал бұл өз кезегінде дақылдың арамшөптермен бәсекелестігін арттырады.;
-қыша ұзақ күн өсімдігі болғандықтан, кеш себілген жағдайда ол барлық өсіп-даму кезеңдерін жеделдетіп өтеді. Ал мұның өзі тұқым өнімділігін төмендетеді;
-ерте себілген қыша егістігі қырыққабат бүргелерінен аз зардап шегеді.
Қышаның кең тараған себу тәсілі – жаппай қатардағы (15,23 см) тәсіл (СЗТ-3,6 ж.б.) танап арамшөптермен ластанған болса, кең қатарлап (45-46 см) себуге де болады. Жаппай қатардағы тәсілде себу мөлшері 2,5-3,5 млн/га өнгіш тұқым (10-12 кг/га), ал кең қатарлыда – 1,5-2,0 млн/га (6-8 кг/га). Себу тереңдігі топырақтың механикалық құрамы мен ылғалдылығына байланысты 2,0-4,0 см –ден 5,0-6,0 см-ге дейін өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет