Эфир майлы дақылдарға жалпы сипаттама


Морфологиялық ерекшеліктері



бет2/15
Дата03.09.2023
өлшемі252,55 Kb.
#180094
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәріс 10

Морфологиялық ерекшеліктері. Күнбағыс астра (Asteraceae) тұқымдасына жатады, біржылдық күнбағыс (Heliаnthus annuus) екі дербес түрге ажырайды – мәдени күнбағыс (H.a. culfus) және жабайы күнбағыс (H.a. ruderalis). Мәдени күнбағыс екі түр тармағына – егістік (H.a.c. safivus) және әшекей күнбағысы (H.a.c. ornamentalis) – бөлінеді. Шекілдеуігінің мөлшері, майлылығы мен қабықтылығы бойынша күнбағыстың үш тобы ажыратылады: майлы, шағылатын және аралық. Майлы күнбағыстың өндірістік маңызы бар.
Біржылдық күнбағыс – шөптесін өсімдік. Тамыры кіндікті, топыраққа 2-4 м дейін бойлайды және 100-120 см дейін жан-жағына тарайды. Сабағы – тік өседі, қатты түктермен көмкерілген, ішкі қуысы борпылдақ өзекпен толтырылған, биіктігі 0,7-4,5 м дейін (майлы сорттары бұтақтанбайды және 2,5 м дейін). Жапырақтары қарапайым, ірі, сағақты, сопақ-жүрек пішінді, қатты түктермен жабылған, ұштары үшкірленіп аяқталады, ара тісті. Төменгі жапырақтары (2-3 жұбы) қарама-қарсы, ал жоғарғылары кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры – диаметрі 15-25 см, дөңгелек пішінді себет. Оның негізін гүл тұғыры құрайды, шеттерінде жыныссыз тілді, насекомдарды тарту үшін, ал ортасында – қос жынысты түтік тәрізді гүлдер орналасқан. Олар бірұялы жатыннан және бес аталықтан тұрады. Жемісі – шекілдеуік, 4 анық көрінген қыры болады, ол жеміс қабығынан және тұқымнан құралады. 1000 шекілдеуігінің массасы майлы сорттарында 40-80г, шағылатындарында – 170 г-ға дейін
Өзінің дамуында күнбағыс мынадай өсу және даму кезеңдерінен өтеді: тұқымының өнуі, көктеуі, бүрленуі, гүлденуі, шекілдеуігінің өсуі, толысуы, пісуі (физиологиялық пісу кезеңінде себеттің төменгі жағы сары түске енеді, ал шекілдеуігінің ылғалдылығы 34-40%, толық пісу кезеңінде себет сарғыш-қоңыр түсті, тілді гүлдер қоңырланып түсіп қалады, жапырақтары қурап түседі).
Биологиялық ерекшеліктері. Күнбағыс шекілдеуігі 4-60С температурада өне бастайды, ал тіршілікке қабілетті егін көгі 16-180С-да пайда болады. Өскінді тұқымдар – 100С-ға дейінгі, ал егін көгі - -5-60С бозқырауды көтереді. Гүлдену кезеңіндегі оңтайлы температура – 25-270С.
Күнбағыс 300С-дан жоғары температураны басқа дақылдармен салыстырғанда жеңіл көтереді, себебі түкті жапырақтары мен сабақтары транспирацияны күшейту нәтижесінде өсімдік жақсы салқындайды. Толық вегетация кезеңіне қажетті белсенді температура жиынтығы 1800-25000С. Солтүстік Қазақстан жағдайында ерте және ортадан ерте пісетін сорттар үшін бұл көрсеткіш – 1900-21000С. Аталған аймақта күнбағыс вегетациясының ұзақтығы 95-120 тәулік.
Күнбағыс ылғалды көп қажетсінеді, алайда қуаңшылыққа да төзімді, бұл оның топыраққа терең бойлайтын және терең қабаттан су сіңіру қабілетін күшейтетін тамырына байланысты. Транспирациялық коэффициенті 470-550, 1 ц тұқымның құрғақ затын қалыптастыру үшін 200 м3, ал сүрлемге өсіргенде 1ц құрғақ затқа – 85-150м3 су шығындайды. Гүлденуге дейін күнбағыс бүкіл қажет ылғалдың 20-22,4 %, себет түзілгеннен (бүрлену кезеңі) гүлденуге дейін – 60 %, ал қалған 17,6 % - пісу кезеңінде пайдаланады. Сонымен ылғалмен салыстырғанда қиын-қыстау кезеңі – бүрлену-гүлдену кезеңі және ол созылыңқы сипатта. Күнбағыстың өсіп-дамуына қара және күңгірт қара-қоңыр топырақтар қолайлы болып табылады, ал құмдақ, сазданған және сортаң топырақтар ол үшін жарамсыз. Күнбағысқа топырақ ортасының реакциясы рН – 6,7-7,5 болғанымен бидайға қарағанда ол көп мөлшерде қоректік заттарды сіңіруімен ерекшеленеді.
Күнбағыс егін көгінен бүрленуге дейін азот пен фосфордың 30 %-ын, калийдің 35 %-ын сіңіреді. Оның 1 ц тұқымы топырақтан 6-7 кг азот, 2,0-2,5 кг фосфор, 10-12 калий шығындайды. Өсімдігі жарық сүйгіш, көлеңкеленгенде және бұлыңғыр ауа-райында өсуі мен дамуы әлсіз жүреді де вегетациялық кезеңі ұзарып кетеді.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары мен будандары: Ислеро (орташа мерзімде пісетін будан) – ШҚО, Павлодар обл.; Казахстанский 1 (орташа мерзімде пісетін будан) – Павлодар, ШҚО, Ақмола, Қызылорда обл.; Казахстанский 341 (орташа мерзімде пісетін будан) – Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан обл.; Сибирский 91 (ультра ерте пісетін сорт) – Қарағанды, Павлодар обл.; Солнечный 20 (ерте пісетін будан) – СҚО, ШҚО, Павлодар обл.; СПК-Кондитерский (орташа мерзімде пісетін сорт) – Ақтөбе, Ақмола, Павлодар обл.; Восточный (будан) – Ақмола обл.; Торедо (ерте пісетін сорт) – Павлодар облысында ж.б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет