Эфир майлы дақылдарға жалпы сипаттама



бет4/15
Дата03.09.2023
өлшемі252,55 Kb.
#180094
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәріс 10

Егінді жинау. Күнбағыстың піскен піспегенін мына белгілері бойынша анықтайды: себеттің астыңғы жағының сарғаюы, тілді гүлдердің солуы мен түсуі, шекілдеуігіндегі тұқымның қатаюы, көпшілік жапырақтарының қурап түсуі. Күнбағыс тамырында тұрып қалғанда шекілдеуігінің еріксіз шашылуы мен танаптың ластануына әкеліп соғады. Себеттерінің 85-90 % қоңырланғанда (тұқымның ылғалдылығы 12-14 %) күнбағысты жинай бастайды. Жиналған тұқымды бірден кептіріп, қалыпты сақтау үшін 8-10 % ылғалдылыққа жеткізген дұрыс.
РАПС
Рапс (Brassica napus) – қырыққабат тұқымдасына (Brassicaceae) жатады. Тегі ертедегі еуропалық біржылдық майлы өсімдік. Ғалымдардың түсіндіруі бойынша ол мал азықтық қырыққабат пен қышабастың спонтанды будандасуынан пайда болған. Дүние жүзінде рапстың егістік аумағы 9,0 млн гектардан асады. Біздің елімізде оның егістігі 2007 жылы 170,7 мың га болды, жалпы майлы-тұқымының түсімі 118,3 мың тоннаға жетіп, орташа өнімі 7,4 ц/га құрады. Қазақстанда соңғы жылдары оның егістік аумағы артып келеді. Атап айтқанда – 2008 жылы – 173,6, ал 2009 жылы – 195,1 мың гектарға жетті. Рапстың негізгі егістік алқабы Қазақстанның солтүстігінде – Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында – шоғырланған (жартылай кебетін рапс майының тағамдық және техникалық маңызы бар).
Өнімнің әлеуетті (потенциалды) мүмкіндігі үлкен: суарылмайтын жағдайдың өзінде ол әр гектардан 15-18, ал суармалы егістікте – 22-25 ц және одан жоғары тұқым өнімін бере алады.
Шаруашылықтарда рапс екі түрде – күздік және жаздық - өсіріледі.
Күздік рапстың тұқымында 45-50 %, ал жаздық рапста 32-35 % жартылай кебетін май бар, оны тағамға, маргарин өндіруге, сонымен қатар лак-сыр, металлургия, полиграфия, сабын қайнату және басқа өнеркәсіп өнімдерін өндіруде пайдаланады. Майында 35-40 % эрук және 10-13 % линолен қышқылдары болады. Алайда, қазіргі кезеңде эруксіз сорттар шығарылған, олардың майлары жоғары сапалы. Күнжарасы мен шроты жоғары белокті (37% дейін) құнарландырылған мал азығы, алайда көп мөлшерде малды азықтандыруға болмайды, себебі құрамында глюкозоиноляттар бар.
Рапс барлық жануарлар ықыласпен жейтін жасыл балауса алу үшін де кеңінен қолданылады. Құрғақ затқа есептегенде оның жасыл балаусасында 31 %-ға дейін белок, көптеген дәрумендер, минералды тұздар, аз мөлшерде клетчатка болады. Оны сүрлем немесе жасыл тыңайтқышқа өсіруге болады. Күздік рапстың жасыл балауса өнімі 400-600-ден 700-900 ц/га дейін, ал жаздықта – 300-400-ден 600-700 ц/га дейін өзгереді. Рапс жақсы бал әкелетін өсімдік.

Лист



Гүл шоғыры




Соцветие



Гүлдері




Цветы


Жапырақ




Сурет 32. Рапстың жапырағы, гүл шоғыры, гүлдері.
Солтүстік Қазақстанда негізінен жаздық рапс өсіріледі.
Рапстың тамыры кіндікті, түйреуіш пішінді, топыраққа 1,6-1,8 м бойлайды, беткі қабатта тарамдалған. Сабағы тік өсетін, қатты бұтақтанған, биіктігі 0,6-1,6 м-ге жететін және балауыз тұтымен көмкерілген. Бұтасы жиі түрде тармақты, кейде қомақты. Жапырақтары көкшіл-жасыл түсті, балауыз бен қапталған, төменгілері сағақты, ал жоғарғылары сағақсыз. Гүл шоғыры – болбыр шоқгүл, 20-40 ірі сарғыш-алтын түстес гүлдерден тұрады (31 – сурет). Қос жынысты. Жемісі – ұзын мұрыншасы бар бұршаққап (6-11 см), піскенде жарылады, онда 20-40 шар тәрізді, ұсақұялы беткі қабаты қара түсті тұқымдары бар, диаметрі 1,5-2,0 мм. 1000 тұқымның массасы 3-7 г.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет