Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет4/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары
1 тәрбие сағат, педагогикаБОӨЖ2, Аяжан еңбек қмж, 1513873308, 45 Ремонт воздушных линий, 6 Вологжанина Материалтану. Оқулық, 7 Дәріс Жабық және ашық механикалық жарақаттар

Техникалық құжаттама


20. Әрбір энергетикалық объектіде мынадай құжаттар болуы тиіс:
1) жер учаскелерін бөлу актілері;
2) жерасты шаруашылығымен қоса, ғимараттар мен құрылыстар учаскілерінің бас жоспары;
3) геологиялық, гидрогеологиялық жерлерді сынау мен жерасты суларын талдау нәтижелері бар аумақтар туралы және басқа да деректер;
4) шурфтардың тіліктері бар іргетасты салу актілері;
5) жасырын жұмыстарды қабылдау актілері;
6) ғимараттардың, құрылыстар мен іргетастардың шөгуі туралы бастапқы актілер;
7) құрылыстардың жарылыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, найзағайға төзімділігін және коррозияға қарсы қорғануды қамтамасыз етуші құрылғыларын сынаудың бастапқы актілері;
8) сумен жабдықтаудан, өрт сөндіргіш су құбыры, кәріздің, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, жылыту және желдетудің ішкі және сыртқы жүйесін сынаудың бастапқы актілері;
9) жабдықтар мен технологиялық құбыржолдарын жеке сынап көру мен сынаудың бастапқы актілері;
10) қабылдау комиссиясының актілері;
11) барлық соңғы өзгерістері бар бекітілген жобалау құжаттары;
12) энергия үнемдеу туралы заңнамаға сәйкес энергетикалық төлқұжат;
13) ғимараттардың, құрылыстардың, технологиялық тораптар мен жабдықтардың техникалық паспорты;
14) жабдықтар мен құрылыстардың орындалуы тиіс жұмыс сызбалары, барлық жерасты шаруашылықтарының сызбалары;
15) бастапқы және екінші электр қосындыларының орындалуы тиіс жұмыс схемалары;
16) орындалуы тиіс технологиялық жұмыс схемалары;
17) жабдықтардың қосымша бөліктерінің сызбалары;
18) өрт сөндірудің жедел жоспары;
19) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі қолданыстағы және өзгертілген нұсқаулықтар барлық санатты мамандар мен кезекші персонал қатарына жататын жұмысшылар үшін арналған лауазымдық нұсқаулықтарының және еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жөніндегі нұсқаулықтарының жиынтығы. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекітуді техникалық басшы емес, бірінші басшы жүзеге асырады.
20) жоғарыда көрсетілген құжаттар жиынтығы «Құжаттар» мөртаңбасымен энергетикалық объектінің техникалық мұрағатында сақталады және меншік иесі өзгерген жағдайда тұрақты сақтауды қамтамасыз етуі қажет жаңа иеленушісіне толығымен жеткізеді.
21. Әрбір энергетикалық объектіде әрбір цех, қосалқы станция, аудан, учаскесі, зертханалар мен қызметтер үшін қажетті нұсқаулықтар, ережелер, технологиялық және жедел схемалардың энергетикалық объектісінің техникалық басшысы арқылы бекітілетін тізімі болады.
Қажетті нұсқаулықтар тізімі мен нұсқаулықтар үш жылда 1 рет қарастырылады.
Электр станцияларының, қазандықтармен қосалқы станциялардың негізгі және қосалқы жабдықтарына осы жабдыққа мемлекеттік стандартқа сәйкес ұлттық номиналды деректері бар тақта орнатылады.
23. Барлық негізгі және қосалқы жабдықтар, оның ішінде, құбыржолдары, шиналардың жүйелері мен секциялары, сондай-ақ арматуралар, газ және ауа өткізгіштерінің шиберлері нөмірленуі тиіс. Сайлауды басқару жүйесі (бұдан әрі – СБЖ) болған кезде орны бойынша және атқарушы схемаларда жедел схемаға сәйкес нөмірін және СБЖ бойынша нөмірін көрсете отырып арматураны екі жақты нөмірлеу орындалады. Негізгі жабдықтың реттік нөмірі, ал қосалқы жабдықтың А, Б, В және басқа да әріптерді қоса отырып негізгі сияқты нөмірі болуы тиіс. Жабдықты нөмірлеу ғимараттың тұрақты бүйірінен және А қатарынан жүргізіледі. Дубль-блоктардағы әрбір қазандыққа А және Б әріптерін қоса отырып блок нөмірі беріледі. Жылуды беру жүйесінің жекелеген буындары бірізді және отын бағытымен нөмірленуі тиіс, ал параллельді буындар-отынның сол жағынан оңға қарай осы нөмірлерге А мен Б әріптерін қоса отырып нөмірленуі тиіс.
24. Пайдалану үдерісінде орындалған энергетикалық қондырғылардың барлық өзгерістері, схемалары мен сызбалары жұмысқа енгізілместен бұрын оны бақылаушы адамның қолы қойылып, лауазымы мен өзгеріс енгізілген күнін көрсете отырып нұсқаулыққа енгізілуі тиіс.
Нұсқаулықтардағы, схемалар мен сызбалардағы өзгерістер туралы ақпараттар осы нұсқаулықтар, схемалар мен сызбалар бойынша білу қажет барлық қызметкерлерге (өкімдер журналына жазылуымен) жеткізілуі тиіс.
25. Технологиялық схемалар (сызбалар) олардың нақты қолданыстағы схемаларға (сызбаларға) сәйкестігіне оларға тексеру туралы белгі қоя отырып кемінде 3 жылда 1 рет тексеріледі.
Қажетті нұсқаулықтар тізімі мен нұсқаулықтардың өзі үш жылда 1 рет қайта қаралады.
26. Қажетті схемалар жиынтығы Қазақстанның жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығында (бұдан әрі – ЖО ҰДО), өңірлік диспетчерлік орталықтарда (бұдан әрі – ӨДО), жылу және электр желілерінің, электр станцияларының, цех және энергия блоктың ауысымының бастығында, қосалқы станциялардың, жылу және электр желілерінің кезекшісінде және жедел-шығу бригадасының шеберінде, сондай-ақ жөндеу жұмысы жөніндегі персоналда болады. Схемаларды сақтау нысаны жергілікті шарттарымен белгіленеді.
27. Барлық жұмыс орындары зауыттық және жобалау деректері негізінде, үлгілік нұсқаулықтар мен пайдалану өтілімі мен сынақ нәтижелерінің басқа да нормативтік-техникалық құжаттары негізінде, сондай-ақ жергілікті жағдайларды ескере отырып, осы Қағидалардың талаптарына сай құрылған қажетті нұсқаулықтармен жабдықталады. Нұсқаулықтарға тиісті өндірістік бөлімнің (цехтың, қосалқы станциялардың, ауданның, учаскенің, зертханалардың) басшысы қол қояды және энергия объектісінің техникалық басшысы оны бекітеді.
Келісуді талап ететін нұсқаулықтар тізбесін сәйкесінше Қазақстанның ЖО ҰДО мен ӨДО белгілейді.
28. Жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, релелік қорғаныш, телемеханика, байланыс құралдарын және басқарудың автоматтандырылған жүйесінің техникалық құралдарының кешенін пайдалану жөніндегі әрбір қондырғы бойынша нұсқаулықтарда:
1) қондырғының, ғимараттар мен құрылыстардың жабдықтарының қысқаша сипаттамасы;
2) қондырғылар немесе қондырғылар кешенінің жұмыс режимі мен қауіпсіз жай-күйінің критерийлері мен шегі;
3) іске қосуға дайындық тәртібі;
4) дұрыс пайдалану кезінде және жұмыстарының бұзылуы барысында жабдықтарды іске қосу, тоқтату және қызмет көрсету тәртібі, ғимараттар мен құрылыстардың құрылымы;
5) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды тексеруге, жөндеуге және сынауға жіберу тәртібі;
6) қондырғы үшін арнайы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау, жарылыс және өрт қауіпсіздігінің талаптары беріледі.
29. Әрбір жұмыс орны бойынша лауазымдық нұсқаулықтарда:
1) осы лауазымдағы қызметкерлер үшін білуі қажет жабдықпен қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар тізімі, жабдықтар мен қондырғылардың схемасы;
2) қызметкерлердің құқықтары, лауазымдық қызметтері мен міндеттері;
3) жоғары тұрған, қол астындағы және жұмысқа байланысты басқа персоналдармен жұмыс істеудегі қарым-қатынасы көрсетілуі тиіс.
30. Кезекші персоналда осы Қағидалардың 1-қосымшасында берілген жедел құжаттаманың болуы тиіс.
Жергілікті жағдайларға байланысты оперативтік құжаттаманың көлемі энергетикалық объектінің техникалық басшысының шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
31. Электр станцияларының цехтарындағы оперативтік-диспетчерлік персоналдың жұмыс орындарында, диспетчерлік пункттерде кезекші персоналы бар басқару қақпаларында тәуліктік ведомость жүргізілуі тиіс.
32. Жабдықтарды қарау мен тексерудің белгіленген кестесіне сәйкес әкімшілік-техникалық персонал оперативтік құжаттаманы тексеруі қажет және жабдықтар мен персоналдың жұмысындағы ақаулар мен бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет