Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет6/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары
1 тәрбие сағат, педагогикаБОӨЖ2, Аяжан еңбек қмж, 1513873308, 45 Ремонт воздушных линий, 6 Вологжанина Материалтану. Оқулық, 7 Дәріс Жабық және ашық механикалық жарақаттар

Метрологиялық қамтамасыз ету


46. Әрбір энергетикалық объектіде бірегейлікті қамтамасыз ететін және өлшеудің нақтылығын талап ететін іс-шаралар кешені орындалады. Әрбір энергетикалық объектіде орындалатын метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені:
1) мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өлшеу құралдарын (бұдан әрі – ӨҚ) тексеруге уақытылы ұсыну;
2) тексеруге жатпайтын ӨҚ-ны калибрлеу бойынша жұмыстар жүргізу;
3) өлшеу жүргізудегі аттестатталған әдістерді пайдалану (бұдан әрі – ӨЖӘ);
4) қолданылатын ӨҚ нақты сипаттамасының жобалау құжаттамасының метрологиялық сараптамасы мен технологиялық параметрлерін өлшеу нақтылығының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
5) қызмет көрсету, ӨҚ жөндеу жұмысы, метрологиялық бақылау мен қадағалау кіреді.
47. Метрологиялық қамсыздандыру жұмыстарын жүргізу, олардың орындалуын бақылау және қадағалауды энергетикалық объектілердің метрологиялық қызметтері мен осы қызметтерді атқаратын ұйымдар немесе бөлімшелер жүзеге асырылуы тиіс.
48. Энергетикалық қондырғылардың ӨҚ-мен жабдықталуы жеткізудің техникалық шарттары мен жобалау-нормативтік құжаттамаларға сәйкес болуы тиіс.
Энергетикалық қондырғыларды ӨҚ-мен жабдықтаудың көлемі жабдықтың техникалық жай-күйі мен оның жұмысының режимін бақылауды, өндірілген, жұмсалған және жеткізілген электр энергиясы мен жылу ресурстарының кірістері мен шығыстарын есептеуді, еңбектің қауіпсіз шарттары мен санитариялық нормалардың сақталуын бақылауды, қоршаған ортаны қорғауды бақылауды қамтамасыз етеді.
49. Барлық ӨҚ, сондай-ақ ақпараттық-өлшеу жүйелері (бұдан әрі – АӨЖ) жұмысқа дайын күйде және өлшеуге әрқашан дайын болуы тиіс.
50. Энергетикалық объектілерінің негізгі жабдықтарын өнеркәсіпте пайдалануға енгізуге дейін, сондай-ақ оларды пайдалану процесінде АӨЖ-нің, соның ішінде ТҮ БАЖ және ДБАЖ құрамына енетін өлшеу каналдары тексеруден және калибрлеуден өтуі тиіс.
51. Тексерілмеген және калибрленбеген, соның ішінде ТҮ алған БАЖ және ДБАЖ-ға құрамына енетін АӨЖ-ны пайдалануға жол берілмейді.
52. ӨҚ-ны тексеру мен калибрлеу кезінде үлгі ретінде қолданылған барлық ӨҚ, сондай-ақ қоршаған ортаның параметрлерін бақылау, электр, жылу энергиясын коммерциялық есептеу операциясын орындау кезінде және геодезиялық жұмыстар кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ӨҚ тексеруге жатады. Тексеруге жататын ӨҚ-ның тізімін өз бетімен кеңейтуге тыйым салынады.
53. ӨҚ тексерудің тізбесі мен кезеңділігін, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін технологиялық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган анықтайды.
Тексеруге жататын ӨҚ-ның нақты тізбесі әрбір энергетикалық объектіде құрылады және оны энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекітеді.
54. Энергия объектісі жасаған кестелерге және метрологиялық қызметтерді көрсетуге аккредиттелген, жұмыстардың осы түріне лицензиясы бар құзыретті органмен жасалған шартқа сәйкес ӨҚ уақытылы тексеріледі.
55. Тексеруге жатпайтын, бірақ жабдықтардың сенімді және үнемді жұмысын бақылау үшін энергетикалық объектілерде қолданылатын ретке келтіру, жөндеу және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде барлық ӨҚ калибрлеуге жатады.
56. ӨҚ калибрлеудің мерзімділігі техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшеу құралдарының тізімі негізіндегі энергетикалық объектінің метрологиялық қызметімен белгіленеді.
57. ӨҚ-ны калибрлеудің нәтижелері ӨҚ паспортындағы таңбамен, ӨҚ-на берілген калибрлік белгімен немесе калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазбамен куәландандырылады.
58. Энергетикалық объектілердегі технологиялық параметрлерді өлшеу жобаға сәйкес жүзеге асырылады.
59. ӨҚ мен олардың дәлдік сипаттамаларын таңдау технологиялық параметрлері мен ӨЖӘ талап ететін қолданыстағы мемлекеттік және салалық нормативтік құжаттардың негізіндегі жобалау сатысында жүзеге асырылады.
60. Энергетикалық жабдықтарды пайдалану үдерісінде (жобада көзделмеген) технологиялық параметрлерді қосымша өлшеуді ұйымдастырудың қажеттілігі туындағанда ӨҚ-ны таңдау осы Қағидалардың 55-57-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
61. ӨҚ-мен жедел қызмет көрсетуді энергетикалық объектінің басшылығының нақты шешімімен бөлімшенің кезекшісі немесе жедел-жөндеу жұмысын атқаратын персонал жүргізуі қажет.
62. Техникалық қызмет көрсетуді және ӨҚ жөндеуді энергетикалық объектінің метрологиялық қызметін атқарушы бөлімшелердің персоналы жүзеге асыруы қажет.
63. Іріктеу құрылғыларындағы бастапқы тиек органдарының жөндеу жұмыстарын, шығындарды өлшеу үшін тарылтушы және басқа да құрылғыларды, температураны өлшеудің қорғаныш гильза тетікшелерін ашу мен орнатуды технологиялық жабдықты жөндеуші персонал, ал қабылдауды энергетикалық объектінің метрологиялық қызметін атқарушы персонал атқаруы қажет.
64. ӨҚ орнатылған жабдыққа қызмет көрсетуші персонал олардың сақталуы мен сыртқы элементтерінің тазалығын қамтамасыз етуі қажет. ӨҚ жұмысындағы барлық бұзушылықтар туралы энергетикалық объектінің метрологиялық қызметін атқарушы бөлімшеге хабарлайды.
65. Қалыпты жазбаны қамтамасыз ететін жұмыстармен байланысы жоқ реттеу құралдарын ашуға энергетикалық объектінің метрологиялық қызметін атқаратын бөлімше персоналы ғана, ал жеткізушімен немесе тұтынушымен есептесу үшін қолданылатын ӨҚ-ны олардың өкілдерімен бірге ашуға жол беріледі.
66. Метрологиялық бақылауды басқару органдарының немесе заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет мамандары жүзеге асырылады.
67. Тексеруге жатпайтын ӨҚ өндірістен немесе жөндеуден пайдаланудан шығарда, осы ӨҚ дайындаушысы, меншік иесі немесе тұтынушысы анықтаған тәртіппен калибрленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет