Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет8/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары
1 тәрбие сағат, педагогикаБОӨЖ2, Аяжан еңбек қмж, 1513873308, 45 Ремонт воздушных линий, 6 Вологжанина Материалтану. Оқулық, 7 Дәріс Жабық және ашық механикалық жарақаттар

Экологиялық талаптарды сақтау


75. Энергетикалық қондырғылардың жұмысы кезінде атмосфераға лас заттар шығарындысының және су объектілеріне лақтырындылардың қоршаған ортаға зиянды әсерінің, шу, діріл, электр мен магнит өрісі мен өзге де зиянды физикалық әсерінің алдын алу немесе шектеу үшін, сондай-ақ суды тұтыну көлемі мен қайтымсыз шығынын қысқарту бойынша шаралар қабылданады.
76. Атмосфераға шығарылатын лас заттардың мөлшері жол берілетін норманың шегінен (лимитінен) аспауы тиіс, су объектілеріне төгілген лас заттардың мөлшері жол берілетін немесе уақытша келісілген норманың шегінен аспауы тиіс.
Электр және магнит өрісінің кернеулілігі осы факторлардың жол берілетін деңгейінің шегінен, шу әсері жабдықтың дыбыс кернеуінің нормасынан аспауы тиіс.
77. Әрбір жылу электр станциясы мен жылыту қазандығы қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармаларымен келісілген аса қолайсыз, метеорологиялық жағдайлар туралы хабарланған кезде атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды төмендету жөніндегі іс-шаралардың жоспары болуы тиіс.
78. Әрбір энергия объектісінде авариялық және өзге да күл қалдықтарының шығарылуының және қоршаған ортаға ластаушы заттардың төгілуінің алдын алу іс-шаралары әзірленеді.
79. Уытты қалдықтар пайда болатын энергия объектісін жергілікті немесе өңірлік әкімшілік өкімімен олардың уақытылы кәдеге жаратылуын, залалсыздандыру және мамандандырылған полигондарда көмілуін қамтамасыз етілуі қажет. Энергия объектісінің айналасына қалдықтарды қаттап тастауға немесе көмуге жол берілмейді.
80. Белгіленген санитариялық нормалар мен табиғатты қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етпейтін құрылғылары бар энергия қондырғыларды пайдалануға жол берілмейді.
81. Су объектілерін ластанудан сақтау мақсатында энергия қондырғыларының негізгі және қосалқы жабдықтарын пайдалану кезінде экологиялық заңнама басшылыққа алынуы қажет.
82. Ластанған ағынды суларды тазалау мен өңдеуге арналған қондырғылары жылу-энергетикалық жабдықтың іске қосар алдындағы тазалауын бастағанға дейін пайдалануға беріледі.
83. Электр станциялары мен жылыту қазандықтарының газ тазалау және тозаңды ұстау жабдықтарын пайдалану кезінде экологиялық заңнама нормалары мен талаптары басшылыққа алынуы қажет.
84. Энергия объектілері ластанушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін, су көздеріне ағатын және төгілетін су көлемін қадағалау және тіркеу, сондай-ақ электр қуатын жеткізудің әуе желілерінің санитариялық-қорғау аймағындағы электр және магнит өрісінің кернеулілігін қадағалау қажет.
85. Қоршаған ортаны ластайтын шығарылған заттарды, ағатын және төгілетін су көлемін бақылау үшін әрбір энергия объектісі үнемі жұмыс істеп тұратын автоматты құралдармен жабдықталады, ал олар болмаған немесе оларды пайдалану мүмкін емес болған кезде кезеңділікті өлшеу мен есептеу әдістері қолданылады.
Электр желілері электр және магнит өрісінің кернеулілігін өлшеу құралдарымен жабдықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет