Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы


Басқарудың автоматтандырылған жүйесі



бет5/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары
1 тәрбие сағат, педагогикаБОӨЖ2, Аяжан еңбек қмж, 1513873308, 45 Ремонт воздушных линий, 6 Вологжанина Материалтану. Оқулық, 7 Дәріс Жабық және ашық механикалық жарақаттар

Басқарудың автоматтандырылған жүйесі


33. Басқарудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – БАЖ) энергия өндірудің өндірістік-технологиялық, оперативті-диспетчерлік және ұйымдастырушылық-экономикалық басқару міндеттерін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл міндеттер тиісінше:
технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесіне (бұдан әрі – ТҮ БАЖ);
диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесіне (бұдан әрі – ДБАЖ);
өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесіне (бұдан әрі – ӨБАЖ) жүктеледі.
Әрбір электр станциясында, электр желісін пайдаланушы әрбір ұйымда жергілікті жағдайға байланысты, экономикалық және өндірістік орындылыққа байланысты ТҮ БАЖ қызмет істеуі тиіс.
Электр және жылу желілерін пайдаланушы ұйымдардың диспетчерлік пункттерінде біріккен электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі – біріккен ЭЖ) мен бірыңғай электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі – бірыңғай ЭЖ) ДБАЖ-да қызмет істеуі тиіс.
БАЖ-ды пайдалану барысында БАЖ-ды пайдалану бойынша нұсқаулықтар басшылыққа алынуы тиіс.
Жедел құжаттама, бақылау-өлшеу құралдарын тіркеуші диаграммалар, жедел-диспетчерлік келіссөздердің жазбасы мен БАЖ жедел-ақпараттық кешенін құрайтын шығарылым құжаттары қатаң түрде тіркелетін құжаттар қатарына жатады және белгіленген тәртіппен:
1) тіркеуші аспаптардың көрсеткіштерінің жазбасы бар тасығыштар – 3 жыл;
2) егер мерзімін ұзарту туралы хабарлама түспесе, қарапайым жағдайдағы жедел келіссөздердің жазбасы – 90 тәулік;
3) егер мерзімін ұзарту туралы хабарлама түспесе, апат және жұмыстағы басқа да бұзушылықтар кезіндегі жедел келіссөздердің жазбасы – 12 ай сақталады.
37. Электр станцияларында, біріккен ЭЖ мен бірыңғай ЭЖ-ның электр және жылу желілерін пайдаланушы ұйымдарда негізгі міндеті нарықтық жағдайларда өндірісті сенімді және үнемді басқару болып табылатын ӨБАЖ қызмет істеуі тиіс.
38. Әрбір энергия объектісінде БАЖ-дың жеке міндеттерінің кешені типтік жобалау шешімдері бар тиімді пайдаланылуын, қолданбалы бағдарлама пакеттерін және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өндірістік және экономикалық орындылығымен таңдап алынуы тиіс.
39. БАЖ-дың техникалық құралдары кешенінің құрамына:
1) ақпараттарды жинау және жеткізу құралдары (ақпараттар тетіктері, байланыс каналдары, телемеханика құрылғылары, деректерді жеткізу аппаратурасы);
2) ақпараттарды өңдеу және жеткізу (ЭЕМ, аналогтік және аспаптар, дисплейлер, баспа құрылғылары, функционалдық клавиатура құралдары);
3) басқару құралдары (контроллерлер, атқарушы автоматтар, электр техникалық аппаратура: реле, қуат күшейткіштері);
4) қосалқы жүйелер (үздіксіз электр қуатымен нәрлендіру, ауаны желдету, автоматты түрде өрт сөндіру) кіруі тиіс.
40. БАЖ-ды пайдалануға енгізу қабылдау комиссиясының актісінің негізінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
БАЖ-ды өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 6 айдан артық уақытқа созылатын тәжірибелі пайдалану алдында болуы мүмкін. БАЖ-ды құру мен пайдалануға енгізу бір немесе екі кезекпен жүзеге асыруға болады.
БАЖ-ды өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау енгізілген кезегі үшін қарастырылған барлық міндеттерді өнеркәсіптік пайдалануға қабылдауды аяқтау бойынша жүргізіледі.
41. БАЖ-ды пайдалануды ұйымдастыру кезінде техникалық құралдар кешеніне қызмет көрсету, бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелердің лауазымдық қызметтері энергетикалық объектілердің басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
Қызмет көрсету шегін көрсете отырып жабдықтардың әрбір бөліктерінің тізімін тиісті энергия объектісінің немесе ұйымның техникалық басшысы бекітеді.
42. БАЖ үшін қызмет көрсетуші бөлімшелер:
1) техникалық құралдарды, БАЖ-ды ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді тұрақты пайдалануды;
2) ЭЕМ-мен өңделген ақпараттарды тиісті бөлімшелерге кестеге сәйкес ұсынуды;
3) есептеу техникасын тиімді пайдалануды;
4) жаңа міндеттерді енгізу, қолданыстағы бағдарламаларды жетілдіру, шығыс ақпараттарын жинақтау мен дайындаудың алдыңғы қатарлы технологияларын игерумен қоса, басқару жүйесін жетілдіру және дамытуды;
5) нормативтік-анықтамалық ақпараттың жіктеуіштерін жүргізуді;
6) БАЖ-дың аралас иерархиялық деңгейлерімен ақпараттық өзара байланысты ұйымдастыруды;
7) БАЖ-бен жұмыс істеу үшін қажетті нұсқаулық және әдістемелік материалдарды әзірлеуді;
8) БАЖ жұмысын, оның экономикалық тиімділігін талдау, уақытылы есеп беруді қамтамасыз етуі қажет.
43. Әрбір БАЖ бойынша қызмет көрсетуші персонал, жобалықтан және зауыттықтан басқа, энергетикалық объектінің техникалық басшысының бекіткен тізімі бойынша техникалық және пайдалану құжаттамасын жүргізу қажет.
44. БАЖ-дың техникалық құралдарының жөндеу-профилактикалық жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес орындалады, ал оларды жөндеу жұмысына беру тәртібі бекітілген ережемен айқындалады.
45. Диспетчерлік басқарманың, энергетикалық объектілердің басшылары БАЖ-дың жұмыс істеуіне, олардың тиімділігіне талдау жүргізуі қажет, БАЖ-ды пайдалануды бақылауды жүзеге асыру және оны дамыту мен жетілдіру және оларды уақтылы техникалық қайта жабдықтау бойынша іс-шаралар әзірлеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет