Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы»



бет15/18
Дата18.02.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10381
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Жарықтандыру


  1. Барлық үй-жайлардың, жұмыс орындары мен ашық территориялардың жұмыс, авариялық және эвакуациялық жарықтандырылуы «Табиғи және жасанды жарықтандыру» ҚР ҚНжҚ 2.04.-04-2002 сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.

Авариялық жарықтандыру шамшырақтары жұмыс істеп тұрған жарықтандыру шамшырақтарынан белгілерімен және түсімен ерекшелінеді. Түтін құбырлары мен басқа да жоғары құрылыстардың құбырларына жарықтың түспеуі таңбалаудың және жоғары кедергілерді жарықтан шектеудің қолданыстағы нормаларына сәйкес болуы тиіс.

  1. Электр станциялары мен қосалқы станциялардың бас, орталық және блок тақтасын басқару үй-жайларында, сондай-ақ диспетчерлік пункттерде авариялық шамшырақтар панель фасадтарында негізгі тақтаның жарықтандырылуы кезінде 30 лк болуын қамтамасыз етуі тиіс; бір-екі шам сақтандырғыштар арқылы тұрақты ток шиналарына қосылады және тәулік бойы қосулы тұрады.

Эвакуациялық жарықтандыру үй-жайлар мен өту жолдарында кемінде 30лк қамтамасыз етіледі.

  1. Қалыпты режимдегі жұмыс және авариялық жарықтандыру әртүрлі тәуелсіз ток көздерінен қоректенеді. Электр станциялары мен қосалқы станцияларда және диспетчерлік пункттерде ток көздері ажыратылған кезде авариялық жарықтандыру автоматты түрде аккумуляторлық батареяға немесе басқа тәуелсіз ток көзіне ауыстырылып қосылады.

Осындай жарықтандыруға жатпайтын жүктеменің басқа да түрлерінің авариялық жарықтандыру желісіне қосылуына жол берілмейді.

Авариялық жарықтандыру желісінде ашалы розетка болмауы тиіс. Эвакуациялық жарықтандыру шамшырақтары жұмыс істеп тұрған жарықтандыру желісіне қосылмайтын желіге қосылады. Эвакуациялық жарықтандырудың қоректендіру көздерін ажырату кезінде ол аккумуляторлық батареяға немесе қозғалтқыш-генератор қондырғысына ауыстырылып қосылады.



  1. Жөндеу жарықтандыруының жылжымалы қолшамшырақтары 42 В жоғары емес кернеулі желіден, электр тогының аса жоғары қауіптілігі кезінде 12 В жоғары емес кернеулі желіден қоректенеді.

12-42 В ашалар 127 және 220 В розеткаларға сәйкес келмеуі тиіс. Розеткаларда кернеулерін көрсететін жазба болуы тиіс.

  1. Шамшырақтың осы түрі үшін жоғары кернеулі лампаларын орнатуға жол берілмейді. Шамшырақтардың шашыратқыштарын экрандайтын және қорғайтын торды алып тастауға жол берілмейді.

  2. Электр станциялары мен қосалқы станцияларды жарықтандырудың ішкі, сыртқы, сондай-ақ қорғау желілерінің жекелеген желілері бойынша қоректендіру көздері болуы тиіс.

Электр станцияларының отын мен меншікті объектілерінің қоймаларын жарықтандыру желілерінен басқа сыртқы жұмыс істеп тұрған жарықтандыру желілерін басқару, сондай-ақ қорғау мақсатындағы жарықтандыру желілерін басқару басқарманың бас немесе орталық қалқанының үй-жайларынан жүзеге асырылады.

  1. Электр станцияларының жарықтандырудан желісі стабилизаторлар арқылы немесе жекелеген транформаторлардан қорек көздерін алады.

Лампалардағы кернеу номиналдыдан артық болмауы тиіс. Ішкі жұмыс істеп тұрған жарықтандыру желілерінің, сондай-ақ прожекторлық қондырғылардың меншікті лампаларындағы кернеудің төмендеуі номиналды кернеуден 5 %-дан артық болмауы; сыртқы және авариялық жарықтандыру желілерінің меншікті лампаларында және 12-42 В желілерінде 10 %-дан артық (люминесцентті лампалар үшін – 7,5 % -дан артық емес) болмауы тиіс.

  1. Екі шығу есігі бар ТҚ дәліздерінде және өту туннельдерінде жарықтандыру екіжақты басқарумен орындалады.

  2. Барлық ажыратқыштардағы (рубильниктегі, автоматтардағы) жарықтандыру желілерінің қалқандарында және жиынтықтарында қосылу атауы, ал сақтандырғыштарда қоспа балқыма тогының мәні көрсетілген жазба жазылады.

  3. Кезекші персоналда жарықтандыру желісінің схемалары мен балқитын калибрлі қоспаның және жарықтандыру желісінің барлық кернеулі лампаларының қоры болуы тиіс. Авариялық жарықтандыру кезінде кезекші және жедел жөндеу жұмысының персоналы жылжымалы электр шамдарымен жабдықталады.

  4. Шамшырақтарды тазартуды, лампаларды және балқыма қоспаларын ауыстыруды, электр станцияларында жарықтандыру желілерін жөндеу мен тексеруді электр цехының персоналы жүргізіледі. Көпірлі крандары бар үй-жайларда оларды қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, шамшырақтарға қызмет көрсету үшін пайдалануға жол беріледі.

Шамшырақтарды тазартуды және жанып кеткен лампаларды ауыстыруды, шамшырақтарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құрылғы көмегімен электр қауіпсіздігі бойынша сыныбы 2-топтан төмен емес, энергетикалық объектінің технологиялық цехының оқытылған персоналы орындай алады. Тазалау мерзімділігі жергілікті шарттарды ескере отырып белгіленеді.

  1. Жарықтандыру желілерін тексеру:

авариялық жарықтандыру автоматын тексеру – айына кемінде 1 рет;

күндізгі уақытта;

жұмыс істеп тұрған жарықтандыруды ажырату кезінде авариялық жарықтандырудың жарамдылығын тексеру - жылына 2 рет;

жұмыс орындарының жарықтануын тексеру - пайдалануға енгізу кезінде және әрі қарай қажет болған жағдайда;

12-42 В стационарлық трансформаторларын оқшалауды сынау жылына 1 рет;

12-42 В жылжымалы транформаторлар мен шамшырақтарды тексеру жылына 2 рет осы мерзімдер бойынша жүргізіледі.

Қарау мен тексеру барысында табылған ақаулар тез арада жойылады.


  1. Стационарлық жабдықтар мен авариялық, эвакуациялық және жұмыс істеп тұрған жарықтандырудың электр сымдарының жай-күйін тексеру, оқшаулағыш кедергісін сынау мен тексеру пайдалануға беру кезінде, ал әрі қарай энергетикалық объектінің техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.



Электролиздік қондырғылар


  1. Электролиздік қондырғыларды пайдалану кезінде: электролиздердегі кернеу мен ток; сутегі мен оттегі қысымы; аппараттардағы сұйықтық деңгейі; сутегі мен оттегі жүйелерінің арасындағы қысымның әртүрлілігі; айналым контурындағы электролит температурасы; кептіру қондырғыларындағы газ температурасы; аппараттардағы сутегі мен оттегінің тазалығы; қондырғы үй-жайларындағы сутегі құрамы бақылануы қажет.

Бақыланатын параметрлердің қалыпты және шекті мәні дайындаушы зауыт нұсқаулықтары мен жүргізілетін сынақ негізінде орнатылады және пайдалану кезінде қатаң сақталады.

  1. Электролиздік қондырғылардың технологиялық қорғануы орнатылған режимде мынадай ауытқушылықтар барысында түрлендіргіш агрегаттардың (қозғалтқыш-генераторлардың) ажыратылуына әсер етеді:

200 кгс/м2 (2 кПа) артық сутегі мен оттегінің қысымын реттеушідегі қысымның әртүрлілігі;

2 % және одан да жоғары пайызды оттегіде сутегінің болуы;

1 % және одан да жоғары пайызды сутегіде оттегінің болуы;

жүйелердегі қысымның номиналдыдан жоғары болуы;

полюсаралық қысқа тұйықталу;

бірполюсті қысқа тұйықталу (газдың орталықта шығатын электролизі үшін);

түрлендіргіші бар агрегаттардағы (қозғалтқыш генераторлар) ауыспалы ток кернеуінің жоғалуы.

Электролиздік қондырғыларды автоматты ажырату кезінде, сондай-ақ 70 0С дейін айналым контурындағы электролит температурасының көтерілуі кезінде, газталдағыштардың датчиктері мен электролиз үй-жайының ауасындағы сутегі 1 %-ға дейін артқан кезде басқару қалқанына дабыл беріледі.

Дабылды қабылдағаннан кейін жедел персонал 15 минуттан қалмай қондырғыға келіп жетуі қажет.

Технологиялық қорғалудан ажыратылғаннан кейін қондырғыны қайта іске қосу ажырату себебі анықталып, жойылғаннан кейін ғана жедел персонал арқылы жүзеге асырылады.



  1. Әрдайым кезекші персоналынсыз жұмыс істеп тұратын электролиз қондырғысы ауысымда кемінде 1 рет тексеріледі. Табылған ақаулар мен олқылықтар журналға (картотекаға) тіркеледі және қысқа уақыт ішінде жойылады.

Қондырғыны тексеру кезінде жедел персонал:

жұмыс істеп тұрған электролизер қысымын реттеушідегі су деңгейінің өлшеуші-сараланған манометр көрсеткіштерімен сәйкестігін;

ажыратылып тұрған электролизер қысымын реттеушідегі су деңгейін;

ажыратылып тұрған электролизер қысымын реттеушісінен атмосфераға газды жіберу қақпақшаларының ашылуын;

гидрозатворлардағы судың болуын;

газталдағыш датчиктеріндегі (ратометр бойынша) газ шығынын;

электролизердегі жүктеме мен кернеуді;

электролизден шығардағы газ температурасын;

жүйедегі және ресиверлердегі сутегі мен оттегі қысымын;

ресиверлердегі инерттік газ қысымын тексеруі қажет.



  1. Автоматты газталдағыштардың жарамдылығын тексеру үшін тәулігіне 1 рет сутегідегі оттегінің және оттегідегі сутегінің болуына химиялық талдау жүргізіледі. Автоматты газталдағыштардың бірінің жарамсыздығы кезінде тиісті химиялық талдау әрбір 2 сағат сайын жүргізіледі.

  2. Сутегі және оттегі қысымының реттеуіштерінде және ресиверлерде сақтандыру қақпақшалары номиналдық 1,15 тең қысымға байланысты реттеліп қойылады. Қысым реттеуіштеріндегі сақтандыру қақпақшалары 6 айда кемінде 1 рет, ал ресиверлердегі сақтандыру қақпақшалары 2 жылда кемінде 1 рет тексеріледі. Сақтандыру қақпақшалары азотпен немесе таза ауамен сыналады.

  3. Ресиверлерге сутегі мен оттегіні құбыржолдары арқылы жеткізу, сондай-ақ қоректендіру бактеріне тұссыздандырылған суды (конденсатты) құбыржолдары арқылы жеткізуде газбен тығыздалған айналмалы қақпақшалар орнатылады.

  4. Электролиз үшін құрамында 30 мкг/дм3 артық темір, кемінде 20 мкг/дм3артық хлорид пен 70 мкг-экв/дм3 артық емес карбонат болатын су қолданылады.

Электролиттi дайындау үшiн стандартқа сәйкес былықпалары да, сұйық ХЧ таңбалы да полиэтилен қосымша беттерiндегi қабыршақтары ретінде қойылатын техникалық ең жоғары сұрыпты қалий тотығының гидраты қолданылады.

  1. Электролиздік қондырғылармен дайындалған сутегінің тазалылығы – 99 %-дан, оттегінің тазалығы 98 %-дан төмен болмауы тиіс.

Аппараттардағы газ қысымын көтеру сутегі мен оттегінің белгіленген тазалығына қол жеткізуден кейін ғана жол беріледі.

  1. Электролизердегі электролит температурасы 80 0С-тан артық болмауы, ал электролизердің ыстық және салқын ұяшықтарындағы температура айырмашылығы 20 0С-тан артық болмауы тиіс.

  2. Электр станцияларының қажеттіліктері үшін оттегіні пайдалану кезінде оның ресиверлердегі қысымы олардағы сутегі қысымынан төмен автоматты болады.

  3. Электролизерді іске қосар алдында барлық аппараттар мен құбыржолдары азотпен үрленеді. Үрлеу үшін азоттың тазалығы 97,5 %-дан төмен болмауы тиіс. Егер азот құрамы үрленуші газда 97 % -ға жетсе, үрлеу аяқталды деп есептеледі. Электролизер аппаратураларын көмірқышқыл газымен үрлеуге жол берілмейді.

  4. Сутегі қысымымен ресиверге электролизді қосу 0,5 кгс/см2 (50 кПа) кем емес ресиверлердегі қысымға қатысты электролиз жүйесіндегі қысымның көтерілуі кезінде жүзеге асады.

  5. Ресиверден ауаны немесе сутегін шығару үшін көмірқышқыл газы немесе азот қолданылады. Ресиверлердің жоғарғы бөліктеріндегі көмірқышқыл газы 85 %-ға жетпесе ауа көмірқышқыл газымен шығарылады, ал сутегіні шығаруда 95 %-ға жетуі керек.

Ауаны шығару немесе азотпен сутегіні шығару шығарылатын газдағы азот құрамы 97 % -ға дейін жетпегенше жүргізілмейді.

Ресиверлердің ішкі тексеру қажеттілігі туындаған кезде олар үрленетін газдағы оттегі 20 %-ға жеткенге дейін алдын ала ауамен үрленеді. Азот немесе көмірқышқыл газы сутегінің төменгі бөлігінде 99 %-ға жетпегенше, ресиверлерден сутегімен шығарылады.



  1. Электролиз қондырғыларын пайдалану процесінде:

электролиттің тығыздылығы – айына кемінде 1 рет;

электролизерлер ұяшықтарындағы қысым – 6 айда 1 реттен жиі емес;

технологиялық қорғану, сақтандыру және авариялық сигнализация әрекеті мен кері қақпақшалардың жай-күйі – 3 айда кемінде 1 рет тексеріледі.


  1. Сутегінің немесе оттегінің сорбтық кептіру қондырғыларының жұмыс істеуі кезінде адсорб-құрғатушыларын ауыстыру-қосу кесте бойынша жүргізіледі.

Сутегін салқындату жолымен кептіру кезінде буландырғыштан шығатын сутегі температурасы -5 0С-тан жоғары болмауы тиіс. Еріту үшін буландырғыш мерзімді түрде кесте бойынша ажыратылады.

  1. Электролиз қондырғысын ажырату кезінде 1 сағатқа дейінгі мерзімге газдың номиналды қысымымен аппаратураны қалдыруға рұқсат беріледі, бұл ретте оттегі қысымының реттеушілеріндегі қысымның әртүрлілігінің көтерілу сигнализациясы қосылады.

Электролиз қондырғысы 4 сағатқа дейін ажыратылған кезде, аппараттардағы газ қысымы 0,1-0,2 кгс/см2 (10-20 кПа) дейін төмендетілуі тиіс, ал 4 сағаттан артық уақытқа ажыратылған кезде аппараттар мен құбыржолдары азотпен үрленеді. Үрлеу электролизердің жарамсыздығы байқалған кезде істен шығарылатын барлық жағдайларда орындалады.

  1. Электролиз қондырғысында бір электролизердің жұмыс істеуі және резервтегі басқалардың да болуы кезінде сутегі мен оттегіні атмосфераға шығару вентильдері резервтік электролизерлерге ашық болуы тиіс.

  2. Электролизерлерді тазарту, олардың ұяшықтарының созылуын тексеру мен арматураны тексеру 6 айда 1 рет жүргізіледі.

Жоғарыда ескерілген жұмыстармен қоса, ағымды жөндеу жұмысы, сондай-ақ қабаттарын ауыстыра отырып, электролизерлерді ажырату, диафрагмалар мен электродтарды жуу мен тазалау және ақаулы тетіктерін ауыстыру 3 жылда 1 рет жүзеге асырылады.

Асбест матасын диафрагменттік рамаларға ауыстыра отырып күрделі жөндеу жұмысын жүргізу 6 жылда 1 рет жүргізіледі.

Электролизерлерден электролиттің кемуі байқалмаған кезде және технологиялық режимнің қалыпты параметрлерін сақтау кезінде энергетикалық объектінің техникалық басшысының шешімі бойынша ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстар арасында электролиз қондырғыларын пайдалану мерзімін ұзартуға жол беріледі.


  1. Электролиз қондырғыларының құбыржолдары сырланады, аппараттар газ құбырлары сырының түсіне сәйкес сырланады; ресиверлер тиісті газ құбырларының түсі бойынша сақинасы бар ашық түспен сырланады.



Энергетикалық майлар


  1. Энергетикалық майларды пайдалану кезінде:

маймен толтырылған жабдықтың технологиялық жүйелерінің сенімді жұмысы;

майды пайдалану қасиеттерінің сақталуы;



арнайы тағайындалған, қайта қолдану мақсатында өңделген майды жинау және қайта генерациялау қамтамасыз етіледі.

  1. Энергетикалық кәсіпорындарда жеткізушілерден қабылданған барлық энергетикалық майлардың (турбиналық, электр оқшаулағыштық, компрессорлық, индустриялық) сапа сертификаттары немесе паспорттары болуы қажет және олардың стандарт талаптарына сәйкестігін (МЕМСТ немесе ТШ) анықтау мақсаттарында зертханалық талдауға ұсынылады. Стандарт талаптарына (МЕМСТ немесе ТШ) сәйкес емес өндірілген майларды жабдықтарға қолдануға жол берілмейді.

  2. Оқшаулағыш май сапаларын бақылау электр жабдықтарын сынау көлемдері мен нормаларына сәйкес ұйымдастырылады.

  3. Электр жабдығын күрделі жөндеуден өткізілгеннен кейін жаңа құрғақ май нормаларына сәйкес оқшауланған май құйылады.

Кернеуі 220 кВ дейін күш беретін трансформаторларда су сығындысының реакциясы, ерітілген шламның, механикалық қоспалардың құрамы бойынша пайдаланылатын майдың нормаларына сәйкес және жаңа майдың тесілетін кернеуі және температурасы 90 °С болған кезде 6 %-дан артық емес диэлектрикалық шығынының тангенс бұрышының (tgδ) талаптарына сай 1 г майға 0,05 мг КОН аспайтын қышқылдық санымен пайдаланылатын және қайта өңделген майды құюға болады. Май сөндiргiштерінде осы жабдықтан құйып алынған және механикалық қоспалар мен судан тазартылған жаңа құрғақ майды қайта пайдалануға жол беріледі.

  1. Жаңа трансформаторлы майдың маркасы жабдық кернеуінің түрі мен класына байланысты таңдалады. Қажеттілігі бойынша жабдықты өндірушінің келісімі бойынша «IEC 60296 Электр техникасы маңыздағы сұйықтықтар. Трансформаторлар мен коммутациялық аппаратураға арналған жаңа оқшаулағыш минералды майлар» талаптарына сәйкес келетін жаңа трансформатор майларының араласуына рұқсат етіледі.

  2. Транформаторлардың термосифондық және адсорбциондық сүзгілеріндегі қуаты 630 кВА-тан жоғары сорбенттері майдағы қышқыл мөлшері 1 г майға шаққандағы 1мг КОН-ға жеткен кезде, сондай-ақ майда ерітілген қождар суда еритін қышқылдар пайда болған кезде және (немесе) диэлектрикалық шығындардың тангенс бұрышының мәнін (tgδ) пайдалану нормасынан артық көтерілген кезде ғана алмастырылады.

Қатты оқшаулаудың сипаттамасы нашарлаған кезде трансформаторлар сүзгiлерiнде сорбенттi 630 кВА дейiн (қоса алғанда) алмастыру жөндеу немесе пайдалану кезінде жүргізіледі. Сүзгіге жүктелетін сорбенттегі су массасының 0,5 %-дан аспауы тиiс.

  1. Трансформаторлық май мынадай зертханалық сынақтарға ұшырауы тиіс:

теміржол цистерналарынан құйып алынғанға дейін – қысқартылған (тесілетін кернеуді анықтаусыз) талдауға. 220 кВ және одан да жоғары трансформаторға құюға және енгізуге арналған май тұрақтылығы мен tgδ- бойынша қосымша тексеріледі. Теміржол цистернасынан алынған май сынамасының тұрақтылығы мен tgδ- бойынша сынау оның ұзақтылығына байланысты майды қабылдап алғаннан кейін жүргізуге жол беріледі;

май шаруашылығының бактарына құйылған май – резервтегі қысқартылған талдауға – қысқартылған талдауға (3 жылда кемінде 1 рет) және тесілетін кернеуді тексеруге (жылына 1 рет).

Транформаторлық майдың қысқартылған талдау көлеміне тесілетін кернеуді, қышқылдық санның лапылдау температурасын, су сығындысының реакциясын анықтау, механикалық қоспаларды және ерімеген суды визуалды анықтау жатады.


  1. Құрғақ майға арналған бактар ауамен кептіру сүзгілерімен жабдықталады.

  2. Электр станцияларында тұрақты түрде сыйымдылығы бір май сөндіргішке тең (немесе артық) көлемде трансформатор майының қоры және жабдыққа құйылған барлық майдың 1%-ынан кем емес құюға арналған май қоры сақталады. Көлемі жеңіл кіші май сөндіргіштерге ие электр станцияларында – сыйымдылығы ең үлкен трансформаторға құйылған май көлемінің 10%-ынан кем емес.

Электр желілерін пайдаланатын ұйымдарда (аудандарда) жабдыққа құйылған майдың көлемінен 2 %-ға кем емес трансформатор майының қоры тұрақты сақталады.

  1. Турбина мұнайын және отқа төзімді майды цистерналардан құйып алмас бұрын зертханалық сынақтан өткізіледі:

мұнай – қышқылына, лапылдау температурасына, кинематикалық қоюлығына, су сығындысының реакциясына, деэмульсация уақытына, механикалық қоспалар мен судың құрамы;

отқа төзімді – қышқылына, суда еритін қышқылдар мен сілтілердің құрамына, лапылдау температурасына, қоюлығына, тығыздылығына, түсіне; механикалық қоспалардың құрамы жедел тәсілмен анықталады.



  1. Цистернадан бос таза әрі құрғақ резервуарға құйып алынған мұнай турбиналық май деэмульсация кезінде, қышқылдануға қарсы тұрақтылығы, коррозияға қарсы қасиеттері бойынша тексеріледі. Май сапасының мемлекеттік стандарт талаптарына сай осы көрсеткіштерге сәйкес емес болған кезде цистернадан алынған сынамаға талдау жасалады.

Цистернадан құйылған май жабдыққа құюға жарамды болатындай қалыпқа келтіріледі.

  1. Бу турбиналарындағы, қоректендіретін электр және турбина сорғыштарындағы пайдаланылатын турбиналық май мынадай нормаларға сәйкес болуы тиіс:

1) мұнай;

қышқыл саны – 1 г майға 0,3 мг КОН аспауы тиіс;

су, қож, механикалық қоспалар болмауы тиіс (визуалды түрде анықталады);

ерітілген қож болмауы тиіс (қышқыл 1 г майға 0,1 мг КОН және одан да көп болған жағдайда анықталады);

термоқышқылдану тұрақтылығы – Тп-22С (қышқыл – 1 г майға 0,8 мг КОН аспайтын; тұнбаның массалық үлесі – 0,15 % аспайтын) майы үшін.

Майды қышқылдандыру шарттары: сынау температурасы 120±0,50С, уақыты – 14 сағат; Оттегіні беру жылдамдығы - 200 см3/мин.

Майдың термоқышқылдану тұрақтылығы қышқылы 1г майға 0,1 мг КОН және одан да көп маймен олардың қоспалары үшін күз-қыс мерзімінің алдында жылына 1 рет анықталады. Қоректі электр және турбина сорғыштардың май жүйелерінен алынатын май үшін бұл көрсеткіш анықталмайды:

отқа төзімді синтетикалық;

қышқыл – 1 г майға 1 мг КОН аспауы керек;

суда еритін қышқылдың болуы – 1г майға 0,4 иг КОН аспауы керек;

механикалық қоспалардың массалық үлесі – 0,01 % аспауы тиіс;

қоюлылығын өзгерту – тауарлық май үшін бастапқы мәнінің 10 аспауы тиіс;

ерітілген қоқыстың болуы (ВТИ тәсілі бойынша) – оптикалық тығыздылығын кемінде 25 % өзгерту (қышқыл 1 г майға 0,7 мг КОН және одан да көп болған жағдайда анықталады).


  1. Қышқыл саны бойынша пайдалану нормасының шегіне жеткен отқа төзімді турбина майы сапасын қайта қалпына келтіру үшін дайындаушы-зауытқа жіберіледі. Отқа төзімді турбина майын пайдалану арнайы нұсқаулық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Гидротурбиналарда пайдаланылатын Тп-30 майы мынадай нормаларға сәйкес болуы тиіс:

қышқыл – 1г майға 0,6 мг КОН аспауы керек;

су, қож, механикалық қоспалар болмауы тиіс (визуалды түрде анықталады);

ерітілген қождың массалық үлесі – 0,01 % аспауы тиіс.


  1. Турбина майын сақтау және пайдалану процесінде жүйелі түрде визуалды мөлшермен бақыланады және қысқартылған түрде талданады.

Мұнай майын қысқартылған түрде талдау қатарына:

қышқыл санын, механикалық қоспалардың, қождың және судың бар екендігін анықтау;

отқа төзімді майға – қышқыл, суда еритін қышқыл, судың бар екендігін анықтау, механикалық қоспалардың құрамын жедел-тәсілмен сандық анықтау кіреді.

Майды визуалды бақылау оны тазарту қажеттігі туралы шешім қабылдау үшін судың, қождың және механикалық қоспалардың болуын сыртынан бақылауға негізделеді.



  1. Турбина майының қысқартылған талдауын жүргізу мерзімі мынадай:

Тп-22С (ТШ 38.101.821-83) майын – май жүйелеріне құйғаннан кейін 1 айдан аспайтын уақытта және әрі қарай пайдалану процесінде қышқыл саны 1 г майға 0,1 мг КОН дейін болған кезде 2 айда 1 рет және қышқыл саны 1 г майға 0,1 мг КОН артық болған кезде 1 айда 1 рет;

отқа төзімді майды – пайдаланып бастағаннан кейінгі кемінде 1 аптада және әрі қарай қышқыл саны 1 г майға 0,5мг КОН дейін болған кезде 2 айда 1 рет және қышқыл саны 1 г майға 0,5мг КОН артық болған кезде 3 аптада 1 рет;

синхронды компенсаторларды майлау жүйесіне құйылған турбина майы – 6 айда 1 рет;

гидротурбиналарда қолданылатын Тп-30 майы – май жүйесіне құйғаннан кейінгі 1 айдан соң және одан әрі қарай май тұтастай тұнық және ерітілген қождың массалық үлесі 0,005 %-дан артық болмаған кезде жылына 1 рет;

ерітілген қождың массалық үлесі 0,005 %-дан артық болса – 6 айда 1 рет. Май лайланған кезде кезектен тыс қысқартылған талдау жүргізіледі.

Визуалды түрде бақылау кезінде майдан қоқыс немесе механикалық қоспа табылған кезде кезектен тыс қысқартылған талдау жасалады.

Қордағы мұнай турбина майы 3 жылда 1 рет және жабдыққа құяр алдында, ал отқа төзімді майға – жылына 1 рет және жабдыққа құяр алдында қысқартылған талдау жасалуы тиіс.


  1. Бу турбиналарында және турбина сорғыштарында қолданылатын май күніне 1 рет визуалды бақыланады.

Әрдайым кезекші персоналдары болатын гидротурбиналарда, электр станцияларында қолданылатын майды визуалды тексеру аптасына 1 рет, ал автоматтандырылған электр станцияларында жабдықты әрбір кезекті тексеру кезінде, бірақ айына кемінде 1 рет жүргізіледі.

  1. Электр станцияларында ең ірі агрегаттың май жүйесінің сыйымдылығына тең (немесе одан да көп) мұнай турбина майының және кемінде 45 күндік тұтынуға жететіндей толықтырып құю үшін май қоры үнемі сақталады; электр желілерін пайдалануға беретін ұйымдарда тұрақты май қоры бір синхронды компенсатордың май жүйесінің сыйымдылығына тең және кемінде 45 күндік тұтынуға жететіндей толықтырып құю үшін май қоры болуы тиіс.

Отқа төзімді турбина майының тұрақты қоры бір турбоагрегат үшін толықтырып құюға жететін бір жылдық тұтынудан кем болмауы тиіс.

  1. Алынатын индустриялық майлар және икемді майлаулар механикалық қоспалар мен су табу мақсатында визуалды бақылануы тиіс. Бұдан басқа индустриялық май, мемлекеттік стандарт көрсеткішіне немесе техникалық шарттарға сәйкестігіне бақылау үшін қосымша оның тұтқырлығына сыналады.

  2. Электр станцияларында және электр желілерін пайдаланатын ұйымдарда қосымша жабдықтар мен тетіктер үшін шығын нормалары, сапасын бақылау және майлау материалдарын алмастыру мерзімділігі белгіленеді. Осы мақсаттар үшін қолданылатын майлау материалының маркасы осы жабдықта қолдануға рұқсат етілген майлау түрлерін пайдалану жөніндегі зауыт нұсқаулығының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Майлау материалдарын алмастыру жабдықты дайындаушы кәсіпорынмен келісіледі.

Мәжбүрлі айналдырылатын қосымша жабдықты майлау жүйесіндегі механикалық қоспалардың, қожды және судың құрамын айына 1 рет визуалды бақылау қажет. Майдың ластанғаны анықталған кезде тазартылуы немесе ауыстырылуы қажет.

Әрбір электр станциясында және электр желісін пайдаланатын ұйымдарда қосымша жабдық үшін кемінде 45 күн тұтынатын майлау материалдарының тұрақты қоры сақталады.



  1. Энергетикалық объектілерде жаңа және пайдаланылатын энергетикалық майлар сапасын бақылау мен майды қолдану бойынша ұсыным беруді, оның ішінде оны бақылау кестесін құруды, сондай-ақ өңдеу технологиясын техникалық тұрғыдан басқаруды химиялық цех (химиялық зертхана немесе тиісті бөлімше) жүзеге асырады. Электр желісі пайдаланылатын ұйымның май шаруашылығы оқшаулау және жайдан қорғау қызметінің немесе басшы бұйрығымен анықталған басқа да өндірістік бөлімшенің қарауында болады.

Электр станцияларында электр оқшауланған майларды өңдеу үшін жабдықпен қызмет көрсетуді электр цехының персоналы, ал турбина майын өңдеу үшін қазандық турбинасы цехының персоналы жүзеге асырады.

Электр станциясының біріккен орталық май шаруашылығы кәсіпорын басшысының бұйрығымен анықталған өндірістік бөлімшенің қарауында болады.



  1. Химиялық зертханада жабдыққа құйылған турбинаның, трансформаторлық және индустриялық майларды тіркеуге арналған журнал жүргізіледі. Журналда мемлекеттік стандарттың нөмірі немесе техникалық шарттардың, дайындаушы зауыттың атауы, майды сынау нәтижелері, жабдықтың түрі мен станциялық нөмірі, қоспаны қосу туралы, толықтырылған май көлемі мен сапасы туралы мәлімет жазылады.

  2. Пайдаланылатын майға қосымша талдау жүргізу қажеттілігі мен мерзімі нақты жабдықтың пайдалану нұсқаулығы бойынша айқындалады.

  3. Трансформатор және турбина майын жабдыққа құю және одан құйып алу жеке май өткізгіш бойынша, ал май өткізгіш болмаған кезде цистернаны немесе металл бөшкелерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Трансформатор майы үшін ыстық майды шайқау арқылы шамамен тазартылған, реттелген май өткізгіштер қолданылуы мүмкін. Станционарлы май өткізгіштер істен шыққан кезде тұтастай маймен толтырылады.

Каталог: assets -> old -> uploads -> files -> 2015
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
2015 -> Операциялық жоспар іс-шараларын іске асыру туралы есеп
2015 -> Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет