Әлемдегі қазіргі демографиялық жағдай


Экономикалық-географиялық жағдай (ЭГЖ) –



бет6/25
Дата15.10.2023
өлшемі4,95 Mb.
#185560
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
СЕССИЯсессия эконом (2)

Экономикалық-географиялық жағдай (ЭГЖ) – объектілердің экономикалық, әлеуметтік және саяси кеңістіктегі бір-біріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік, әкімшілік немесе өзге де шекараларға қатысты жағдайы. Сондай-ақ, ЭГЖ санатына зерттелетін объектілердің жұмыс жасауына және дамуына әсер ететін табиғи объектілерге (минералды ресурстар кен орны, кеме жүзетін өзен, орман алқабы және т.б.) қатысты жағдай да жатады.  
Теориялар:
25. Химия өнеркәсібі: саланың анықтамасы және оның маңызы. Шикізат ресурстары, орналасуы мен құрылымдары, саланың даму мәселелері. 
Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені. 
Химия өнеркәсібі. Химия өнеркәсібіне үш сала кіреді: 
тау-кен химиясы, (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу) 
негізгі химия (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру) 
органикалық синтез химиясы. 
Негізгі химия минералды тыңайтқыштар, қышқылдар, сода және т.б. өндіруге бағытталған. Органикалық синтез химиясы синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, синтетикалық каучук, химиялық талшықтар және басқа да өнімдер түрлерін өндіруге мамандандырылған. Химия өнеркәсібінің құрамына фармацевтикалық, микробиологиялық, фотохимиялық салалар, тұрмыстық химия және т. б. кіреді. Қазақстанда пайдалы қазбалар: фосфорит, күкірт, тұз, әктас және басқа да шикізат өндірісімен айналысатын тау-кен химиясы дамыған.   
Химия өнеркәсібі салаларының орналасуына әсер ететін негізгі факторлар шикізат, отын-энергетика, су және тұтыну болып табылады.  
Химия өнеркәсібі ел шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Ғылыми-техникалық прогресті іске асыра отырып, машина жасау және электрэнергетикамен қатар, химия өнеркәсібі соңғы технологиялық циклдің саласы болып табылады. Шикізат пен қалдықтарды кешенді түрде өңдеуге үлкен мүмкіндіктер тудырады.  
Химия өнеркәсібінің кең қолданылатын өнімнің бірі - күкірт қышқылы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет