Әлеуметтендіру институты Ғылыми редакторы



бет10/12
Дата18.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#9896
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

121

налған кітаптарда “Халықтық педагогика” ұгымының орнына, “Этнопедагогика” терминін пайдаланған жөн деген ағат пікірлер бой көрсетіп қалып жүр1. Біздің пікірімізше, бұл екі ұғымның екеуі де өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу процестеріне қатысты, бір-біріне етене жақын құбылыстарды білдіргенімен, дәлірек айтқанда, осы құбылыстарды білдіретін түсініктердің жиынтық ұғымдары болғанымен, араларында кәдімгідей айырмашылық бар. Айталық, “Халықтық педагогика” ұғымына берілген анықтама төмендегідей: “Халықтық педагогика дегеніміз халық бұқарасының тарихи және әлеуметтік тәрбиесінің нәтижесі ретінде, ұрпақтан ұрпаққа негізінен ауызша түрде жеткізіліп келген эмпирикалық білімдерінің, мағлұматтарының, бейімділіктері мен дағдыларының жинақталған және практикада тексерілген жиын-тығы”2. Ал “Этнопедагогика дегеніміз халық бұқарасының жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі, оның педагогикалық көзқарастары туралы ғылым, тұрмыс педагогикасы, отбасы, ру, тайпа, ұлыстар мен ұлттар туралы ғылым, этникалық педагогика тарихи жағдайларға байланысты қалыптасқан ұлттық характердің ерекшеліктерін зерттейді”1.

Көзбен барлап, ой жүгірткеннен-ақ байқайтынымыз,қатар тұрған екі анықтаманың арасында елеулі айырмашылықтар бар екендігі. Ал енді, түптеп қарағанда, “Халықтық педагогика” ұғымы мен “Этнопедагогика” терминіне берілген анықтамалардың, тіптен, бір-біріне жүғыс пайтындығы айқын көрініп тұр. “Халықтық педагогика ұғымына берілген анықтама оқу-тәрбие процесінде белгі бір ұлттың ғасырдан — ғасырға, атадан — балаға мирас болып қалып келе жатқан тәлімгерлік дәстүрін өскелең ұрпақты тәрбелеуде қолдану жолдарын, үлгі-өнегесін, әді тәсілін т. с. с. көрсеткен.

Ал “этнопедагогика” ұғымына берілген анықтама болса, халықтың педагогиканың үлгі-өнегелерінің, әдіс-тәсілдерінің және тәлімдерінің бала тәрбиесіне тигізетін ықпалын теориялық тұрғыдан негізделген.

Қорыта айтқанда, халықтық педагогика өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендірудің тиімді құралы болып

1 Қараңыз: Смайлова М. Этнопедагогика және ғылыми педаго- гика// Халық педагогикасы мен психологиясы дәстүрлерінің оқу- тәрбие ісінде қолданылуы... 6-бет, және басқалар.

2 Измайлов А. Э. Народная педагогика: Педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана, 76-бет.

1 Волков Г. Н. Этнопедагогика. Чебоксары, 1974. 3-бет.

122

табылады. Халықтық педагогика оқыту мен тәрбиелеу процесінде жеткіншек, жас ұрпақтың бойына белгілі бір ұлттың ғасырдан ғасырға, атадан — балаға мирас болып қалып келе жатқан өзіндік ұлттық қадір-қасиеттерін, ұлттық сана-сезімі мен психикалық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын: жөн-жоралғыларын, ұлт мәдениеті мен өнерін, көркем әдебиеті мен фольклорын т. с. с. сіңдіру үлгі-өнегесі; шаруашылық жүргізу іс-тәжірибесінің ұлттық машықтары мен ісмерлігін меңгерту жолдары жалпыадамзатқа тән білімді, дағды-іскерліктер мен біліктілікті дарыту әдіс-тәсілдері, өнерге, сөз өнеріне, жыраулық пен айтысқа, шешендікке, әншілікке, күйшілікке т. с. с. баулу; еңбекке және қол өнеріне бейімдеу; Отансүйгіштік адамгершілік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік т. с. с., бір сөзбен айтқанда, адам баласына жүғысты барлық адамшыл қасиеттер рухында баланы тәрбиелеуде қолданатын тәлімдері.

2. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ОҚУ-ТӘЖІРИБЕ ІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Халық педагогикасы кез-келген халықтың сан ғасырдан бергі ата-бабадан қалған, ұрпақтан ұрпаққа өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан, тәрбие жөніндегі, баланы бағып-қағып, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі.

Халық педагогикасының негізгі мақсаты — өздерінен бұрынғы аға буын өкілдерінің тәрбие жөніндегі жинақталған бай тәжірибелеріне сүйене отырып, келер ұрпақты адал еңбекке, өнер-білімге баулу, өмірге бейімдеу, отбасының, ауыл-аймақтың, туған Отанның ар-намысын қорғау сияқты ізгі адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Халық педагогикасының озық үлгілерін өсіп келе жатқан жас үрпаққа тәлім-тәрбие беруде кеңінен пайдалану қажеттілігін терең түсініп, бастама көтерген қатардағы ұстаздар, ең алдымен ауыл мұғалімдері болды. Бертін келе ұлттық өнеге мен тәлімнің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік бөлек орны бары сезінілген сайын, халық педагогикасының құндылығы өсіп, ролі арта түсті. Білім министрлігі өзінің 1992 жылы қаңтардың 22-сінде болған алқа мәжілісінде “Халық педагогикасы дәстүрлерін оқу-тәрбие ісінде қолдану туралы” арнаулы қаулы қабылдады. Бұл қаулыда республикадағы барлық педагогикалық жоғары оқу орындарында этнопедагогика және этнопсихо-



123

логия кафедраларын құру, осы мәселеге арнап, арнайы республикалық ғылыми-практикалық мәслихаттың нәтижесі туралы шешім қабылданып, халықтық педагогика дәстүрін оқу процесіне енгізуге бағытталған нақтылы шаралар белгіленді.

Әрине, жоғарыда айтылғандарға қарап, ұлттық тәлім-тәрбие проблемалары тугелдей өз шешімін тапқан екен деген келте ой тумаса көрек. Бұл тек қана бұлақ бастауын,қайнар көзін ашу шаралары болатын. Әлі де болса алда республикадағы барлык, ұлттық мектептердің түлектерін өз қадірін, ел қадірін, туған жерінің тарихын, халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғүрпын, ана тілі мен ауыз әдебиетін құрмет тұтатын, қол өнері мен өнерпаздықтың қыр-сырын меңгерген нағыз ұлтжанды азамат етіп қалыптастыру міндеті күтіп тұр. Бұл жәй әншейін үстірт қарағанда оп-оңай біте салатын жеп-жеңіл іс сияқты көрінгенімен, қиын да күрделі шаруа. ¥лттық тәлім-тәрбиенің қағидаларың баланың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне қарай әр пәнді оқыту кезінде ғылыми жүйемен қабілетін ескере отырып, санасына біртіндеп сіңдіру керек. Ол үшін әр мүгалім халықтық педагогика ңағидаларын өздері оқып біліп, меңгере отырып, оқу-тәрбие процесінде орынды пайдалану әдістеріне жетік болуы шарт. Әрбір ұлт мектептерінде этнопедагогиқалық мұражай, кабинеттерді жабдықтау, оған оқушылардың өздері жасаған үлттық ою-өрнекті заттар мен суреттерді, мүғалімдердің үлгілі сабақ жоспарлары мен ғылыми әдістемелік еңбектерді шоғырландырып жинастыру қажет. Оқушыларды үнемі өнер сайыстарына тартып, түрлі ұлттық ойын-сауық кештерін жиі ұйымдастыруды дәстүрге айналдыру дұрыс. Сонда ғана инабаттылық пен имандылықты, адамгершілік пен қайырымдылықты, мейірбандық пен сүйіспеншілікті, қасиеттілік пен үлттық тазалықты, мәдениеттілік пен ер-жүректікті өзінің ұлттық бітім-бол-мысының мазмүнына терең сіңдірген текті азаматтардың қалыптасатыны анық.

Демек, халықтың тірнектеп жинаған тәрбие ісінің бай тәжірибесін аса тиімді, творчестволықпен қолдана білу — әрбір ұлттық мектептің, әрбір ұстаздың міндеті.

Жалпыадамзатқа тән қасиеттердің, дәстүрлер мөн жоралғылардың өсіп келе жатқан жас ұрпақты халықтар достығы, үлтаралық өзара құрмет пен келісім рухында тәрбиелеуде мәні зор. Бүлар Отанға берілгендік, еңбек адамдарын құрметтеу, еңбекке адал қарау, туысқандық

124

ынтымақ пен өзара көмек сияқты моральдық-саяси қасиеттерді қалыптастырады.

Халық педагогикасының негізгі көздер мақсаты — өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, өскелең ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасын, ауыл-аймақтың, туған Отанының ар-намысын қорғауға және т. б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу. Өз үлтын қадірлейтін адам басқа елдің де қадірін біледі.

Олай болса, халық педагогикасының негіздерін басшылыққа ала отырып, өскелең үрпақ тәрбиесіне бел шеше кіріскен мектептердің мақсатты іс-әрекеті ұлттық тәрбиенің ұрпақтан ұрпаққа мирас, өмірлік мұра болып қалған, өскелең үрпақты азамат етіп қалыптастыру жөніндегі ғасырдан ғасырға жинақтаған тәжірибесін іс жүзінде пайдалану, оны насихаттау. Сонымен қатар, мұндай мек-тептердің міндеті — жекелеген тәжірибелі мұғалімдердің өскелең ұрпақты оқытып тәрбиелеудегі озық тәжірибелерін үргілеу, педагогика, психология, оқыту негіздері саласындағы зерттеулерді жалғастыру.

Өсіп келе жатқан жас үрпақтың тағдыры, болашағы, өмірден тартар несібесі ата-анасымен қатар, оқытып тәрбиелеген ұстаздарының тәліміне, сіңірген еңбегіне де байланысты. Үздіксіз ізденістің нәтижесінде мектеп оқушылары үшін халық педагогикасының ереже-тәртіптері белгіленіп, бекітілді. Ол жергілікті елді мекендер мен ұлттық мектептердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жасақталған. Оның баптарында ұл балалар мен қыз балаларға арналған халықтық өнеге мен тәлімнің озық үлгілері жинақталған.

¥ëттық мектептерде оқу-тәрбие жұмыстары, халыңтық тәлім-тәрбие негізінде жүйелі жоспарланған, халық педагогикасының әр алуан, сан түрлі нәрлі элементтері нақты пәндерде, сабақтан тыс тәрбиеде толық қамтылған, ұлттық өнеге мен тәлімнің озық үлгілерін жұртшылық арасында насихаттау мәселелері де дүрыс жолға қойылган.

Бұл түсінікті де. Себебі, тарихты білу, бүгінгі күннің мәнін, келешектің мүддесін түсіну, өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра қалдырып отыру адамзат әулетінің ұлы парызы. Демек, қазіргі қазақ халқының рухани жағынан қайта түлеуі кезеңінде ұлттық дәстүрлерді қастерлеу, еліне, халқына, мәдениетіне шынайы сүйіспеншілікті тәрбиелеу жалпы білім беретін орта мектептің қасиетті борышы болып табылады. Осыны терең түсінген ұстаздар қауымы

125

қолдарынан келгеніпше халықтық педагогиканың озық үлгілерін жеткіншек ұрпақтың жетесіне құйып бағуда.

¥ëттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың, халыңтық өнеге мен тәлімнің негізінде шәкірттерге тәрбие берудің уақыт талап еткен үрдісті іс-қимылы Қаратау өңіріндегі білім ошақтарында кеңінен өрістетілуде. Кентау қаласындағы № 6 орта мектептің халықтық педагогика тәлімдерін оқу-тәрбие процесінде өндіріп, тиімді пайдаланып келе жатқанына 3 жыл болды. Алдымен еңбек тәрбиесінің негізінде ұлттық өнеге берудің жолдары мен бағыттары қалыптасты. Қазір халықтық өнеге тәлімі үш бағытта жүргізіліп келеді.

Мектепте 25 баптан тұратын ежелгі ел тәрбиесінің ережесі жасалған. Онда ұл балалар мен қыз балаларға арналған өнеге үлгілері жинақталған.

Мектеп есігін ашқан оқушы алдымен “Ассалаумаға-лейкум” деген сөзді қалай айтуды үйренеді. Сөйтіп, ұлттық сәлемдесу мәдениетіне дағдыланады. Шәкірттер ұстаздарымен қазақ салты бойынша амандасады. Оқушылар бұл ережені тұрақты сақтауға міндеттелген.

Мектепте барлық пәндер бойынша халықтық педагогика негізінде білім беруге толық бетбұрыс жасалған. Республика жұртшылығына өскелең ұрпақты әлеуметтендірудегі игі істерімен әбден танымал болған ордасында шәкірттер математика, физика және орыс тілі пәндері сабақтарында сапалы біліммен қатар, жақсы өнеге тәлім де алады. Халықтың рухани байлығынан сусындайды. Айталық, физика пәні сабағында оқушылар тақырыпқа сәйкес ұлттық рухани қазынадан мол түсінік алса, математика сабағында тарихқа байланысты есептер шығарады. Орыс тілі сабағында қазақтың мақал-мәтелдерін үйренеді.

Ата салт пен ұлттык, өнеге-тәлімді ерекше қалыптастырып отырған еңбек пәні сабағы. Шәкірттер түрлі ою-өрнек, әшекей-бедерлермен өрнектелген класқа кіргенде күй ойналады. Еңбек сабағында бастауыш кластардың біраз оқушылары ұлттық киімдермен отырады. ¥стаз “Орамал тастау” ойыны арқылы сабақ жүргізеді. Міне, сондықтан бұл пән өте қызықты өтеді. Оқушылар берілген тапсыр-маларды жақсы меңгерумен қатар, іскерлік-шеберлікке де дағдыланады. Он саусағынан өнері тамған ұстаздар оқушыларға олардың өмірлеріне пайдалы іс-әрекеттерді үйретеді. Бір сөзбен айтқанда кәсіпкө бейімдеп, іс-әрекетке шыңдайды. Олардың бойындағы қабілет пен таланттың көзін ашады. Еңбекке баулудың жақсы жолдары мен

126

әдіс-тәсілдері бойынша іс-әрекеттерін жалғастырады. ¥лттық кәсіп пен ісмерлік өнер дағдыға жан-жақты баулудың нәтижесінде шәкірттер Республика көлеміндегі жарыс-конкурстарда жүлделі орындарға тұрақты түрде ие болып жүр.

Халықтық өнеге мен тәлімі қанат жайған білім ошағында қыз балаларды ұлттық тәрбие негізінде жақсы әдеп пен кісілік қызметке баулу өзгеше жолға қойылған. Қазір мектепте қазаңтың өзіндік отбасы тәрбиесі бойынша сабақ жүргізіледі. Онда қыз балаларға ананың, әженің, жеңгенің беретін өнеге-тәлімі айтылады. “Ақбаян” атты қыздар және “Сырласу” атты жеңгелер клубы жұмыс істейді. Бұл өнеге орталықтарында қыздар ежелден келе жатқан үлгі-тәлімі, оның әртүрлі жолдары айтылады. Қызықты әңгіме, басқосу кештері өтеді. Мәслихат отырыстары болады.

¥ëттық рухани дамудың көкжиегін кеңейтіп отырған нәрсе — кластан тыс шаралардың жүйелі арнасы. Мектептегі бұл шараның бағыт-бағдарламалары әр алуан. Әр тақырыпта жұмыс мақсаттарын белгілеген клубтар мен отау орталықтарында шәкірттер өнеге мен тәлімнің жақсы үлгілерін бойларына сіңіреді.

“Елім-ай” бағдарламасы бойынша өнер мен мәдениеттің асыл туындыларын зерделеріне құяды. “Мұрагер” клубында олар араб графикасын үйренеді. Жас термешілер жас ақындар үйірмесінде шешендік сөздер мен айтыстардың тәрбиелік мәнін түсінеді. Ел тарихына, шежіресіне байланысты тың деректер естиді.

Оқушыларды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеуде мектеп жанындағы “Арман” атты кинотеатрдың ықпалы ерекше болып отыр. Тәрбие жұмыстарына байланысты барлық шаралар осы рухани орталықта жалғасады. Орталықтың жетекшісі, жоғары класс оқушысы Г. Құлжабаева. Сондай-ақ, қуыршақ театры да мәдени шаралардың жақсы орыны болуда.

Өрісін кеңейтіп, жүйелік элементтерін толықтырып келе жатқан халық педагогикасы мектебі ата-аналар арасында да жүргізілетін насихаттық шаралардың ұйытқысы болып отыр. Оқушы балалардың әкелері мен шешелері “Бөбек”, “Жеткіншек” және “Бозбала” атты тәрбие университеттерінің сабақтарына қатынасады. Әжелерге арналған арнаулы отау-клубта елдік дәстүрлер мен ғұрыптар жайында әңгіме-дүкен өтеді. Ақсақалдардың басын қосып, шежіре шертетін мектеп-клубта көне-көздер

127

ел тарихына байланысты, хандар мен батырлардың өміріне қатысты әңгіме қозғайды. Әсіресе, жергілікті билер мен шешендер, батырлар мен жыршылар туралы аңыз әңгімелер жүйелі әңгімеленеді. Айталық, Қаратау өңіріне белгілі Биту батыр, Табылды датқа, Шойбек би, Сейт болыс, Жұмаш шешен т. б. халқына жасаған жақсылықтары ұрпақтан ұрпаққа айтылып, мадақталып жүрген аруақты есімдер. Бір ерекшелігі, шежіре, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер айтуға шақырылған ақсақалдар әңгімелерін дастарқан басында бастайды. Бұл үшін шежіре сабағы өтетін жерде дастархан дәмі әзірленеді.

¥ëттық салт пен дәстүрді қастерлеп, оның іс-жоспарын жасаған, бағдарламасын жазған, оқу-тәрбие процесіне ендірген, халықтың асыл мұрасын жұртшылық арасында насихаттау мақсатымен алуан түрлі ойын-сауық отаулары мен клубтар ұйымдастырған ұлтжанды ұлагатты ұстаз, білікті маман, мектеп директоры Өмірбек Жүсіпов өзі бастаған игілікті істің нәтіже бергеніне балаша қуанады. Бұл орынды да.

Әрине, жоғарыда сөз болған игілікті істерге қарап, Кентау қаласында тек жалғыз № 6 мектеп қана халықтық өнеге мен тәлімге айрықша назар аударып, қалған мектептер оған мән бермей отыр екен деп үстірт ойлауға болмайды. Қаладағы Ы. Алтынсарин атындағы және С. Қожанов атындағы орта мектептерде де әуелден-ақ халықтық педагогиканың озық үлгілері оқу-тәрбие процесіне кеңінен ендірілген. Халқымыздың тұрмыс ахуалын, әдет-ғұрпын және салт-дәстүрін үйретіп, ел тарихы, жер тағдыры жайлы түсіндіруді мақсат еткен бұл мектептер таза ұлттық тәрбие-тәлім бағыттарын ұстанған. Бұл мектептерде өткізіліп жүрген түрлі жиындар мен тақырыптық кештердің, сұрақ-жауап, пікір алысу сәттерінің қай-қайсысы да халықтық педагогиканың үлгі-өнегесін көрсетеді. Оқушылардың ұлттық дәстүрге бейімделуі, тұрмыс-салт мейрамдарын түсініп, бабалардан қалған қағидаларға құлақ түре бастағаны байқалады. Осының өзі көп нәрсені аңгартқандай.

Десекте, халықтык, салт-дәстүрлер мен әдет-ғүрыптардың озық үлгілерін жеткіншек үрпақтың бойына сіңдіруге міндетті орталықтардың бірі — бұрышы “Пионерлер үйі”— бүгінгі “Балалар шығармашылық үйінің” жұмысы көпшілік ойындағыдай деңгейде жүргізілмей келе жатқандығын да жасыруға болмайды. Онда 36 мұғалім жұмыс істейді. Олар әртүрлі шығармашылық үйірмелерде

128


1000-нан астам оқушыға дәріс беруге міндетті. Дегенмен, оқушылардың бұл үйірмелерге тартылуы өте нашар. Қазақ мектептерінің оқушылары шығармашылық үйіне мүлдем бас сұқпайды десек артық айтқандық емес. Балалардың шығармашылық үйінде тұрақты оқып жүргендерінің дені №№ 2, 4, 14, 16, 22, 23 орыс мектептерінің оқушылары, №№ 1, 5, 6, 12, 15, 24 мектептердің оқушылары тек белгілі бір мезгілде ұйымдастырылған жарыстар мен байқауларға ғана қатынасады. Ал, №№ 3, 9, 18, 19 мектептердің оқушылары қалада “Балалар шығармашылық үйі” барын білмейтін болып шықты.

Мұның себебі, бұрынғы пионерлер үйінің аты өзгергенімен, іс-жоспарына өзгерістің жоқтығынан. Әлі де болса ескіше жұмыс істеуінен. ¥зақ жылдар бойы жас ұрпақты ана тілінен, ата тарихынан, төл мәдениетінен айырған, жалған ұрандарға негізделген тәрбиені дәріптеуінен. Ал уақыт өскелең үрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Бала білімі туған ел, туған жер тарихы-мен, халқының дәстүр-салтымен, әдет-ғұрпымен және ұлттық өнеркәсіптің негіздерін оқып үйренумен толыққанда ғана жоғарыдағы олқылықтың орны толатындығы анық.

Тәрбие жұмысының маңыздылығы бала тәрбиесімен айналысатын әрбір тәрбиелік орынның тәрбиешілерінің де, әдіскер мамандары-ның да қос тілді — қазақ және орыс тілдерін — жетік білуін, тәрбиелік жұмыстардың қырсырын жан-жақты меңгеруін талап етеді. Дегенмен “Балалар шығармашылық үйінде” жұмыс істейтін жоғарыда аталған 36 мұғалімнің екеуі ғана қазақ мектептерінен ке-летін оқушылармен жұмыс істей алады. Бірақ ол екеуінің әлі де болса қазақ халқының ұлттық педагогикасының қыр-сырын толық меңгеріп кете алмағаны тайға таңба басқандай анық көрініп тұр. Жалпы шығармашылық үйінің қызметкерлерінің көпшілігі өздерінің осыдан 10— 15 жыл бұрын алған білімдерін қанағат етумен шектеліп қалған. Өз беттерімен шығармашылықпен білімдерін кө-термейді. Педагогика мен психологиядан білімдері таяздалған. Ғылым мен шығармашылықпен айналыспаған ұстаздар ескегінен айырылған қайық тәрізді бағытынан айырылып қалатындығын ұмытпау лазым.

Қайта жаңғырьш, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика бұл күнде ұстаздар қауымы ғана емес, бүкіл қоғамызға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық педагогика кешегі өткен данагөй қариялардан,

129

гұлама ойшылдардан, шешендерден, билерден, батырлар мен ақын-жыраулардан, бақсы-балгерлер мен сал-серілерден мирас болып қалған тәлім-тәрбие құралы.Оның өміршең идеялары, даналық болжамдары мен пайымдаулар халықпен қайта қауышып, жүректерден орын алуда.



Халықтық тәлім-тәрбиенің асыл қағидаларын жан-тәнімен сезініп, өмірге ендіріп жатқандар да қатардағы ұстаздар. Әсіресе, ауыл мұгалімдерінің бұл іске деге ынта-ықыласы өте жоғары.

Камен ауданы Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде Россиямен шектесіп жатыр. Сондықтан болар, халқының басым көпшілігі қазақ тілінен гөрі орыс тіліі жүйріктеу келеді. Бұрындары бұл ауданда қазақ тіліне бірді-екілі ғана мектеп бар болатын. Ал қазір бұл ауданда қазақ тілінде оқытпайтын бірде-бір мектеп жоқ. Сонымен қатар, аудан мектептерінде халықтық педагогиканың озық үлгілерін пайдалана отырып, жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде және де елеулі еңбектері көзге түсерліктей. Мысалы, Ақтау орта мектебінде халықтық өнеге мен тәлім негізінде 13 рет ашық сабақ өткізілді. Оған аудан мүғалімдерінің көпшілігі шақырылды. 11-ші орыс класында сабақты Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім Раиса Қуанышқалиева жүргізді. Сабақтың тақырыбы “Нағашы ауылына барар жолда”. Бір оқушы нағашы жұртына қыдырып бармақшы болады. Шешесі осыған байланысты “тоқым қағар” жасайды. “Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығады” деген шырағым, жолда анау-мынау қиындық кездессе, біліміңе сыйын”, деп шешесі бата беріп, баласын жолға шығарып салады.

Жолшыбай бала алты рет аялдама жасайды. Берілген сұрақтарға жауап береді. Бірінші аялдама: “Еріншектің ертеңі бітпес”, 2. “Өнер алды — қызыл тіл”, 3. “Өтірік өрге баспайды”, 4. “Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала -сорлы бала”, 5. “Білімді мыңды жығады”, 6. “Жұмбақбай атаның ауылы”. Осы аялдамаларда берілген сұрақтарға мүдірмей жауап берген жиені нағашысының ауылына

жетеді.


Сабақтың ең қызығы “Шаңырақ аралық жарыс” болды. Оған Жаукеновтар мен Танбаевтар династияларының үш ұрпағы қатысты. Жарыс шарты бойынша, мына сұрақтардың шешімдері дұрыс табылып, сахнада көрсетілуі керек.

1. Сәлемдесу. 2. “Туған жерім — алтын бесігім” (ауыыл



130

тарихынан сұрақтарға дұрыс, дәл жауап берулері керек), 3. “¥лың өсіп жетер, қызың өсіп бой жетер” (үй тапсырмасы, ұл мен қыз тәрбиесіне байланысты әдет-ғүрыптар көрсету), 4. Енелерге сұрақ. 5. Келіндерге сұрақ. 6. Немерелер жарысы (мақал-мәтел, жұмбақтар шешу), 7. Өнер сайысы, Жеңілген отбасылар болмады. Екі отбасына да демеушілері (фермерлер) сыйлық табыс етті.

Ашық сабақтар бітісімен халықтық педагогика тақырыбына арнайы баяндама жасалып, ол жан-жақты талқыланды. Халықтық педагогиканы қолдану пән, тіл талғамайтынына жиналған барлық ұстаздардың көзі жетті.

Оқыту жүйесі туған өлке мен өскен жерге сүйіспеншілікті дамыту, оған деген талапты қанағаттандыру негізінде ғана өзге халықтарды тануға құрылғаны жөн. Кешегі қызыл империя құрамында болып, отарлық күн кешкен күлдері керісінше болып келді. Мысалы, қазақ мектебінің оқушысы ертедегі Вавилон, Греция туралы деректерді білгенімен, оның есесіне өз өлкесі жөнінде мағлұматы жоқ болды. Оның себебі — орталықтандырылған бағдарлама мен оқулықтар пайдаланылатын. Жергілікті жерлерде — ұлттық республикаларда оқу жоспарларын жасауға, оқулықтар жазып, оны шығаруға қатаң тыйым салынған болатын. Бұл отарлау саясатының ең жымысқы, сорақы тәсілдерінің бірі — отар ұлттарды, ең алдымен олардың өсіп келе жатқан жас жеткіншек -ұрпағын мәңгүрттендірудің, ата салтынан, ұлттық әдет-ғұрпынан мүлдем айырылту тәсілінің бірі болатын.

Міне, бүгін жағдай мүлдем өзгерді. Еліміз егемендік алып, қалыпты өркениеттік дамудың аясына бет бұрдық. Озық технология мен жаңа техниканы, машықты мамандықтар мен ғылыми жетістіктерді ғана емес, сонымен бірге ұлттық рухани мәйектердің, мінез-құлық пен мәдени игіліктердің, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлердің, ой мен тілдің қайта түлеуіне ұмтылып отырмыз. Егемендіктің, еркіндіктің не екенін түсініп, жасампаз күшін сезіне бастадық. Оған өсіп келе жатқан жас ұрпақты мектептерде туған Отаны — Қазақстанға сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге, өз ұлтының тарихын, ата-баба дәстүрлерін, халықтық әдет-ғүрып пен ырым-жораларды оқытып үйретуге жаппай ұмтылушылық дәлел. Оған республика облыстарының барлық мектептерінде ұлттык, педагогиканың озық үлгілерін жеткіншек ұрпақтың бойына қажымай-талмай сіңдіруге ұмтылушылық дәлел. Айталық, Ақтөбе, Маңғыстау, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан

131


облыстарының мектептерінде “Елім-ай” атты интеграцияланған курс тәжірибеге ендірілуде. Өйткені бұл облыстардың ұстаздар қауымы рухани әлемді ұлттық мәдениетіміз, салт-дәстүрсіз дамыту мүмкін еместігін терең ұғынады. Олар “Елім-ай” бағдарламасы шеңберінде шәкірттерді қазақ музыкасының терминологиялық ұғымдарымен, халық ақындарының шығармаларымен таныстырады. Қоршаған ортаны түсіндіруде бейнелі сөз айшықтарына, ұлттық, белгі-бедерлерге, өнер сайысына үйретеді. “Елім-ай” бағдарламасы бойынша жасалған “Әсемпаз” атты 1 класс оқулығы мұғалімдер тарапынан жоғары бағаланып, ол жас жеткіншектердің адамгершілік көзқарастарын қалыптастырудағы өнегелі оқу құралы ретінде баға-ланып отыр. Бұл бағдарлама бойынша білім алған шәкірттердің рухани дүниесі бай, жан-жақты жетілген, ұлттық өнеге мен тәлім негіздерін толық меңгерген өнерпаз азамат ретінде қалыптасаты-нына ешкімнің де таласы болмаса керек.

“Елім-ай” бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Жамбыл қаласындағы № 44 орта мектепте “Халықтық педагогика негізінде көркемдік-эстетикалық циклді оқытып үйрету” атты экспериментал-

ды байқау жүргізілуде. Онда Қазақстан халықтары өнерін өрлету жолдары қарастырылған. Жастарға көркемдік-эстетикалық білім мен тәрбие берудің сындарлы жүйесі жасалған. Өнерге бейім талантты балалар жоғары өнер институттарына түсуге арнайы дайындалады. Бұл игі жұмысқа Жамбыл педагогикалық институтының доценті А. С. Камалов, осы институттың музыка кафедрасының меңгерушісі Б. К. Көшербаева жетекшілік етеді. Сонымен қатар, бұл мектепте қа-лалық музыка мектебі мен көркемдік мектебінің филиалдары жүмыс істейді. Мектептің оншақты оқушысы қалалық ұлт аспаптары оркестірінде ойнайды. Оларға ұлттық ойын аспаптарын — домбыраларды, сырнайларды, ою-өрнекті қобыздарды жасайтын мектеп оқушыларының өздері. Себебі, мектептің өз қол өнері мастерскойы бар. Онда өз істерінің нағыз шеберлері С. Төленбаев, С. Көмекова, К. Иманбеков, Г. Әшірбаева, А. Жанғарин, И. Шалқымбаеваның басшылығымен балалар кілем тоқудың, ағашқа ою-өрнек салудың, домбыра т. с. с. жасаудың қыр-сырын үйренеді. Қазірдің өзінде олар өрнектеген ұлттық костюмдер, олар жасаған домбыралар, сырнайлар саны 200-ден асып кетті. Оларды сатып, оқу озаттарына стипендиялар беру жағы ойластырылуда. Жалпы, Жамбыл облысының


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет