Әліппемен қоштасу ертеңгілігі Мақсаттары: Оқушылардың алған білімдерін,өнерлерін еркін көрсетуге жағдай жасау. Жауапкершілікке тәрбиелеу,тату,ұйымшыл ұжым қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру



бет2/6
Дата09.06.2020
өлшемі28,51 Kb.
#63250
1   2   3   4   5   6
Жұлдызша шығады.(жұлдыз санап жүр) таяқшамен

2. Күн:Біз ертегілер әлеміне келіп түскен сияқтымыз.Керемет

ойын- сауық өтіп жатқан сияқты.



Ай: Дұрыс айтасың Күн қарашы анау жүрген кім?Ол не істеп жүр?Жүр барып сұрайық, сәлемдесейік. Сәлеметсіз бе?

Күн: - Сен кімсің?

Жұлдызшы: - Мен бе.....мен Жұлдызшымын

Сәлеметсіңдерме! сендерде бір сиқырмен осында келіп қалыпсыңдар.Қош келдіңдер ғажап ғарыш әлеміне.



Күн: жұлдызшы сіз аспанда не қарап жүрсіз?

Жұлдызшы:мен жұлдыздарды санап жүрмін, бүгінше 80 жұлдыз санадым.



Ай, күн: Қандай тамаша, бізге көруге болады ма?

Жұлдыз: Әрине, болады жүріңдер онда, жұлдыздар ортасына барайық! Өнерлерін тамашалайық.

Музыка: жұлдыздар биі:

Күн: Қандай керемет, бұдан басқа қандай өнерлерің бар?

Жұлдызшы: Біздің ғарыш әлемінде Әліппе деген сиқырлы ,керемет,ғажап кітап бар.Сол кітаптан білім алғандар өте ақылды, өте білімді, өнерлі болады. Ғарыш әлемінің өкілдеріСиқырлы әліппеден алған білімдеріне алғысы шексіз, рахмет ретінде өздерінің ән жырларын арнағысы келіп тұр.

Әдеби монтаж: 12 оқушы

  1. Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.


  1. Ізгілікті ойға тоқитын,

Шәкірт боп үздік оқитын.

Әліппе атты кемемен,

Кеземін білім мұхитын.


  1. Әліппені бітірдім,

Жаза аламын атымды.

Әліппені бітірдім,

Бала болдым ақылды.

4.Әліппені бітірдім,

Әлі де оқып жатырмын.

Тек нүкте мен үтірдің,

Орнын таппай шатылдым.



  1. Әсем ою-өрнекпен,

Көмкерілген әліппем.

Сен болмасаң білімге,

Бастайтын жолды біліп пе ем.


  1. Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе.


  1. Әліппе сауатыңмен санамды аштың,

Достарыммен теңдес араластым.

Үйреніп әріптермен әңгімені,

Күн сайын алға қарай қадам бастым.


  1. Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,

Ана тілге әкеліп жалғастырдым.

Әр әріпті қостырып сөзін құрап,

Хат танытып алғаш сен көзімді аштың.


  1. Қош болып тұр әліппе анамдайсың,

Жақсы бол деп біздерге алаңдайсың.

Мен үйреткен әріптің құдіретімен,

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.


  1. Орындаймыз әліппе ақылыңды,

Жарысқанды жазамын тақымымды.

Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,

Арттырамын ғылымға құштарлықты


  1. Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассаң,

Әліппемен қоштаспақ.


  1. Әр күнім алып келер жаңалықты,

Тоқимын оқып, білім жаңа әріпті.

Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,

Жаным да сағат сайын жаңартыпты.


  1. Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз шәкірт-қазағымның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан .


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет