Әліппемен қоштасу ертеңгілігі Мақсаттары: Оқушылардың алған білімдерін,өнерлерін еркін көрсетуге жағдай жасау. Жауапкершілікке тәрбиелеу,тату,ұйымшыл ұжым қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру



бет5/6
Дата09.06.2020
өлшемі28,51 Kb.
#63250
1   2   3   4   5   6
Ай: 12 тақпақ

1. Әліппе алып қолыма,

Білімнің аштым есігін.

Ақ ниет тілеп жолыма,

Жазылды тұңғыш есімім.



2. Бұл мерекем сенің арқаң анашым,

Бір мен үшін не керекті табасың.

Балаң жақсы деген сөзді естісең,

Күлімсіреп қуанып -ақ қаласың.



3. Әліппе мен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген нәрлі өзенге шомылып,

Жаттап өтем ұстазамның есімін.



4. А - ны айтқанда дауысым дірілдеді,

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.



5. Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз шәкірт-қазағымның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан .



6. Әлі есімде мектепке алғаш келгенім,

Оң қолыммен әліппені бергенің.

Санай ашып әліппенің беттерін,

Әріптерге үнсіз ұзақ үңілдім.



7. Әліппені бітірді ,

Білім терген ұл қыздар.

Бәрі сондай білімді,

Жанып тұрған жұлдыздай .



8. Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте.

Оқимыз қазір ертекте,

Үйретті оны әліппе.



9. Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.



10.Әліппем,менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет