Әож 371 КӨмірсуларды оқыту барысында көрнекі қҰралдарды дайындау әдістемесі



Дата10.06.2017
өлшемі50,15 Kb.
ӘОЖ 371

КӨМІРСУЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Мирсавурова Д. -112-13 тобының студенті

Ғылыми жетекші: Битемирова.А.Е. - х.ғ.к, доцент

Резюме

Использование визуальных средств в преподавание углеводородов проявляет интерес учеников к предмету, а также развивает познавательную активность, исследовательские навыки и возрастает творческий потенциал.

Summary

The use of visual aids in the teaching of hydrocarbons interested students of the subject,and develops cognitive activity,rescarch skills,and increases creativity.
«Білімді болу, талапшыл болу, шығармашыл әр ұстаздың отты пікірі, кісілігінің көрінісі, оны ешбір өнермен салыстыруға келмейді, ал шығармашылық шыдамдылықтың шыңы, ізденіс жемісі» Ж. Аймауытұлы.

Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет — талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару.Қазіргі кезеңде мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі- оқушыға тиянақты білім беру. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану, оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған [1].

Көрнекілік-оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән грамматикалық ұғымдарды сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолымен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді.

Олар: - көру көрнекіліктері және есту көрнекіліктері.

Көру көрнекіліктеріне сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады.

Есту көрнекіліктеріне техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан әңгімелеу жатады. Көрнекі құралардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекі түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал ету керек. Көрнекілік сыныптағы оқушылардың қай қатарда отырса да, бәріне бірдей айқын көрінетіндей болғаны жөн. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. Бір тақырыпқа бірнеше көрнекілік түрін үстемелей қолдану, оқушыларға олардың бәрін түсінікті ете бермейді. Көрнекілік оқушылардың жаңадан танысуға тиісті тақырыбына тың ақпарат, көрнекілік тұрғысында қабылдауына әсер ету керек. Көрнекілік түрін мұғалім сабақтың нақты мақсатына сай әзірлеп, оны сабақтың тиісті бөлігінде қолданып отырады [2].

Көмірсутектерді оқыту барысында көптеген көрнекі құралдарды қолдануға болады. Мысалға: -мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидар-ды, электрондық оқулықтарды); -зертханалық тәжірибелер; -компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта); -анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры); -интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Студенттердің сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты [3].

Көмірсутектерді оқыту барысында алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар, сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Мысалы, бір ғана химиялық формуланың өзінен көп ақпарат алуға болады. Химиялық формула химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі сол заттың химиялық құрамын ажыратып береді [4].

Көмірсутектерді оқыту барысында көрнекі құралдарды қолдану ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі, бүгінгі заман талабына сай білім беруі қажет. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті тапқырлықты қажет етеді. Сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғы шарттары бар. Олар:

- сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет. Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.

- тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.

Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ал.

– дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану [5].

Осындай көрнекі құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақ барысында оқушыларды, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Химиялық сөзмерген», «Жүзден жүйрік», «Бұл неліктен?», «Кім көп біледі?», «Кім жылдам?», «Не? Қайда? Қашан?», «Білгір химик» сияқты танымдық ойындарын қолданамын. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын.


Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

2. Химия анықтамалығы 2015ж

3. Химия мектепте журналы №1-3, 2015ж



4. Нұрахметов Н.Н. Химия. Әдістемелік нұсқау.-Алматы - 2014ж.

5. Исабек. Н. «Компьютерлік технологияны пайдаланудың оңтайлы өлшемдері»-2013ж.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет