Ермұқанова Қ.Ү. Мазмұны



Дата11.01.2017
өлшемі163,85 Kb.
#6839
Бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңіндегі оқыту мәселелерін шешу жолдары

(аймақтық семинарда оқылатын баяндама)



Ермұқанова Қ.Ү.

Мазмұны

І.Кіріспе.

ІІ. Балаларды бейімделу кезеңіндегі оқыту мәселерін шешу жолдары.

ІІІ. Қорытынды



Табысты бейімделу үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет:

  1. Балалардың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі үшін жағдый жасау (сынып ұжымын құру, құрбы-құрдастарымен және педагогтармен қарым-қатынас ережесін орнатуда балаларға жүйелі біріңғай талап қою).

  2. Балалардың табысты оқуға, білімді меңгеруге психологиялық к-мек деңгейін көтеру.

  3. Оқу бағдарламасын, жүктемені, жас ерекшелігіне сай және жеке тұлғалық қатынастар мүмкіншіліктерін оқушылардың қажеттілігіне сай бейімделу деңгейін жоғарлату.

  4. 1-сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде, оқытуда кездесетін қиындықтары бар балаларды анықтап, оқушының мұғаліммен және сыныптастарымен қарым-қатынасының қолайлы болуына жағдай жасау.

Қазіргі заманда 6-7 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала мектеп табалдырығын аттағалы оның өмірі түбегейлі өзгерді, жаңа міндеттері пайда болды, ойынға оқу қосылды, ал араласу шеңбері сыныптастарының арқасында едәуір кеңейді. Бұл өзгерістерді кішкентай адам қалай қабылдады? Жаңа жағдайларға қаншалықты тез және жақсы бейімделіп жатыр? Жаңа білімдерін табыспен меңгеру, өз қабілеттерін дамыту және мұғаліммен, балалармен қарым-қатынас жасау қолынан келе ме? Бұл сауалдарға үстірт жауап қайтаруға болмайды. Сондықтан баланың жалпы мектеп ептіліктерімен қатар аса маңызды кейбір жеке сипаттарын талдаған дұрыс.Мектепте оқу - бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды кезеңге жатады: бала өміріндегі әлеуметтік -психологиялық өзгерістер - жаңа қарым-қатынастар, жаңа міндеттер, «оқушының» жаңа әлеуметтік рөлі. Оқушы болу баланы саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясын, қарым-қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы қарым-қатынастар құрылатын ережелерді талап етеді. Мұнда баланың мектепке бейімделуінің бірінші кезеңінде баланы бірге алып жүретін адамдар - мұғалімдер мен ата-аналар қандай іс-әрекеттерді таңдайтындығы; қандай да бір қиын жағдайда тиімді әрі дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің қалай болатындығы өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе алғашкы күндер (кейбір балалар үшін алғашқы айлар) қиын болады. Бұл уақытта жаңа жағдайға бейімделудің қиын үдерісі жүріп жатады. Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы бұзылады, тәбеті тартпайды, ашушаңдық, мазасыздық, тұйық мінезділік, жылау, балаға тән емес көп сөйлегіштік немесе сөзге сарандық және т.б. өзгерістер болады. Бұлардың барлығы жүйкесінің шаршауының сыртқы көрінісі болып табылады, бірақбұл өзгерістер уақыт өте келе қалпына келеді, балалар мектеп өміріне үйренеді, аз шаршайды; көңіл-күйлері көтеріңкі жүреді, ата-аналарымен, құрдастарымен еркін араласады, тапсырмаларды орындауға тырысады. Көптеген балалардың мектепке бейімделу үдерісі осылайша орын алады. Ал кейбір балаларда жаңа жағдайға бейімделу аса ауыр міндет болып табылады: олар жиі әрі ұзақ ауырады, ауырғаннан кейін ағзалары әлсіреп, қарсы тұру қабілеті төмендейді. Неліктен көптеген балалар оқудың алғашқы кезеңін бұлай қабылдайды?Бұл мәселе өте күрделі.Мәселені мектепке келген күннен бастап ата-ана,мектеп психологы және мұғалім үштігі бірлесе отырып шешсе ғана өз нәтижесін бере алады.

Балаларды бейімделу кезеңіндегі оқыту мәселелерін шешу жолдары.

2013- 2014 оқу жылында мектебіміздің 1 «А» сыныбына 17 оқушы қабылданды. Оның ішінде 7 қыз бала, 10 ұл бала. Балабақшада болғандар саны-11,үйден келгендер -2, даярлық сыныбынан-3.

Алғашқы күннен бастап б алалардың оқуға дайындығын анықтау- әңгімелесуді достық қалыптағы еркін қарым-қатынас арқылы жүргізуге тырыстым. Барлық тапсырмаларды бала психологиясына жақын ойын түрінде ұйымдастырдым . Тапсырмаларды орындау барысында оларды үнемі дұрыс және ойдағыдай орындауынмадақтап, көтермелеп отырдым..Бейімділігін анықтауға әр түрлі суреттер,әріп кеспелері,санамақтарды қолданып,4 бағытта бақыладым:

1.Тіл байлығын анықтау , сөйлем құрай білуі;

2.Сурет бойынша әңгіме құрастыра білу шамасын анықтау;

3.Әріптерді тануы, дыбыстап айтуы;

4.Тура және кері санау, цифрды тану, қосу, азайту,сурет боцынша мысалдар құрау;

Тестке қатысқан 17 оқушы. 11-і балабақшада дайындық тобында, 4-еуі мектептің даярлық тобында, 2-еуі үйден келген.

1 – сыныпқа бейімділігін тексеру анықтамалары.

көрсеткіштері


1.Тіл байлығы, сөйлем құрауы.

2.Сурет бойынша әңгіме құрастыру

3.Әріп тануы,оқуы, дыбыс айтуы

4.Санау, цифрды тану, қосу, азайту,сурет бойынша мысалдарқұрау

өте жақсы

6оқушы


8оқушы


6оқушы


7оқушы

Жақсы

6 оқушы

5 оқушы

9 оқушы

8 оқушы

қанағаттанарлық

5 оқушы


4оқушы



2 оқушы


2 оқушы



Шыққан қорытынды: 17 оқушының бәрі әріпті танып ,дыбысты айта алатыны анықалды..Сөз, сөйлем, арқылы сурет бойынша шағын әңгіме құрауды ,санауды, көп, аз ұғымдарын толық меңгергендер саны – 9.

Қалған 8 оқушы орташа деңгейді көрсетті, бірақ еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе алатыны, сұрақты түсініп, толық жауап бере алатыны байқалды .

Екінші кезеңде мектеп жантанушысының жұмысы басталады.Ол оқушылардың психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін зерттеудіКери-Ийарисектің әдістемесінен бастады.

1.Керн-Йиарисек тесті бойынша анықтау баланың психикалық дамудың жалпы деңгейін, ойлау дамуының деңгейін, тыңдау қабілетін, үлгі бойынша, тапсырмаларды жасай алуын, еркін психикалық қызметін айқындайды..





Аты-жөні

Дайындық тобында болды ма?

Нәтижесі

Ескертулер

1

Айдарханов Мейрамбек

б/б

4 дайын




2

Ахметов Алишер

б/б

7 орташа




3

Дюсенов Алдияр

б/б

7 орташа




4

Елеусизов Ильяс

б/б

14 төмен

Ерекше көңіл бөлу, психокоррекция

5

Ергалиева Жансая

мектептен

7 орташа




6

Ертас Райхан




7 орташа




7

Жанабеков Данияр

б/б

4 дайын




8

Қойшыбаева Ильназ

б/б

6 орташа




9

Мухитова Махаббат

б/б

7 орташа




10

Мырзабекұлы Жандос

б/б

7 орташа




11

Сандыбаева Азалия

б/б

4 дайын




12

Серикова Альмира

мектептен

6 орташа




13

Шәріп Мадияр

мектептен

7 орташа




14

Шошанов Әбілмансұр

б/б

4 дайын




15

Шушаков Ислам

б/б

11 дайын емес

Есте сақтау, зейін қабылдауын дамыту, жазу машығы, саусақ моторикасы

16

Елубаева Мадина

мектептен

4 дайын




17

Айткенов Асылбек




12 дайын емес

Есте сақтау, зейін қабылдауын дамыту, жазу машығы, саусақ моторикасы

Берілген тапсырма «Әріптерді көшіріп салу»,әдістемесі.Тапсырманың үлгісі салынған парақ балаларға таратып беріледі.Оның бетінде алты әріптен тұратын сөз жазылған.Балаға тапсырманы орындау тәртібі түсіндіріледі.

Қорытынды бойынша : 11 баланың : 4-еуі дайын, 5-еуі орташа

1-еуі дайын емес, 1-еуі ерекше көңіл бөлуді қажет ететіні анықталды/

Мектептегі даярлық тобы: 1 дайын, 3 орташа.

Үйден келген: 1 орташа, 1 дайын емес.

Қорытынды: Сыныпмұғалімімен бірлесе отырып келесі баламен жеке жұмыстар жүргізу.

Есте сақтау, зейін қабілеттерін дамыту бойынша : Айткенов Асылбек,

Жазу машығы, саусақ моторикасын жетілдіру бойынша –Шушаков Ислам.

Ерекше көңіл бөлу, психокоррекция – Елеусизов Ильяс.

Жоғары да атап өткендей бейімделу кезеңінде ата-аналардың атқаратын рөлі де орасан зор.

Баланың алғаш рет мектепке келуі – балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Баланы мектепке жан-жақты дайындау – өте жауапты әрі маңызды іс. Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Баланы мектепке дайындауда негізгі рөлді ата-ана атқарады. Ата-аналардың балаларының мектепке қаншалықты дайын екендігін білу- білмеуін анықтау мақсатында олармен де сауалнама жүргізілді. Ол мынадай сұрақтардан құрылды:



  • Балаңыздың мектепке барғысы келе ме?

  • Балаңыздың жаңа нәрсені біліп, үйренуге қызығушылығы бар ма?

  • Балаңыз өз еркімен бір жұмыспен шұғылдана ма?

  • Балаңыз бөтен адамдар арасында ұялмай ма?

  • Балаңыз суретке қарап бес сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыра ала ма?

  • Балаңыз бірнеше тақпақты жатқа айта ала ма?

  • Балаңыз әріптерді танып, оқи біле ме?

  • Балаңыз онға дейін және керісінше санай біле ме?

  • Балаңыз түстерді ажырата біле ме?

  • Суретсалудыжәне оны бояудыжақсыкөреме?

  • Балаңыз өз бетімен жұмыс орындай ала ма?

  • Балаңыз біреудің сөзін бөлмей тыңдай ала ма?

  • Балаңыз белгілі бір уақытта тыныш отыра ала ма?

  • Балаңыз кітаптарға қызыға ма?

Жүргізілген сауалнамадан төмендегідей қорытынды шықты:

15 - ата –ана баласының толық оқуға дайын екінін белгілесе,

2 - ата –ана балаларының дайындығына сенімсіз екен.
Мұғалім мен психологтың 1аптада жүргізілген жұмыстары негізінде ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар анықтамалармен таныстырылып, кеңестер берілді. Ата-аналармен жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша жекелеген ата-аналармен кеңес өткізілді. Ерекше көңіл бөлуді қажет ететін оқушының ата-анасына мұғалім мен психолог тарапынан үнемі кеңес алу ескертілді.

Табысты бейімделу үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет екендігі анықталды.


  1. Балалардың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі үшін жағдай жасау (сынып ұжымын құру, құрбы-құрдастарымен және педагогтармен қарым-қатынас ережесін орнатуда балаларға жүйелі біріңғай талап қою).

  2. Балалардың табысты оқуға, білімді меңгеруге психологиялық деңгейін көтеру.

  3. Оқу бағдарламасын, жүктемені, жас ерекшелігіне сай және жеке тұлғалық қатынастар мүмкіншіліктерін оқушылардың қажеттілігіне сай бейімделу деңгейін жоғарлату.

.Оқудың ең басты мотиві мұғаліммен қарым-қатынысы. Осы қарым-қатынасты ұйымдастыруына байланысты, баланың мектепке келуіне қолайлық жасау. Есінде сақтау қажет, оқушы мектеп табалдырығын атағаннан бастап, өзін басқаруды үйренеді, қойылған мақсатқа сәйкес өз әрекетін ұйымдастырады.

Баланың мектепке әлеуметтік психологиялық дайындығының

Дайындықтың бұл компоненті балалардың басқа балалармен, сыныптастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасау қасиеттерін қалыптастырады. Бала мектепте, сыныпта басқа балалармен өзара қарым-қатынас жасауына, балалар қоғамына кірігу біліктері қажет болады, басқалармен бірлесе әрекет жасауға, қорғануға және жол беруге тура келеді. Бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу, біреуді тыңдай білуді қалыптастыру мақсатында оқушылар арасында топтық, жұппен жұмыстар, суретті ойындар жүргізіліп отырды. Бейнелеу өнері, еңбекке баулу сабақтарында оқушылар тек қана сурет салып, қағазбен, ермексазбен жұмыс жасап қоймай жасаған жұмыстарын тіл дамыту мақсатында әңгімелеп, өз ойларын ортаға салғызып, өлеңдер айтып қорғап отырды.

Есте сақтау және тез есептеу қабілеттерін арттыру, қалыптастыру мақсатында дидактикалық ойындар, математикалық диктант, т.б дамыту жұмыстары жүргізілді.

Көптеген балалар оқудың алғашқы екі айында бейімделеді. Олар ұжымға тез қосылып кетеді, сыныпқа үйренеді, жаңа достар табады; үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, сабырлы, байыпты болып, мұғалімнің талаптарын өз еркімен еш қиындықсыз орындайды. Әрине, олар тәртіптің барлық ережелерін орындай қоюы қиынырақ, бірақ қазан айының соңына карай мұндай балалар жаңа оқушы дәрежесіне, жаңа талаптарға, жаңа күн тәртібіне тез үйреніседі.

Мектепке нақты үйренуіне бір күн, бір жұма қажет емес. Баланың мектепке бейімделуіне оңтайлы уақыт 1,5-2 ай.Осы аралықта жүргізілген жұмыстар арқылы оқушылар мынадай нәтижеге жетті. Тоқсан соңында сауат ашу пәнінен 15 оқушы әріптерді танып, дыбыстады. Сөзбен толық оқитын – 5 оқушы, буындап оқитын- 10 оқушы, нормаға сай оқи алмайтын -1 оқушы, дыбыстарды таниды, бірақ қосып оқи алмайтын 1 оқушы / Елеусизов И./.

Жазба жұмысы бойынша мұғалім дыбыстағанда 12 оқушы толық жаза алады, 5 оқушы жазуды толық игере алмады. Көшіріп жазу жұмысын 14 оқушы толық игере біледі, 3 оқушы әріптерді баспа түрінде жазады.

Сынып оқушылары арасында қазіргі уақытта «Таза дәптер», «Көркем жазу» сияқты сайыстар жүріп жатыр. Таза дәптертер бойынша 5 бала, көркем жазудан 8 бала жеңімпаз атанды. Оқушыларды марапаттау да өз нәтижесін береді.

Әңгімелеу барысында еркін сөйлей алатын – 15 оқушы, суретке қарап әңгімелеуде, сөйлем құрауда 2 оқушы көп қиындық туғызады. Ол оқушылармен үйге қосымша тапсырмалар ата-аналарымен бірлесе отырып орындауға беріледі және сыныпта жекелеген жұмыстар жүргізіледі.

Матаматика пәні бойынша 1- ден 5-ке дейінгі сандарды қосып, азайтып, салыстырып, пішіндерді танитын 12 оқушы,осы жұмыстарда қиналатын- 5 оқушы. Ауызша есептеу жұмысында 7 оқушы қиналмай жауап береді, ал 4 оқушы ойланып жауап беріп, 4 оқушы көп ойланады, 1 оқушы жауап бермейді.

Мысалы, Дюсенов Алдияр деген оқушы не оқи алмай,не санай алмайтын,қазір ол оқуды тез меңгеріп алды,математикадан да жақсы оқитын оқушылардың қатарында келеді. Аталған оқушымен көптеген жұмыс атқарып отырдым. Оған біріншіден ата – анамен тығыз қарым – қатынас жасап отырып, үйге қосымша тапасырмалар беріліп,сол тапсырмалар арқылы оқушы көп жетістіктерге жетті.

Оқушылардың мектепке бейімделу мотивациясын анықтау мақсатында психологтың жүргізген жұмыстарының нәтижесі төмендегідей болды.

Оқушыларда мектепке бейімделу мотивациясының жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Барлық қойылған талапты табысты орындайтын оқушылар:

1.Дюсенов Алдияр

2.Айдарханов Мейрамбек

3.Сандыбаева Азалия

4.Елюбаева Мадина

5.Жанабеков Данияр

Оқушыларда мектепке деген қарым-қатынасы жағымды. Бұл оқушыларға өз құрбы- құрдастарымен, педагогпен араласу қызықты. Оқу іс-әрекетін табысты меңгереді.

Ол мына оқушылар:

1.Шошанов Әбілмансұр

2.Мырзабек Жандос

3.Дюсенов Алдияр

4.Шәріп Мадияр

5.Серикова Альмира

6.Қойшыбаева Ильназ

7.Ахметов Алишер

8.Ертас Райхан

9.Мухитова Махаббат

10.Ерғалиева Жансая

Оқушыларда мектеп мотивациясының деңгейі төмен. Мұндай оқушы былай сипатталады: оқу іс-әрекетінде қиыншылықтар сезінеді, мектепте оқуға дағдылануы қиын, түсіндірілген материал үзінді меңгеріледі, оған тұрақты бақылау қажет, мұғалімдермен ата-аналардың тарапынан жүйелі ынталандырып есіне салу қажет.

Мына оқушыларға назар аудару қажет:



1.Елеусизов Ильяс

2.Шушаков Ислам

3. Айткенов Асылбек

Психолог және мұғалімнің жүргізген жұмысының нәтижесімен ата-аналар таныстырылып, кеңес беріліп, ұсыныс жасалды.


Ата-аналарғаарналғанкеңестер мен ұсыныстар.

- Бала әрдайым сіздің қолдауыңыз бен қорғауыңызды қажетсінетіндігін

әрдайым есіңізде сақтаңыз;

- балаңызды болмашы кемшіліктері үшін ұрысып, сөкпеңіз;

-төменгі сынып оқушыларының оқу бағдарламасын меңгере алмауының

негізі  денсаулығына байланысты болып келеді. Бала организмі өте әлсіз.

Сондықтан балаңызға үнемі көңіл бөліңіз;

-  баланың танымдық, ақыл-ой деңгейінің дамуы оның жүйке жүйесіне

байланысты болатынын ескеріңіз;

- баланың ұсақ қол моторикасының дамуына, дыбыстарды дұрыс дыбыстай

білуіне көңіл бөліңіз;

-баланың сабақ оқуындағы кездесетін қиындықтарының бірі -  өзін-өзі

басқара алмауынан туындайды. Сол үшін баланың ынтасын арттырып,

қызығушылығын тудыра отырып, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға көмек

беріңіз;

-  баланы өз күшіне сендіріп үйретіңіз және «қолыңнан түк келмейді »деген ескерту баланы жасқаншақ ететінін есте ұстаңыз;



-кез келген қиындықтар мен кедергілерді жеңу барысында міндетті түрдеарнайы мамандардан кеңес алыңыздар.
Қорыта айтқанда, бірінші сыныптан бастап оқушылар біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға, санауға үйренді. Бірлесіп,тез,жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туды.

Жүргізілген жұмыстар:

  • -сабақта сергіту сәттері қимыл –қозғалыспен жүргізу;

  • -дидактикалық тапсырмалар көп қолдану;

  • -сабақты әртүрлі ойындар кіргізе отырып өткізу;

  • -5-10минут уақытты қосымша жұмысқа жіберемін /сурет салу,аяқтау,логикалық тапсырмалар т.б/

    • суретпен жұмыс ,әңгіме;

    • мазмұнды көрнекіліктер

  • -электронды оқулықпен жұмыс;

  • -ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасау.

Нәтижесі:

    • шапшаң оқитындар -6,қазір қатарына 3 оқушы қосылды.

    • бір әріптен оқитын -3оқушы, 2-еуі буындап оқуға көшті.

    • сурет бойынша 15 оқушы әңгіме құрастыра алады

    • бақылау жұмыстарын 15 оқушы еркін жаза алады.

    • жазудан үлгермейтін 2 оқушы қазір қатардан қалыспай келеді.

Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орнын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу. Бала жарық өмірге еш қорғансыз, дәрменсіз, періште қалыпта келеді. Махаббат пен ізгілік аясында есейген, ержеткен, өсіп-өнген бала кейін айналасына да көп жақсылық әкелмек.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет