Сабақтың тақырыбы: Буын, буын түрлері Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі60,94 Kb.
#29124
түріСабақ
Күні: 02.03.16

Сыныбы: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Буын, буын түрлері
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.

2. Дамытушылық : Оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Көрнекілігі: сызба , интерактивті тақта, слайд,үлестірмелі қағаз, сөзжұмбақ, кесте, суреттер

Сабақтың әдісі : түсіндіру, оқу, сұрақ - жауап, талдау

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу, жинақтау.

б) Сабақтың ұранымен таныстыру

Құдіретті жасай бер, анам тілі,

Өзің барда ғажап – ақ ғалам күллі.

Шабыт құйып, сән беріп сендік қуат

Жол көрсетіп, әрлейді әрбір күнді
в) оқушыларды психологиялық жағынан сабаққа дайындау мақсатында тренинг өткізу.

Оқушылар жұптарымен қол ұстасып тұрып бір – біріне сәттілік, жақсы тілектер тілейді.Топқа бөлінеді



Мысалы: «Ісің оң болсын», «Тек бестік баға алыңдар», «Білімнің шыңынан көріне бер» т.б.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Сұрақ-жауап

Үлестірмелі кепе қағаздары

Дәптермен жұмыс
ІІ . Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Сабақтың оқушыларға тақырыбы мен мақсат-міндеттерін айту. Оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру арқылы буын тақырыбынан өткенді қайталау.

Тақтаға жаңа тақырыпты меңгертуге арналған сөздер жазылған плакат ілінеді. Сол плакат арқылы буын тақырыбы түсіндіріледі.

Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

О-қу-шы-лар са-бақ-қа кел-ді.

Сөздің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір немесе бірнеше фонемадан құралады.

Буынға тән белгілер:

1. дауысты дыбыссыз буын болмайды.

Аа, бааық, дәп-тер.

2. Бір ғана дауысты дыбыс буын құрай алады.

А-на, а-ға, а-ла-мын.

3. Бір буында бір ғана дауысты дыбыс болады.

Сааақ, тааа, қаақ.



4. Екінші, үшінші буын дауыстыға басталмайды.

Са-на-мақ, та-ға-ла, қа-зақ.



5. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Аа, бааық, дәп-тер.

Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш тілі бар.



  1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын дейміз.

Қа-ла, да-ла, ша-ға-ла.

  1. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын дейміз.

Ұл, ұн, ант.

  1. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буынды бітеу буын дейміз.

Дос-тық, жаз-дық, күз-дік.

Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек кездеседі.


ІІІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Оқушыларды қатар бойынша топқа бөліп, шығармашылық жұмыс жасату.

Берілген үлгі бойынша оқушылар сөз құрастыру керек.

І топ.

а.б+а.б+а.б (ша-ға-ла, са-на-ма)

б.б+б.б+б.б (дос-тар-дың, қан-жар-дың)

б.б+а.б+б.б (дос-та-рым)


ІІ топ.

б.б+б.б+а.б (дос-тар-ды, сан-дық-ты)

а.б+а.б+а.б (ба-ла-лы, ша-на-ны)

б.б+б.б+б.б (тас-тар-дың, жас-тар-дың)


ІІІ топ.

а.б+а.б+а.б (та-ға-ла, қа-ла-ға)

а.б+а.б+б.б (та-ға-ның, са-на-ның)

т.б+б.б+а.б (ас-тың-да)


ІV. Оқулықпен жұмыс.
V. Ойлан, тап.

Оқушыларға буын тақырыбына байланысты сөзжұмбақ шештіру.




Б

І

Т

Е

У










Д

А

У

Ы

С

С

Ы

З

А

Ш

Ы

Қ




Ж

У

А

Н







  1. Буын түрі

  2. Қ-Т-С дыбысы қандай дыбыс?

  3. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыс қалай бөлінеді?

  4. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыс қалай бөлінеді?



  • Жаңа тақырып бойынша интерактивті тақта арқылы қызықты ойындар, жұмбақтар, сергіту сітін өткіземін.




  • "Асыл сөз маржандары" Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
    1. Ат ізін салмау ха - бар - лас - пау
    2. Бармағын тістеді ө - кін - ді
    3. Жұлдызы оңынан туу жо - лы бо - лу
    4. Жігері құм болу шар - шау, жа - сып қа - лу
    5. Сөзі мірдің оғындай өт - кір сөз
    6. Өрісі кең бі - лім - ді
    7. Сіркесі су көтермейді еш - те - ңе - ні кө - ңі - лі жақ - тыр - май - ды
    8. Үріп ауызға салғандай сүп - сүй - кім - ді
    9. Шырағы сөнді ү - мі - ті ү - зіл - ді
    10. Тонның ішкі бауындай ө - те жа - қын, өз а - да - мын - дай



VІ. Сабақты қорыту кезеңі.

Сабақты қорыту кезеңі ІІ этаптан тұрады.

І. Тестік тапсырмалар (оқушылар жауап кілті арқылы өздерін бағалайды).

  1. Ашық буынды сөзді тап.

А) аз б) қаз с) боса

2. Бітеу буынды сөзді тап.

А) оқушы б) дауысты с) дүлдүл



3. Бірыңғай ашық буынды сөзді тап.

А) тамаша б) еркіндік с) басылым



4. Тұйық буынды сөзді тап.

А) анар б) ант с) қант



5. Тұйық буынды сөзді тап.

А) темір б) жез с) ат



6. Буын түрін көрсет.

А) қысаң б) бітеу с) езулік



7. Тек ашық буынды сөзді тап.

А) оқулық б) шағала с) өрнек



VІІ. Үйге тапсырма беру.

Буын. Буынның түрлері

305-306 жаттығулар, 139 бет
VІІІ. Бағалау. Бағалау парағы арқылы оқушылар өздерін өздері бағалайды.

Қай топтың белсенділік танытқанын айтып кетемін.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет