Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет14/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар
Бақылау сұрақтары:
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру дегеніміз не?
2. Зиянды заттармен әуес болудың себептері.
3. Демалысты ұйымдастырудың әдістемесі.


7-Дәріс
Тақырыбы: Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің диагностикасы.
Жоспары:
1. Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің
2. Бастауыш мектепте тәрбие процесін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Мақсаты: студенттердің тәрбие технологиясы, оқыту және тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технологиялардың амал-тәсілдері білуге, оларды педагогикалық үдерісте қолдануға үйрету.
Негізгі ұғымдары: тәрбие технологиясы, оқу-тәрбие технологиясы, жаңа педагогикалық технология, дәстүрлі технология.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова Қ.К. т.б. – Алматы: Нұрлы әлем, 2003.
2. Қоянбав Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1998.
Реферат тақырыптары:
1. Ұжымдық шығармашылық технологиясының құрылымы.
2. Оқушылар ұжымы – тәрбие ұйымдастыру ортасы.
3. Сынып ұжымын құру және топтастырудың негізгі жолдары.

Тәрбие технологиясы – үдерістегі жекеленген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталаған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.


Педагогикалық технологиялардың сипаттамасы. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары пайда болған оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс-тәсіл жаңа бағыт ретінде өзінің оқу-тәрбие үдерісін басқару идеясымен педагог-практиктердің назарын өзіне аударды. Педагогикалық технология дегеніміз – алдын ала жобаланған оқу-тәрбие үдерісін жүйелі және ретімен практикаға енгізу. Педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие үдерісінің кез келген кезеңінде тұрақты кері байланыстың болуына сәйкес түзетіліп отыратын икемді және қозғалмалы құрылымын құруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технологияның кезең-кезеңімен елестету мүмкіндіктері оқушылардың барлығының бірдей тәрбиелеу мен оқыту мақсатына жетуін қамтамасыз етеді.
Технологиялық әдіс-тәсіл ең алдымен АҚШ, Англия, Испания, Жапония сияқты елдерде дамытыла бастады. (70 жылдары бұл елдерде педагогикалық технология мәселесі бойынша журналдар шығарыла бастады), содан кейін басқа елдерде тарады.
Оқу-тәрбие үдерісінде технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың кеңінен таралуына көп жағдайда бағдарламаланған оқыту мүмкіндік жасады. Ол оқу материалын үлестеп меңгертуді және кезекті бір оқу материалының бір үлесін оқуда оқушының арық қарай қозғалу мүмкіндіктері жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік беретін мідетті бақылауды көздейді. Оқу үдерісін жеке буындарға бөлу, одан кейін оны технологиялық тізбек деп атау идеясын туды. Бағдарламаланған оқытудың бір нақты бақылаудың нәтижелеріне сәйкес оқу материалдарын зерделеудің жеке жолын іздестіруді көздейтін тармақталған тәсілі педагогтарға оқу үдерісінің белгілі бір бөліктерін кезең-кезеңімен жаңартып отыруға итермеледі.
АҚШ пен Батыс Еуропада XX- ғасырдың екінші жартысынан бастап оқу үдерісінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50- жылдары оқыту үрдісіне техникалық қүралдардың енуіне байланыс-ты «білім берудің технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану эдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60-шы жыдардың ортасында технологиялық эдіс шет елдерде баспасөз беттерінде жэне халықаралық конференцияларда кеңінен талқылана баста-ды. Бүл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу процесінің өзін үйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да «оқытудың технологиясы» деген термин пайда болды.
60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде көптеген елдерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т.б.) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жүмыстарымен айналысатын мекемелер жүмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан «оқыту технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік «тәрбиенің технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» үғымдарына да тән.
1. Педагогикалық қарым -қатынасты демакратиялық және ізгілік негізінде құру педагогикалық технологиясы:
- ынтымақтастық педагогикасы:
- ізгілікті-тұлғалы оқыту технологиясы:
- адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі: /Е.Ильин/
2. Оқушы әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы.
- ойын-сабақ технологиясы:
- проблемалық оқыту:
- модульдік оқыту технологиясы/М.М.Жанпейісова/
- Шаталовтың тірек конспектісі негізінде оқыту технологиясы:
- Е.И.Пассовтың коммуникаттивтік оқыту жүйесі.
3.Оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы.
- бағдарлап
- дифференциалдап оқыту
- даралап оқыту
- ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері
- компьютерлік технология.
4. Әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта өңдеу негізіне қарай құрылған оқытутехнологиясы.
- Ірілендірілген дидактикалық бірліктер.
-«Мәдениет диалогы»
- «Экология және дидактика» жүйесі
- Ақыл-ой әрекетін сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы.
5. Табиғат тәнділік, ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген оқыту технологиясы:
- «Сауаттылыққа тәрбиелеу» Кушнир технологиясы.
- М.Монтоссори технологиясы.
6. Альтернативті оқыту технологиясы:
- Вальдорф педагогикасы
- Еркін еңбек технологиясы.
Бағдарламалау идеясының қалыптасуына оқытудың арнайы техникалық құралдарын жасауға байланысты оқыту технологиясы, орнына оқу үрдісінің технологиясы деген термин пайда болды. Оның мазмұны екі бөліктен тұрады.
1. Оқыту мақсатына сай арнайы жасалған техникалық құралдар.
2.Жоспарланған нәтижеге жеткізетін педагогикалық үрдістердің ғылыми суреттемесі.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология болғандықтан әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Жаңа технологияның тағы бір психолгиялық оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы актуалды даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге өту негізінде іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі.
- міндетті, оқушылық.
- алгаритімдік.
- эвристикалық
- шығармашылық.
Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы бар деңгей оқушыларды ынталандыруда қолданады.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат - сынып оқу шыларын «қабілетті», «қабілесіз»деп жасанды бөліктерді болдырмау. Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау үрдісі арнайы «қосу» әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде оқушы білімініңең төменгі деңгейі негізге алынады, және сол деңгей мемлекеттің ең төменгі талабына сай келеді. Дарындылығына бейімділігіне, жоғарғы даму деңгейіне қарамастан оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын орындауы шарт. Жаңа педагогкалық мұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілеттін арттыруға, обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Әрбір педагогикалық жаңа технологиялар мен әдістемелер міндетті түрде пайдалану қажет:
- қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру қажет, әдістеме мен технологияның сабақтастығы, оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту, параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру, мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы.
Қазіргі кезде оқыту үдерісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйілі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етудің негізгі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттін-қажет ететін іс оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты, адаптивті құрама, блоктық және модульді болып бөлінеді.
1. Сызықтық – оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау жұмыстарымен кезектестірілген отырады.
2. Тармақтық – оқу дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат көздерінен білім алып жаңа жұмыстарын орындайды.
3. Адаптивті - өзінің меңгеру дәрежесіне қарай жаңа материалдық күрделік дәрежесіне өзі таңдап сөздіктер мен анықтамаларды қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет