Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет1/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар

Ф.7.03-03


Жапбарова Г.А.





«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ»
пәнінен
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ


Шымкент, 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ


«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы




Жораева С.Б.


«БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ»
пәнінен
5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
мамандығы студенттеріне арналған


ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Оқу түрі: күндізгі және кешкі


Шымкент, 2021


ОӘЖ 373.02
Құрастырған: Жораева С.Б. п.ғ.к., доцент
«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен 5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттеріне арналған дәрістер жинағы.
Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ; 2020. - 72 бет.

Дәрістер жинағы «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пән бағдарламасына және оқу жоспары талаптарына сәйкес 5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының және басқа да педагогикалық мамандықтардың студенттеріне арналып құрастырылған.


Дәрістер жинағынан бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі бойынша қажетті мағлұматты толық алуға болады.

Пікір жазған:


Нарқұлова Б.А. – п.ғ.к., доцент «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы. М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ

«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының мәжілісінде (хаттама № 6, «19» 01. 2019 ж.), факультеттің әдістемелік комиссиясында (хаттама № 7, «20» 01. 2019 ж.) қарастырылды және баспаға ұсынылды.




Кіріспе

Қазіргі кезде жас ұрпақты тәрбиелеудің жаңа әдістерін іздеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Әлеуметтік институт ретінде заманауи инновациялық типтегі мектептер үшін тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселелері үлкен маңызға ие. Жаңартылған білім беруге көшу жағдайында бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің жаңа құралдары мен жолдарын іздестіру маңыздылығы арта түсуде. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер мен талаптарға сәйкес жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныптарында тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері сарапталып, тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың әдістемесі жаңаша қарастырылуда.


Осыған байланысты тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдістемесін жаңаша қарастырып, тәрбие әдістері мен тәсілдерін талдап, жоспарлауының нақты әдістемесін құрастырудың маңызы зор. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алушылар үшін «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсы ерекше мәнге ие.
«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсы «Тәрбие теориясы» курсының қолданбалы бөлігі және ол студенттердің теориялық және практикалық дайындығын байланыстырады.
Пәннің нысаны 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес жоғары кәсіби білім берудің компоненті ретіндегі «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқу курсының мазмұны болып табылады.
«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсының пәні – болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкес, бастауыш мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда білім, білік дағдыларын қалыптастыру үрдісі.
Курстың мақсаты студенттердің бастауыш мектепте жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін теориялық тұрғыдан түсінуі мен практикалық меңгеруі болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей негізгі міндеттер анықталады:
- тәрбие жұмысы әдістемесінің мазмұнын, мақсат, міндеттерін, бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасаудың және тәрбие іс шараларының әдіс-тәсілдерін меңгерту; бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасы мен сынып ұжымын диагностикалау әдістерін меңгеру; сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында мақсатты анықтау және ұйымдастыра білу дағдыларын қалыптастыру; сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жоспарларын, сценарийлерін дайындау және ұжымдық шығармашылық істер әдістемесі бойынша жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру; тәрбие жұмыстарының нәтижелерін талдау; кәсіби қабілеттері мен шеберлігін және өзбетімен білімін жетілдіру дағдыларын қалыптастыру.
«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пән мазмұны базалық пәндер циклі пәндері «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика» пәндерінің логикалық жалғасы болып табылады. Курсты меңгеру «Психология және адам дамуы», «Этнопедагогика» және жалпы білім беру пәндері циклының «Философия» пәндерінің толық курсын өткен кезде тиімді болады.
«Жаңа тұрпатты кәсіби педагогикалық шеберлік», «Шағын жинақталған мектептегі білім беру инновациясы», «Қазіргі педагогикалық технологиялар», «Төменгі сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысының технологиясы» пәндерін игеру үшін негізгі қызметті атқарады.
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсының меңгерілу нәтижесі алдыға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.
Курстың соңында студент тәрбие жұмысының әдістемесін жақсы білетін, қазіргі тәрбиеші-құзыретті маманға қойылатын талаптарға сәйкес кәсіби білім, білік, дағдыларын меңгеруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет