Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет2/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар
Курстың соңында студент:
- тәрбие жұмысының әдістемесінің негізгі ұғымдарының мазмұнын;
- тәрбие жұмысының гуманистік педагогикасымен үйлесімділігін;
- сынып ұжымы мен оқушылардың жеке тұлғасын, әлеуметтік ортасын диагностикалау әдістерін;
- тәрбие жұмыстарын жоспарлауды;
- оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыс түрлерін, әдіс –тәсілдерін:
- бастауыш сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасаудың формалары мен әдістемесін;
- атқарылған тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін білу керек.
Курстың соңында студент
- сынып оқушыларын педагогикалық диагностикалаудың әдіс-тәсілдерін,
- оқушылардың даму мен тәрбиеленуіндегі проблемаларды айқындап, оларды шешудің әдістемесін;
-тәрбие шараларының жоспарларын, сценарилерін дайындап, оларды ұжымдық-шығармашылық істер бойынша ұйымдастыру әдістемесін;
- тәрбие шараларында рөлдік ойындар, психологиялық тренингтер мен пікір-сайыстар ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін;
- өзінің кәсіби сапаларына сараптама жасауда педагогикалық диагностика әдістерін
- оқушылар мен олардың ата-аналарымен, әріптестерімен жағымды қарым-қатынас жасау және туындаған кикілжіңді шешудің әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білу керек.
«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсы болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің бойында кәсіби-жеке тұлғалық қабілеттерді қалыптастыру болып табылады:

  • адамға деген құрмет, жеке тұлғаның құндылығын сезіну және бағалай білу;

  • принципшілділік, талап, мақсаттарға қол жеткізу қабілеті;

  • төзімділік пен шыдамдылық, күту және кешіре білу қабілеті;

  • педагогикалық әдеп, шамасын сезіну, талаптардың тынғылықтылығы, өзін-өзі басқару, жест, мимика, эмоциясын ұстай білу; мораль нормаларын ұстану;

  • уәдесінде тұру, іс-әрекеттеріне, оқушылар үшін, кәсіби міндеттері үшін жауапты болу.

«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсы студенттерді адамгершілік және әлеуметтік-психологиялық талаптарға сәйкес келетін тәрбиеші ретінде ғана емес, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға ретінде – бәсекеге қабілетті құзіретті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет