Ф. 11-19 Ахметова С. С. 050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінен басқа экономикалық мамандықтардың күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне «Аудит негіздері» пәні бойынша практикалық (семинар)



бет3/4
Дата26.08.2017
өлшемі0,88 Mb.
#28763
1   2   3   4

Есеп 3.

Қаржылық есеп беруді тексеруге дайындалу кезінде аудитор аудиторлық қауіп моделімен танысты. Аудиторлық қауіп моделі мына формуламен анықталады.

АР = ВХР*РК*РН

Мұнда, АР – қабылданатын аудиторлық қауіп;

ВХР – ішкі шаруашылық қауіп;

РК – бақылау қауіпі;

РН – анықталмау қауіпі.
Талап етіледі:


  1. Қабылданатын аудиторлық қауіпді есептеу. Айталық, аудитор ішкі шаруашылық қауіп 80% құраса, ал бақылау қауіпі -50%, анықталмау қауіпі - 10 %.

  2. Жоғарыда көрсетілген формуланы өзгерте отырып және п.1 берілгендерін пайдалана отырып, анықталмау қауіпін есептеу.

  3. Анықталмау қауіпін аудитор аудит жоспарын мына көрсеткіштермен құруынан шыға келе: АР = 0,05; ВХ = 0,75; РК – 0,30 есептеу.

  4. Аудиторлық қауіп формуласының және оған әсер етеін факторлар көрсеткіштерімен өзара байланыстарды түсіндіру.


Өзіндік тапсырма.

Аудиторлық қауіпті анықтаудағы аудитор әрекетіне баға беріңіз.

Кесте 1. Аудитордың мүмкін болатын аудиторлық қауіпті таңдауы бойынша әрекеті

Шарты

Аудитор әрекеті

Егер ажарамас қауіп мен бақылау қауіпі (немесе олардың бірі) төмен болса

Аудитор таба алмау тәукелін орта немесе жоғары деңгейіне бағдарлануға құқылы бірақ бұл жағдайда сәйкестік пен маңыздылыққа процедураларды пайдалана отырып бақылау қауіпдігімен ажырамас қауіпдігінің дұрыстығын алынған бағалаулардың дұрыстығын растау алуға міндетті.

Егер ажырамас қауіпімен бақылау қауіпі ( немесе екеуінің біреуі) – орташа немесе жоғары

Аудитор аудиторлық тәукелдікті төмендету бойынша шаралар қабылдауы қажет

Кесте 2.Таба алмау қауіпінің мүмкін болатын деңгейін анықтау






Бақылау қауіпін аудиторлық бағалау.

Жоғары

Орташа

Төмен

Ажырамас қауіпін аудтиторлық бағалау.

Жоғары

Ең төменгі

Төменірек

Орташа

Орташа

Төменірек

Орташа

Жоғарырақ

Төмен

Орташа

Жоғарырақ

Өте жоғары

Аудиторлық қауіпділіктің үлгілерін пайдалану тәсілдері.

Аудитор болашақта болатын аудиттің жоспарын жасау барысында шаруашылық ішіндегі қауіпдіктің 80%, бақылау қауіпдігі 50% және таба алмау қатері 10% деп жорамалдайды.аудитте қауіпдіктің осы сандары бойынша есептеп, аудитор нәтижесінде 4% алады. Егер аудитор бұл жағдайда қауіпдіктің осы жолғы (тиісті) қолайлы деңгейі 4 % -тен жоғары болмауы керек деп шешетін болса, онда ол әлеуетті жоспарды қолайлы деп санауы керек. Мұндай жоспар аудиторлық қауіпдіктің қолайлы деңгейін аудитордың алуына көмектеседі, бірақ ол тиімсіз. Әлде қайда тиімді жоспар жасау үшін аудиторлар қауіпдікті есептеудің екінші тәсілін жиі пайдаланады, яғни таба алмау қатері мен алуға жататын мәліметтердің тиісті санын анықтайды.

Осы мақсаттағы аудиторлық қауіпдік үлгілерінің формуласы былайша өрнектеледі:

DR=DAR/IR*CR
Практикалық сабақ 5.

Тақырыбы: Аудиторлық дәлелдеу және құжаттау.

Сабақты жүргізу тәртібі: семинар практикум

Аудиториялық тапсырма.

Талқылауға арналған сұрақтар:



Келесі түсініктерді дұрыс түсіну қажет және оларға жауап беру қажет:




  • Аудиторлық дәлелдер түсінігі

  • Аудиторлық дәлел түрлерін атап шығыңыз.




  • Аудиторлық дәлел алу көздері.

  • Аудиторлық дәлел алу әдістері

  • Жекелеген шаруашылық операцияларды қайта есептеу, түгендеу, есеп жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру.

  • Аудиторлық тексеру кезіндегі растаулар.

  • Құжаттарды тексеру тәртібі қандай?.

Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен жинақталып талданған аудиторлық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат аудиторлық дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде аудитор өзінің негізделген пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен мәндік процедуралар сияқты процедураларды пайдалана отырып қажетті аудиторлық дәлелдер жинайды.Олар:



  • түгендеу кезінде қатысу немесе бақылау

  • шаруашылық немесе бухгалтерлік есеп операцияларын орындау, бақылау

  • ауызша сұрақ жауап алу

  • үшінші тұлғадан алынған құжаттарды тексеру

  • клиент ұйым дайындаған құжаттарды тексеру

  • арифметикалық есептеулерді тексеру

  • талдау

Келесі есептер мен ситуациялық жағдайларды анықтап баға беріңіз:



Есеп 1.

Есеп жүйесінің дұрыстығын дәлелдейтін мәліметтер тобы бар.

А)Фактілік бақылау негізінде жасалған аяқталмаған өндіріс көлемін түгендеу белгісі бар;

Б)90, негізгі өндіріс бөлімшесі шоттары бойынша карточка алғашқы құжаттарымен қоса;

В)22, «тауарлар»бөлімшесі шоттар бойынша алғашқы құжаттар мен карточкалар;

Г) аудитор қатысқан түгендеу бойынша запастардың есебінің дұрыстық дәлелі

Анықтау қажет:

1.Келтірілген дәлелдеудің сенімділік деңгейін анықтаңыз;



Есеп 2.

Келесі көздерден алынған құжаттар бар;



Анықтау қажет:

Сенімділік тұрғысынан дәлелдеуді бағалау.



Есеп 3.

Келесідей құжаттар бар:

А)есеп саясаты

Б)Кіріс накладной

В)қоймалы күнделігі

Г)инвентаризациялық

Д)бухгалтерлік баланс

Ж)бас кітап

З)шот фактура

Осы аталған құжаттарды төрт топқа жіктеңіз:

А)Алғашқы

Б)Жиынтық

В)Көмекші

Г)Өкілетті емес



Есеп 4.

Экономикалық субьектінің бухгалтерлік есеп беруінің тәуелсіз экспертизасы кезінде аудитормен мына жағдайларда алынған дәлелдеулер қолданылған:



  1. экономикалық субьекттің біріншілік бухгалтерлік құжаттарды тексеру кезінде;

  2. материалдық құндылықтардың инвентаризациясына қатысу кезінде;

  3. үшінші тұлғадан алған құжаттарды тексеру кезінде;

  4. акционерлердің реестрінен алынған құжаттарды тексеру кезінде;

Талап етіледі:

Аудиторлық дәлелдеулердің сенімділік дәрежесін анықтау және оларды мәндік дәрежесіне қарай бөлу.


Өзіндік бақылау тапсырмасы.

Аудиторлық дәлелдердің жіктеліну сызбасын жасаңыз. Осы сызбаны ары қарай толықтырыңыз.
Аудиторлық дәлелдер


Практикалық сабақ 6.

Тақырыбы: Клиенттің ішкі бақылау жүйесі.

Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап, топтық ойын.
Аудиториялық жұмыс:

«Өзіңді тексер»

Келесі түсініктерді дұрыс түсіну қажет және оларға жауап беру қажет:






  • Клиенттің үшкі бақылау жүйесін сипаттап беріңіз

  • Клиенттің ішкі бақылау жүйесінің элементтерін атаңыз.

  • Бухгалтерлік есеп жүйелерін бақылаудың мақсаты. (БЕЖ).

  • Бақылау ортасы туралы түсінік (БО) және оның элементтері.

  • Бақылау құралы туралы түсінік (БҚ) және оның түрлері.

Ішкі бақылау жүйесі бұл клиент басшылығы өз қызметін дұрыс жолға қою үшін қабылдаған саясат пен процедуралар. Бұл клиент басшылығының саясатын сақтауды, активтерінің сақталуын, қателіктерді болдырмауды бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге қаржылық ақпаратын дер кезінде орындалып сенімді болуын қамтамасыз ету қажет.

Ішкі бақылау жүйесінің алдында келесідей 7 мақсат тұрады. Бұл мақсат қателіктерді болдырмауға қол жеткізуге көмек береді. Сенімділіктің қажетті дейгейін қамтамасыз ету үшін клиентің ішкі бақылау жүцесі келесідей болуы қажет:


  1. есепке алынған шаруашылық операциялар тіркелуі қажет, олрадың нақтылығы

  2. шаруашылық операциялары қажетінше рұқсат алынуы қажет

  3. жүзеге асырылған шаруашылық операциялардың есепте көрсетілуі

  4. шаруашылық операциялардың дұрыс бағалануы

  5. шаруашылық операциялардың шотта көрсетілуі қажет. Бұл қаржылық берудің объективті түрде жасалғанын бағалауға мүмкіндік береді

  6. шаруашылық операциялардың дер кезінде рәсімделуі қажет

  7. шаруашылық операциялар бойынша жазбалар регисторда жазылып, оның нәтижесі дұрыс соммаланып, жалпылануы қажет.

Төмендегі сұрақтар бойынша жазба жұмысын орындау.



  1. Ішкі бақылау жүйесі түсінігі.

  2. Ішкі бақылау жүйесінің 7-мақсаты.

  3. Клиенттің ішкі бақылау жүйесінің маңыздылығы.

  4. Ішкі бақылау жүйесінің міндеттері.

  5. Ішкі бақылау жүйесінің элементтері.

  6. Бақылау ортасы.

  7. Бақылау ортасын бағалаудағы маңызды элементтер.

  8. Есеп жүйесі.

  9. Бақылау процедуралары.

  10. Ішкі бақылау жүйесінің кәсіпорын немесе ұйымның қызметіне әсері.



Топтық ойын. Топ екіге бөлініп әрбір топ өзінің фирмасы үшін қажет ішкі бақылау жүйесін жасауы қажет. Ол жоба тақырып бойынша қамтылған мәселелерді міндетті түрде қамтуы тиіс. Ішкі бақылау жүйесінің алдындағы 7 мақсатты қамтып, осы жүйенің сенімділігіне баға беруі тиіс.
Өзіндік бақылау тапсырмасы.

Тақырыпты бекітуге арналған тапсырма.

Есеп 1.

НПО «Прогресс» бүкіл республика бойынша филиалдары кең тараған. өндіріс пен өнім ассортиментінің бірдей шартына қарамастан, олардың кейбіреулері шығынды. НПО «Прогресс» басшылығы аудиторлық фирмаға пайда болған жағдайды шешуге көмектесуді сұранады.



Талап етіледі:

Келісім затын қалыптастыру. Сәйкес аудиторлық қызметтерді көрсету.



Есеп 2.

Компания басшылығы аудитордың тәжірибесі мен мамандық білімдерін бағалады, ол есеп беру кезеңінің компания қызметінің қорытындысы бойынша міндетті аудиторлық тексеру жүргізді. Тексеру жүргізіп болған соң аудиторға жоғары төленетін ішкі аудит бөлімінің басшысы лауазымын ұсынады.



Талап етіледі:

Жағдайды талдау және аудитордың іс-әрекетін негіздеу.



Есеп 3.

Айдаров мырза спорт кешенінде 7 жыл бухгалтер болып істеп, жоғары квалификациялы маман болып саналды. Есеп беру кезеңінің басында жұмыстан босатылды және аудиторлық қызмет айналысуға лицензия алды. Спорт кешенінің басшылығы одан міндетті аудиторлық тексеру жүргізуін сұранады.



Талап етіледі:

Жағдайды талдау және негізделген шешім қабылдау.



Практикалық сабақ 7.

Тақырыбы: Аудитті жоспарлау және ауқымы

Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап, жағдайды талқылау

Аудиториялық жұмыс:
Жоспарлау аудиттің көлемі мен мерзіміне сипатына қарай стратегия мен тәсілдерді өңдеу. Аудитор өз қызметін тиянақты жоспарлауына келесідей үш себеп әсер етеді:

  1. клиенттік іс-әрекеті туралы қажетті дәлелдер жинауға мүмкіндік береді

  2. аудит шығындарын шекті мөлшерде ұстауға көмектеседі

  3. клиентпен түрлі келіспеушіліктерді болдырмауға көмектеседі.

Аудитті жоспарлау 300-жоспарлау деп аталатын халықаралық аудит стандартары негізінде жүзеге асырылады.

Жоспарлау барысында аудит мақсатын көрсету маңызды болып табылады. Өйткені клиентке аудитордың не үшін келгенін және жүргізетін тексерудің қандай пайда алып келетінін түсіндіру қажет.


1. Төмендегі сұрақтар бойынша талқылау жасап, әрбір студент өз пікірін ортаға салуы қажет. Сонымен бірге аудитті жоспарлауды ұтымды етіп ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасау қажет.


  1. Аудитордың жоспарлау қызметіне әсер ететін факторлар.

  2. Аудиторлық жоспарлау кезеңдері.

  3. Алдын-ала жоспарлау.

  4. Алдын-ала жоспарлаудың мақсаты.

  5. Аудиторлық жоспарлаудың кешенділік принципі.

  6. Аудиторлық жоспарлаудың үздіксіздік принципі.

  7. Аудиторлық жоспарлаудың ұтымдылық принципі.

  8. Аудит жұмысының бағдарламасын жасау маңызы.

  9. Жалпы жоспарлаудың маңызы.

  10. Жоспарлау барысында аудит мақсатын көрсетудің мәні.

2. Тақырыпты бекітуге арналған тапсырма. Аудитті жоспарлау кезеңдерінің сызбасын дайындаңыз, өз ұсынысыңыздың маңыздылығын дәлелдеңіз.


Өзіндік бақылау тапсырмасы.

Тақырыпты бекітуге арналған тапсырма.

Ситуациялық есептер шығару.



Есеп 1.

Біріншілік бухгалтерлік құжаттарды қоюды және олардың дұрыс безендіруді болжамды экспертизадан өткізу кезінде аудитор 15000 тіркелген шот-фактуралардың 10000 шот-фактурасы сауда фирмасының тұрақты жабдықтаушыларына ұсынылғанын анықтады. Шот-фактураларды таңдап тексеру керектігін шешіп, аудитор 1000 құжатқа таңдаулық жинтықтың мөлшерін орнатты.



Талап етіледі:

Таңдау интервалының мөлшерін және тексеруге жататын шот-фактураның реттілік нөмерін анықтау.



Есеп 2.

Экономикалық субьектінің бухгалтерлік есеп беруінің тәуелсіз экспертизасы кезінде аудитор тауарлы қорлардың жалпы құнын растау керек. Бухгалтерлік есептің берілгендері бойынша тауарлы қорлардың жалпы құны 850 мың тенге құрайды. Аудитор бухгалтерлік есептің 275 мың тенге көлемінде тексеріп қателіктер тауып, 3000 тенге жетпейтінін анықтады.

тауарлы қорлардың жалпы құнын анықтады.

Талап етіледі:

Мүмкін қателіктер мөлшерін анықтау және тауарлы қорлардың жалпы құны бухгалтерлік есеп берілгендердің кемшіліктерін анықтау.



Есеп 3.

Құрылыс материалдарының өндірісі бойынша АҚ-ның басшылығы аудиторлық компанияға есеп беру жылында АҚ-ның қызметінің қорытындысы бойынша инициативті аудит жүргізу ұсынысымен келді. Клиенттің бизнесімен танысу кезінде аудитор АҚ-ның қолма-қол ақшамен есеп айырысатын халыққа құрылыс материалдарын сату-сатып алумен айналысатынын анықтады. Халыққа құрылыс материалдарын сату-сатып алу көлемі жалпы сату-сатып алу көлемінің 30%-н құрайды.



Талап етіледі:

Аудиторлық тексерудің жұмыс бағдарламасын өңдеу және біріншілік аудит кезінде ерекше көңіл бөлуді талап ететін бағыттарды көрсету.


Практикалық сабақ 8.

Тақырыбы: Аудиторлық қорытынды есеп.

Сабақты жүргізу тәртібі: жеке жоба

Аудиториялық жұмыс:


1.Жеке жоба. Аудитор жұмысының соңғы кезеңі аудиторлық қорытынды болып табылады. Лекциядан бізге оның түрлері, құрамы мен мазмұны түсінікті. Лекция материалдарын пайдалана отырып, аудиторлық қорытынды түзу қажет.

Аудиторлық қорытынды құрылымы



    1. Кіріспе бөлім

  • құжаттың аты;

  • адресат;

  • кіріспе параграф;

    1. Талдамалық бөлім.

  • аудиттің масштабы көрсетіледі;

  • ХАС қа сілтемелер көрсетіледі;

  • Аудитор орындаған жұмыс сипатталады.

    1. Қорытынды бөлім.

Осы құрылымды пайдалана отырып, аудиторлық қорытынды дайындаңыздар.


2. «Аудиторлық қорытындының ұсынылу жағдайы қандай?» деген тақырыпта студенттер өз пікірін бөліседі. Әрбір кәсіпорын үшін оңтайлы қорытынды алу маңызды, ал анықталған қателіктерді аудиторлық қорытындыда қалай көрсету қажет.

Каталог: archiv -> archiv mu sem prac
archiv mu sem prac -> Сабақ тапсырмаларына әдістемелік нұсқау Шымкент-2010
archiv -> Қазақстанның әскери тұтқындарының тағдырларында беймәлім парақтары Финляндия Ұлттық мұрағатының материалдарынан табылды
archiv -> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қортындысы Кіріспе бөлім
archiv -> Сабақ «Ақшаның экономикалық мәні»
archiv -> Сабақ жоспары № Тақырыбы: шкм математика сабағын ұйымдастыру
archiv mu sem prac -> Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр
archiv -> Сабақ-презентациясы сәуір Жітіқара қ. мемархив Жітіқара амм 3 «Лисаковск қаласының 45 жылдығына арналған «Қаладағы мұрағат тарихы»
archiv mu sem prac -> "Мемлекеттік бюджет" пәнінен семинар сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ; 2008 ж. 24б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет