Филология және педагогика ғылымдары факультеті


-тақырып. Қазақ тіл мәдениетінің теориялық негіздері



бет10/15
Дата11.12.2016
өлшемі4,27 Mb.
#3637
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


1-тақырып. Қазақ тіл мәдениетінің теориялық негіздері.

Сабақ мақсаты: Стилистика, тіл мәдениеті, сөз мәдениеті, әдеби тіл теориясы, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, тіл мәдениеті және стилистиканың ара қатынасын ажырату.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Стилистиканың зерттеу нысандары - тілдің барлық (фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік) деңгейлеріндегі құралдар. Стилистика өз ішінде мынадай салаларға жіктеледі:

1. Құрылымдық стилистика немесе тіл стилистикасы.

2. Қолданымдық стилистика немесе сөз стилистикасы.

3. Көркем әдебиет стилистикасы

4. Нормативтік немесе практикалық стилистика.

Құрылымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық қасиеттерін нақты қолданыс жағдайына қатыссыз тұрғыда қарастырады. Қолданымдық стилистика тілдік құралдардың белгілі бір қолданыс саласында қызмет ету ерекшеліктерін зерттейді.

Лингвистикалық стилистика, яғни тіл стилистикасы - тіл ғылымының елеулі бір саласы. Лингвистикалық стилистика қоғамдық-әлеуметтік, өндірістік, идеологиялық, моральдық-психологиялық т.б. салаларға байланысты қағаз бетіне түскен немесе ауызша айтылған мәтіндердегі жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің немесе олардан да көлемді құрылымдағы конструкциялардың тілін қарастырады. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыстардан бастап күрделі синтаксистік тұтастық пен толық мәтінге дейінгі бірліктердің (единицалардың) қай-қайсысы да стилистиканың зерттеу нысаны болып табылады.
Әдеби тіл нормалары
Тірек сөздер: әдеби тіл, стильдік тармақтар,публицистикалық стиль, ғылыми-көпшілік әдебиет стилі, көркем әдебиет стилі, ауызекі сөйлеу тілінің стилі, қоғамдық қызмет, негізгі белгілер, айтылу нормасы, жазылу нормасы, бұқаралық ақпарат құралдары, ресми іс қағаздар тілінің стилі, заңдылықтар, бірізділік.

1-тапсырма.

Әдеби тіл нормалары

Әдеби норма мен стилистикалық норма бір-бірімен байланыста ашылатын ұғымдар.

Әдеби тіл нормасы белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Әдеби норма диалектілерге, ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлеріне қарсы қойылады. Сондықтан оған жүйелілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалды-стильдік жіктеліс тән.Осы тұрғыдан әдеби норманы функционалды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ, стилистикалық норманы әдеби норманың функционалды стильге қатысты көрінісі деуге болады. Басқаша айтқанда, әдеби норма жалпы нормаға және жеке, функционалды-стилистикалық нормаға ажыратылады. Ол стильдерді, стилшілік тармақтарды бір бүтін әдеби тіл жүйесіне біріктіреді.

Жалпы норма тілдік деңгейлердің барлық қабатын тұтастай қамтиды. Мысалы, морфологияны тұтастай, сөзжасамның көптеген үлгілерін, сөйлемнің негізгі құрылымдық кестелерін, лексикадағы стилистикалық бейтарап сөздерді қамтиды.

Жеке норма, негізінен, стилистикалық бояуға не тілдік құралдарды қамтиды. Стилистикалық нормада жалпыға ортақ міндеттілік, шегараларының айқын болуы жалпы нормадағыдай емес, аздау мөлшерде болады. Әр функционалды стильдің нормасы әр түрлі болып келеді. Біреуіне тән норма екіншісіне тән болмайды, не аз мөлшерде деректі болады. Мысалы, ғылыми стиль мен ауызекі тұрмыстық сөйлеу стилінің нормалары бір-біріне қарама-қарсы, ал ғылыми стиль мен ресми стильдің нормалары бір-біріне жақындау болады.

Ғылыми стильде сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдер шұбалаңқы, ұзын болады. Сөйлемдегі сөздердің орны логикалық қатаң тәртіпке бағынады. Мағынасы жалпылама – дерексіз сөздер басым қолданылады. Ғылыми стильдің дайындалу, көріну жағдайы да ерекшелікке ие: ол алдын-ала мұқият дайындалады және мұнда қарым-қатынас тікелей емес, жанама түрде орнатылады, көп жағдайда жазбаша көрініс табады.

Ресми стильдің ғылыми стильге синтаксистік деңгейде біршама ұқсас жақтары бар (сөйлемдер ұзын, орын тәртібі тұрақты, бір мағыналы сөздер қолданылады), алайда одан мәнді айырмашылықтарға ие болып келеді. Сөйлемдер дайын үлгіге құрылып, бір қалыптан шыққандай, тілдік құралдары да шектеулі болады.

Публицистикалық стильде екі жақтың да қоспасы бар, ол мынаған байланысты: бұл стильдің жанры әр алуан және жазбаша да, ауызша да көріне береді. Оған хабарлау және әсер ету функциялары тән. Осы жағдайлар оның тіліне де ықпалын тигізеді. Сондықтан онда ақпарат тасушы және экспрессивтілікке ие құралдар бірлікте қолданылады. Сонымен қатар газет тілінде, оның жедел шығуына байланысты, әбден тұрақталған (стандартқа айналған) құрылымдар да орын алады.

Көркем сөз стилінің нормасы өте кең, тіпті ол әдеби тіл нормасы ауқымынан шығып кете алады. Көркем әдебиет тіліне жазба және ауызша тілдік құралда бірігуі тән. Біріншіден, көркем шығармада кез келген әдеби, әдеби емес тілдік

бірліктер қолданылады. Бірақ олар өнер құбылысының заңдылықтарына бағынады. Әдеби-эстетикалық өңдеуден өтеді. Екіншіден, көркем шығармада жазушының өзіндік дүниетанымы, көзқарасы бейнеленеді. Шығарманың жанрлық, тақырыптық т.б. ерекшеліктері көрініс табады. Әрі әр жазушының стильдік даралығы, қайталанбас сөз қолданысы бейнеленеді.Осы жағдайларға байланысты көркем сөз стилінің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.

Әр түрлі әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде әдеби тілдің қалыптасуының негізгі үш жолы бар:

1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады.

2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа елге бағынышты болуымен, мәдениетінің артта қалуымен байланысты.

3. Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық немесе бірнеше диалектісінің, жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасқан.

Әдеби тіл – өркениетті заман тудырған феномен құбылыс. Әдеби тілдің теориясының іргетасы қазақ тілі диалектологиясы мен тарихи грамматикасындағы қол жеткен нәтижелерінің, тілдік материалды басқаша тану мен саралаудың негізінде қаланады.
2-тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

Әдеби тіл дегеніміз не?

Әдеби тілдің нормалары қандай?

Жалпы және жеке норманың айырмашылығы?



Ғылыми стильмен ресми стиль ұқсастығы неде?
3-тапсырма. 1. Стиль түрлерін тауып, бос орындарды толтырыңыз.






2. Қойылған сұрақтарға қысқаша жауап жазыңыз.






Каталог: uploads -> doc -> 04ba
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04ba -> Сабақ №14 Сабақ тақырыбы: Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсекелестік
04ba -> Орта мерзімді жоспар. Пән мұғалімі: Есенгалиева А. Е
04ba -> Сабақ Сыныбы: 9 Сабақтың тақырыбы: Экономикалық және әлеуметтік география ұғымы, мақасаттары мен міндеттері
04ba -> Сабақтыңтақырыбы Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер. Наурыз Әз Наурыз-түркінің төл жаңа жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет