Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы 5В020100 «Философия» мамандығына арналған



бет7/19
Дата03.12.2022
өлшемі75,24 Kb.
#161071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Философия. лекция.
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Лекция әкім.құқ, 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
5. Дәріс.

Тақырыбы: Қайта өрлеу философиясы (Ренессанс)
1. Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.
2. Қайта өрлеу философиясындағы гуманизм .
3. Қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі ғылым
XV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Ал, қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп- білуге жол ашты. Адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері тікелей бағынышты табиғат заңдылықтарын танып-білуге барлық ғылымдарға тән универсалдық (әмбебаптық) тәсілдің маңызы зор деп есептелініп, сондай әмбебаптық тәсіл ретінде көбінесе логикалық ойға және тәжірибеге сүйенген математикалық, кейінірек механикалық тәсіл ұсынылды.
Қайта өрлеу кезеңі философияның гуманистік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі (Н.Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, Екіншісі — (Н.Макиавелли, Томас Мор, Томазо Кампанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық-социалистік идеяға бой ұрса, Үшіншісі — (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.
Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай Кребс (1401-1464 ж.) болды. Негізгі еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы», «Құдайдың көріпкелдігі туралы» т.б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, «адам дегеніміз оның ақыл-ойы» — деп тұжырымдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет