Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы 5В020100 «Философия» мамандығына арналған



бет8/19
Дата03.12.2022
өлшемі75,24 Kb.
#161071
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Философия. лекция.
Титулка папка Портфолио, 1489398575381, 1Управление качеством тесты, English, АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ, Е.Қ.Т срс 1 Жәдігерқызы, тарих сессия 30-40, Латын тілі, Лекция әкім.құқ, 4 зертханалық жұмыс (1), АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 2 том, ЖУСИП БАЛАСАҒУН ҚҰТТЫ БІЛІК, ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ, Exploring Public Speaking 430
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012



6. Дәріс.



Тақырыбы: ХVII- ХVIIIғ Жаңа заман философиясындағы эмпиризм мен рационализм мәселесі.
1. Жаңа заман философиясындағы рационалистік және эмпиристік бағыттар, Ф.Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза
2. Дж.Локк пен Т.Гоббстың әлеуметтік-философиялық концепциялары
3. Дж.Беркли мен Д.Юмның субъективтік философиясы.
Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл — ағылшын философиясының негізгі өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы Френсис Бэкон (1561-1626 ж.ж.) еді.
Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида» т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты — табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі — қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал жан, рух т.б.ғылыми тұрғыдан танып-білуге болмайтын болғандықтан — нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты нақты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп — табынушылық , жалған эксперимент екендерін түсінулері керек. Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі — индукция. Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді және олар бір- бірімен байланыста болмайды.
Дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетулеріне болады.
Томас Гоббс (1588-1679 ж.ж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалықкөзқарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Адамзат туралы философиялық бастапқы негіздеме», «Левиафан — материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».
Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі — есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы. Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтанжігер де себептілікке бағынышты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет