Формативті бағалау әдістері



бет2/3
Дата30.01.2017
өлшемі474,25 Kb.
#8314
1   2   3

Бұл маңызды! Топтық жұмысқа бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім қатысушыларға осы белгілемелердің қорытындысы жеке оқушының жетістіктерін бақылауға қажет екендігін түсіндіре кетуі керек.

Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы.

Мәлiметтің көмегімен алынған бақылаулар және оқушылармен қарым-қатынас орнату арқылы мұғалiмдер талдау жасай отырып, топтық жұмыстағы дағдыларының дамыту деңгейін, оқу материалының меңгерiлуінiң сапасын анықтауға және оқушылардың оқудағы жетістіктерінің сапасын жақсартуы бойынша ары қарайғы қадамдарын жоспарлай алады.

Нәтижесiнде қолданылған әр түрлi формадағы топтық жұмыстың бағалауларын мұғалiм оқушыларға үйрете алады:

(1 ) топта жұмыс iстеу процесін бағалау;

(2 ) өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың күштi және әлсiз жақтарын анықтау.

2.2.2. Портфолионы бағалау

Портфолио - бұл бір мақсатқа бағытталған оқушылардың жұмыс жинағы, оқушының жұмыс істеу кезіндегі талабын, оның дамуын және бір немесе бірнеше пән бойынша жеткен жетістігін көрсетеді.

Кілтті (түйіндік) кезеңдер:

• Қарастырылатын материалдың мазмұнын таңдаудағы оқушының қатысуы.

• Материалды таңдау үшін ойластырылған белгiлер.

• Ойластырылған бағалау белгiлерi.

• Оқушылардың аналитикалық ойлауына түрткі болатын (рефлексия) дәлелдер.

Портфолио іріктеп алынған жақсы жұмыстарды көрсететіндіктен, жоспарлаған нәтижелерінің табысқа кенелгендігін, оқушының өсуі мен дамуын көрсететін оқушы өзі таңдап алған жұмыстардан тұрады.

Нелiктен портфолио қолданылады?

Қазіргі замандағы оқыту кезеңінде бағалау бағыты оқушылардың оқу жоспары бойынша негізгі пәндерден шеберлігі мен дағдысын жақсы меңгеруі мониторинг арқылы анықталады. Сондықтан портфолионың маңыздылығы:



  • бағалау процесін жақсартады, оқушының осал жағы немесе күшті жақтарын көрсетеді;

  • оқу мақсаттарының табысқа жетуіне бағыт-бағдар береді;

  • үйрену барысындағы өзгерiс пен өсудің деңгейін көрсетеді;

  • оқушының, мұғалiмнiң және ата-аналардың аналитикалық ойлауына мүмкiндiк туғызады;

  • оқушыны үйретудегi мирасқорлықтың жылдан-жылға қамтамасыз етуі.

Мұғалiм әр түрлi мақсаттар үшiн портфолио қолдана алады.

  • Өздігінен бағытталған үйренудi мадақтау.

  • Оқудағы өрісін кеңейту.

  • Оқуда білуге мүмкiндiк туғызу.

  • Жоспарланған нәтижелердiң табысқа жетудегі өрлеуін көрсету.

  • Оқушылардың өзін өзі бағалауына мүмкiндiк беру.

  • Оқушыларға өзара қолдау және дамытуды мүмкiндiк ретінде ұсыну.

Тиiмдi портфолио қандай сипаттамаларға лайық болу керек?

Портфолионың көмегi көп қырлы болғандықтан, келесi сапалармен сипатталады:



  • Үздiксiз процесс болып табылады да, формативті және суммативті бағалауды қамтамасыз етеді, негiзгi жоспарланған нәтижелердiң табысқа жету жолындағы оқушының өрлеуiн барлауға мүмкiндiк бередi.

  • Оқушылардың оқу процесіндегі әр түрлі жұмыстарын, әр түрлі өткерген іс-әрекеттерін кеңейтілген тұрғыда көрсетедi.

  • Бірлескен рефлексияны ескереді, оқушылардың ойлау процесі мен өзін-өзі талдауын, өзінің қабылдауы мен түсінуін қадағалайды; мәселені шешу жолын ой өзегінен өткізіп, шешімді қабылдау мен өзінің өсуін бақылайды, пәннің мазмұны мен дағдыларын жетілдіреді .

Барлық зерттеушiлер портфолионы өңдеу жолдарындағы түрлернулерді мақұлдайды да, портфолио:

  • Куррикулума қойған бiлiм беретiн мақсаттарды ашық қамтып көрсетедi.

  • Жеке - бағдарланған оқытуға, негізгі білімге, біліктіліктер мен ұстанымдарына зейінін жинақтау.

  • Бағалау мерзiміндегі жиналған жұмыстардың үлгiлерi болады.

  • Бағалаудың әр түрлi техникаларының қолдануымен бағаланған оқушылардың жұмысы болады.

  • Өздерiнiң оқушылары, басқа оқушылар, мұғалiмдермен және ата-аналармен бағаланған жұмыстың үлгiлерiнiң жиыны болады.

Портфолионы қалай бағалайды?

Дәстүрлі әдістерге қарағанда портфолио оқушыларды оқытудағы бағалаудың мүмкіндігін, өте жақсы әдісін қолдануды ұсынады. Портфолионың көмегімен жетістікті бағалауға көп мүмкіндік туады, оқу процесін мұғалімдер мен оқушылар өте кең көлемде бақылауға, жорамалдауға, тәуекел етуге, шығармашылық ойлауды дамыту мен оқытуды, өзінің жетістіктерін бағалауды үйретеді. Бағалау әділетті болу үшін, мұғалiмдерге оқушының дамуын бағалаудың түрлi стратегияларын қолдану керек. Портфолионы бағалау белгiлерiне келесi пункттерді енгізу қажет:



  • Саналылық (рефлексияның және шығармашылық ойлаудың бар болуы);

  • оқу жоспарының негізгі мақсаттарымен және индикаторларымен сәйкес өсуі және дамуы;

  • негiзгi процесстердi түсiнуі және қолдануы;

  • аталып өткен талаптарға портфолиодағы көрсетiлген жұмыстардың сәйкестiгi;

  • түрлі жазулар (мысалы, түрлi формаларды қолдану, жоспарланған стандарттарды оқушылардың жетістіктерімен көрсету).

Мұғалiм мен оқушының бағалауда бiрге жұмыс iстеуі маңызды. Оқушылардың табыстарын бағалайтын басты белгiлерді пайдаланғанда формативті және суммтивті бағалаулар да қолданылады. Мұғалімдер мен оқушылар портфолиоға енгізілетін маңызды және нақты жұмыстарды барлық оқу жылы ағымында шынайы ынтымақтастықта анықтай алады. Бұдан басқа, олар баллдар жүйесi мен бағаларды жетілдіріп, соның көмегімен портфолиодағы жұмыстар бағаланады. Айдарлар, ережелер және баллдар портфолиодағы әрбiр бөлiм үшiн де жасала алады. Сонымен қатар, жұмыстарға қойылған белгілер (бағалар, баллдар) суммативті бағалау үшін қосылу керек. Суммативті бағалау процесі кезінде портфолионың барлық бөлімдері мұқият талданып, шешім қабылдау процесі мен жұмыстарды бағалағанда мұғалімді, оқушыны, сарапшылар тобын қатыстыру керек.

Портфолио толтыру кезеңдерi

1-шi кезең

Ұйымдастыру және жоспарлау – бұл портфолионы толтырудың бастапқы кезеңі. Бұған оқушы мен мұғалім портфолионың қандай болуы керек екендігін және оған қандай жұмыстар кiруi керектігін бірге шешеді. Оқушылар толық іріктеп алған мәселелеріне жауап бергенде портфолионың негізгі мақсатын және оның мәнін түсіне алады (барлау құралы ретінде және өзінің дамуын бағалауда).

Мұғалiм және оқушы келесi сұрақтарға жауап беруi керек:



  • Осы пән бойынша оқылатын сұрақтарды бейнелеу үшін мен материалдарды қанша және қалай іріктеуді жоспарлаймын?

  • Мен жинағандарымды қалай ұйымдастыруды және нәрселерді, материалдарды көрсетуді қалай жоспарлаймын?

  • Портфолионың толтырылуы, мазмұны және сақталуы қалай жоспарланады?

2-шi кезең

Жиын - бұл жинақталған мағыналы жұмыстардан тұратын, оқудың мақсаттары мен оқушылардың табыстарын қамтып көрсететiн жұмыстар. Портфолионың мазмұны туралы шешім әдейі осыған анықталған, осы кезеңде қабылдануы тиіс болып табылады мақсаттар мен міндеттерге негізделген.

Ірiктеп алынған жұмыстар және материалдардың әр түрлi факторларға негiзделуi керек. Оларға жататындары:



  • нақты тақырыптың мазмұны;

  • оқыту процесі;

  • арнайы жобалар, тақырыптар немесе бөлiмдер.

Портфолиоға іріктеп алынған барлық материалдар бағалаудың стандарттары мен белгілерін ашық қамтып көрсету тиiс.

3-шi кезең

Рефлексия – оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел. Рефлексия күнделікті ойлаудың және басқа формалардағы тапсырмалардың орындалуының талдауындағы ойлау процесстерінде сонымен қатар оқушылардың нақты уақыт аралығындағы есепті шешу үшін қолданылып, идеяларды жазудың формасына айналады.

Оқушылардың портфолиосында көрсетiлгендей мұғалiмнiң рефлексиясымен ата-аналардың түпкi мақсатты процесі біріктірілуі тиiстi.

Көрсетiлген тiзiм межелік бағалау емес. Қазіргі уақытта мұғалімдер қандай да бір қалыптасқан бағалау жүйесін қолданып жүр. Мұғалім қалыптасқан бағалау жүйесін пайдаланғанда ең үлкен әсер (эффект) беру үшін мақсаттылық пен жүйелiлікті қолдану керек.

Оқытудың және бағалаудың әр түрлi жүйесін қолдану кез келген сыныптағы таныстыру әдiстерінің көпшiлiгiн жетiлдiруде мұғалiмге үлкен мүмкiндiк береді. Әр түрлі бағалау жүйесін қолдану - бағытталған әр түрлі оқыту стильдеріне және оқушылардың қажеттіліктерін өтеуге, олардың даралығын есепке алуға мүмкіндік береді.



Бұл маңызды!

Оқушылардың білімін, білгірлігін және дағдысын тексеру үшін мұғалім оқушыларға бір тақырыптан әр қилы формадағы тапсырмалар беру арқылы олардың даралығын, әр түрлі парасаттылығын ескереді.

Портфолионың түрлері

Портфолионың әр түрі бар, олардың әрқайсысы оқытуда және бағалауда бағдарламаның бiр бөлiгi сияқты нақтылы мақсаттарға қызмет көрсете алады. Портфолио түрлерiнің төменде келтiрiлген тiзiмi ғылыми әдебиетте жиi берiледi:



  • Құжатты немесе «жұмысты» портфолио: Ол нақтылы мерзiм iшiндегі iрiктеп алынған жұмыстарды жинақтайды және жоспарланған нәтижелеріне қарап оқушының табыстарының өзгерiсiн көрсетедi. Құжатты портфолио барлық мидағы жазылған идеялардан, жобалардан және оқушының толық бiтiрiлген жұмыстарын қамтиды (презентация, шығарма, эссе тағы сол сияқтылар). Портфолио материалдары нақты бір бiлiм беретiн мақсаттарға бағытталғанда ғана мағыналы болып қалыптасады. Портфолиоға күштi және әлсiз жұмыстар да кiре алады.

  • Портфолио процесі: Мұндай портфолио барлық тұрғыларды немесе оқытудағы процесстiң фазасын құжаттайды. Бұл портфолио түрі барлық оқу процесін құжаттауға келгенде өте пайдалы. Ол оқушының бойына сiңiрген нақтылы бiлiмін немесе дағдыларын және негiзгi деңгейден жоғары деңгейге алға басуын көрсете алады. «Портфолио процесі» оқушының рефлексиясын оқу туралы процеске күшейтедi. Мұндай портфолио ойлау күнделiктерiнің, жазылған идеялардың және тағы басқа оқушы рефлексиясының қолданылуын ескередi.

  • Демонстрациялық (көрсетпелі) портфолио. Бұл портфолио түрі суммативті бағалауда өте көп қолданылады. Ол мұғалім мен оқушылардың таңдап алған жақсы жұмыстарынан тұрады. Тек қана толық аяқталған жұмыстар осы портфолио түріне кiредi. Бұл портфолио түрін көбінесе көрнекiлiк құралдарымен толықтырады: фотосурет, бейнежазбалармен, компьютер арқылы есептелген нәтижелермен. Демонстрациялық портфолио оқушының қандай жұмыстарды осы портфолио түріне еңгізетіні туралы шешім қабылдауда жазған ойларынан тұрады.

2.3. Талдау

Талдау (ежелгі грек тілінен «жіктелу») – танысу процесінде нақты бөліктің санамен орындалатын немесе адамның пәндік-тәжірибелік қызметінде құрама бөліктерге (заттар, қасиеттер немесе заттардың арасындағы қатынастар) жіктелуі.

Талдау – бұл танысудың логикалық қабылдануы, заттың санамен жіктелуін (құбылыстың, процесстің) бөліктерге, элементтерге немесе қасиеттерге, яғни олардың қажетті және нақтылы сапалары мен қасиеттерін салыстыру және біртіндеп зерттеу арқылы маңызын анықтау мақсатында жасалады.

Оқушылардың жұмыстарының нәтижесін талдай отырып, мұғалім оқушылардың қандай мәселелерге тоқтағаны туралы мәлімет алады және қандай қадамдарға әрекет ету керек екенін болжап, қорытындылап, мәселелердің шешу жолын қарастырады. Демек, мұғалiм алған мәлiметтерді

а) оқушыны жеке деңгейде,

б) сынып деңгейінде

талдауға икемi болуы керек:
Тексеру жұмысын қалай талдайды?

Формативті бағалау әдісін қолдану - тақырыпты оқыту кезінде (сабақта немесе сабақтар топтамасында) тексеру жұмыстарын өткізуді ұйғарады. Тексеру жұмыстары қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты оқушылардың жетістіктерінің деңгейлерiн көрсетедi және оған сәйкес мәселелердің бар екенін көрсетедi.



Бұл маңызды!

Мәліметтерді жалпылауға қарамай, аралық тексеру жұмыстарын алғанда бағалау нәтижесін мұғалім жекеше қарайды.

1-шi мысал.

Оқу тақырыбы 5 сабаққа есептелетіні ұйғарылады. Осыған сүйене отырып, мұғалiм 3-4 аралық тексеру жұмыстарын өткізуді жоспарлауы керек. Әрбiр тексеру жұмысына сабақтың бес минуттай уақытын ала алады.

Тексеру тапсырмасы:

Жазбаша тексеру жұмысы (тест) бiрдей күрделiлiктегі 5 сұрақтан тұрады.

Сiз сабақта бiрдей күрделiлiктегі 5 сұрақтан тұратын аралық тексеру жұмысын өткiздiңiз. Жұмысты бағалау критерилері тексеру жұмысын өткiзуге дейiн оқушыларға көрсетілді. Әрбiр дұрыс жауап оқушыға 1 баллды әкеледi.

Сіз жұмыстарды тексердіңіз және алған нәтижелерді ұсынылған кестелерге енгізген соң, оқушылардың жұмыстарының нәтижесін көрнекті көрсететіндей етіп, мәселелерді айқындап, ары қарай шешу жолдарын анықтайсыз.

Нәтижелер кестесі

7-шi кесте

Сынып_______________Күні_____________Тақырыбы____________

1

2

3




Болмады

  1. Асанов






Жұмысты тапсырмады

  1. Усенов



Баға

Баға нормасы (мұғалiм оқушыларымен бiрге құраған немесе мұғалiм құрап, оқушылармен талқыланған)

Оқушылардың саны

«1»

дұрыс жауаптар – 0-1

1

«2»

дұрыс жауаптар –2

4

«3»

дұрыс жауаптар –3

7

«4»

дұрыс жауаптар –4

10

«5»

дұрыс жауаптар –5

6

Оқушылар саны




30

3-ші бағанның мазмұны оқушылардың сапалық табыстарының сандық сипаттамасын мұғалiмге ұсынады.

Бұдан әрi мұғалiм дұрыс емес жауаптардың сұрақтарға байланысын көрсететін форманы толтырады.

8-шi кесте




1 сұрақ

2 сұрақ

3 сұрақ

4 сұрақ

5 сұрақ

Тапсырманы орындай алмаған оқушылар саны

2

6

0

11

16

Алынған мәліметтер негізінде мұғалiм келесi қадамдарды жасауы тиіс:

1. Сабақта болмаған оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).

Сабақты босатқан оқушыларға тақырыпты меңгеруiнiң сапасын тексеру үшін осы тапсырманы келесi сабақтың жоспарына енгiзу.

2. Мұғалiмге жұмысты тексеруге бермеген оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).

Себебiн біліп және оқушыға ағымдағы келесi сабақта жұмысты тапсыруына мүмкіндік беру.

3. Ең үлкен қиыншылықтар келтірген сұрақтармен жұмыс.

8 - ші кестеде толтырылған мәлiмет оқушыларға 4, 5 сұрақтар қиыншылық тудырғанын көрсетедi. Мұғалiм оқушыларға мәселелер тудырған сұрақтардың талдауын жасау керек.

9-шы кесте



Мүмкін мәселелер

Мәселелердi шешу үшiн жоспарланатын қадамдар

  • берілген уақыттың жетпеуi

- қосымша уақытты ескеру;

- тексеру тапсырмасының көлемiн кiшiрейту;

- нақты жоспарланған уақытқа оқушылардың белсенді жұмысын дамыту мақсатымен тапсырмаларды өткізуді жалғастыру


  • тақырыптың осы бөлiгiн зерттеу енді ғана басталғандықтан үлкен қиындық тудырады

- осы сұрақты бұл тексеру жұмысына қосуға болмайды, оны келесi сабаққа жоспарлау қажет

  • қолданылған оқыту әдiстері осы тақырыпты ашу үшiн тиiмдi емес болып табылады

- басқа оқыту әдiстердi қолдану туралы ойлау немесе анықталған шеберлікті жетілдіруге нақтылы бағытталған қосымша тапсырмалар таңдау

- тақырыптың ашылуына қосымша уақыт жоспарлау керек

  • күрделiлiк сұрақтың тұжырымымен байланысты

- сұрақтың тұжырымын қайтадан қарастыру

Талдау нәтижелерiн қолданып, мұғалiм керi байланысты жоспарлайды және оны жүзеге асырады. Талдау келесi сұрақтарға жауаптардың iздестiрілуін ұйғарады:

  • осы оқушы үшiн бұл бағалау қаншалықты тиімді;

  • осы тақырыпты оқуға оқушының қатынасын өзгерту мүмкіндігі (оқушының ынтасын жоғарылату);

  • қандай тапсырмалар (жаттығулар) оқушының өзіне биiк нәтижелерге қол жеткiзуге көмектеседi;

  • Оқушының парасатының жеке түрiне сәйкес қорытынды тапсырмаларды жоспарлап дайындау. Тексеру жұмысында берілген – тесттер, портфолио, зерттеу тапсырмаларынан гөрі оқушы басқа түрдегі тапсырманы сапалырақ орындауы мүмкін.

2-шi мысал Тексеру тапсырмасы:

Өз мысалыңның негiзiнде бүтін санды жәйi бөлшекке көбейтудің толық алгоритмін құру.

Бұдан әрi оқушының жауабы көрсетілген:



  • Мысал:

  • Шешудiң алгоритмі:

1) көбейтуді орындағанда бөлiмі өзгермейді;

2) бүтiн санды алымына көбейту:

3) алған әрекеттің нәтижесiн жазып алу: .

4) алынған бөлшекті қысқарту: . Бұрыс бөлшек шыққан жағдайда аралас санға айналдыру немесе тиiмдi формада жазып алу керек: .

Мұғалiм тексеруді жүргізу үшiн келесi белгiлердi анықтайды:


  1. бүтін санның жәй бөлшекке көбейту алгоритмін құрастыруының дұрыстығын (оқушы бұл жағдайда үш немесе бес қадамнан тұратын тiзбектi пайдалана алады);

  2. мысалдың құрастырылуы және оның дұрыс шешiмi.

Сiз жұмыстарды тексердiңiз және нәтижелердi алдыңыз. Сiз ұсынған формаларға нәтижелерді (таңдау еркі өзіңізде: бағалар немесе белгілер) енгізесіз де, оқушылардың жұмыстарының нәтижесi арқылы ары қарайғы қадамдарды анықтап, мәселелердi айқындап шешуге мүмкiндiк аласыз.

Нәтижелер кестесі

10-шi кесте

Сынып____________Күні___________Тақырыбы_________________



1

2

3




Болмады

  1. Асанов







Жұмысты тапсырмады

  1. Үсенов




Баға

Баға белгілері (мұғалiм оқушыларымен бiрге құраған немесе мұғалiм құрып, оқушылармен талқыланған)

Оқушылардың саны

«1»

  1. алгоритм жаңылумен құралған, көп ештеңе iстелмеген

  2. алгоритм құрылмаған, мысал жаңылумен құралған және шешiлмеген

1

«2»

  1. алгоритм құрылмаған, мысал құралып, жаңылумен шешiлген

  2. алгоритм жаңылумен, мысал жаңылумен құрылған және шешiлген

3

«3»

  1. алгоритм түсiндiрусiз өте қысқа құралған. Мысал жаңылумен шешiлген

  2. алгоритм құрылмаған, мысалды шешкенде қателескен

  3. алгоритм құрылмаған. Мысал құралып дұрыс шешiлген

-

«4»

  1. алгоритм құрылған, мысал дұрыс шешiлген

  2. алгоритмды құруда болмашы қате кеткен

  3. мысалды шешкенде болмашы қате кеткен

9

«5»

алгоритм толық дұрыс құралған, мысалды өзі құрып, дұрыс шешкен

8

Оқушылар саны




30

Келесi форма көмегiмен мұғалiм оқушылар үшiн өте күрделi болып табылатын мәселені анықтай алады.

11-шi кесте






1.Алгоритм құралмаған

2. Алгоритм жаңылумен құралған

3. Мысал оқулықтан алынған, шешкенде қателіктер жіберілген

4.Мысалды өзі дайындаған, қателіктер жіберілген

Тапсырманы орындай алмаған оқушылар саны

2

4

9

13

Бұдан ары қарай алынған мәліметтермен мұғалiм келесi жұмыстарды орындайды:

1. Сабақта болмаған оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).

Сабақты, босатқан оқушыларға осы тапсырманы өткiзудi келесi сабақтың жоспарына енгiзу.

2. Мұғалiмге жұмысты тексеруге бермеген оқушылармен жұмыс (егер осындайлар болса).

Себебiн біліп және оқушыға келесi сабақта жұмысты тапсыруына мүмкіндік беру.

3. Ең үлкен қиыншылықтар келтірген сұрақтармен жұмыс

№ 11-шi кестедегі мәлiмет оқушылардың негiзгi мәселелерiн көрсетедi.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет