ГүЛ ҚҰрылысы



бет4/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
botanika darister

9 Пластидтер түрлері, құрылысы

Пластидтер – өсімдіктердің клеткасына ғана тән қос мембраналы органоид. Пластидтер түрлері: лейкопластар, хлоропластар хромопластар.


Пластидтерді зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша олар ұрық пен түзуші ұлпалардың клеткаларында болатын түссіз пропластидтерден пайда болды.
Сол сияқты пластидтердің бір түрі екінші түріне айналып отырады.
Хлоропластар. Балдырлардың таломдары, жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырағы, жас сабағы, піспеген (шикі) жемістерінің клеткаларында болатын жасыл түсті пластидтер. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлоропласт пішіні дөңгелек немесе сопақша, линза тәрізді көбінсе дәнге ұқсас болып келеді. Сондықтан олардың клеткаларындағы хлоропласты хлорофилл дәндері деп, ал балдырлар клеткасында хроматофор деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір клеткасында хлоропластың саны 1-2-ден 50-ге дейін жетеді. Мысалы, алма жапырағының клеткасында орта есеппен 50 шамасында. Хлоропластың көлемі жоғары сатыдағы өсімдіктерде 2-7 мкм, қалындығы 1-2 мкм. Тірі хлоропласт құрамында белок –50%, липидтер- 33%, хлорофиллдер 5-10%, каротиниодтар-1-2%процент және аз мөлшерде РНК мен ДНК бар.
Хлоропластың строма (грекше строма –дене) немесе матрикс деп аталатын денесі гидрофильді белокты-липоидты қосылыстан тұрады.
Ассимиляциялық (алғашқы) крахмал хлоропластарда фотосинтез нәтижесінде түзіледі. Қорға жиналған (соңғы) крахмал түссіз пластидтер лейкопластар қатысуымен түзіледі және крахмал дәндері түрінде тамырда, түйнекте, тұқымда, сабақтың ішкі құрылысында жиналады.
Хлоропластар жай бөліну арқылы көбейеді. Оның басты қызметі-фотосинтез, яғни күн сәулесінің жарық қуатын пайдаланып, бейорганикалық заттардан органикалық қосылыстар түзуі. Фотосинтез кезінде алғашқы түзілетін қарапайым моносахаридтер (қанттар) полимерленіп, крахмалға тағы басқа да полисахаридтерге айналады.
Сөйтіп хлоропластарда алғашқы крахмал ұсақ дәндер түрінде, ал қор заттары жиналатын мүшелердің лейкопласталарында (амилопластарда) соңғы крахмал түрінде жиналады. Фотосинтездің нәтижесінде органикалық заттардың қоры түзеледі, атмосфера үнемі оттегімен толықтырылып, көмір қышқыл газынан тазартылады.
Хромопластар. Хромопластардың пішіні дөңгелек, таяқша, ұршық, үшбұрыш тәріздес. Мұндай сан түрлі пішінді болуы каротин және ксантфилл пигментерінің кристалданып, пластид стромасында жинақталуына байланысты. Хромопластардың стромасында мембраналы жүйе болмайды немесе нашар жетіледі.
Хромопластардың қызметі әлі де толық анықтала қойған жоқ. Олардың пигментік құрамында хлорофилл болмайтындықтан фотосинтезге қатыспайды.
Лейкопластар. Реңі мөлдір (түссіз),пішіні дөңгелек, ультрақұрамы жағынан пропластидтерге жақын, бірақ олардан көлемдірек, ірірек. Лейкопластар пластидтердің ішіндегі ең ұсағы. Клетка ішінде ядроны айнала топтасып орналасады. Лейкопластар өсімдіктердің күн сәулесі түспейтін мүшелері: тамыр, тамырсабақ, түйнектер мен тұқымдарының клеткаларында кездеседі.
Лейкопластардың негізгі физиологиялық қызметі-органикалық заттардың қорын жинақтау. Крахмал қоры жиналатын лейкопластар амилопластар деп аталады. Мұндай лейкопластарда фотосинтез кезінде пайда болатын қанттардың полимерленуінен соңғы крахмал жиналады. Кристалдар немесе аморфты туынды зат ретінде белок қорға жиналатын лейкопластар протеинопластар деп, ал май тамшылары жиналатын лейкопластар алоепластар (элайопластар) деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ботаника ғылымы мақсаты мен міндеттерін атаңыз.
2. Өсімдіктердің алуан-түрлілігі, морфологиялық құрылым деңгейін анықтаңыз. Өсімдіктердің құрылысы туралы жалпы түсінік.
3. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын атап көрсетіңіз.
4. Өсімдіктердің жіктелуіне мысал келтіріңіз.
5. Зерттеу әдістерін сипаттаңыз.
6. Клетканың жалпы сипаттамасын беріңіз.
7. Өсімдіктер клетка құрылысын зерттеу тарихын сипаттаңыз.
8. Цитоплазманың құрылысын сипаттаңыз.
9. Пластидтер түрлері, құрылысын талдаңыз.

Дәріс 3-4


Тақырыбы: Клетка

  1. Ядро құрылымы, химиялық құрамы, қызметі.

  2. Митоз кезеңдері, маңызы.

  3. Мейоз. Негізгі ерекшеліктері.

  4. Вакуоля және клетка шырыны.

  5. Лизосомдар.

  6. Клеткадағы туынды заттар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет