ГүЛ ҚҰрылысы



бет5/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
botanika darister

Ядро құрылымы, химиялық құрамы, қызметі.

Ядро ядро қабықшасы, кариолимфа, ядрошықтан және хроматиннен тұрады. Кариолимфада ДНК және белок молекуласынан тұратын хроматинді жіпше және РНК-дан тұратын ядрошық болады.


Клетка ядросының атқаратын қызметтері:

  • информация сақтау;

  • транскрипция көмегімен немесе информациялық РНК-ны синтездеу арқылы цитоплазмаға мәліметті беру;

  • репликация арқылы клетка және ядробөлінгенде жас ядроларға мәліметтер беру.

Тiрi организмдердің негiзi клетканың биологиялық қасиеттерiнiң бірі - бөлiнуге қабiлеттiлiгi. Клетка бөлiнуiнің әдістері: амитоз, митоз, мейоз, эндомитоз.
Химиялық құрамы: күрделі белокты протеидтер. Нуклеопротеидтер –22,6 %, қалған белоктар –51,3 %, ДНК–14 %, РНК–12,1%. Ядро құрамында су және кальций, магний иондары бар.


2 Митоз кезеңдері, маңызы.


Митоз жануарлар мен өсімдіктер клеткасының негізгі бөліну жолы. Эукариотты клеткалардың бөлінуі 2 сатыдан тұрады митоз және цитокинез. Митоз–ересек ядродан морфологиялық және генетикалық жағынан ұқсас екі жас ядроның пайда болуы. Цитокинез – клетканың цитоплазмалық құрамының екіге бөлінуі нәтижесінде екі жас клетканың пайда болуы. Митоз және цитокинез кезеңдері міндетті түрде қатар жүреді. Митоз 4 фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және телофаза. Митоз тамыр, сабақ, жапырақ, жеміс қабы, тұқымның өсуші ұлпаларына тән.
Өсімдіктер мүшелерінің ұзындыққа және еніне қарай өсуі митоздық бөліну нәтижесінде клеткалар санының артуына байланысты. Бөлінуге қабілетті клеткалар меристемалар деп аталады. Олардың нәзік целлюлозалы қабықшасы, қою цитоплазмасы және ірі ядросы болады. Интерфаза кезеңінде хромосома деспирализацияланған, сондықтан жарық микроскопы арқылы анық көрінбейді. Бөліну кезінде олар спиралданып, қысқарады және жуандайды. Осы кезде оларды санауға, пішінін және ұзындығын анықтауға болады.

  • Интерфаза. Бұл кезеңде клетка ядросы мен протопласта бөлінуге қатысты күрделі биохимиялық өзгерістер жүреді.

  • Профаза. Бұл кезеңде ядро кішкене ұлғаяды, онда хромосомалар айқындала бастайды. Ядро қабықшасы мен ядрошық біртіндеп жойылады. Нәзік ахромотинді жіпшелер түзіле бастайды.

  • Метафаза. Хромосомалар экваторға орналасады және екі бірдей бөліктен тұратындықтан екі еселі көрінеді.

  • Анафаза. Бұл кезеңде жіпше көмегімен хроматид клетка полюсіне тартыла бастайды және хромосома саны бірдей екі топ түзіледі.

  • Телофаза. Полюсте клеткада ядро, ядрошық және ядро қабықшасы пайда болады. Ядроның бөлінуі интеркинез кезеңіне ауысады. Ядроның бөлінуімен бірге цитоплазмада бөлінеді.



3 Мейоз. Негізгі ерекшеліктері

Мейоз митоз процесінің ерекше формасы. Жыныстық жолмен көбейетін эукариоттарға тән. Ұрықтану кезінде гаметалардың ядролары міндетті түрде қосылады, нәтижесінде зиготада ДНК мен хромосомалар саны екі есе көбейеді.


Мейоз процесі кезінде клеткалардағы хромосомалар саны екі есе азаяды.


4. Вакуоля және клетка шырыны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет