ГүЛ ҚҰрылысы



бет8/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
botanika darister

4. Жабындық ұлпалар


Шекаралық ұлпа. -Жабындық ұлпалар 2 түрлі болады.. Сыртқы - яғни өсімдікті сыртқы орта -топырақ және атмосферамен байланыстырады, ішкі - әр түрлі ұлпаларды бөліп тұрады.
Сыртқы шекаралық ұлпа газ алмасу, транспирация, механикалық, қорғаныш қызмет атқаратын ұлпа жабындық ұлпа деп аталады. 3 түрі бар.
1 ретті жабындық ұлпа - эпидерма бұтақтың беткейінде (жапырақ, сабақ),
2 ретті жабындық ұлпа -перидерма,
3 ретті қабық - сабақ және тамырда болады.
Ішкі шекаралық ұлпалар әр түрлі мүшелерде эндодерма тамырда және сабақта, экзодерма тамырда болады.
Шекаралық ұлпалардың жалпы ерекшеліктері өсімдіктің денесін сыртқы ортамен және ішкі ұлпаларды бір - бірінен толық бөліп тастамайды, себебі мұндай геометриялық шектеу мүмкін емес, өйткені өсімдік және оның барлық ұлпалары үздік зат алмасу күйде болады. Шекаралық ұлпалар - физиологиялық барьер түрде болады, яғни заттарды таңдап өткізіп, жылдамдығын реттейді. Шекаралық ұлпалардың екінші ерекше көп функция атқаруында, бір ұлпа - сору және бөліп шығару қызметін атқаруы мүмкін. Үшінші ерекше заңды түрде мүшелердің жасына байланысты өзгеруіне сай бірі екіншісіне ауысуы мүмкін, бір ұлпа жасына сай қызметін өзгертуі мүмкін. Мысалы: эпидерма жас (бұтақты, сабақты) жауып тұрса, кәрі сабақта, бұтақта перидермаға айналып, одан соң қабыққа айналады.


5. Эпидерма-алғашқы жабындық ұлпа.

Эпидерма - (эпи - сыртқы, дерма - тері) -ең сыртқы тобынан құралған жапырақты және жас сабақты жауып тұрады. Эпидерманың басты қызметі- транспирация азайту және газ алмасуды реттеу. Сонымен қатар ішкі ұлпаларды зақымданудан қорғап, мүшелерге беріктік қасиет береді. Эпидерма арқылы сыртқа эфир майы шығады. Эпидерма күрделі ұлпаларға жатады. Құрамына әр түрлі морфологиялық клеткалар кіреді.



  1. Эпидерманың негізгі клеткалары

  2. Усьтиценің түйістіргіш және қосымша клеткалары.

  3. Трихомдар, яғни эпидерма клеткаларының өсінді түріндегі туындылары.

Эпидермада устьице клеткаларының типтері:



  1. Аномоцитті (ретсіз) устьиценің жанама клеткалары болмайды.

  2. Анизоцитті (тең клеткалы емес) устьице 3 жанама оның 2 бірдей, 1 кішілеу клеткаларын қоршаған.

  3. Парацитті (ІІ клеткалар) - 1 немесе бірнеше жанама клеткалар устьиценің ұзындық өсіне ІІ орналасады.

  4. Диацитті (аиқас) устьиценің 2 жанама клеткалары болады, олардың бір - біріне ортақ қабырғасы өзінің, ұзындық өсіне перпендикуляр орналасады.

  5. Актиноцитті (жұлдызша сәулелі клеткалар) - устьице бірнеше жанама клеткалармен қоршалған, олардың ұзындық өсі түйістіргіш клеткаларға радиальды (сәулелі) орналасады.

Эмергенцтер - эпидерма клеткаларына терең жатқан ұлпа клеткаларынан пайда болады.


6. Перидерма-соңғы жабындық ұлпа.

Перидерма - күрделі көп қабатты ұлпа, құрылысы және атқаратын қызметі әр түрлі клеткалар тобынан тұрып, олар мынадай ұлпа түзеді.



  1. Феллема (тоз) - негізгі қызметі қорғаныш,

  2. феллоген (тоз камбий) - нәтижесінде период ұзақ уақыт жанына қарай өседі.

  3. феллодерма феллогеннің қоректену қызметін атқарады.



7. Қыртыс немесе ритидом.

Қыртыс - сүректі өсімдіктерде болады.


Ризодерма немесе эпиблема - тамырдың ұшын қоршап тұрады, сол арқылы топырақтан су және миниралды тұздарды өткізеді. Ризодерма арқылы тамырдан топыраққа зат бөлініп, ол топырақтың қоректенуіне пайдаланылады.
Веламен - ризодермаға ұқсас көп қабатты болып келеді. Велламен клеткалары өледі, сонда суды осмостық жолмен емес, капилярлы әдіс арқылы сіңіреді.

Дәріс 7-8


Тақырыбы: Ұлпалар

  1. Бөліп шығарушы ұлпалардың жалпы сипаттамасы.

  2. Ішкі бөліп шығарушы ұлпалар.

  3. Сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар.

  4. Механикалық ұлпалар.

  5. Өткізгіш ұлпалардың жалпы сипаттамасы.

  6. Ксилеманың негізгі элементтері.

  7. Флоэманың негізгі элементтері.

  8. Өткізгіш шоқтар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет