ГүЛ ҚҰрылысы



бет7/30
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#86220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
botanika darister

1. Ұлпалар туралы жалпы түсінік

Өсімдіктер ұлпасы атқаратын қызметі, құрылысы, шығу тегі және өсімдіктер мүшелерінде орналасуы ұқсас клеткалар тобы.


Өсімдіктер тіршілігінде физиологиялық ролі және маңызы жөнінен ұлпалардың мынадай түрлері бар: түзуші ұлпалар (меристемалар), ассимиляциялық ұлпалар, қорлық ұлпалар, аэренхима, сорушы ұлпалар, жабындық ұлпалар, заттардың өтуін реттеуші ұлпалар, бөліп шығарушы ұлпалар, арқаулық ұлпалар, өткізгіш ұлпалар.
Өсімдіктердің құрылысы көптеген миллион жылдар барысында күрделенді. Эволюция процесінің барысында жаңа ұлпалар пайда болады, ұлпалар құрамына кіретін әртүрлі клеткалар типтерінің саны да артты. (Мысалы, бактериялар мен примитивті балдырларда барлық клеткалар бірдей, тек клетканың ерекшеленуі ғана байқалады. Мүктерде - 20, папоротниктәрізділерде 40 - қа жуық, ал жабықтұқымды өсімдіктерде – 80 ке жуық клеткалардың әртүрлі типтері бар.


2. Ұлпалардың жіктелуі

1988 жылы профессор Н.С. Воронин классификациясы:


І. Түзуші ұлпалар (меристема)
1. төбе (апикальды)
2. жанама (бүйір)(латеральды)
а) бірінші ретті (прокамбий, перицикл)
б) екінші ретті (камбий, феллоген)
3. қыстырмалы (интеркалярлы)
4. зақымданушы (жарақат)
ІІ. Ассимиляциялық ұлпалар.
ІІІ. Қор жинаушы ұлпалар.
IV. Аэренхима.
V. Қорғаныш ұлпалар.
1. Газ алмасу және транспирация қызметін реттеу және механикалық қызмет атқаратын сыртқы жабындық ұлпа.
а) бірінші ретті (эпидерма)
б) екінші ретті (перидерма)
в) үшінші ретті (қабық және ритидом)

  1. Сору қызметін қамтамасыз ететін сыртқы қорғаныш ұлпа.

а) ризодерма, б) веламен

  1. Заттардың өтуін реттейтін қызметті қамтамасыз ететін ішкі қорғаныш

  2. ұлпа.

а) эндодерма, б) экзодерма, в) жапырақтың өткізгіш шоқтарының клетка лары.
VI. Бөліп шығарушы ұлпалар.

  1. Сыртқы: а) бізді талшықтар (трихондар) және өсінділер (эмергенцы).

б) нектарниктер.
в) гидатодтар.

  1. Ішкі: а) бөліп шығарушы клеткалар (эфир майлы, смолалы, танинді)

VII. Механикалық (тірек қызметі) ұлпа

  1. Колленхима.

  2. Склеренхима, а) талшық, б) склереид.

VIII. Өткізгіш ұлпа.

  1. ксилема (сүрек)

  2. флоэма (өзек)

Меристемадан басқа ұлпалар тұрақты ұлпалар деп аталады.
3. Түзуші ұлпалар немесе меристемалар

Жануарлардан өсімдіктердің айырмашылығы - жаңа ұлпалар мен мүшелер түзе отырып, ұзақ уақыт өсуі. Мұндай өсу түзуші және меристема арқылы жүзеге асады. Меристема ерекшеленбеген, көп рет бөлінуге қабілетті клеткалардан тұрады (сыртқы түрі бойынша ұқсас). Меристема өсімдіктерде өмір бойы сақталады, (ағаш өсімдіктерде мыңдаған жылдар бойы), құрамында инициальды клетка болады, меристематикалық ерекшелігін сақтап бірнеше рет бөлінуге қабілетті. Осы инициальды клеткадан өсімдіктің барлық денесі бастама алады. Ал қалған меристема клеткалары инициальдың туындылары болып табылады, олардың бөлінуі шектеулі, ақырында тұрақты ұлпаға айналады.


Төбе меристемасы сабақтың жоғарғы бөлігі мен тамыр ұшында орналасады, олар ұрықтың эмбриональды клеткаларынан бастама алады.
(арех - төбелік) - латын тілі)
Жанама және латеральды меристема - көлденең кесіндісі сақина тәрізді болып келетін осьті мүшелерде цилиндрлі қабат түзеді.
Бірінші ретті латеральды ұлпа - прокамбий, перицикл деп аталады, екінші ретті латеральды ұлпа - камбий және феллоген деп аталады. Камбий – бір қатарлы клеткалар қабаты, камбий сабақ пен тамырдың жуандап өсуін қамтамасыз етеді. Камбий сүректің және өзектің клеткаларын түзеді.
Интеркалярлы меристема дара жарнақты өсімдіктің сабағының буын аралықтарының негізінде орналасқан. Төбе меристемасының қалдығы болып табылатын әрбір жеке буынаралықтың өсуін қамтамасыз етеді.
Жарақаттанған меристема өсімдіктің жарақаттанған кез - келген мүшесінде пайда болады. Клеткалардың бөлінуі нәтижесінде жарақат жазылып, одан соң клетка тұрақты ұлпаға ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет