Гүлжиһан Нұрышева Философия (лекциялар курсы)



бет1/5
Дата28.01.2018
өлшемі3,62 Mb.
  1   2   3   4   5
Гүлжиһан Нұрышева

Философия

(лекциялар курсы)

Алматы 2006



ББК 87

Н87

"Қазақстан-Британ техникалық университеті " АҚ Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылган

П і к і р жазгандар:

ҚР Ғылым академиясының академигі,

философия ғылымдарының докторы Ғ. Есім

Философия ғылымының кандидаты Елеуқұлова Г.К.



Н 87 Нұрышева Г.Ж. Философия : Оқу құралы. - Алматы: «Зият Пресс», 2006.- 204 б.

І5В1М 9965-9776-8-2

Кредиттік технология жүйесіне сай дайындалған оқу құралында философия пәні бойынша лекциялар курсы, сонымен қатар силлабус, практикалық сабақтар мен студенттің өзіндік жұмысының үлгілері беріліп, күрделі философиялық тақырыптар түсінікті тілде баяндалған.

Оқу құралы студенттер мен оқытушыларға. философия пәніне қызы-ғушылық танытушы көпшілік қауымға арналған.



ББК 87я7

Нұрышева Г.Ж.,2006

І8В1М 9965-9776-8-2 © Зият Пресс, 2006
Мазмұны

1. Түсініктеме.

2.Силлабус.

3. Тірек лекциялар.

1-Тақырып. Философияның мәні мен мақсаты.

2-Тақырып. Қазақ дүниетанымның негізгі ұғымдары.

З-Тақырып. Көне Үнді және Қытай философиясы.

4-Тақырып. Көне Греция философиясы.

5-Тақырып. Орта ғасырлық христиан және мұсылман философиясы.

6-Тақырып. Қайта өркендеу дәуірі философиясы.

7-Тақырып. Жаңа дәуір философиясы.

8-Тақырып. Неміс классикалық философиясы.

9-Тақырып. ХІХ-ХХ ғасырдағы Батыс философиясы.

10-Тақырып. Қазақ философиясы.

11-Тақырып. XIX ғасырдың соңы- XX ғасырдың басындағы орыс философиясы.

12-Тақырып. Онтологияның негізгі меселелері.

13-Тақырып. Ғылым философиясы.

14-Тақырып. Техника философиясы.

15-Тақырып. Дін философиясы.

4. Глоссарий.

5. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен сұрақтары және оларға дайындыққа арналған нұсқаулар.

6. СӨЖ/СОӨЖ және оқытушымен бірге өзіндік жұмысын дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар.

7.Студенттердің өз білімдерін тексеруіне арналған тест тапсырмалары.

8. Үлестірмелі материалдар.


ТҮСІНІКТЕМЕ

Жоғары білім берудің кредиттік жүйесінде пән бойынша дайындалатын оқу-әдістемелік кешен аса маңызды. ОӘК оқытушы еңбегінің көрсеткіші және студенттің пән туралы білім жинауына қажетті материалдар жинақталған басты құжат десек те болады. Назарларыңызға ұсынылып отырған ОӘК кредиттік технология жүйесі бойынша оқыту процесін жүргізуге республикада алғашқылардың бірі болып кешкен Қазақстан-Британ техникалық университетінде дайындалды. Университетте оқытудың озық технологиялары кеңінен қолданылады. Мысалы, ОӘК электрондық варианты университеттік Интернетте орналастырылған, яғни әрбір студент озіне қажетті материалдарды осы жүйеден алады. Сабақ жүргізілетін аудиториялар техникалық жағынан жақсы жабдықталған, сондықтан оқыту-шылар мен студенттер лекция немесе практикалық сабақтар бойынша дай-ындалған слайдтарды қолдану мүмкіндігіне ие.

Философия пәні бойынша дайындалған оқу-әдістемелік кешеннің негізгі құрамдас элементі - силлабус. Онда пән бойынша кредиттер саны, оқытушы туралы мәлімет, философиядан тірек лекциялар, практикалық сабақтар

және өзіндік жұмыстар саны, олардың тақырыптары, апталарға белінуі, тапсыру мерзімдері, курс көлемінде студент зерттеуге тиіс әдебиеттер, әрбір жұмыс бойынша қойылатын баллдар және тағы басқа мәселелер айқын керсетілген. Сонымен қатар, силлабуспен танысқан студент оқытушымен арақатынастың академиялық этика ережелерінен де толық хабардар бола алады.

Оқу-әдістемелік кешенде философия пәнінен тірек лекциялар конс-пектісі берілген. Лекциялар тақырыптарын таңдауда оқытушы философия пәні бойынша Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен типтік бағдарламаға сүйенді және университеттің техникалық бағытталғандығын ескерді. Соның нәтижесінде лекция тақырыптарының мазмұны студенттерге философия, оның тарихи дамуының негізгі кезеңдері, басты салалары, отандық қазақ философиясы, техника саласының болашақ маманына аса қажет ғылым және техника философиясы туралы мүмкіндігінше толық та жан-жақты білім бере алады деп ойлаймыз. Әрқайсысы белгілі бір басты мәселеге бағытталып дайындалған лекция мәтіндерінде әрбір тақырыптың негізгі терминдері мен ұғымдарына анықтама беріліп, тақырып мазмұнының қорытындысы мәтіннің соңында түйінделген және күрделі философиялық мәселелер түсінікті тілде баяндалған. Лекциялардың бәрі слайдтармен қамтамасыз етілген және олар сабақтарда үнемі қолданылады.

3

Глоссарийде курс шеңберінде жиі қолданылатын философиялық категориялардың анықтамасы берілген. Глоссарий студенттің пәнді игеру процесін жеңілдететіні сөзсіз.



Лекцияда талданған тақырыпты меңгеру дәрежесін, студенттің ойлау және өз ойын дұрыс жеткізе білу деңгейін көрсететін практикалық сабақтардың тақырыптары, оларда талқыланатын сұрақтар мен сабақтарға дайындық барысында студент басшылыққа алатын әдістемелік ұсыныстар да оқу-әдістемелік кешенде қамтылған.

Білім беру жүйесіндегі кредиттік технологияның маңызды компоненті - студенттің өзіндік жұ

мысы және студенттің оқытушының көмегімен атқаратын өзіндік жұмысы. Бұл жұмыстар философияның өзекті мәсе-лелерін зерттеуші ойшылдардың еңбектерін зерттеп-игеруге және аудито-рияда қысқаша тестерге жауап беруге бағытталған. Өзіндік жұмысты орын-дау міндетін анықтауда оқытушы белгілі бір реттіліктің болуын ескерді (эссе 3 аптада бір рет, қысқаша тестер 11-ші және 15-апталарда) және студент-терден жауаптылық, шығармашылық принциптерін талап етеді.

ОӘК-де студенттің өз білімін тексеруіне және қорьпынды емтиханға дайындалуына көмекші ретінде ұсынылатын тест тапсырмаларының үлгісі берілген.

Лекция және практика сабақтары барысында қосымша үлестірмелі материалдарға да ерекше назар аударылады. Әр түрлі философиялық жат-тығулар, ойшылдардың туындыларынан үзінділер және тағы басқа мате-риалдар ОӘК-де көрініс тапқан.

Ұсынылып отырған ОӘК философия пәнін еліміздің университеттерінде оқыту процесін жүргізуші ұстаздар мен пәнді игеруші студенттерге арналған көмекші құрал болады.



Нұрышева Гүлжиһан Жұмабайқызы, философия

ғылымдарының докторы, профессор

gиlzһікһап-пигуsһеvа@ уапdіех.ги

4

ҚАЗАҚСТАН-БРИТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

Силлабус. SҮLLАВUS

НUМ 106 - ФИЛОСОФИЯ 3 кредит:2/0/ 1

2006 жылдың күзгі семестрі



Оқытушы

туралы мәліметтер

Сабақтар өткізілетін уақыт

Байланыс құралдары



Аудиториялық сабақтар

Офис-сағ.

Тел.:

Е-mаіl

Нұрышева

Сейсенбі,

Сейсенбі,

72-31-

gиlzһікһап-

Гүлжиһан

9.00,лек.

10.00-

02.

пurузһеvа@

Жұмабай

382 ауд

13.00. 328




уаndех.ги

қызы

Сәрсенбі,

ауд.







философия

13.00










ғылымдарының

практ.










докторы.

345 ауд










профессор

Бейсенбі













10.00,













лекц.













382 ауд













11.00.













практ.













372 ауд









Курстын пререквизиттері: НUМ 102 "Қазақстан тарихы.

Курстың сипаттамасы

Курс: қаржы-экономика факультетінің 1-курс студенттеріне арналған және студенттерді философиялық білімнің тарихи-философиялық процесімен, философияның негізгі теориялық мәселелерімен таныстыруға, әр түрлі танымдық стратегиялардың негізінде студенттердің бойында өзіндік көзқарастық азаматтық позицияны және ұлтаралық келісіммен ұштастырылған қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған.



Курсты оқудың нәтижесінде студенттер білуге тиіс :

• Философияның негізгі даму кезеңдерін және олардың ерекшеліктерін білу;

• Философиялық білімнің фундаментальдік теориясын игеру;

• Танымның негізгі принциптері мен заңдары туралы; әлеуметтік өмірдің негіздері мен зандылықтары туралы түсінігі болу; адам болмысының универсальдік құндылықтық категорияларын айыра білу.

5
• Жалпы гуманитарлық сипаттағы әдебиетпен өз бетімен жұмыс жасай білу, басты көзқарастық мәселелерді және олардың шешімдерін таба білу;

• Философиялық терең, логикалық түрде, жүйелі және сыни ойлау;

• Жиналған философиялық эрудиция қорын күнделікті өмірдің әр түрлі сұрақтары бойынша өзіндік пікір тұжырымдауда және оны дәлелдеуде пайдалану.

Оқылуға тиісті әдебиеттер:

Негізгі:

1. Философия. Ред. басқарған Ғабитов Т.Х. Алматы, 2004

2. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным. Алматы, 2002.

3. Кішібеков Д.. Сыдықов Ү. Философия. Оқулық. Алматы, 2004.

Қосымша:

1. Назарбаев Н. А. К экономике знаний через инновации и образование. Астана, 2006

2. Батыс философиясының антологиясы. Алматы, 2002.

3. ЕсімҒ. Сана болмысы. 1-9 кітаптар. Алматы, 1991-2005.

4. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. Алматы, 1994.

5. Нүрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мәні. Алматы, 2001.

6. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. Алматы, 1999.

7. Сегизбаев О.А. История казахской философии (От первых архаичных представлений древних до философии развитых форм первый половины XX столетия). Алматы, 2001.

8. Интернет: www.рһіlоsорһу.ги

6

Календарлық-тақырыптық жоспар


А П

т

А



АУДИТОРИЯЛЫК САБАКТАР

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС. ТАПСЫРМА ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ УАҚЫТЫ



Тақырып

Лекция

Прак

сабак




1

№1 Философияның мәні және мақсаты.

2

1




2

№2.Қазақ дүниетанымының негізгі ұғымдары.

2

1




3

№3 Ежелгі Үнді және ежелгі Қытай философиясы.

2

1

№1 үй жұмысы(эссе)

4

№4 Антика философиясы.

2

1




5

№5.0ртағасыр философиясы.

2

1




6

№6.Қайта Өркендеу дәуірі философиясы.

2

1

№2 үй жұмысы (эссе)

7

№ №7Жаңа Дәуір философиясы.

2

1




8

№8 Неміс классикалық философиясы.

2

1




8

Аралық емтихан.










9

№ 9 19-20-ғасыр филсофиясы.

2

1

№3 үй жұмысы(эссе)

10

№10 Қазақ философиясы.

2

1




11

№10 Қазақ философиясы.

2

1

Қысқаша тест

12

№11 19 ғасырдың соңы-20-ғасырдың басындағы орыс философиясы.

2

1

№4 үй жұмысы(эссе)

13

№ 12.Онтологияның негізгі мәселелері.

2

1




14

№13 Таным теориясы.




1




14

№14 Ғылым философиясы.

1







14

№15 Техниика философиясы.

1




№5 үй жұмысы(эссе)

15

№16 Тарих философиясы.




1




13

№15. Техника философиясы.

1




Қысқаша тест

15

№17 Дін философиясы.

1







16

Корытынды емтихан.









Баллдар және әрбір балл үшін орындалуы тиіс жұмыстар туралы мәлімет:







Студент сабақтарының және жұмыстарының түрлері

Ұсынылатын балл саны

1

Аралық емтихан

10

2

Практикалық сабақтардағы белсенділік

25

3

Қысқаша тестерді орындау

10

4

Эссе ( үй жұмысы)

25

5

Қорытыңцы (финалдық) емтихан

30

Жалпы балл

100

7

Жұмыстарды тапсыру графигі және білімді бағала



ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. Аралық бақылау семестрдің ортасында (8 апта) өткізіледі және лекция, семинар сабақтарында талқыланған тақырыптар бойынша дай-ындалған тест тапсырмаларына (әрбір кезеңдік бақылауға 20 тест тап-сырмасы беріледі) жазбаша жауап беру түрінде өткізіледі.

2. Курстың негізгі мазмұны лекцияларда

баяндалатындықтан, лекцияларға қатысу міндетті болып саналады. Лектор әлемдік ойшылдардың философиялық концепциялары мен ка-тегорияларын жүйелейді, сараптайды және жалпы түрде қорытындылайды, студент пайымдауына бағыт беріп отырады, оның тақырыпты игеруіне және қарастырылған мәселелер бойынша өзіндік, тұлғалық көзқарас қалыптастыруына көмектеседі. Практикалық сабақтар барысында студент философиялық мәселелер бойынша лекция сабақтарында алынған білімді бекітіп, философияның түйінді мәселелері мен тарихи дамуының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерін творчестволық игеру деңгейін көрсете білуі тиіс.

8

Практикалық сабақтардағы жауап 3 баллға дейін бағаланады. Сұрақтың презентациясына, яғни тандалған сұрақ бойынша қолдана отырып дайындалған жауапқа 5 баллға дейін беріледі.



3. Эссе - студенттің зерттеліп отырған тақырыптың өзекті сұрақтары бойынша шығармашылық түрде, оқытушының кеңес-консультациясына сүйене отырып қысқа және ез бетімен, үйде орындайтын жазбаша мате-риалы (3 бетке дейін). 3,6,9,12,14 апталардың соңында тапсырылуы тиіс. Эссе тақырыптары мен оны орындауға қажетті материалдарды университеттік Интернеттен алуға болады. Әрбір эссе 5 баллға дейін бағаланады.

4. Қысқаша тестер - лекция, семинар сабақтарының тақырыптары бойынша дайындалған қысқаша тест тапсырмаларына аудиторияда жазбаша жауап беру. Екі рет (11 және 15 апталарда) өткізіледі, 5 баллға дейін бағаланады.

5. Қорытынды, финалдық баға студенттің семестр барысындағы жұмысын және емтихандағы көрсеткішін қамтиды. Студент философияның зерттеу пәнін, ол қарастыратын мәселелер шеңберін түсінетіндігін, әлемдік философиялық ойдың тарихи даму кезендерінің әрқайсысының ерекшеліктерін айыра білетіндігін, философияның онтология, гносеология, философиялық антропология, аксиология, дін философиясы, мәдениет философиясы, тарих философиясы, ғылым философиясы салалары туралы түсінігі бар екендігін, отандық қазақ философиясының негізгі ұғымдарын игергендігін көрсетуі тиіс. Баға төмен болған жағдайда емтиханды қайта тапсыру рұқсат етілмейді.

Баға қою саясаты

Практикалық сабақтың сұрақтарына жан-жақты, тұпнұсқаларды қолдана отырып дайындалу, өзіндік түсінік қалыптастыру деңгейінің болуы 3 баллға дейін, сұрақтың презентациясы 5 баллға дейін бағаланады.

Талаптарға сай дайындалған эссе 5 баллға дейін бағаланады.

Қысқаша тестерге толық, қатесіз жауап 5 баллға дейін бағаланады.

• Қорытынды (финалдық) емтихан басталардың алдында студенттер ұялы телефондарын, сөмкелерін, оқулықтарын және дәптерлерін емтихан қабылдаушы оқытушы мен прокторларға тапсырулары тиіс. Жауаптар жазылатын, факультет мөрі басылған таза парақтарды емтихан қабылдаушы оқытушы береді.

Философиядан қорытынды емтихан үш сағатқа созылады және екі бөлімнен тұрады: тест сұрақтарына жазбаша жауап беру (20 балл) және билетте көрсетілген тақырып бойынша жазбаша жұмыс-эссе (10 балл). Сту-денттердің жауаптары мына көрсеткіштер бойынша бағаланады:

9

• Студенттің зерттеліп отырған сұрақ бойынша мінсіз, жанжақты фи-лософиялық білімін көрсетуі, оған кіретіндер: студенттің тест сұрақтарына толық жауап беруі және тандалған эссе тақырыбының терең мазмұнын ашуы, тұпнұсқаларды және философиялық категориалдық аппаратты қолдана отырып, материалды айқын да түсінікті түрде баяндауы (26-дан 30 баллға дейін);



• Тест тапсырмаларына жауап беруде аздаған кемшіліктердің болуы, эссе тақырыбы бойынша тұпнұсқаларды қолдана отырып толық жауап беруімен қатар, жекелеген кемшіліктер жіберуі (мысалы, материалды баяндаудағы презентациялық қателіктер) (20 баллдан 25 баллға дейін);

• Тест тапсырмаларына жауап беруде елеулі қателердің болуы, эссе тақырыбын жалпылама түрде білуі, жауапта маңызды мазмұндық қателер жіберуі (15 баллдан 19 баллға дейін);

• Тест тапсырмаларының басым көпшілігіне дұрыс жауап бермеуі, эссе тақырыбын нашар баяндауы, бұл қателердің жиынтығы студенттің фило-софия курсы бойынша білімінің жоқ екендігін дәлелдейді (> 15).

• Қорытынды (финалдық) бағалар қоюда мадақтау және айыптау балл-дары қарастырылған. 5 баллға дейін мадақтау (бонус) баллдары универ-ситеттік студенттік ғылыми конференцияға баяндама дайындаған және философия және құқық кафедрасының жанындағы пікірталас клубының мәжілістеріне белсене қатысқан студенттерге беріледі. Лекция және семинар сабақтарына қатыспаған студенттің әрбір жіберген сабағы үшін айыптау 1 баллы беріледі.

• Қорытынды (финалдық) емтихан ережелерін бұзған, емтихан кезінде шпаргалкалар, оқулықтар және ұялы телефондар қолданған студенттер емтихан аудиториясынан шығарылып жіберіледі және оларға автоматты түрде "Ғ" бағасы қойылады.

Курстың саясаты: Бұл курс студенттердің философия пәні бойынша типтік бағдарламада (философиялық емес мамандықтарға арналған) белгіленген философиялық білімдер негіздерін игеруге бағытталған өзіндік жұмысының үлкен көлемін қажет етеді. Сондықтан да аудиториялық сағаттарға бөлінген уақытты тиімді пайдалану керек, яғни:

• Маңызды себепсіз сабаққа кешігуге және сабақты жіберуге болмайды;

• Эссе (үй жұмысы) уақытында тапсырылуы тиіс; белгіленген мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қабылданбайды;

• Лекциялар, практикалық сабақтар барысында, аудиториялық жұмыс-тарды (қысқаша тестерді), аралық бақылауларды орындау кезінде және қорытынды (финалдық) емтиханда студенттер еңбек тәртібін қатаң сақтауы

10

тиіс (сабақты өткізу тәртібін бұзуға; басқа істермен айналысуға; ұялы теле-фондар мен сабаққа қатысы жоқ техника құралдарын қолдануға болмайды); Академиялық тәртіп және этика саясаты:



• Оқытушы мен студенттің, сонымен қатар студенттердің арасындағы өзара қарым-қатынастар ережесі болып азаматтық құқықтар мен адами қасиеттерді сыйлау, сыпайы кәсіби байланыстар табылады;

• Кезендік жұмыстарды орындауға студенттер міндетті түрде қатысулары тиіс;

• Бақылау түрлерінің (аралық бақылау, емтихан) қорытындыларымен келіспеген жағдайда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ұжым-дық түрде қарастыратын апелляция беруге болады.

Көмек түрлері: Лекция, семинар сабақтарында талқыланған тақырыптар және өзіндік жұмыстарды орындау реті бойынша толығырақ мәліметті оқытушыдан офис-сағаттар кезінде алуға болады

11

ТІРЕК ЛЕКЦИЯЛАР



1-ТАҚЫРЫП

ФИЛОСОФИЯНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ

(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)



1. Философиялық білімнің негізгі сипаттары.

2. Философияның функциялары.

3. Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі.

Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған анықтамаларды қарастырып көрейік, себебі, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу.



Сократ: "Философия - ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету".

Геродот:"Философия - білімді, ақылдылықты сүю".

Аристотель: "Философия - ғылымдар негізі".

Ортағасырдың діни ойшылдары: Августин: "Философия - ақылдылыққа құштарлық" - дейді. Аквинат: "Философия - барлық ақиқаттың негізі болатын ақиқат (Құдай) туралы ілім"- дейді. М. Монтень: "Философияның қайғылы, іш пыстыратын нәрселерге еш қатысы жоқ. Даналықтың ерекше бір белгісі - ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан жарасын жеңілдетеді, ауруды жеңуге көмектеседі"- дейді. Т.Гоббс: "Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі" дейді. Декарт: "Философия - даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім"- дейді. Фихте: "Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты"-деген.

Осы анықтамаларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:

1) Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия тер-минінің өзі грек тілінен аударғанда рһіlео - сүйемін, sорһіа - даналық дегенді, басқаша айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді.

2) Философияның басы - таңдану. Сократ "Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін" дегендей, танданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.

3) Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.

Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны көркейтпейді. Кеңестік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.

12

4) Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл - байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау.



5) Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.

Философияның анықтамасы: Фшософия - бар болып отырганды (сущее) тұтас, элементтері бірі-бірімен тыгыз байланысты түрде қарас-тыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін гылым.

Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент - Адам, сондық-тан ол философияның ең басты зерттеу объектісі. М.Әуезов: "Философия... -кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағар-тып, адамшылығын арттырып, ақтылыққа сүйрейді. Философия:

1) адамның қайдан жаралғанын шешпек;

2) адамның жанын, ішкі халін тексермек;

3) адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.

Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ" дейді.

Бұл ойларды неміс философы И.Канттың сөздерімен толықтыруға болады:

1) Мен не біле аламын?

2) Мен не істеуім керек?

3) Мен не нәрсеге үміттене аламын?

4) Адам дегеніміз не?

Бірінші сұраққа метафизика жауап береді, екіншісіне мораль, үшіншісіне - дін, төртіншісіне - антропология. Бірақ осының бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді. ...Адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады".



Философияның функциялары

1) көзқарастық - философиялық көзқарас көзқарастың жоғарғы деңгейі болып табылады. Көзқарас - адамның өзі, қоғам, дүние туралы өзіндік ой-пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы. Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді, ақыл-ойды, сезімдерді, үміт-ұмтылыстарды, наным-сенімдерді, құндылықтарды, күдік-күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады. Көзқарастың мифологиялық, діни түрлері белгілі, олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше. Бірак философия ғана жан-жақты, ғылыми, терең, толыққанды көзқарасты қалыптастырады.

2) рациональды жүйелеу - философия адам тәжірибесін теория­лық

13

деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып-сараптайды, дұрыс-бұрысын айырып, белгілі бір жүйеге қелтіреді.



3) сыни - философиялық ұғымдар мен категорияларды, зандарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді.

4) болжам жасау - философия жеке адамның да, бүкіл қоғамныңда болашағын болжауға септігін тигізеді, жаңа көзқарас-идеялардың негізін са-лады. Әрине, болашақты түгелдей жоспарлау мүмкін емес. Бірақ философи-яның көмегімен адам өзінің басты мақсаты - саналы тіршілік етуші адам атына сай өмір сүру сатыларын, өмірлік мақсаттарын, қысқа өмірде қажет болатын негізгі ұстанымдарын жалпы түрде болса да анықтап алады.

5) гуманистік - философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды. Философия ғылымының көмегімен адам өзін ардақтауды, өзімен бірге өмір сүріп отырған басқа адамдарды бағалауды, өзінің бойында адамшылық қасиеттерді тәрбиелеп-дамытуды үйренеді.



6) практикалық - неміс философы Гегель философияны өмір көшінен үнемі кеш қалып жүреді деп сынаса да, қазіргі философияның, онымен айналысатын философ мамандардың негізгі мақсат-міндеті оның практикалық сипатын зерттеу болуы деп ойлаймыз. Жан-жағынан адам, өмір, қоғам, дүние, табиғат туралы түсініксіз сұрақтар қаумалап, өмірден, қоғамнан өз орнын таба алмай қиналған қазіргі заман адамына құрғақ теориялар мен шым-шытырық абстракциялардан пайда шамалы, оған өзінің кім екенін, дүниеге келгендегі мақсатын түсіндіріп беретін, алдынан күнбе-күн тосып отырған қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін, бір сөзбен айтсақ, практикалық сипаты бар философия қажет. Бірақ, бұл пікірден философия күйбең тіршіліктің пендешілік қажеттіліктерін түсіндіруді қанағат тұтып қоюмен шектелуі қажет деген тұжырым туындамауы керек, керісінше, ол әрбір адамды терең толғаныс-ойларға жетелеп, өткінші нәрселерден мәңгілік, мызғымас құндылықтарға бойлауға шақыруы тиіс.

Философияның адам мен коғам өміріндегі орны аса зор:

1) философия жеке адамның, әсіресе, жоғары оқу орында білім алушы маманның Тұлға ретінде қалыптасуына маңызды ықпал етеді.

14

2) Философия адамға өмірлік бағыт-бағдар береді.



3) Философия дұрыс, ақылды ойлай білуге, өзі туралы тереңірек ой-лануға әсерін тигізеді.

Швейцария философы Ю.Бохенский философияның қоғамдағы, адам өміріндегі рөлі туралы айта келіп, ұғымдар әлемінде өзімен-өзі өмір сүруші, адамдардың көбі үшін түсініксіз жан ретінде қабылданатын қарапайым философтың1 оны қоршаған басқа адамдардың, жалпы қоғамның санасына күшті әсер ететіндігін ескертеді, философ өз ойымен әуелі бір адаммен, сонан соң екінші, үшінші адаммен, бірте-бірте бүкіл қоғаммен бөлісіп. философиялық ой көпшілікке түсінікті болған жағдайда бүкіл адамзаттың бейнесін өзгерте алады деген болатын.

Жоғары білім беру саласында дайындалған маманның кәсіптік дең-гейімен бірге адамгершіліктік-рухани және әлеуметтік келбетінің де биік болуы қазіргі кезеңде ерекше өзекті. Осы тұрғыдан алғанда университет қабырғасында білім алушы жастардың қарапайым индивидпенде емес, өзіне, қоғамға, өмірлік процеетерге деген терең көзқарасқа ие тұлға болып қалыптасуына айқындаушы әсер ететін философия ғылымы мен оны жастарға жоғары оқу орындарында оқытатын философ мамандарға қойылып отырған талаптардың маңызы арта түсіп отыр.

Философия пәні бойынша бакалавриат сатысына арналған бағдарламада негізгі назар философия тарихын зерттеуге аударыла бастады, бұл қадам дұрыс деп ойлаймыз. Белгілі философ К.Ясперстің пікірінше, "философия тарихы - философиялық пайымдаудың маңызды элементі. Өткенге, тұтастың ең биік дүние-туындылары мен мүмкіндіктеріне үңілу арқылы ғана өз бойыңдағы айқындық пен кеңдік мүмкіндігін анықтауға болады" (К.Ясперс. Всемирная история философии. СПб.. 2000, 258 с).

Философияның басқа ғылымдардан бір ерекшелігі - ол өзінің өткенін ешқашан жоққа шығармайды, керісінше, оны саралап, өзінің болашақ да-муына қажетті ой-пікір, көзқарас, идеяларды алып отырады. Философия тарихында адам ойының керемет жетістіктері, ең биік үлгілері жинақталған, бірақ олар танушы тұлғаның философиялық ойлау процесін шектемейді, оның шарықтауына, тұлғаның өзіндік "Менін" көрсетуіне шексіз мүмкіндік-кеңістік ашады.

Философия тарихын құрайтын философиялық тұлғалар. Философия-лық ой біз үшін оны пайымдаған тұлғалар арқылы ғана мәнді, себебі білімді жинақтайтын нақты адамдар және олардың өзіндік ерекшеліктері, басқаға ұқсамайтын жеке қасиеттері көбірек болған сайын ғылым мен мәдениетке қосатын үлестері де маңызды және мол бола түседі. Философиялық тұлғалардың, К.Ясперстің сөзімен айтсақ, "философия кеңістігіндегі субстанциялардың" қайталанбас дүниесіне үңілу, жеке өмірі



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет