Гуманитарлық факультет



бет56/60
Дата06.07.2020
өлшемі242,93 Kb.
#74920
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
УМКД ТОӘ

Дәріс № 15.

Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны

Жоспар:

1. Жаңартылған оқу бағдарламасы: мазмұны, мақсаты мен міндеттері.

2. Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері.

Тірек сөздер: құндылықты-бағдарланған, әрекетті, тұлғалық-бағдарланған, кіріктірілмелі, коммуникативті.

1.Жаңартылған оқу бағдарламасы – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастырады. Жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған: «Шиыршық әдісі». жаңартылған білім беру мазмұнын анықтаудағы ескерілген өзгерістер: экономикалық тенденциялар, әлеуметтік тенденциялар, саяси тенденциялар, жеке тенденциялар.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

1.   Пәннің маңыздылығы;


2.   Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3.   штілділік саясатты іске асыру;
4.   Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5.   Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6.   Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7.   Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8.   Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9.   Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:

1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;                                                                                  
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен  дағдылары қалыптасқан.

2. Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері: «Мәңгілік ел» құндылықтары; жүйелі-әрекеттік оқыту әдістері; «Спираль» қағидасы; коммуникативті оқыту әдістері; интеграциялық оқыту әдістері. Спиральді білім беру бағдарламасының мазмұны: тақырыптар әртүрлі деңгейлерде қайталанып отырады, тереңдетіледі, күрделенеді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасында тақырыптар әртүрлі деңгейлерде қайталанып отырады, кейде бір тоқсан аясында, кейде бірнеше тоқсанда; тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғы деңгейге қарағанда анағұрлым тереңдетіліп оқытылуы тиіс; деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отырады.Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша мазмұнды іріктеу және құру ерекшеліктері:


  • Тарихи пәндер мазмұнының көлемі тақырыптық бөлімдерді біріктіру (үлкейту) арқылы жетілдірілді;

  • Тарихи пәндер арасында тығыз пәнаралық байланыс орнатылған. Бұл оқу материалдарының қайталануына жол бермейді, сондай-ақ Қазақстан тарихын әлемнің тарихи үдерістері мәнмәтінінде қарастыруға мүмкіндік береді;

  • Тарихи ойлау дағдыларын дамытуға бағыттылық (тарихи үдерістер мен құбылыстарды зерттеу, талдау, ұғыну және түсіндіру);

  • Оқушылардың бойында тарихи сананы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған материалдарды оқуға ерекше көңіл бөлінген.

Ұзақ мерзімді жоспарларда тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде берілген. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін жандандыруға, сонымен қатар оқушылардың сыни ойлауының дамуына жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет