Гуманитарлық факультет



бет54/60
Дата06.07.2020
өлшемі242,93 Kb.
#74920
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60
Байланысты:
УМКД ТОӘ

Дәріс 12.

Тақырыбы: Мектептегі тарих курстарының тәрбиелік мүмкіндіктер.

Жоспары:

1. Бүгінгі оқушы ертеңгі маман

2.Жастар- қоғамның болашақ құрылысшылары

Тірек сөздер: Ұлтжандылық, елжандылық, ұлттық сана.

Бүгінгі оқушы ертеңгі маман болғандықтан оқушы бойында жоғарғы идеялык, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру оларды өмірге, еңбекке дайындауға оқытудың негізгі формасы сабақтың, әрбір пәннің мүмкіндіктерін барынша толық пайдалану керек. Демек, өзінің мазмұн ерекшеліктеріне, оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру міндеті тұр. Қоғамның тағдыры жастардың қолында. Ендеше, жас ұрпақты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау-аса маңызды міндет. Ұлы ғұлама ғалым әл-Фараби айтқандай «тәрбиесіз білім адамзат жинаған құндылыққа зиянын тигізеді». Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін баяндайды. Ал мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен ең маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Әрине, мектептің тарих курстарында кұнсыз тарихи оқиғалар да оқытылады. Мәселен, фашизм, крест жорықтары, басқа елге шапкыншылық жасап бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар т.б. Бірақ мұндай кұнсыз оқиғалар білім ретінде құнды, өйткені оларды оқыта отырып оқушыларды келешекте осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін күресуге дайындаймыз. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстардың халық үшін жасаған кызметін баяндайды, осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, сапалы азамат болып қалыптасуына үлес косады. Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолында, оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиелейді; еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған кұндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалык, экологиялык, экономикалық т.б. тәрбие алады.



Патриотизм (грекше рatriotes - отандас, раtris - Отан, туған жер) - Отанға деген сүйіспеншілік, бар күш-жігер мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау. Туып-өскен жеріне, ана тіліне, өз халқының, елінің әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік адамдарда ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастаған. Қазақстанға жаңа қоғамды құрушы, соңда өмір сүруші жастарды оқытып, тәрбиелеу аса маңызды міндет болып тұр. Ал еліміздің тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-бір оқу орны - жалпы білім беретін мектеп. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, кұбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін, ерен ерлігін баяндайды, ал осылардың бәрі жас ұрпақтың сезіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат қалыптасуына үлес қосады. Тарих -ғылым, білім ретінде коғамда да, адам өмірінде де ерекше маңызды орын алады. Қоғам мүшелерін кажетті дәрежеде тарихи біліммен карулаңдырмай, оларда тарихи сананы қалыптастырмай ешбір мемлекет тарихи дамудың жоғарғы сатысына жете алмайды. Әр халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне тән әлеуметтік және мәдени мұрасы бар, әрі тәрбиедегі байлығы өз алдына. Қай кезеңде болмасын халқымыздан небір ойшыл, дана ғалымдардың, ұлы адамдардың шыққанына оқушылардың көздерін жеткізе отырып, отаншыл, адамгершілігі жоғары, жан-жақты дамыған Қазақстан азаматын тәрбиелеуде тарих пәні үлес қосады. Әрбір Қазақстан азаматы отаншыл болмайынша, Қазақстан өркендемейді. Тарихың сақтар мен ғұндардан, әдебиетін Тоныкөк, Кұлтегіннен, Қазақ хаңдығы құрылғаннан бергі жыраулардан, музыкасын күй, терме, толғаулардан бастап айтып, оқып, естіп келе жатқан баланын рухани кіндік тұтқасы берік болып өседі. Отбасында жеті атасын, мектепте туған жер, ел тарихын оқып ержеткен баланың көкірегінде халқына деген мақтаныш сезім орнайды. Себебі, балаға арғы атаң батыр, би, шешен болған деп үйретеді, осының өзі патриотизмнің нағыз бастауы.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыры болатынына сенемін» - дейді. Еңдеше, осы жұлдызы жанған ғасырдың азаматтарын тәрбиелеуге үлес қосу оқытушылармен ата-аналардың парызы болып қала береді. Сонымен қатар «Қазақстан экономикалық, әлеуметгік және саяси жаңару жолыңда» атты Жолдауда «Бәрі де мектептен басталады...» - деп, еліміздің көк байрағын жоғары көтеретін, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуге басты назар аударып отыр. Әрбір тәуелсіз, дамыған ел өз мемлекетінің, халқының тарихын оқытып үйретуге, алдымен оны мектепте оқытуға ерекше мән береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет