Гуманитарлық факультет



бет55/60
Дата06.07.2020
өлшемі242,93 Kb.
#74920
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
УМКД ТОӘ

Әдебиеттер:

1.Тұрлығұл Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.– 256 бет.

2. Жадрина М.Ж. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер// Открытая школа, 2004 №5. Б.6-9.

3. Әбдіғұлова Б.Қ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін оқыту жолдары. -Алматы., 2007. 27 б.

6. Әбдіғұлова Б.Қ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың

халыққа Жолдауын жоғары оқу орындарында оқып-үйрену жолдары: Оқу –әдістемелік құрал.- Алматы., 2012. 90 б.



Дәріс 13.

Тақырыбы: Тарих пәнін оқытудағы пәнаралық және курсішілік байланыстар. тарихты оқыту барысында өлкетану және аймақтық материалдарды пайдаланудың мүмкіндіктері.

Тірек сөздер: әдебиет, шығарма, дерек, карта.

Оқулық зәрулігінің орнын толтыруда тарихи әдебиетті пайдаланудың мәні зор. Егер шындықты мойындасақ, біздің тарихшыларымыз саясат сойылын соғып немесе шын тарихымызды айтуға мүмкіндік жоқ кезде, әдебиеттеріміз ұлттық тарихымыздағы тарихи шығармаларды өз шығармаларына арқау ете білді. Ашып айтылып, толықтай тарихи деректермен негізделмегенмен, ұлтымыздың бай тарихының әр кезеңі көрініс тапқан әдеби шығармалар біршама. Бұл ретте жазушылар І.Есенберлиннің, М.Мағауиннің, Ә.Кекілбаевтың, Қ.Жұмаділовтың, Т.Жұртбайдың, Қ.Салғариннің, АСейдімбековтың белгілі шығармаларын атап өткен дұрыс.

Ал Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» деген еңбегін Қазақстан тарихын оқытудың методикалық құралы деуге әбден болады. Жалпы бұл еңбек өткен тарихымызды жаңаша сипаттауды қалыптастыруымен құнды.

Тарихи тақырыптағы әдебиеттерде де тарихи оқиғалардың нақтылығы болған және, т.б. деректер дәл келе бермейтіндігін ескеріп, оқушыға өз бетімен оқуға ұсынылатын әдебиеттердің қысқаша мазмұны мен қай кезеңдегі тарихи оқиғалардың мәніне қатыстылығы түсіндірілуі қажет. Сонда ғана оқушы ол материалды жақсы игере алады. Мәселен, әдеби шығармаларда жағымды, жағымсыз кейіпкерлер болатынын, шығарма алдына оосындай мақсат алдын ала қойылатыны оқушы білуге тиіс. Ал тарих ғылымы - тек жеңістер мен сәттіліктерді ғана дәріптеу емес, шыңдықты шынайы талдайтын ғылым. Тарихи кезеңді бізге үнамайды екен деп, өз тарихымыздан сызып тастай алмаймыз. Енді Қазақстан тарихын оқытуда көркем шығарманы пайдаланудың маңызына нақтырақ тоқталсақ:

1.Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалану бәрінен бұрын оқушының тарихи фактіні ойына ұзақ сақтауына әсер етеді. Өйткені тарих қоғамдағы тап тартысын нақты дерктермен дәлелдесе, көркем шығарма сол фактілерді бейнелі кескінмен елестетеді. Әдебиет - сөзбен сурет салу емес. Ендеше тарихи деректі оқушының жай бір өтіп кеткен іс, оқиға, факті ретінде емес, адам тағдыры, оның басынан кешкен сан қилы оқиғалары ретінде түсініп, оған тарихи мән бере, тебірене қарауына ықпал туғызады. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы жұмысшылардың ауыр тұрмысын, орыс-қазақ жұмысшыларының езушілерге қарсы күрестерін көрсетуде Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романынан мысалдар келтірген жөн. Әсіресе, Оралдан азып-тозып Қарағандыға қашқан жұмысшылардың аянышты халін, өндірістегі қазақ жұмысшыларының ауыр тұрмысын суреттеген тұстары оқушының есінде тарихи оқиғаны мәңгілік бейнелеп тұрады.

2.Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалану оқушыны еңбектене білуге үйретеді. Мысалы, 1916 жылғы көтеріліс басшысы Амангелді тарихи тұлға. Оқушы тарих сабағында Амангелді батыр бейнесімен тарихшы пайымдауы арқылы танысады. Ал енді батырды жазушы немесе ақын қалай сомдайды, характерін қалай ашып көрсеткен деген сұрақ бойынша оқушы ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Сөйтіп, М.Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» романы, Омар Шипин, Күдері Жолдыбаевтардың «Амангелді туралы жырларымен» танысып, оларды өзара салыстырады, сөйтіп өз дүниетанымындағы өзінің Амангелдісін жасап шығарады, ал бұл үлкен еңбекпен ғана келетін құбылыс.

3.Тарих сабағында көркем әдебиет жүйелі әрі үнемі пайдаланылса, оқушының тарихи мәселені түсіндірудегі ойын тартымды да көркем тілмен, көңілге қонымды баяндауына қолайлы жағдай туғызады. Оқушының сөздік қорын дамытып, пікірін нәрлендіреді, ойын оралымды баяндауына көмектеседі.

4. Егер тарихи әлеуметтік оқиғаны суреткер көркем образбен керемет жеткізсе, онда оқушыны тарихи тұлға арқылы(мысалы, «Абай жолы» романындағы Тоғжан, Ербол, Әйгерім, ¥лжан т.б, «Қан мен тер» романындағы Еламан, Рай т.б, «Ботагөз» романындағы Асқар мен Ботагөз т.б.) сұлулық пен әсемдікке, сезімталдылық пен саналылыққа, нәзіктік пен пәктікке, адамгершілік пен қайсарлыққа, шыншылдық пен әділеттілікке адам жан сырын, дүниетанымын түсіне білуге тәрбиелейді, яғни эстетикалық, рухани, мәдени тәрбие береді. 5. Үйлесімді әрі ұтымды пайдаланылған көркем әдебиет оқушының өз халқына, оның алдыңғы қатарлы дәстүріне, Отанына деген патриоттық сезімін оятады. Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы таптық күрестің шиеленісуі, Исатай мен Махамбет басшылығымен болған 1836-1847 жылғы шаруалар көтерілісінің мәнін жеткізуде Махамбет жырларын және Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», Т.Әлімқұловтың «Қара ой» атты шығармаларынан үзінді пайдалану оқушыға керемет әсер қалдырған болар еді. Осы орайда айта кететін мәселе «қазақ тарихы» журналының 2002ж. №1 санында жарық көрген Қамбар Атабаевтың «қазақ баспасөзі - Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918)» атты монографиясы туралы пікір де осы ойымызды дәйектей түседі. Себебі ұлттық тарихымызды жаңадан жазып жатқан ғалымдардың еңбегі жарық көруі ұзақ мерзімді процесс, әрі оны оқулық бағдарламасына ыңғайлап, әдістемесін жасағанша біршама уақыт кетеді. Сондықтан, мерзімдік баспасөзді үзбей қадағалап, қажет материалдарды екшеп алып, күнделікті тақырыппен байланыстыра түсіндіріп қоймай, оқушылардың өздеріне оқуды ұсыну, оны қалай игергенін пысықтау - олардың шығармашылық ізденіске жол ашып, сабаққа ынталылығын арттыра түседі. Ал мұның өзі гуманитарлық пәндерді оқып-үйренудің басты әдістемесі. Қазақстан тарихын жалпы адамзат тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, әсірелеуге жол бермеуге тырысу қажет. Ол үшін баспасөз материалдарындағы дерек көздерінің ғылыми құндылығын айырып алуға оқушыларды үйрете білу аса маңызды. Бұл жөнінде мерзімдік баспасөздердің ішінде «Егеменді Қазақстан» газетінде жариялаған «Қазақ мемлекетінің тарихы» сериясымен берілген таихшылар К.Пищулина мен Н.Мыңғұловтың, профессор Ж.Қасымбаев, академик М.Қозыбаевтың мақалалары нақты тарихи фактілермен ерекшеленеді. 2002 жылдан бастап осы газет тағы да «Әлемге әйгілі» деген айдар ашып, Қазақстан тарихына қатысты тұлғалар туралы материалдар бере бастады. Сондай-ақ, «Қазақ тарихы» журналы, басқа да ғылыми-көпшілік басылымдар бар болса да, оқушылар өресін ескермеуге тағы да болмайды. Айта кететін мәселе, 1999 жылдың «Тарих және ұрпақ сабақтастығы жылы» болып жариялануына байланысты жергілікті баспасөздерде де өлке тарихына қатысты тұлғалар туралы материалдар көптеп жарияланды. Қорыта айтқанда, Қазақстан тарихын оқытуда мерзімдік баспасөздің ұтымды жағы мыналар:

1.Қазіргі өзгерістер заманында, ғаламдастыру жағдайында ақпараттар ағыны күшейіп, жаңа қоғамдық құбылыстардың жаппай ентелеп жатқан тұсында өз тарихымызды жедел оқып-үйренуімізге мүмкіндік береді.

2.Тарихи оқиғаларды осы кезеңментығыз байлансытыра қарауды жеңілдетеді.

3.Баспасөз материалдары тәуелсіздік тынысымен үндес келіп, сабақтың өз мақсатына жетуінде мұғалім еңбегін жеңілдете түседі.

4.Қазіргі салуатты оқулықтар жоқ кезде жарияланған материалдарды эпизодтық сипаттама емес, көз жазбай қадағалап, жүйелеп отырса, көптеген пайдалы қосымша мағлұматтар береді. Ал ұнамсыз тұсы - баспасөз материалдарында тарихи деректіліктің жетіспеуі. Осы тұрғыдан келгенде ұстаз міндеті -тарихи танымды әдеби әсірелеушіліктен айыра білу.

III. Мерзімді баспасөздегі деректерді тарихи фактілермен салыстыра алуы тәрізді және т.б. талаптарды ескерген дұрыс. Әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп, өз сабағын өткізсе, өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыпьтастыра алады. Сыныптан тыс сабақтарды оқушылармен көбірек өткізу, олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Әр топқа әр түрлі тапсырма: фольклорлык, этнографиялык, мұрағаттық және мұражай материалдарын беріп, сол бойынша талдау өткізіп, оқушылардын тарихи деректермен жұмыс істеу біліктерінің қалыптасуына себін тигізеді. Сонымен қатар мұражайларға, көрмелерге барып, одан кейін тәрбиелік-танымдық тапсырмалар орындауға, әр түрлі жазбаша жұмыстар дайындауға үйретеді. Мұнын өзі оқушы шардың өздігінше жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде пайдалы болмақ. Тарихты оқытуда сөздік жұмысын жүйелі ұйымдастыру үшін анықтамалық, сөздіктер пайдалану оқушылардың ойлауын және сөйлеу мәдениетін дамытуға септігін тигізеді.

Мемлекетіміздегі білім беру жүйелері мен білім беру мазмұны жаңаша реформалаумен байланысты бүгінде мектептің алдында мына төмендегі міндеттерді шешу жүктелуде:


  • Жаһандану заманында әлемдегі жаңаруларға лайық жаңаша және икемді ойлауды қалыптастыру.

  • Ұлттық мәдениетті меңгерте отырып әлемдік мәдениетті игеру.

  • Ана тілін жетік меңгере отырып, өзге тілдерді меңгеру және тіл арқылы өз мәдениетінің жетістігін өзгеге таныту.

  • Мемлекеттік тілге, рәміздерге құрметпен қарау және елжандылыққа тәрбиелеу.

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы демографиялық жағдайға ықпал ету және т.б.

Өлкетану материалдары бойынша 5–9 сынып оқушыларының бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың теориялық мәселелері қарастырылды. Отан от басынан басталатынын, оның туған өлке тарихымен байланысты туындайтынын аша келіп, «өлкетану» – деген сөзге анықтама бердік. Өлкетану – сол өлкеде туып, өсіп, тіршілік ететін азаматтарды қоршаған ортаның материалдық және рухани құндылықтарымен таныстыра тәрбиелеп жетілдірудің және ұлтжандылық сезімін оятудың қайнар көзі. Сондай-ақ қазіргі философиялық, педагогикалық әдебиеттерде «патриотизм» сөзі (грек тілінде patris – Отан) Отан, өз халқына деген сүйіспеншілік деп түсіндірілсе, үлкен энциклопедияда, «патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, оған берілгендік, өзінің іс-әрекеттерімен оның мүддесі үшін қызмет етуге ұмтылу» деп анықтама берілген. Интернационализм – латынның «inter – аралық, natio – ұлт, халық сөздерінен құралған. Оның мәнісі ұлтаралық, халықаралық сезім дегенді білдіреді. Патриотизм мен интернационализм ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты, екеуі де еліне, халқына, ұлтына, сондай-ақ басқа елдер мен халықтарға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарау деген сөз. Ал Қазақстандық патриотизм дегеніміз осы елде тұрып, тіршілік етуші барлық халықтарға деген достық қатынасқа тәрбиелеу болып табылады.

Оқушыларға «патриотизм» дегеннің адамның бойына туа біткен биологиялық қасиет емес, ол-әлеуметтік, тарихи тұрғыда отбасы, ауыл-аймақ, білім және тәрбие беретін мектебі арқылы жастардың бойына біртіндеп қалыптастырылатын сүйіспеншілік сезім екендігіне көздерін жеткіздік.

«Ұлтжандылық» сезімнің туған өлкеге, туып өскен жерге, ел қорғаған батырларға, өнер адамдары мен еңбек ардагерлеріне деген сүйіспеншіліктен туатыны, елжандылық қасиеттің бүкіл адам баласын сүюмен, гуманизммен байланысты екені нақтылы мысалдармен өмірмен байланыстырыла түсіндірілді. Ұлтжандылық сезімнің негізгі құндылықтары: адамның жеке басы, оның өмірі мен қызметі, туып-өскен ортада материалдық және рухани құндылықтар жасаудағы іс-әрекеті, айналасындағы еңбек, өнер адамдарының адами ізгі қасиеттерін терең сезініп, еліктеуі, олардың еңбектегі және өнер саласындағы табыстарына мақтаныш сезіммен қарауы, туған тілге, ұлттық өнерге, туған өлке тарихына деген қызығушылық білдіруі, сүйіспеншілік әсем сезімдердің жеке тұлғаның бойынан көрініс табуы екені пайымдалды.

Ал ұлттық сезіммен Қазақстандық патриоттық сезімнің бірлігі интернационалдық, гуманистік сезімді туғызатыны, Қазақстан халықтарының әлем халықтарының мәдениетіне сүйіспеншілік, достық сезіммен қарайтыны оны жүз жылдың жыршысы Жамбыл Жабаевтың совет халықтары достығын жырлауынан, шынайы патриоттық іс-әрекетті тәрбиелеуден туатындығына оқушылардың көзін жеткіздік.

Біз Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасына патриоттық тәрбие берудің 2006–2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдрламасы туралы Жарлығы және білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жергілікті мұражайлардағы өлкетану материалдарын орта мектептің 5–9 сыныптарында әдебиет, тарих, география, биология пәндеріндегі теориялық материалдармен кіріктіре пайдаланудың бағдарлық таңдау курсы бағдарламасын және оны меңгертудің моделін жасадық. Сондай-ақ оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмысында пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасап, эксперименттік мектептердің іс-тәжірибесінде байқаудан өткізіп, нәтижесін сараптадық.

Оны іске-асыруда мына мақсаттар басшылыққа алынды:



  • тәрбие процесі үздіксіз және дамытушы процесс деген біртұтастық көзқарасты басшылыққа ала отырып, мұражай материалдары негізінде оқушылардың бойында туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімді ұялату;

  • мұражай материалдары арқылы, оқушылардың дүниетану көзқарасын қалыптастырумен бірге эстетикалық сезімдерін жетілдіріп, еңбекке, өнерге деген құштарлық сүйіспеншілік сезімдерін ояту;

  • оқу-тәрбие процесінің біртұтас үрдіс екеніне аса жоғары мән беріп, сабақ процесінде оқушы бойына сіңірілген білім, білік, дағдыларды сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында жалғасын тауып өрістей түсуіне мүмкіндік туғызу;

  • азаматтық тәрбиенің нәтижелік көрінісі ретінде оқушылардың шығармашылық еңбектерін талдай отырып, сөз өнеріне деген талғамы мен талантын ұштай түсу, сөйтіп олардың келешекте өмірден өз орнын таба білуіне бағыт-бағдар беру.

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың пән сабақтарында игерген білім, білік, дағдыларын ары қарай дамытуға, оларды іскерлік қабілетіне қарай топтастырып қоғамдық істерге белсене қатыстыруға мүмкіндік туғызылады, достықты, жолдастықты нығайтуға, жеке бастық және қоғамдық мүдделерді біріктіруге оң әсер етеді.

Жинақталған өлкегану материалдарын жүйелі түрде қолдану мақсатын іске асыру үшін мұғалім мынадай жүйеленген таблицаны қолдануына болады:

Сабақтың тақырыбы, рет саны

Жергілікті материалды қолдану мақсаты

Жергілікті материалдың қысқаша мазмұны

Жергілікті материалды пайдалану тәсілі

Оқушыларға арналған әдебиеттер

Түркістан-Қазақ хан-дығының астанасы

Қалалардың рөлінің

артуын нақтылау, олкетану дерегімен

бекіту

Түркістан қаласының сауда, қолөнер діни орталықтан саяси орталыққа айналуы

Оқушының қала туралы буклет, хабарлама,

баяндама дайындауы.



"Түркістан тарихы мен мәдениеті". Түркістан, 2000 ж.

"Мұра"





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет