Химия лаб раб



бет13/21
Дата21.04.2020
өлшемі472 Kb.
#63797
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
Лабораториялық жұмыс нұсқаулығы.doc
Тест 200сұрақ 2, Есеп Азаматтық Зульфия, Зарипхан Дана әйел.ж.қатерсіз ісігі
Зертханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Заттардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері.

Жұмыстың мақсаты: Заттардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерін анықтау және ортаның рН анықтау.

Жалпы мағлұматтар: Бейорганикалық химиядағы реакциялардың барлығын екіге бөлуге болады: 1) реакцияласушы заттардың тотығу дәрежесі өзгермей реакцияласу, 2) тотығу дәрежесі өзгеріп реакцияласу. Біріншісіне жататын түрлері иондар арасындағы алмасу реакциялары, ол реакциялардың теңдіктерін де жазу оңай. Екіншісіне жататын қосылу, орын басу және күрделі болып келетін, химиялық реакциялар.

Әрекеттесуші заттардың құрамындағы элемент атомдарының тотығу дәрежелері өзгере жүретін химиялық реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды. Мысалы:

Mg + Cl2 = MgCl2

Тотығу дәрежесінің оң, теріс және нөлдік болуы мүмкін, әдетте оны араб сандарымен көрсетіп жанына +, - таңбаларын жазып элементтің символының үстіне жазылады.

Бұл тотығу дәрежелерінің өзгеруі атом аралық электрондардың тартылуы немесе таралуына байланысты. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының негізгі қағидалары:

1. Тотығу деп, атом, молекула, иондардың электрон беру процестерін атайды. Мысалы:

а) атом электронын берсе, оң зарядты ионға:

Cl0 – 7e- → Cl+7 айналады.

б) теріс зарядты ион электрон берсе, бейтарап атомға:

Сl- - e- → Cl0, оң зарядты ионға Сl- - 2e- → Cl+ айналады.

в) оң зарядты ион электрон берсе, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі: Сl+ - 4e- → Cl+5.

Электрондарын беретін атом, молекула, иондарды тотықсыздандырғыштар деп атайды, реакция барысында бұлар тотығады.

2. Тотықсыздану деп, атом, молекула, иондардың электрон қосып алу процестерін атайды. Мысалы:

а) атом электрон қосып алса, теріс зарядты ионға айналады: Сl0 + e- → Cl-;

б) оң зарядты ион электрон қосып алса, заряд саны кеміген оң зарядты ионға:

Сl+5 + 4e- → Cl+, бейтарап атомға Сl+5 + 5e- → Cl0, теріс зарядты ионға: Сl+5 + 6e- → Cl- айналады.

Электрондарын қосып алатын атом, молекула, иондарды тотықтырғыштар деп атайды, реакция барысында бұлар тотықсызданады.

Құрал-жабдықтар, реактивтер:


  1. Пробиркалар; Калий перманганаты; Тұз қышқылы; Натрий гидроксиді;

  2. Калий иодиді, калий бромиді, калий хлориді; Натрий сульфиді, натрий сульфиті;

  3. Хлор, бром, иод сулары; Калий дихроматы;

Жұмыстың жасалу реті:

Тәжірибе 1. MnO4- ионының әртүрлі ортада тотықтырғыш қасиеті.

Үш пробиркаға 2 тамшы 0,1М КMnO4 ерітіндісін және 1 мл дистильденген су, содан соң 1-ші пробиркаға 2 тамшы 1М Н24, 3-ші пробиркаға 2 тамшы 1М NaОН, сосын барлық пробиркаларға КI бірнеше кристаллын және 1мл бензол құйып, жақсылап араластырып 2-3 минут тұндырып қойыңыз. Ерітінді ортасы өнімнің құрамына қалай әсер етеді?



Тәжірибе 2. Cr2O72- ионының тотықтырғыш қасиеті.

Екі пробиркаға 1 тамшыдан 0,5М калий дихроматының және 1мл дистильденген су, 1-ші пробиркаға 2 тамшы концентрлі күкірт қышқылы, ал 2-ші пробиркаға 2 тамшы 1М NaОН ерітіндісін құйып, әр пробиркаларға KI немесе KBr, KCI (оқытушының бергені бойынша) бірнеше кристаллын және 1мл бензол қосыңыз. Содан кейін жақсылап араластырып 2-3 минут тұндырып қойыңыз. Электрондық потенциалды негізге ала отырып, калий бихроматының қалыпты жағдайда қышқылдық және негіздік ортада калий хлоридімен реакцияға түсуін қорытындылаңыз.



Тәжірибе 3. Галогендердің тотықтырғыш қасиеті.

Үш пробиркаға 0,3М Na2S ерітіндісінің 2-3 тамшысын және әр пробиркаға 2 тамшы 1М Н24 қосыңыз. 1-ші пробиркаға 3 тамшы хлор суын, ал 2-ші пробиркаға 3 тамшы бром суын, 3-ші пробиркаға иод суын қосып, араластырыңыз. Реакция нәтижесін бақылаңыз.



Тәжірибе 4. Галогенид ионының тотықсыздандырғыш қасиеті (тәжірибені сорғыш шкафта жасау қажет!).

Үш пробиркаға 1мл концентрлі күкірт қышқылын, 1-ші пробиркаға KCI, 2-ші пробиркаға KBr, 3-шісіне KI және әр пробиркаға 1мл бензол қосып араластырып, 2-3 минут қойыңыз. Галогенид-ионының тотықсыздандырғыш қасиетінің CI- Br- I- қатарда артуын түсіндіріңіз.



Тәжірибе 5. Сульфит ионының тотығу-тотықсыздану қасиеті.

Екі пробиркаға 2-3 тамшы 1М (жаңадан дайындалған) натрий сульфитінің ерітіндісін құйып, 1-ші пробиркаға 2 тамшы 1М Н24 және 2 тамшы 0.5 M K2Cr2O7 ерітіндісін, 2-ші пробиркаға дистильденген су және 5 тамшы (жаңадан дайындалған) Na2S қосыңыз. Алынған қоспаларды жақсылап араластырыңыз. Реакция нәтижесін бақылап, сульфит ионының қандай жағдайда тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіріңіз.



Тәжірибе 6. Әртүрлі рН ортада КMnO4 пен Na23 әрекеттесуі.

а) Әртүрлі рН ортада калий перманганатының ерітіндісін дайындаңыз. Ол үшін меткасы бар 8 стаканға 1мл-ден 0,1М калий перманганатының ерітіндісін құйыңыз.

1-ші стаканға 30-40 мл су, 3-4 тамшы концентрлі күкірт қышқылын және 50мл-ге дейін су қосыңыз. рН-метр көмегімен ерітіндінің рН ортасын өлшеңіз. (рН 1-2 интервалын көрсетуі қажет).

2-ші стаканға 30-40 мл су, 6-8 тамшы 0,1М күкірт қышқылын және 50мл-ге дейін су қосыңыз. Ерітіндінің рН ортасын өлшеңіз. (рН 2-3).

3-ші стаканға 50 мл-ге дейін су құйып, ерітіндінің рН ортасын өлшеңіз. (рН 5-8).

4-ші стаканға кішкене су, 2-3 тамшы 0,1М КОН және 50мл-ге дейін су құйыңыз. рН-метр көмегімен ерітіндінің рН ортасын өлшеңіз. (рН 9-10).

5-ші стаканға 7-10 тамшы 0,1М КОН және 50мл-ге дейін су құйыңыз. рН-метр көмегімен ерітіндінің рН ортасын өлшеңіз. (рН 10-11).

6-шы стаканға кішкене су, 5-6 тамшы 6М КОН және 50мл-ге дейін су құйыңыз. рН-метр көмегімен ерітіндінің рН ортасын өлшеңіз. (рН 13).

7-ші стаканға 10 мл 6М КОН және 50мл-ге дейін су құйыңыз. рН-метр көмегімен ерітіндінің рН ортасын өлшеңіз. (рН 13,5).

8-ші стаканға 6М КОН және 50мл-ге дейін су құйыңыз. рН-метр көмегімен ерітіндінің рН ортасын өлшеңіз.

Егер рН көрсеткіштері көрсетілген интервалдан төмен немесе жоғары болса, сәйкес қышқыл немесе сілтінің 1-2 тамшысын ерітіндіге тамызыңыз.

б) Алынған барлық ерітінділерді нөмерленген пробиркаға құйып, штативке қойыңыз. 8-ші стаканнан басқаларына натрий сульфитінің кристалдарын салып, нәтижесін кестеге толтырыңыз.




Стаканның №

рН

Не байқадыңыз?

Бастапқы

10-15 минуттан соң

1










2










....










8









Әр пробиркада жүретін реакция теңдеуін жазыңыз. Неліктен уақыт өткен сайын ерітіндінің түсі өзгереді. Түсіндіріңіз. Нернст теңдеуі бойынша перманганаттың әртүрлі ортада рН өзгерісін түсіндіріңіз.



Тапсырма:

  1. Жұмысты мұқият бақылау.

  2. Барлық тәжірибедегі реакция теңдеуін жазу.

Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқаулар:

1. Бірімжанов Б, Нұрахметов Н. Жалпы химия. Алматы «Ана тілі», 1992ж.

2. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М. «Высшая школа», 2001г.

3. Практикум по неорганической химии под ред. Воробьева А.Ф., Дракина С.Н. М., Химия, 1987.



Жұмыста қолданатын негізгі схемалар мен формулалар:

Нернст теңдеуі, рН-метрдің жұмыс жасау принципі, заттардың электродтық потенциалдарының кестесі.



Бақылау сұрақтары:

  1. Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш дегеніміз не?

  2. Төмендегі заттар реакцияларда тотықтырғыш қасиет көрсете ала ма: Мg, HNO2, HCIO, S, Cr2O3, KOH? Сіздің жауабыңызды дәлелдейтін реакция теңдеулерін көрсетіңіз.

  3. Әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін 3 заттың мысалын келтіріңіз.

  4. 2+ ионын стандартты жағдайда хлормен тотықтыруға бола ма? Жауабыңызды жартылай реакцияның стандартты потенциалдарымен түсіндіріңіз.

  5. 2+ ионын стандартты жағдайда иодпен тотықтыруға бола ма? Жауабыңызды жартылай реакцияның стандартты потенциалдарымен түсіндіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет