Химия пәнінен өткізілетін практикалық жұмыстар (оқу-әдістемелік нұсқау) Нургалиева Зәмзәм Нурбауловна



бет16/18
Дата28.11.2023
өлшемі3,41 Mb.
#193905
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
d0b0d0bfd0b0-d0bad0bdd0b8d0b3d0b0-d185d0b8d0bcd0b8d18f-567 (1)
5Ә сын. 11.03.20 ж сабақ ЖИЫН, Жатиз томирис мақсатқызы (1)
Жұмыстың орындалуы.

  1. Пластмассаның физикалық қасиеттерін зерттеңдер: а) түсі; ә) қаттылығы; б) беріктігі; в) электрөткізгіштігі; г) тығыздығы (судан ауыр немесе жеңіл); ғ) органикалық еріткіштердің әсері.

  2. Пластмассаның химиялық қасиеттерін тексеріңдер: а) сілті, қышқыл және органикалық еріткіштер әсеріне тұрақтылығы; ә) спиртшамның жалынына ұстап жанғыштығын, жалынның түрін, жанған кезде газ бөліне ме (ыдырай ма?), иісі қандай, бақылаңдар (тартпа шкаф астында жағу керек).

  3. Полистирол немесе полиметилметакрилаттың деполимеризациялануы. Суретте көрсетілгендей етіп құрылғы құрастырыңдар. Сынауыққа пластмасса кесегін салыңдар да, аузын тығыны бар түтікшемен тығындаңдар. Бром суы және калий перманганатының ерітіндісімен пластмассаның диполимерленген өнімін тексеріңдер. Не байқадыңдар?

Пластмассаның химиялық қасиетін кестеге жазыңдар.



Пластмассаның химиялық формуласы

Физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеттері











13-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Нәруыздардың қасиеттерін зерттеу»
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: нәруыз ерітіндісі, тұз, азот, күкірт қышқылдары, мыс (II) сульфатының ерітіндісі, қорғасын (II) ацетатының ерітіндісі, фенол, формалин, этил спирті, натрий хлориді.

Жұмыстың орындалуы

  1. Минерал қышқылдар қатысында нәруыздың тұнбаға түсуі. Үш сынауықтың біреуіне азот қышқылынан, екіншісіне күкірт қышқылынан, үшіншісіне тұз қышқылынан 3 мл құйып, оларға сүт нәруыздарынан 1 мл қосса, ақ түсті нәруыз тұнбаға түседі. Қоспаны шайқаса, азот қышқылы бар сынауықтағы тұнба мөлшері арта түседі де, ал тұз және күкірт қышқылы бар сынауықтағы қоспа еріп кетеді.

  2. Ауыр металл тұздары қатысында нәруыздың тұнбаға түсуі. Екі сынауыққа 2 мл-ден нәруыз ерітіндісн құйып, біреуіне араластыра отырып, мыс (II) сульфатының ерітіндісінен, екіншісіне қорғасын ацетаты (III) ерітіндісінен бірнеше тамшы тамызса, тұзды ортада нашар еритін нәруыздар ірімшіктелген тұнба түзеді. Мұнда қандай өзгерістер байқалатынын түсіндіріңдер.

  3. Форманың және спирттің нәруызға әсері. Екі сынауықтың біреуіне этил спиртін, екіншісіне формалин құйып, олардың үстіне 1 мл-ден нәруыз ерітіндісін қосады. Сонда екеуіне де тұнба түзіледі. Тұнбаға су қосып, араластырыңдар. Тұнба ерімейді.

  4. Нәруызды қыздырғанда ұюы (денатурациясы). Жұмыртқаның нәруызының ерітіндісін сынауыққа құйып алып, қайнағанға дейін қыздырыңдар. Су қоссаңдар тұнба ериді ме? Неліктен тұнбаның ерімейтінін түсіндіріңдер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет