«Хронофизиология және геронтологияның таңдаулы тараулары» пәні бойынша дәрістердің қысқаша конспектісі


Температура әсеріне бейімделіс. Гипоксияға бейімделіс.Жасқа сай өзгерістер. 1 сағат



бет11/15
Дата11.01.2023
өлшемі46,93 Kb.
#165319
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ГЕРОНТОЛОГИЯ қазақша
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Температура әсеріне бейімделіс. Гипоксияға бейімделіс.Жасқа сай өзгерістер. 1 сағат
Организмнің күнделікті тіршілік жағдайында қоршаған ортаның факторларына жауап беру және функцияларының жұмысын өзгерістерден сақтап қалу әрекетін жүзеге асырады.
Организм қоршаған ортаның температура өзгерістеріне әртүрлі бейімделеді. Адам суық жерлерде немесе тоңазытқыштарда жұмыс істегенде, алғашқы кезде оның организмінің жылу өндіруі тиімсіз, орасан көп, ал жылу шығаруы әлі де жеткіліксіз болады. Кейін жылу өндіру мен жылу шығару процестері теңестірілеп бейімделістің тиянақты кезі қалыптасады. Сөйтіп бұл адамның өзіне тән температуралық режимі пайда болады. Мұнда бейарнамалық бейімделіс құбылыстарымен қатар, суықты қабылдауды бейімдейтін және дене температурасының белгілі ырғағын жасайтын арнайы механизмдер қатысады.
Олардың ішінде, Кеннонның деректері бойынша, суық тітіргендіргіштер әсер еткенде, бүйрекүсті безінің ми қабатында катехоламиндер көп өндіріледі. Кейін қалқанша бездің тироксин гормоны белсендіріледі. Бұлар
Катаболизмді, липолизді күшейтіп, жылу өндіруді ұлғайтады. Оған АКТГ мен глюкокортикоидтар қатысады. Мәселен, адам солтүстік ендікке мекен ауыстырғанда, алғашқы кезде жылу өндіру мен жылу шығарудың тепе-теңдігі байқалмайды. Көбінесе жаңа жағдайға тиянақты икемделу үшін жылу өндіру ерекше орын алады. Жалпы энергия шығынын азайтып, жылу гомеостазын тұрақты сақтау үшін ОЖЖ-нің нәрлендіру әрекет төмендейді. Температуралық талдағыштың суыққа сезімталдығы әлсірейді, өкпе желдетілісі азаяды, оттегін пайдалану жеңілдейді, артериялық қан қысымы төмендейді. Кейде бейімделіс кезінде адам тез шаршайды, жиі ентігеді, психикалық әсерленісі өзгереді. Мұндай синдромның пайда болуына жоғары қарқынды ғарыштық сәулеленіс әсер етеді. Кейбір адамдарға нашар даярлықтан және бейбарабар психофизиологиялық жүкмегелерге төзе алмағандықтан бейімделісі бұзылады. Мұны “полюстік ауру” дп атайды.
Балалардың температуралық өзгерістерге әсерленісі жас кезеңдеріне
сәйкес жетіледі. Алғашқы балалық шақта олар жоғары температурадан гөрі салқындықты жақсы көреді. Бұл олардың жылу реттелісінің толық жетілмегендігін көрсетеді. Өйткені балалардың осы жас кезеңдерінде жылу реттелуі, терісінің құрылысы, оның тамырлануы, жете қалыптаспайды. Сондықтан тері бездерінің саны жеткілікті болғанымен, терлеу әсерленісі организмнің жылу шығаруын толық қамтамасыз етпейді. Жас ұлғайған сайын терлеу күшейе түседі. Балалар өмірінің алғашқы айларында тер әрі суықтық, әрі жылылық тітіргендіргіштерге бірдей шығады. Бір жасқа дейінгі
балаларда, үлкендерге қарағанда, ішінара рефлекстік терлеу өте жоғары температурада байқалады. Сонымен бірге балалардың дене аумағы мен салмағының арақатынасы үлкен болғандықтан, организмнің жылу шығаруы қарқынды өтеді.
Балалық шақта басталған климатқа бейімделіс өте тиімді және орнықты болады. Өйткені жас оргаизм, оның тектік аппараты бейімделістің өте зор және жан-жақты құрылымдық негізін жасайды. Әрине бұл үшін балалардың қалыпты тұлғасын, жүйке-психиканың дамуын, жоғары иммуналық әсіребелсенділігін қамтамасыз ететін, олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жағдайлар жасалуы тиіс.
Жоғары температураға икемделу суыққа бейімделу тектес болады. Алайда мұнда организмдегі өзгерістер суықтыққа қарағанда басқаша, қарама-қарсы болып келеді. Бұл ретте бейімделістің бастапқы кезі тыныс, жүрек соғысының жиіленуінен басталады. Организмде қан мөлшері қайта бөлініп, ішкі ағзаларда ол азаяды да , сыртқы дене бетінің тамырларында қан ағымы жеделдейді. Ол денеден тердің көп шығуына әкеп соғады, жылу шығымы ұлғаяды. Сонымен жылу өндіру бәсеңдейді. Ал бейімделістің тиянақты кезінде бұл әсерленістер мөлшерленіп, үйлесімді келеді, тыныс, қан айналыс жүйелері тұрақты қызмет атқара бастайды. Дегенмен әртүрлі жүйелерде байқалатын бейімдеуші өзгерістермен қатар көптеген физиологиялық ауытқулар кездеседі. Әсіресе жылу рецепторларының қозғыштық қабілеті төмендейді. Сондықтан кейбір бейімделістік әсерленістер әлсірейді. Энергия шығыны азайғандықтан, организм көп тамақ қажет етпейді. Өйткені ас қорыту жүйелерінің сөлінісі азайып, адамның аштық сезімі білінбейді.
Организм жоғары температураға су-тұз алмасуын реттейтін эндокриндык жүйелер арқылы икемделеді. Антидиурездік (АДГ) гормонның сөлінісі белсендіріледі. Себебі көп терлегендіктен, органимзде су мөлшері азаяды, ал осморецепторлар арқылы гипоталамусқк мол ақпарат жеткізіледі. Сөйтіп АДГ бүйрекке әсер етіп
Судың қайта сіңірілуін күшейтеді де диурезді тежейді.
Сонымен қатар бүйрекүсті безінің қыртыс қабатында минералокортикоидтар (альдостерон) көп түзіледі. Мұндай сөліністі тер арқылы жойылған натрийдің мөлшері демеп отырады.
Сөйтіп, тканьдердегі тотығу құбылыстарының белсенділігі төмендеуі, жылу шығаруының күшеюі, су-тұз алмасуының балансы мен гормонд реттелудің режимдері тиянақты жылулық бейімделісті қамтамасыз етеді.
Балалар организмнің тропикалық ыстық жайларға бейімделісі тұралы ғылыми мәліметтер аз. Дегенмен, балалардың денесін қатты қыздырудың олардың суыққа шалдықтырудың қатері кем емес. Өйткені балаларды ауа райына сәйкес киіндірмеу, ыстық бөлмелерде өте тұмшалау олардың денесін қатты қыздырады, жиі терлетеді, содан қан айналысы мен су-тұз алмасуы бұзылады. Балаларды орасан қыздыру жылылық соққыға немесе шоққа, орталық жүйке жүйесінің және маңызды ағзалар қызметінің өзгеруіне әкеліп соғады.
Қоршаған ортаның қолайсыз температура жағдайларында узақ уақыт болу, балалардың жылу реттелуі мен өосалқы мүмкіндіктерін әлсіретеді. Соның
Салдарынан олардың дене температурасы не көтеріліп, не күрт төмендеп кетеді. Мұндай күйлер шала тұған немесе дамып жетілмеген нәрестелерде жиі кездеседі.Жалпы балалардың температура өзгерістеріне икемделуі олардың психоэмоциялық күйіне байланысты болады. Сондықтан балаларды суықтықтан және аса қызынудан сақтаумен бірге оларды шынықтыру әдісі үнемі қолданылып отырады.
Организмде оттегінің тапшылығы бірнеше жағдайларда кездеседі. Кейбір дерттерде тканьдердің оттегін пайдалану қабілеті нашарлайды. Гипоксия қан
клеткаларының тканьдерге оттегін жеткізу қабілеті әлсірегенде эритроцит немесе гемоглобин азайғанда, қан айналысы бұзылғанда немесе тыныс жүйесінің қызметі нашарлағанда болады. Организм ауадан оттегін аз қабылдаған жағдайда да гипоксия байқалады. Бұл желдетілмеген бөлмелерде ұзақ уақыт отырғанда немесе биіктікке, не тауға көтерілгенде оттегінің үлесітік қысымы төмендегенде кездеседі. Мұндай жағдайларда организм оттегінің аз мөлшеріне бейімделуге мәжбүр болады.
Үлестік қысым төмендегенде пайда болатын гипоксия күйі теңіз деңгейінен белгілі бір биіктікке көтерілгенде білінеді. Бұл кездегі гипоксияға бейімделіс әртүрлі болады. Егер оттегінің үлестік қысымы күрт төмендесе бейімделістің бастапқы кезі тканьдерге оттегі тым жетіспегендіктен , өте айқын көрінеді. Гипоксия алдымен тыныс және қан айналысы жүйелеріне қатты әсер етеді. Қан ағысы өте жылдамдайды. Жүректің соғуы 120-130 мин дейін жиілейді. Қан қысымы да өзгерістерге ұшырайды. Қан деподан шығып, оның айналымдағы мөлшері молайтады.
Биіктікте ұзақ болған жағдайда, бейімделістің тиянақты кезі туады. Ол кезде тканьдегі энергия шығынын қадағалайтын механизмдер тиімді келеді. Эритроциттердің саны 8.1012-ге дейін өседі, өйткені оны гипоксияның әсерінен бүйректе және басқа тканьдерде эритропоэтиндер демеп отырады. Тканьдегі тотығу процестері жеңілдейді. Оттегі клеткаларға оңай беріледі де ол бұл жағдайларда ұтымды пайдаланылады. Жалпы тканьді оттегімен жабдықтау үшін олардың тамырлану қарқыны, гистогематикалық өткізгіш қабілеті, оттегінің эритроциттен шығғу жылдамдығы, клеткаларға өту, пайдалану кинетикасы және ферменттік жүйелердің белсенділігі әсер етеді.
Организм гипоксия жағдайында өзінде бар оттегін тиімді пайдалануға икемделеді. Жұмыскер мүшелерді қанмен ерекше жабдықтау, оттегін ткань-қан тосқауылдардан жедел жеткізу және тасымалдау, оттегі берілуінің жылдамдауы арқылы жүзеге асырлады. Сонымен бірге ферменнтік жүйелердің белсендірілуі де ықтимал. Әрине, мұндай жағдай өтеміс механизмдердің іске қосылуынан туады.
Организмнің қорғаныш және икемделу әсерленісін жасайтын түрткілердің қатарына оттегі тапшылығымен бірге СО2 мөлшері жатады. Қалыпты жағдайларда дене жүктемелері кезінде гипокия мен гиперкапния бірге үштасып отырады. Ал, қимылсыз жағдайда, оттегінің үлестік қысмы төмендегенде, мәселен, тауға көтерілгенде, гипоксия мен гиперкапния қатар байқалмайды. Мұндай жағдайларда газ алмасуы мен энергия шығынын теңестіретін барабар өтеміс әсерленістерді іске қосатын көмір қышқылы газының аздығы білініп тұрады. Өйткені ол тканьдерге оттегімен жеткілікті түрде жабдықтау үшін, тікелей және рефлекстік жолмен бүкіл қосымша жүйелерді үнемі белсендіріп отырады. Осы себептен, тау ауруы деп аталатын дерттік ауытқулар пайда болады. Оған адамдардың жеке ерекшеліктері ықпалын тигізеді.
Тау ауруының сиптмдары лоқсу, құсу, ас қорытудың бұзылыстары, бас ауруы, дене және ой еңбектерінен тез қажу, жабығу түрінде кездеседі. Физиологиялық ауытқуларға тыныс және пульс ырғағының өзгерістері, жүктемелерден соң тез қажу, ұйқының бұзылыу жатады.
Алайда көптеген зор биіктіктегі қалаларда, тауда тұратын адамдар тумасынан гипоксияға бейімді келеді. Өйткені таулы аймақтың тұрғындарында зат алмасудың ерекше түрлері қалыптасып, ұрпақ қуалайтын дәрежеге жетеді. Мұны акклиматизация яғни тиянақты бейімделіс деп атайды. Мұндай жағдайларда бейімделу өте күрделі болады. Өйткені гипоксиядан басқа, төмен барометрлік қысым, жоғары сәуле, климат және географиялық түрткілер қоса әсер етеді. Олар адамдардың таудағы астрономиялық, метеорологиялық стансаларындағы еңбек пен тұрмыс режимдеріне, салттарына белгілі ықпал жасайды. Сондықтан бұндай адамдарды емдегенде немесе шынықтырғанда мұқият ескерілуі тиіс.
Балалар организмінің тау биіктігіне бейімделісі әлі де аз зерттеліп отыр. Дегенмен, биік тауларда тұған балаларда брадикардия 4-7 жасқа дейін оң жақ жүректін әсірежүктемелері, капиллярдың жоғары өткізгіштігі байқалады. Осы өзгерістердің арқасында организм тканьдерді оттегімен тиімді жабдықталып, энергия шамалы шығындайды. Тау тұрғындарының эритроциттері қалыпты мөлшерде болғанымен, олардың оттегіне сыйымдылығы өте жоғары болады.
Балалар организмінде тотығу процестері үдемелі келеді. Тыныс және қан түзу органдарының қосалқы әрекеттері шамалы. Сондықтан олардың биік таулы жағдайларға бейімделісі өте күрделі және ұзақ уақытқа созылады. Мұны жүзеге асыру жеткілікті сақтықты және дәйектілікті талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет