«Хронофизиология және геронтологияның таңдаулы тараулары» пәні бойынша дәрістердің қысқаша конспектісі



бет10/15
Дата11.01.2023
өлшемі46,93 Kb.
#165319
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ГЕРОНТОЛОГИЯ қазақша
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Бейімделістің түрлері. Бейімделісті мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп жіктейді. Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудің “авария сатысы” ретінде қарайды. Ұзақ мерзімді бейімделіс организмнің икемделу қабілеті, мінездік әсерленісі мен жалпы әрекетін жоғары сапада қамтамасыз етеді. Бұл оның гипоксияға, суықтыққа, тамақтың тапшылығына бұрын байқалмайтын төзімділігін тудырады.
Жеке организм деңгейінде бейімделістің келесі түрлерін ажыратады: туа болған және жүре болған, жеке және қауымдық, жалпы және маманданған, арнамалы, бейарнамалы, ішкі және сыртқы, шартты және шартсыз, қалыпты және төтенше, морфологиялық және физиологиялық, соматикалық және психикалық т.с.с.
Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне дені сау адамның бейімделісі арнайы физиологиялық әсерленістер арқылы жүзеге асырылады.
Физиологиялық бейімделіс деп әрекеттік жүйе, ағза, ткань белсенділігі мен өзара байланысын реттеуші механизмдердің, орнықты деңгейін айтады. Құрылымдық бейімделістің негізін клеткалық бейімделіс түзеді. Организмніңң фенотипті бейімделісін дара бейімделіс деп те айтады. Жалпы бейімделіс организмнің екі түрлі әсерленісіне байланысты болады. Адамдарға төтенше түрткілер әсер еткенде екі түрлі әсерленіс байқалады. Біріншісі -барабар әсерленіс организмнің арнайы жауаптары арқылы төтенше түрткілердің әсерін әлсіретіп немесе жойып, оның қажетті іс-әрекетін сақтауға бағытталады. Екіншісі – абыржу әсерленісі. Бұл кезінде талдағыштардың түйсіну табалдырығы көтеріледі, зейін шашырайды, зерденің көлемі азайып, адамның еңбңктену қабілеті төмендейді. Абыржу әсерленісінің белсенді және селқос түрлері бар.
Алайда организм сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі түрткілерімен өзара әрекетінде осы белсендіру немесе тосқауылдау механизмдерін барлық деңгейде қатар қолданады. Сөйтіп ол өзінің бірнеше кезден өтетін бейімделіс әсерленісін қамтамасыз етеді.
Организм төтенше және терминалды жағдайларда. 1 сағат
Г.Селье организмнің төзімділік қасиетінде жетекші мәні бар негізгі жүйелік әсерленіс тек аденогипофиз бен бүйрекүсті безінің гормондарының белсенділігі деп санады. Алайда ол стресс кезінде гормондардың ролін ерекше дәріптегенімен, кейінгі еңбектерінде, бейімделіске басқа механизмдердің қатысатындығын теріске шығарған жоқ. Расында, тітіргендіргіштердің әсері вегетативтік жүйе арқылы әркелкі тканьдерге оның ішінде бүйреүсті безінің боз қабатына жететіндігі дәлелденді. Сөйтіп соңғыларда адреналин мен норадреналинді жұмылдыратындығы анықталды. Ал, басқа жүйке жолдары гипофиздің сыртқы бөлігінде вазопрессинді белсендіріп, қан тамырлары жүйесі мен бүйрекке ықпал жасайды.
Организмнің стресс әсерленісіне бүйрекүсті безінің тағы бір гормоны – альдостерон қатысады. Ол өзінің әрекетін ренин-ангиотензин жүйесі арқылы жүзеге асырады. Сондықтан бұл әсерленіс кезінде симпато-адреналин жүйесімен байланысты қан айналысы мен су тұз гомеостазына қатысты бүйрек қызметінің көрсеткіштері өзгереді.
Организмде ышқыну кезінде жаңа жағдайларға икемделудің жалпыланған әсерленістері байқалады. Мұндай стереотипті жауаптардың жиынтығын Г.Селье бейімделістің жалпы синдромы деп атады. Ол 3 сатыдан өтеді: абыржу, төзімділік (резистенттік) және түгесілу (әлсіреу). Абыржу сатысы шок және оған қарсы кездерден тұрады. Шок кезінде орталық жүйке жүйесінде шалық пайда болады, жабырқау, гипотония, гипотермия, мембрананың өткізгіш қасиеті мен зат алмасуы нашарлайды. Шоққа қарсы кезі қарама-қарсы көріністермен сипатталады.
Төзімділік - әркелкі зиянды түрткілер әсер еткенде организмнің орнықты күйін көрсетеді, яғни оларға төтеп беретін қасиеті. Бұл оның әсіребелсенділік қасиетін қалыптастырады. Әсіребелсенділік организмнің белсенділіктің қорғаныс және икемделу ісі екендігін айқындайды. Бұл сатыда бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты белсендіріліп, кортикостероидтар көп түзіледі.
Төзімділіктің арнамалы және бейарнамалы түрлерін жіктейді. Арнамалы төзімділік қоршаған ортаның тек белгілі түрткілерінде ғана байқалады. Ол кейбір жұқпалы аурулардан немесе жасанды иммунизациядан кейін пайда болады. Сонымен бірге ортаның белгілі бір түрткілеріне (биік таулы жерде, суықтыққа, күшті жүктемелерге т.б.) бейімделіс кезінде туады.
Кейбір тітіргендіргіштер әсер еткенде пайда болатын бейімделіс пен жоғары төзімділік басқа да түрткілерге қарсы байқалады. Мұны айқас төзімділік деп атайды. Алайда кейбір жағдайларда, керісінше, жоғары төзімділікпен қатар, басқа тітіргендіргіштерге айқас өте сезімталдық болуы ықтимал. Бұл айқас сезімделіс (сенсибилизация) деп аталады. Ол организмнің иммундық қасиеті арқылы ішкі және сыртқы антигендерге әсіресезімталдығын сипаттайды. Ойткені арнамалы төзімділік механизмі негізінен иммунитет аарқылы жүзеге асырылады.
Организмнің бейарнамалы төзімділігі деп оның табиғатты әралуан көптеген түрткілердің төтенше әсерлеріне тұрақтылығын айтады. Бұл ғарышкер, ұшқыш, сүңгушілердің орасан жүктемелері кезінде байқалады. Бұл төзімділіктің шығу механизмі өте күрделі, толық анықталған жоқ. Алайда организмнің зиянды әсерлеге жауаптары, ол іс жүзінде асырылатын деңгейіне қарамастан, біртұтас жүйенің әсерленісі түрінде қалыптасады. Ол басқа ағзалар мен тканьдерге өз ықпалын жүйкелер мен сөліністік жүйелер арқылы жеткізеді. Әсіресі Л.А.Орбели бұған симпатикалық жүйкенің қатысатындығын, оның бейімделу-нәрлендіру (адаптациялық-трофикалық) ықпалын жеткілікті дәлелдеді.
Жалпы сезімделіс немесе төзімделіс кезінде, алдағы жаңаша тіршілік жағдайларының сипатына қарай, адам мен жануарлар организмінің құрылымдық қалпын қалыптастыруда нейро-гуморальдық реттеуші жүйке жетекші болып саналады.
Организмнің бейімделіске даярлығы, оның бірнеше рет икемделуі кезінде немесе арнайы машықтануы арқасында бейімделген механизм қасиеттеріне байланысты. Осыған орай, қоршаған ортаға бейімделу қабілетіне сәйкес адамдарды екі топқа бөледі. Бірінші тобын спринтерлер -“шапшаңдар” деп атайды, екіншілер – “стайерлер” деп аталады.
Негізінде организмнің бейімделіске даярлығын және оны нәтижелі жүзеге асыруын, яғни бейарнамалы төзімділігін нығайтатын көптеген маңызды түрткілер бар. Олардың қатарына ұтымды тамақтану, белгілі режим, бейімдеуші дәрі-дәрмектер, дене шынықтыру және машықтану, биологиялық ырғақтар жатады. Сондықтан бейімделіске толық даярлық гено- және фенотиптік түрткілерге негізделіп, бейімдеуші және гомеостатикалық механизмдер арқылы қалыптасып, жетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет