«Хронофизиология және геронтологияның таңдаулы тараулары» пәні бойынша дәрістердің қысқаша конспектісі


Қан жүйесі -организмнің ішкі ортасы



бет7/15
Дата11.01.2023
өлшемі46,93 Kb.
#165319
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
ГЕРОНТОЛОГИЯ қазақша
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Қан жүйесі -организмнің ішкі ортасы
Организмнің ішкі ортасыныңң негізін құрайтын қан жүйесі.
Қанның физикалық және химиялық қасиеттері:

  1. тұтқырлығы қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресі ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қалай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судыңң тұтқырлығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2.

  2. Осмостық қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардын арасына мембрана салса, еріткіш сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізетін күш осмостық қысым деп аталады. Ол жарғақтың екі жағындағы (бетіндегі) ерітінділерде еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты. Ерітіндінің осмостық концентрациясы мен осмостық қысымының аз-көптігі еріген бөлшектердің химиялық тегіне емес, жалпы санына байланысты, еріген заттардын иондар саны неғұрлым көп болса, оның осмостық қысымы соғұрлым жоғары болады.

Осмостық қысымы қанның осмос қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялық ерітінді деп аталады. Қанға қарағанда тұзы аз болса – гипотониялық ерітінді дейді. Тұз мөлшері қандағы тұз мөлшерінен жоғары болса гипертониялық ерітінді дейді. Адам қанының осмостық қысымы – бірде-бір тұрақты көрсеткіш. Оның тұрақтылығын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді.
Қанның реакциясы. Қан реакциясы сутегі (H+) мен гидроксил (ОН) иондарының ара қатынасына байланысты. Реакция көрсеткіші өте тұрақты гомеостаз көрсеткіштерінің бірі. Мұның үлкен мәні бар: реакция көрсеткіші тұрақты болса ғана зат алмасу мен негізгі тіршілік процестер дұрыс бағытта өтеді. Қанның реакциясы сәл сілтілі – 7,35-7,36.
Қан реакцияясын өзгертпей бір қалыпта сақтауда эритроциттер мен плазманың ұлкен мәні бар. Қан плазмасында буферлік жүйелер бар : карбонат, фосфат және белок, ал эритроциттерде гемоглобин буферлік қызметті орындайды. Гемоглобин ең күшті буферлік жүйе ретінде үздіксіз жұмыс істейді, қанның барлық буферлік қызметінің 75%-ін сол атқарады.
Қанның буферлік қасиеті ондағы әлсіз қышқыл, сілтілі тұздарының мөлшеріне де байланысты. Олардың мөлшері қанның сілтілік қоры деп аталады. Қанның сілтілік қоры, көмір қышқыл газдың қысымы с.б. 40 мм-ге тең болса, 100 мл қандағы тұздармен байланысқан көмір қышқылының мөлшерімен олшенеді (мл). Қанның белсенді реакциясының қышқыл жақа қарай ауысуы ацидоз, ал сілтіге қарай ауысуы алкалоз деп аталады.
Қанның құрамы. Плазманың құрамы. Қан клеткалары – эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Гемоглобин. Құрамы, құрылысы, негізгі атқаратын қызметі. Гемоглобиннің газдармен әрекеттесуі. Гемоглобиннің түрлері. Эритроциттердің тұну механизмі. Гемолиз. Гемолиздің түрлері. Қан ұю процесі. Коагуляциялық гемостаз. Тамырдағы тромбоциттік гемостаз. Антикоагулянттар. Қан ұюының реттелуі. Қан топтары. Қан жүйесі және оның реттелуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет